kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқу- менің еңбегім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ өзін өзі тану пәнінен сабақтың тақырыбы "Оқу - менің еңбегім" сабақтың мақсаты оқушыларға оқудың адам өміріндегі маңызың ұғындыру арқылы ақиқат құндылықтарының мәнін ашу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқу- менің еңбегім»

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп : Атамекен ауылының орта мектебі

Мерзiмі:13.12.18

Мұғалiм: Капезова Күләш Хайыржановна

Сынып : 3 Оқушылар саны :

Тақырып : Оқу- менің еңбегім

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер:еңбекқорлық, білімге қызығушылық, ізденімпаздық.


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға оқудың адам өміріндегі маңызын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға оқудың қажырлы еңбек екендігін ұғындыра отырып, ізденімпаздық қасиетіне түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларды оқуға құштарлыққа баулу арқылы еңбекқорлық қасиетіне үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды өнер-білімге қызығушылыққа тәрбиелеу


Ресурстар:

(материалдар,

дереккөздер,

интерактивті тақта, дәйексөз,

оқулық, дәптер)


1 мин

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Топқа бөлу.Суреттер арқылы бөлу.

( Қалам, сызғыш, қарындаш)

«5 Т - тәртіп, талап,тыныштық, тазалық,татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру

«Кел, балалар оқылық!» өлеңін оқып келу.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Оқу адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

2. «Ықыласпен тоқу» дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Оқуға құштар адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

4. Сенің оқудағы мақсатың қандай?


2 мин








3мин


Баяу музыка ойналады.









































5 мин

3. Сабақтың дәйексөзі

«Оқу – инемен құдық қазғандай»

Халық нақылы

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Адам өмір бойы білім алумен айналысады. Білім – ол мол байлық, сарқылмас қазына, таусылмайтын кен. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген нақыл сөз бекер айтылмаған.

Білім алу – талмай оқумен, үнемі ізденіспен, қажырлы еңбекпен келеді. Оқып – білген сайын адамға дүние сыры ашыла түседі. Білімді болсаң, өзіңді, айналаңды, әлемді тани аласың. Ең бастысы – біліміңді жақсылыққа жұмсау керек.


5 мин

  1. 5. Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы.

ҚҰРМАНБАЙ ТОЛЫБАЕВ

1926 жылы 14 сәуірде Алматы облысындағы Асы жайлауында туған. Құлжа қаласында ұйғыр мектебін бітіріп, сондағы қазақ мектебінде мұғалім болады. 1948 жылдан бастап Құлжа, Үрімші қалаларында қазақ тілінде шығып тұратын газет-журналдарда жұмыс істеген. 1955 жылы тамыз айында атамекеніне оралып, Алматыда баспаханада, баспада корректорлық қызмет істейді. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1963–1996 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Балдырған» журналының қызметкері, республикалық «Шалқар» газеті редакторының орынбасары болған.

Қарқын

Қ.Толыбаев

Бір күні тал түсте демалу үшін үлкен ағаштың көлеңкесіне жиналып отырған бір топ адамдардың үстіне Әбунасыр келіп қалады да:

– Жұмыстарың қарқынды болсын, жігіттер! – деген тілек айтады. Данышпан ғұламадан жақсы сөз, жылы лебіз естіп, құштарланған жігітердің біреуі:

– Мәртебелі ұстаз, – дейді зор ілтипатпен. Бізге анықтап түсіндіріп беріңізші, қарқын деген не?

– Әбунасыр көлеңкеге тоқтап, малдас құрып отырады да, әлгі жігіттердің бетіне күле қарап, жауап қайырады: Қарқын – адамның жасаған әрекетінің нәтижелі болуы үшін өзінің күш-қайратын іркімей жұмсап талпынуы.

– Ал әрекет неден пайда болады?

– Әрекет – білуге құштарлықтың, білімді болудың түп қазығы. Адам өз әрекетінің нәтижесіне тек білім арқылы жете алады.

Отырғандар ғұламаның сөзі көкейлеріне қонғандай, ойға шомып қалысты.


  • Әбунасырдан жігіттер не жайлы сұрады?

  • Қарқын дегенді қалай түсінесіңдер? Оны қайда және қандай іске жұмсау керек?

  • Ойлаған мақсаттарыңа жету үшін не істер едіңдер?

  • Сендер өз қарқындарың мен мақсаттарыңды қандай істерге жұмсайсыңдар?


8 мин


Автормен таныстыру

  1. 6.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

1 – топ: «Талап»

Тапсырма: Оқушылардың ата-бабалар сөзін тыңдап,жадында сақтап,өмірде қолдану қажеттігін түсіну мақсатында тапсырма беру: дәптерде берілген ақын М.Әлімбаевтың өнегелі батасын аяқтап жазыңдар.

Дер кезінде тамақтан,
Кешікпей кел ...
Оқуда зейінді бол,
Еңбекке ... бол,
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын ...
Оқығаның есте болсын,
Күнделігің ... толсын,
Шәкірт кезде
Шоқандардай ... бол,
Оқу – білім бейнетіне төзіп көр!

Керекті сөздер: сабақтан, бейімді, дәптерің, беске, озық.


2 –топ «Білім» Оқу – білім туралы мақал- мәтелдер жазады.

3 – топ: «Еңбек» Оқушы сөзіне «Бес жолды өлең » жазады.


10 мин



Дәптер

  1. 7.Топпен ән айту.

Аяулы мектебім

Мектебім, аяулы мектебім,

Өзіңсің өмірдің көктемі

Нәр алып, қолымды созамын,

Арманға көктегі.


Мектебім келеміз тағыда,

Күн сайын өзіңді сағына.

Сыңғырлап соғылды қоңырау,

Бар бала бағына

Қайырмасы:

Мектебім, аяулы мектебім,

Бағында гүлдей боп көктедім.

Өзіңсің білімнің бұлағы,

Нәр алып келемін.


Келеміз қуанып біз дәйім,

Мектебім, сен жайлы жыр дайын.

Айқара есігін ашады,

Қарсы алып күн сайын.


Мектебім, өзіңді сүйемін,

Білімді санама түйемін.

Аяулы ұзтаздар алдында,

Басымды иемін.


3 мин


Музыка ойнап тұрады

8.Үй тапсырмасы «Бала Шоқан» әңгімесін оқу. 33 - бет

2 мин

Өзін- өзі тану пәнінің оқулығы

9.Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл - күйін естеріңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. Рахмет!

1 мин.

Демалу жаттығуларының

музыкасы ойнап тұрады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқу- менің еңбегім

Автор: Капезова Куляш Хаиржановна

Дата: 25.11.2019

Номер свидетельства: 528620

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(185) "Сабақ "Ауа райының өзгеруі мен адам еңбегінің әсеріне байланысты олардың тіршілігіндегі өзгерістер""
    ["seo_title"] => string(80) "sabak_aua_raiynyn_ozghierui_mien_adam_ien_bieghinin_sierinie_bailanysty_olardyn_"
    ["file_id"] => string(6) "463904"
    ["category_seo"] => string(19) "okruzhayushchiy-mir"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1522212225"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Бала е?бегін ?ор?ау."
    ["seo_title"] => string(25) "bala-ien-bieghin-k-org-au"
    ["file_id"] => string(6) "332373"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1464936389"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Т?рбиені? ?дістері мен т?сілдері ж?не оны? т?рлері "
    ["seo_title"] => string(56) "t-rbiienin-distieri-mien-t-sildieri-zh-nie-onyn-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "193617"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427655199"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Білім беруді дамытуды? жа?дайы проблемалары мен болаша?ы "
    ["seo_title"] => string(63) "bilim-bierudi-damytudyn-zhag-daiy-probliemalary-mien-bolashag-y"
    ["file_id"] => string(6) "135509"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416930918"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "Баяндама "ПРОБЛЕМАЛАРЫ  МЕН  БОЛАША?Ы.ДАМЫТУДЫ?  ЖА?ДАЙЫ,БІЛІМ БЕРУДІ" "
    ["seo_title"] => string(73) "baiandama-probliemalary-mien-bolashag-y-damytudyn-zhag-daiy-bilim-bierudi"
    ["file_id"] => string(6) "147950"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1419527560"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства