Просмотр содержимого документа
«Әдебиеттік оқу "Кім күшті"»
Әдебиеттік оқу Мерзімі:26.09.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Кім күшті? (ертегі)
Сабақтың мақсаты: ертегінің басты идеясы арқылы білім мен адамның ғажайып күші мен ұлылығын паш ету.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: ертегінің мазмұнымен таныстыру арқылы, көркем сөздер туралы мағлұмат беріп, сөйлеу тілінде атқаратын қызметін байқату.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: көркем сөздерді шебер қолдана білуге дағдыландыру, салыстыру, бағалау дағдыларын дамыту, оқу техникасын арттыруға жағдай туғызу.
Тұлғалық нәтиже: тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу. Халықтың мақалдарын үлгі-өнеге ету арқылы бойларына жақсы әдеттерді сіңіруге бейімдеу.
Сабақтың көрнекілігі: ертегідегі басты кейіпкерлердің суреттері, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын қорытындылап өту.
Қызығушылықты ояту.
Бүгінгі сабағымызды жан-жануарлар әлеміне саяхаттан бастайық. Жабайы жануарларды ата. «Т» кестесін құрайық.
Осы жабайы жануарларды қандай топтарға бөлер едің? (Мекен ету тұрағы немесе қоректенуіне, т.б. байланысты.) Сол бойынша төрт-төрттен топтарға бөлу.
Қай топтағы жануарлар күштірек деп ойлайсыңдар? Олай ойлауларыңа не себеп болды?
Ендеше төмендегі ертегіні тыңдап көрелік.
Кім күшті?
Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылы қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен.
Қырғауылы қырқылдап,
Жалтыр мұзға сыртылдап,
Алшая келіп қоныпты,
Шаты айрылып қалыпты.
Қисая жатып қырғауыл
Сонда мұздан сұрапты:
Мұз, мұз, сен неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, бауырымды жаңбырға тестірмес едім.
Жаңбыр, жаңбыр, сен неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, жерге жұтқызар ма едім.
Жер, жер, сен неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жардырмас едім.
Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлқымас еді.
Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, көк шұнақ қасқырға құйрығымды жұлқытпас едім.
Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, көк мылтыққа құйрығымды ойдырмас едім.
Көк мылтық, көк мылтық, сен неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, қоңыр шолақ тышқанға білтемді қидырмас едім.
Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, құмырсқаға інімді алдырмас едім.
құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?
Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды желкелеген күштімін! - деген екен құмырсқа.
Шын мәнінде құмырсқа осындай мықты ма? құмырсқаны өзінен әлсіздермен салыстырып көр, шын мәнінде әлсіз бе?
Ал егер ертегіні кері оқыр болсақ, қалай болар еді? Немесе осылардың әрқайсысымен салыстырсақ ше?
Оқулықтағы ертегіде кім күшті екенін білгілерің келе ме?
Мағынаны тану.
Ертегіні оқу.
«Проблемамен саудалас» әдісі бойынша ертегіге талдау жасау.
қадам. Ертегіні оқиды.
қадам. Жұптасады.
қадам. Ертегі ішіндегі талдауға қажет деп табатын мәселелерді айтып беруі.
қадам. Әр жұпта осы мәселелер талқыланады (мәтіннің көмегі арқылы).
қадам. Осы мәселені жұпта шешеді, сосын топта шешеді.
қадам. Әр жұп өзінің жанындағы жұпқа бірнеше сұрақтар жазады (проблемалық).
қадам. Енді сұрақтарға жауап беріп, ортақ идеяны бірігіп шешеді. Талқыға салады.
Күшті сөзінің синонимін тап.
Күшті - мықты, білекті, қауқарлы, белді, қажырлы, әлеуетті, құдіретті.
Берілген синоним сөздерін пайдаланып, сөйлем құрастырып көрелік. Құраған сөйлемдеріміз салыстырмалы түрде болғаны жөн.
Ал адамдардың арасындағы күштілікті сен қалай анықтар едің? Ол мүмкін бе?
Кейіпкерлердің біреуін таңдап, олардың әрекеттерін мінез-құлқымен салыстыр.
Тапсырманы жеке, шығарма түрінде жазу (жоғарыда келтірілген синоним сөздерді пайдалануы керек).
Артынан «автор орындығына» шығарып, оқытуға болады.
Сергіту сәті ретінде оқушылармен психологиялық тест өткізуге де болады (мүмкін сіз мектеп психологымен ақылдаса отырып өткізерсіз).
а) еркін түрде тік төртбұрыш сыз;
ә) оны төртке бөл;
б) үлгі бойынша нөмірлеп, тиісті сөздерді жазып шық;
1. Әдемі
2. Батыр
3. Жұмсақ
4. Сүйкімді
в) әр торкөздің мағынасына қарай жан-жануарлардың суретін сал;
г) әр торкөздің шетін әріптермен белгіле.
1-Ж, 2-Қ, 3-Б, 4-А.
(Бұл ойын тест болғандықтан, торкөздердегі тапсырманы өз еркіңізбен алмастыруға болады).
Жауабы:
А-4 - ата-анаға деген көзқарасы;
Б-3 - достарының арасында;
Қ-2 - мектепте сабақта отырғанда;
Ж-1 - отбасында өзін ... ұстайды.
Ойтолғау.
Күштілік дегенді қалай түсіндің?
Ертегіден өзің тани білген жаман қасиеттерді ата: (Арыстан, себебі айтыстың басын ең бірінші бастаған сол).
Дәптердегі тапсырманы орындап, хрестоматиядағы «Кім күшті?» мысалын оқу техникасын тексеруге байланысты оқуға ұсыну.