kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Менің арманым" сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуіне ұмтылуына ықпал ету

Міндеттері:

-арман ұғымы туралы түсінік беру;

- балалардың ойын, қиялын дамыту;

-жақслыққа тәрбиелеу;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Менің арманым" сабақ жоспары»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Көгеріс негізгі мектебі

Мерзiм: қыркүйек - қазан. № 5сабақ

Тақырып: «Менің арманым»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Мейірімділік, сүйіспеншілік, еңбекқорлық, жақсылық

Мұғалiм: Аман Қолғанат Сынып: 4

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуіне ұмтылуына ықпал ету

Міндеттері:

-арман ұғымы туралы түсінік беру;

- балалардың ойын, қиялын дамыту;

-жақслыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру

Қ.Мырза Әлидің «Арман мен ақыл» өлеңі

Сұрақтар:

  • Өлең неліктен «Арман мен ақыл» деп аталған деп ойлайсыңдар?

  • Білімнің арманға қандай қатысы бар? Ойланып жауап беріңдер

Сабақа барысын талдау

Дәйексөз.

«Арман – адамға қанат»

Халық нақылы

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Кім боласың?

Асан ата сәлем – сауқатын арқалап ауылдан Алматыға кеше келген. Бірін – бірі сағынған ата мен немерелер бір жасап қалды. Түннің бір уағына дейін дабырласты. Немерелері Димаш пен Алуа аталарына кезек – кезек күнделіктерін көрсетіп, әңгімелерін айтып тауыса алмай жатты. Таңертең бала келіні жұмысқа, немерелері сабаққа кетті. Үйде бір өзі қалған атай түске таяу балконға шықты. Алтыншы қабаттан төмен жақ алақандағыдай көрінеді екен. Асан ата кмініп далаға шықты. Мектептен немересін алып келуге барды.

-Ассалаумағалейкум, ата! – Балалар сап түзеген бойы Асан атаның қолын алып шықты. Аттарын атады: Шыңғыс, Әлихан, Сырым, Абылай, Димаш.

-Бәрекелді, қарақтарым! Есімдеріңе қарағанда бәрің мықты сияқтысыңдар. Сабақтарың қалай?

-Жақсы ата! – Балалар хормен жауап берді.

-Жарайсыңдар! Сендердің қазіргі ең басты міндеттерің сабақты жақсы оқу. Оны ешқашан ақсатуға болмайды. Ал енді айтыңдршы, өскенде кім боласыңдар?

-Балалар бірден жауап қатпай сәл мүдірді. Сәлден соң өз немересі Димаш: - Президент болам, - деп жымың ете қалды.

-Сен ше?

-Президент!

-Сен ше?

-Мен де президент болам!... Бесеуінің де жауабы осы болды.

Асан ата болашақ бес президентке мейірлене қарап:

-Жарайсыңдар, балдырғандар. Осы армандарыңа мүдірмей жетіңдер! – деді.

Сұрақтар:

  • Сендердің болашақтағы армандарың қандай?


Шығармашылық жұмыс

Топқа бөліу 1 топқа эссе жазу 2 сурет салдыру 3 өлен шығарту


Топпен ән айту.

Өмірге

Ә.Есмағанбетов

Сүйемін, қатты сүйемін,

Бақытты сұлу өмірім,

Жас денемде жалын күш,

Көтеріңкі көңілім.

Қуанбасқа немене...

Өсірген соң өмірім!...

Шыңына шықтым құлпырып

Өмірдің биік дөңінің.

Құшақтаймын аймалап.

Жайнаған жас өмірім.

Құлпырамын құндыздай,

Көтеріңкі көңілім.

Үй тапсырмасы.

Өсиет әңгіме оқу


Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Менің арманым" сабақ жоспары

Автор: Аман Қолғанат Шапағатұлы

Дата: 04.04.2017

Номер свидетельства: 406547

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""Менің арманым" сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(28) "menin_armanym_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "481294"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1540015624"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) ""Компьютер ??рылымы" саба? жоспары 5 сынып "
    ["seo_title"] => string(45) "komp-iutier-k-u-rylymy-sabak-zhospary-5-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "153673"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421061262"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(148) "?аза?   ?дебиеті    п?нінен   ашы?  саба?  жоспары Та?ырыбы:  ?.Ша??ытбаев «Сабала?»  ?ле?і "
    ["seo_title"] => string(89) "k-azak-diebiieti-p-ninien-ashyk-sabak-zhospary-tak-yryby-k-shan-g-ytbaiev-sabalak-olien-i"
    ["file_id"] => string(6) "203938"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429559007"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "3- сынып. ?ыс?а  мерзімді  саба?   жоспары.  ?дебиеттік о?у: «Егінші мен ?ас?ыр» (ертегі) "
    ["seo_title"] => string(91) "3-synyp-k-ysk-a-mierzimdi-sabak-zhospary-diebiiettik-ok-u-ieghinshi-mien-k-ask-yr-iertieghi"
    ["file_id"] => string(6) "133888"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416594748"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "6-сынып бойынша ?аза? тілінен ашы? саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(53) "6-synyp-boiynsha-k-azak-tilinien-ashyk-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "173942"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424069517"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства