|    Мектеп: Архипов орта мектебі  Мұғалімнің аты-жөні: Қалиева Д.Н.  Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Өзім туралы  Күні:        Сынып: 2       |  
  |   Сабақ №2   |    Қатысқандар саны: 6  Қатыспағандар саны: 0   |  
  |   Сабақ тақырыбы   |    Мен сегіздемін.   |  
  |   Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)   |    2.1.3.1 тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация\суреттер\сызбалар таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап беру.   |  
  |   2.2.2.1 сюжетті сурет негізінде өз ойын айту.   |  
  |   2.3.1.1 мәтінді мәнерлеп және қатесіз дауыстап оқу.   |  
  |   Сабақтың мақсаттары   |    Барлығы: қарапайым сұрақтарға жауап береді.     |  
  |   Көбі: мәтінді мәнерлеп және қатесіз дауыстап оқиды.     |  
  |   Кейбірі: сюжетті сурет негізінде өз ойын айтады.   |  
  |   Күтілетін нәтиже   |    Сурет бойынша әңгімелеуді үйренеді. Достарымен сөйлеседі.   |  
  |   Жаңа сөздер:   |    Нешедесің? Жетідемін, сегіздемін, жақсы көремін.   |  
  |   Сабақта қолданылатын материалдар:   |    тақта, слайдтар, түрлі-түсті суреттер, кестелер, суреттер, маркер.   |  
  |   Оқыту әдістері:   |    Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы, топтық жұмыс, сергіту жаттығуы.   |  
  |   Дереккөздері:   |    Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.   |  
 
      |   Тапсырма   |    Мұғалімнің іс-әрекеті   |    Оқушының іс-әрекеті   |  
  |   Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу   |    Мұғалім оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді. Өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға қайталатады.  Біз мектепке барамыз,  Қолға қалам аламыз.  Кітапты да оқимыз,  Суретті де саламыз.   |    Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғаліммен бірге өлеңді қайталайды. Бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын!   |  
  |   Өткен сабақты тексеру   |    Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталатады. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.   |    Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.   |  
  |   І. Қызығушылықты ояту   |    Оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратып береді.    Оқушылардан жіктік жалғауының 1 жағын пайдаланып \мен оқушымын, мен алтыдамын...\ , өзі туралы кластер құрауларын сұрайды.   |    Кластер құрайды.   |  
  |   ІІ. Мағынаны тану   |    1.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Олар оқиды, оқушыларға қайталатады.   |    Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды, оқиды.   |  
  |   Ә) «Дұрыс айт» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.           |    Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.   |  
  |   2.Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.   |    Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды. Жаңа сөздерді қайталайды.   |  
  |   3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады     |    Айтылым. Суретке қарап айтады.   |  
  |   Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.   |    Жазылым. Сөйлемдерді толықтырып жазады.   |  
  |   4.Мәнерлеп оқу. «Кел, жаттығайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады.   |    Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды.   |  
  |   5. Сергіту сәті. Мұғалім оқушылардың бой жазуы үшін орындарынан тұрғызып, сергіту жаттығуын жасатады.   Ал, балалар тұрайық,   Алақанды ұрайық!   Оңға қарай бұрылып,   Солға қарай бұрылып,   Бір отырып, бір тұрып,   Бой сергітіп алайық!   |    Орындарынан тұрып, сергіту жаттығуын жасайды, мұғаліммен бірге тақпақты қайталайды.   |  
  |   ІІІ. Ойтолғаныс   |    Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.   |     Айтылым. Досымен сөйлеседі.   |  
  |   IV. Бекіту   |    Жаңа тақырыпты бекіту үшін мұғалім «Сен нешедесің?» ойынының шартын 5-тапсырманы орындатады.   |    Айтылым. Ойын шартын орындайды.   |  
  |   «Есте сақта» айдарында берілген сөздерді жаттатады.   |    Берілген сөздерді жаттайды. Қайталайды   |  
  |   V. Бағалау   |    Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.   |    «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір бірін бағалайды.   |  
  |   VI. Үйге тапсырма   |    Оқулықтағы 3 тапсырманы орындатады   |    4-т 9 б   |  
  |   VII. Рефлексия   |    Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді   |    Оқушылар сабактан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл-күйлерін білдіреді.   |