kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сәбит Мұқанов "Жылқы" 4 сынып ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сәбит Мұқановтың "Жылқы" мәтіні. 4   сынып 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сәбит Мұқанов "Жылқы" 4 сынып ашық сабақ»

Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов «Жылқы»

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді түсініп оқуға баулу,оның мазмұнын ашу, жылқы туралы білімдерін кеңейту .сөздік қорын молайту,білімді өздігінен алуға үйрету. Оқушыларға жылқы малының пайдасын ұғындыра отырып, мәтінге талдау жасау. «Жеті қазынаның бірі» жылқы-ның ерекше қасиеттерімен таныстыру.

2. Мәнерлеп оқуға, түсінгендерін өз сөздерімен айтуға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, өй-өрісін кеңейту ,тілін дамыту , шығармашылық танымдық белсенділігін арттыру.

3. «Жылқы» жануарына деген сезімдерін ояту қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шығармашылықпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Ұлттық салт - дәстүрді құрметтеуге баулу.

Сабақтың көрнекіліктері: Төрт түліктің суреттері, кесте-сызбалар, слайд, АКТ видео материалдар, «жылқы» жануарларының суреттері мен тақырыптық бейнелер. Интертақта.

Сабақтың типі: ашық сабақ

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, әңгіме, талдау, жинақтау, СТО әдіс-тәсілдері, шығармашылық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, бейнелеу, тарих

Сабақты қолданылатын жаңа технология: СТО және АКТ технологиялары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сыныпты ретке келтіру.

2. Психологиялық даярлық.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

ІІ. Өткен сабақты қайталау:

  1. Әбділда Тәжібаев «Жарық түнде жайлауда» мәнерлеп оқу.

  2. Өлең не туралы қайталау сұрақтары мен тапсырмалары.

  3. Жайлау, қыстау, күзеу туралы білгендерін ортаға салу.

  4. Шығармашылық тапсырмаларды оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ: С. Мұқанов «Жылқы»

  1. Сурет бойынша жаңа сабақты ашу.

  2. Суретте не бейнеленген?

* Ой дамыту жұмысы:

Кімнің ойы жүйрік?

1. Төрт түліктің ішіндегі ең әдемісі не?

2. Батырлардың серігі қалай аталады?

3. Ер қанаты – ---------------------

4. Қымыз ненің сүтінен дайындалады?

С.Мұқанов туралы ізденіс.

  1. С.Мұқанов туралы мәліметтер, суреттер, видео слайд көрсетіледі. 

Балалар, бүгін біз С.Мұқановтың «Жылқы» әңгімесін оқимыз. Жылқының ерекше қасиеттерімен, жылқышы мамандығының ерекшелігімен танысамыз.

Біз тақтаға не білгеніміз жайлы жаздық, енді не білгіміз келетіні жайлы жазайық. Қосымша білім:

    • Балалар мен сендерге С. Мұқанов туралы ізденіп келуге тапсырма бергенмін

    • Қане кім айтады?

    • С. Мұқанов туралы не білеміз?

  1. Дұрыс Сәбит Мұқанов Ақмола обл. Қызылжар жерінде дүниеге келген. Ол жеті жасқа келгенде әкесінен, 8 жасқа келгенде анасынан айрылып, жетім қалады. Мұстафа деген ағасының қолында қалады.жетімдіктің ауыр қасіретінтартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді. Сәбит әркімнің есігінде жүріп отыншы, сушы, қойшы жылқышы болып күн кешеді. Ол он жасында оқи алмайды. Бірақ оқысам, білсем деген арманы ойынан кетпейді. Сөйті өз бетінше ұмтылып ауыл молдасынан оқып, хат таниды.15 жасында қиысса дастандар оқи алатын халге жетіп, өлең шығара бастайды.1918-1919 жылдары Омбыдағы оқытушалар курысын бітіргеннен кейін, біраз уақыт мұғалім болып жұмыс атқарады.1919-1928жылдарда баспасөз орындарында қызмет атқарады. Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері, поэмалары, мақалалары 1922жылдан жариялана бастады. Сабит Мұхановтың « ақ аю», «Ботаға » Жылқы туралы не білеміз? Оқушылардан жылқы жайлы не білетіндерін сұрау.

    • Оқушыларға бүгінгі сабағымыздың саяхат ретінде ерекшеленетінін хабарлау. Саяхатты С.Мұқановтың туылған жері Ақмола облысынан бастау. Ақмола облысына бару үшін жұмбақтарды шешеміз.

ЖҰМБАҚТАР

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)


Аспан – аспан,

Ескі шапан.

Иір қобыз,

Жарық жұлдыз. (Түйе)


Екі айнасы бар

Екі найзасы бар.

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр)


Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)


Жағасында – құрақ,

Жайылып жүр ... – лақ (Қозы)



-Ақмола облысына келіп жеттік ендігі осы қала туралы шағын видео көреміз. Енді осы жерден келесі тапсырмаларды орындай отырып «Үш қоңыр» қыстауына барамыз ол үшін оқулықтағы «жылқы» әңгімесін оқып шығу. Түсіну. (Музарттың «Үш қоңыр» әнін қосып кою»

ІҮ. Оқулықпен жұмыс:

Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Әңгімеден Мақаңның сөзін тауып оқы. Оның сөзіне сүйеніп, өзіңше қорытынды жаса. Сөздік жұмыс. Қос – шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана. Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады? Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың? Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін есіңе түсір.

-Оқулықпен жұмыс жасай отырып саяхатымызды қыстаудан Ақан серінің пырағы қанатының мүсіні орналасқан жер Астана қаласына барамыз. Батырладың пырақтарын еске түсіру. Мақал -мәтелдермен тиым сөздер жазу.

Тайбурыл – Қобыланды

Байшұбар – Алпамыс

Қарақасқа – Қамбар

Құлагер – Ақан


МАҚАЛ

1.Түйк бойына сеніп, жылдан құр қалған.

2.Ат – адамның арқауы.

3.Аттың көркі – құйрық, жылы, құлағы

Таудың көркі – тасы мен бұлағы.

4.Сиырдың сүті – тілінде.

5.Малды бақсаң, сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан.

6.Малды өсірсең қойды өсір

Өнімі оның көл-көсір.

Тыйым сөздер.

1.Малды теппе, ақты төкпе.

2.Малды басынан ұрма.

3.Малға теріс мінбе.

    • Астана қаласынан саяхатымызды Керей мен Жәнібек хандар бастаған алғашқы қазақ елі қоныстанған қазақ хандығы құрылған мекен Шу және Талас маңына барамыз. (Видео материал көрсету)

Тапсырма: Төрт түлік туралы айту суретпен жұмыс. Одан алынатын тағам түрлері мен пайдасы туралы айтып отыру.Ат әбзелдерімен таныстыру. Жылқының еті құнарлы тағам. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда жылқының еті, қазы –қартысы , жал-жаясы ,қымызы аса құнарлы тағам. Оның басты себебі не?










Терме оқу . Оқушылар жауапты кітаптан іздеп тауып оқиды Оның басты себебі: жылқының талғампаздығында болса керек.Ол шөптің құнарлысын,судың тұнығын ішеді.

- Сіздің Жылқы өніміне деген көзқарасыңыз ... Ауызша жауап беру әр топтан бір оқушы. Түйін сөз: Дүкен сөрелерінен қымызды көру қуантарлық жағдай .Шетелдік сусынды алып ішкеннен ұлттық сусын «қымызды » алып ішсек біздің денсаулығы-мызға пайдасы өте зор болар еді .Қазақстанда жылқы шаруашылығын өркендету керек. т.б.

Жылқы ежелден қазақ батырларының- Қанаты . « Жылқы- ер қанаты» деп тегін айтыл-маған. Жаугершілік заманда атқа мінген батырлар бір-бір атқа мініп ел қорғаған . Қазір де әскери қызметте таулы аймақта шекара күзетіне ат мінеді. Жылқы –киелі көк пырақ . Елімізің Елтаңбасындағы Қос Тұлпар -осы киелі пырақтар.

Жылқы қолға тез көндігетін ,иесін ұятқа қалдырмайтын жануар. Соған байланысты оны өнер саласында спорт, кино, циркте кеңінен қолданады . Жылқыны цирк аренасына

  1. жылы алғаш рет ағылшын Филип Эшли алып шықты. Қазақстан циркінде де

өнерпаз жылқылар бар. Жылқы туралы әндер, өлеңдер мол ,биде бар.Соның бірін айтып,

билеп сергіп алайық

Ү. Сергіту сәті:

«Қара жорға» биіне билеу.

ҮІ. Дәптермен жұмыс:

• Жылқы туралы эссе жазу
• Өлең жазу (өлеңнің ұйқас нұсқасы ұсынылады)
................................ құндызым,
................................ шабады.
................................ жұлдызым,
................................ қағады

  • 7 тапсырманы орындау.

ҮІІ. Жаңа сабақты пысықтау:

«Бәйге» тобы

1. Жылқыны жасына қарай қалай атайды?

(құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті).

2. Жылқыны түсіне қарай қалай атайды?

(торы, көк, жирен, күрең).

3. Жүйрік аттарды қалай атайды?

(сәйгүлік, саңлақ, тұлпар, арғымақ).

4. Жылқыға байланысты қандай ойындар бар?

(бәйге, аударыспақ, қыз қуу, көкпар, теңге алу).

«Жорға» тобы.

1. Жылқы туралы мақал.

2. Жылқыға байланысты ұлттық ойындар.

3.Жылқының қандай пайдасы бар?

4.Жылқы қандай жануар?

5.Немен қоректенеді?

6.Қандай пайдасы бар?

«Құлагер» тобы

  1. Жылқыға байланысты ұлттық ойындар.

  2. Жылқының пірі.Жылқы атасы қалай аталады?

  3. Бәйгеге шабатын баланы кім дейді? (шабандоз).

  4. Жүйрік аттарды баптайтын адам? (бапкер)

  5. Жылқыда не жоқ? (өт)

  6. Жылқы қандай жануар? (сезімтал)

  7. Жылқының сүтінің қандай пайдасы бар? (өкпе ауруына)

  8. Жылқыға не жоламайды? (жылан)

ҮІІІ. Қорытынды:

БҮҮ кестесі. Оқушылар кестеге жылқы жайында не біледі, не үйренді, не үйренгісі келетіндерін жазып,оқып береді.

ІХ.Бағалау:

Кері байланыс жасау. Өз өзін бағалау.

Үйге: «Жылқы» әңгімесінің мазмұнын айту. Жылқы туралы мақал-мәтелдер жаттап келу.









































10 жалпы білім беру орта мектебі КММ-сы









Әдебиеттік оқу пәнінен

«Ашық сабақ»

Сынып: 4 «Ғ»

Уақыты: 16.02.2017ж

Мұғалім: Абдуллабаева Ж.С













Мұнайлы 2017жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Сәбит Мұқанов "Жылқы" 4 сынып ашық сабақ

Автор: Тулеубаева Мұнара Орынбасарқызы

Дата: 21.02.2017

Номер свидетельства: 394492

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "урок на тему С.М??анов "Жыл?ы" "
    ["seo_title"] => string(33) "urok-na-tiemu-s-mu-k-anov-zhylk-y"
    ["file_id"] => string(6) "204068"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429604914"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) ""Алгоритм және оны орындаушылар" тақырыбындағы ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(62) "alghoritm_zh_nie_ony_oryndaushylar_tak_yrybyndag_y_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "365206"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480744200"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Саба?ты? та?ырыбы: Батылды?. С?бит М??анов"
    ["seo_title"] => string(44) "sabak-tyn-tak-yryby-batyldyk-s-bit-mu-k-anov"
    ["file_id"] => string(6) "321426"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461273023"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Ашы? саба? "Компьютерлік графика т?рлері""
    ["seo_title"] => string(39) "ashyksabakkompiutierlikghrafikaturlieri"
    ["file_id"] => string(6) "309401"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1458801003"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Сәбит Мұқанов. Батылдық."
    ["seo_title"] => string(24) "s_bit_mu_k_anov_batyldyk"
    ["file_id"] => string(6) "360032"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479447341"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства