Сабақтың атауы | Шылау мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы 1) Білімділік: Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың айтылу мен жазылуын үйрете отырып, балалардың байланыстырып сөйлеуін жеңілдету, белсенділігін арттыру. Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы сызба бойынша сөйлем құруға үйрету 2) Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың байқампаз іскерлігін, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру. 3) Тәрбиелік: ауызбіршілікке, ұстамдыққа, адалдыққа, достыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта |
Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық «Жүректен - жүрекке» шеңбері – Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет! | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту | Шылау деген не? Мен (бен,пен) шылаулары жайлы ережені айт Қой, (ғой), қана (ғана), -ақ шылаулары жайлы айт, мысал келтір. -Есіңе сақта! 1. Ма, ме, па, пе, ба, бе, да, де, та, те шылаулары бөлек жазылады. 1. Көктемде ауыл(да), дала(да), қала(да) жайнап құлпырады. 2. Қала(да) (қайда?) зәулім үйлер салынып жатыр. 2. Ма, ме, ба, бе, па, пе – етістіктің болымсыз түрінде жұрнақ ретінде бірге жазылады. Барма, айтпа, жазба, төкпе, сөкпе, сындырма. -Біз осы ережеге сүйене отырып «Орнын тап!» ойынын ойнайық. Шықырлат, қал, келе, жорға, жоқ, есіне, жолықты, кет, көрдің. Па, пе, ба, бе, ма, ме |
Ой толғаныс | Шығармашылық тапсырма. Кері мақалды, нақыл сөзді кім түзейді? 1. Адам баласы табиғатты ..... . 2. Біз бұлақтардың көзін .... . 3. Су мол болса, астық та ..... . 4. Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір .... Керекті сөздер: сүрмейді, барады, қорғама, ашпа, мол болмайды. |