kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М??алімні? ?зі туралы эссе

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                      М??алімні? ?зі туралы эссе

"?стазды? еткен жалы?пас ?йретуден бала?а " деп дана Абай атамыз айт?андай, ?стазды?  деген   арда?ты ат?а ерінбей е?бек етіп, шынайы шеберлік ар?ылы ?ана ?ол жеткізуге болады.?стаз - ш?кірт ж?регіне жол табатын, оны? жан-жа?ты жеке т?л?а болып ?алыптасуына жауап беретін жан.Жас ?рпа?ты т?рбиелеуші ?стазды? болаша? алдында?ы міндеті мен борышы ?те ?лкен.?стазды? жолымны?  бастау ал?аныма жиырма ?ш жылдай уа?ыт болса да мектеп ?мірі мен ?шін оттай ысты?, к??іліме жа?ын.Бала к?німнен санама сі?ген ?о?ырау ?ні 45 минутты? білім са?атына ша?ырып т?ратын.?азір де солай. Біра? айырмашылы?ы ?иын да абыройлы ?стаз жолында ж?руім. Сол ?стаз атына саймын ба? Жа?ар?ан, жасар?ан ?о?амда ?стаз міндетін ?алай ат?арып ж?рмін?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М??алімні? ?зі туралы эссе »

Мұғалімнің өзі туралы эссе

"Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға " деп дана Абай атамыз айтқандай, ұстаздық деген ардақты атқа ерінбей еңбек етіп, шынайы шеберлік арқылы ғана қол жеткізуге болады.Ұстаз - шәкірт жүрегіне жол табатын , оның жан-жақты жеке тұлға болып қалыптасуына жауап беретін жан.Жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздың болашақ алдындағы міндеті мен борышы өте үлкен.Ұстаздық жолымның бастау алғаныма жиырма үш жылдай уақыт болса да мектеп өмірі мен үшін оттай ыстық, көңіліме жақын.Бала күнімнен санама сіңген қоңырау үні 45 минуттық білім сағатына шақырып тұратын.Қазір де солай. Бірақ айырмашылығы қиын да абыройлы ұстаз жолында жүруім. Сол Ұстаз атына саймын ба? Жаңарған, жасарған қоғамда ұстаз міндетін қалай атқарып жүрмін?

Ұстаз болу-жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойында дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Олай болса, ең алдымен өзімді өзім танып, үздіксіз ізденіп, еңбектенуім керек. Бойымдағы бар білімді ,асыл қасиеттерімді шәкірттеріме арнай білсем, олардың жүрегіне жол тауып, сан алуан мінезі бар оқушыларымды қазақ тілінде сөйлетіп,жаза білетін дәрежеге жеткізсем,Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесем менің мақсатымның орындалғаны деп ойлаймын.Адам баласы алған тәрбиесін өз мақсатына жету үшін білім кілті арқылы ашып, пайдаланады. Неғұрлым білімді болған сайын,ілгерілеу соғұрлым жылдамдайды. Ендеше тәрбие бар жерде мақсат бар, мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ.Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер? Олар -бүгінгі менің алдымда отырған оқушыларым.Тәуелсіз еліміздің берік тірегі - білімді ұрпақ.Ендеше күн тәртібінде тұрған ең тиімді мәселе- оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау- бүгінгі ұстаздар қауымының басты парызы екені баршаға аян.Ертеңгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы-қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты. Оның ішінде маған да байланысты. Әр шәкіртімнің жүрегіне жол тауып,оқушыны білім нәрімен сусындатып, олардың ыстық ықыласына бөленудің өзі бір ғанибет екендігін түсінемін.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: "Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз" деген еді.Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын - балаларын оқытып,тәрбиелеуді бізге тапсырып отыр. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу -мұғалімдер қауымының міндеті.

"Адамның адамшылығы ... жақсы ұстаздан" деп Абай атамыз айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім де сондай болады деп ойлаймын. Шынында да, бала болашағы - менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным.

Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы ғана қол жеткіземіз. XXI ғасыр- білімділер ғасыры.Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты талантты, парасатты ұрпақты тәрбиелеу-басты міндет.

Абай атамның

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға"деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
М??алімні? ?зі туралы эссе

Автор: Бекжанова Балиса Сембаевна

Дата: 09.04.2015

Номер свидетельства: 199631

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Т?рт т?лік мал. Торы ??лын"
    ["seo_title"] => string(27) "tort-tulik-mal-tory-k-u-lyn"
    ["file_id"] => string(6) "316380"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460085638"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Саба? та?ырыбы: Т?рт т?лік мал. Торы ??лын"
    ["seo_title"] => string(43) "sabak-tak-yryby-tort-tulik-mal-tory-k-u-lyn"
    ["file_id"] => string(6) "316387"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460086540"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(17) "?аза?стан "
    ["seo_title"] => string(11) "k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "176581"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424440885"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) "малсак бала "
    ["seo_title"] => string(11) "malsak-bala"
    ["file_id"] => string(6) "170077"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423498258"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Әдебиеттік оқу "Наурыз""
    ["seo_title"] => string(23) "diebiiettik_ok_u_nauryz"
    ["file_id"] => string(6) "467445"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1524504621"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства