Ресурстар: | Үш арал орналасқан теңіз картасы, 6 желкені бар қайықтың суреті, теңіз шуы естіліп тұрған дыбыстық жазба, туған күн иелерінің санына қарай түрлі түсті телпектер, «Қызықты ойын өткіз», «Сүйікті сусын және тағам таңда», «Қызықты кітап таңда», «Тосын сый ойлап тап» деген тапсырмалар жазылған үлестірме парақшалар, ашықхат жасауға арналған заттар, асықтар, «Спорт», «Ән мен би», «Кітаптар», «Сурет» сөздері жазылған түрлі түсті тақтайшалар.Интернет ресурстар http://education4children.ru |
Оқушыларды жан-жақты дамыту шарттарының бірі оларды әр алуан қызмет түрлеріне тарту болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін мұғалім өз оқушыларының қызығушылығы мен сүйікті ісі туралы білуі тиіс. Бұл сыныпта қолайлы жағдай туғызуға көмектеседі. Әр адамның қалауы және сүйікті ісі – әртүрлі. Өз сүйікті және әуес ісі бар адамдармен араласқан қызықты. Оқушының алдымен мұғалімнің басшылығымен, содан кейін өз бетінше өз қажеттілігін анықтауға үйреніп, дұрыс таңдау жасай алуы маңызды. Оған өз сүйікті ісін таңдауға көмектесуге болады. Ол үшін қызықты адамдар, олардың сүйікті істері туралы әңгімелеу, қызығушылығы бойынша үйірмелерге немесе секцияларға жазу, құрастырғыштарды қуыршақ театрын қолдана отырып, оқушыны шығармашылық жұмысқа бейімдеу қажет. Сүйікті іске айналуы мүмкін заттарды сыйлыққа беруге болады. Мысалы: фотоаппарат, микроскоп, аквариум. Оқушыға қызықтыратын іс таңдауға көмектесу және оның сүйікті ісін қолдау баланың өмірде өз орнын табуға және өзіне деген сенімін көмектеседі.
Сенің сүйікті ісің қандай? Әңгіме құрастыр.
Әрқайсымыздың өз сүйікті ісіміз бар. Олар бізге қуаныш сыйлайды. Олардың біреуі біздің күшті, епті болуымызға көмектеседі. Басқалары жаңа, қызықты іспен таныстырады.
2-жұмыс парағы Мен .......... жақсы көремін Өзің ұнататын заттың суретін сал. | Сабақты «сүйікті істер теңізіне» саяхат түрінде өткізуге болады. Оқушылар бір аралдан екінші аралға саяхат жасайды. Тақтаға үш арал орналасқан және желкенді қайықтың суреті бар теңіз картасы ілінеді. Бұл аралдар «Сүйікті істер», «Ойындар», «Мерекелер» деп аталады. Сабақтың соңында оқушылар өздері қалаған аралды таңдауы тиіс. Сабақты оқушылардың портреттері ілінген галереядан бастауға болады. Содан кейін оларға алған өз әсерлерімен бөлісіп, тұжырым жасауға ұсыныс беріңіз. Жауабы: Әрқайсымыз әртүрліміз. Оқушылардың жауаптарын толықтырыңыз. Бізге бірге жүрген көңілді, себебі әрқайсының өз сүйікті ісі бар екенін айтыңыз. Сүйікті істер теңізі – 1-бөлім. Оқушыларға бұл сабақта бір-бірі туралы маңызды мәліметтер біле түсетіндерін, «Сүйікті істер теңізіне» саяхатқа шығатынын айтыңыз. Содан кейін «Сүйікті істер», «Ойындар», «Мерекелер» деген аралдардың суреттері салынған теңіз картасын көрсетіңіз. Оқушылар көздерін жұмып, қайықпен тыныш теңіз бетінде жүзіп келе жатқанын елестетсін. Теңіз дыбысын, шағала дауысын тыңдатыңыз. Картаның жанына барып, оқушылардан көздерін ашуын сұраңыз. Кеменің бірінші бағыты «Сүйікті істер» аралы екенін айтыңыз. Менің сүйікті істерім. Оқушылар оқулықтың 8-бетін ашып, тапсырманы орындайды. Бұл тапсырманы жұпта орындасын. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Оқушылардың эмоциялық қалауына қызығушылық танытыңыз. Белгі бойынша жұмысты аяқтасын. Екі жұпты бір топқа біріктіріңіз. Оларға бір-бірінің суреттерін талқылауға мүмкіндік беріңіз. Спикер сыныпқа өз тобындағы оқушылардың сүйікті істері туралы хабарлайды. Жауабы: Алма мен Ғалия балмұздақты жақсы көреді, Әмір футболмен әуестенеді және т.б. Сыныппен кері байланыс жасау үшін маркерлі тақтада идеялар тізімін жасаңыз. Жазбаларды тармақтарға назар аударып, анық құрылымдап орналастырыңыз. Мысалы: Сүйікті ойындар – тығылмақ, шахмат, фант (жеребе бойынша ойналатын ойын) Барлығын шеңберге шақырыңыз. Әр оқушы өз сүйікті ісін 1-2 сөзбен жеткізсін. Өз сүйікті ісіңіз туралы да айта кетіңіз. Сүйікті істер теңізі – 2-бөлім. Саяхатты жалғастырыңыз. Кеме «Ойындар» аралына тез жүзіп жеткенін хабарлаңыз. Ойынды жақсы көретін оқушылар қолдарын көтерсін. Олардың жақсы көретін ойыны туралы сұраңыз. Кел, ойнайық. Оқулықтағы «Кел, ойнайық» тапсырмасындағы суреттерді қарауға ұсыныңыз және оны орындау барысын ұйымдастырыңыз. 1-2 оқушыны тыңдаңыз. Оқушылар өздері қай жерде ойнайтынын айтсын. Анықта. Оқушыларға бір-бірінің сүйікті ісін анықтауға тапсырма беріңіз. Бұл бірін-бірі жақсы тануға көмектеседі. Оларға қызығушылығы бойынша сынып қабырғасында ілінген бір тақташаның жанына баруын сұраңыз. Сен білесің бе? Оқушыларға «Сен білесің бе?» айдары бойынша мәлімет беріңіз. Кімде ойыншық аю бар екенін сұраңыз. Оқушылар әкелген ойыншықтарын көрсетсін. Оларды кеменің жанына сөреге қойып қойсын. Ойыншықтарды саяхатқа бірге алып шығуды ұсыныңыз. Ойындар. Оқушылардан топ болып ойнауға болатын ойынды атауын сұраңыз. Сүйікті істер теңізі – 3-бөлім. Сабақты жалғастырыңыз. Бұл бөлімде өте жарқын және қызықты «Мереке аралына» жақындағанын айтыңыз. Сабақта ойындар өткізуді ұсыныңыз. Көрініс қой. Алдын ала құрылған топтармен рөлдік ойындар ұйымдастырыңыз. Оқушылар көздерін жұмып, ең қызықты мерекені естеріне түсірсін, ал сіз бұл уақытта әр топқа бір-бірден туған күн өткізуге арналған ресурстар мен нұсқаулықтар көрсетілген үлестірме парақшаларды таратыңыз (ресурстар тізімін қараңыз). Жауаптарын тыңдаңыз және ең сүйікті «Туған күн» мерекесін көрсетуді ұсыныңыз. Мерекеге ұсыныстар дайындау үшін 1-2 минут беріңіз. Топтар өз идеяларын көрсеткеннен кейін оларға туған күн иесімен бірге билеуді ұсыныңыз. Бұл оларға қуанышты көңіл-күй сыйлайды. |
Бағалау | Оқушылар – бір-бірінің сүйікті заттары туралы; – сүйікті істің өмірді қызықты ететіні туралы білді. Оқушылар – бір-бірінің сүйікті заттары туралы өз сөздерімен айтуға; – сабақта алған ақпарат негізінде қалай таңдау жасау қажеттігін түсінуге; – өзіне және өз жетістіктеріне оң көзбен қарауға үйренді. Бағалау үшін оқушыларға сөйлемдерді былайша аяқтауды ұсыныңыз: «Бұны мен жақсы көремін», «Бұны мен жақсы көрмеймін». Іс-қимыл ойындарын ойнау … Цирктағы клоундар мен жолбарыстар … Қиын есептерді шешу … Ертегі тыңдау және оқу … Шуламау, аунамау … Таңертең күнге қарап, күлімдеу … |