Сабақтың тақырыбы : Болымды және болымсыз етістіктер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қимыл, іс - әрекеттің болу - болмау мүмкіндігіне қарай етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуін, жасалуын өз бетінше тұжырым жасау арқылы меңгерту, оларды салыстыра отырып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу;
Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту көркем жазуын дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту. Тәрбиелік:Адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ жауап
Көрнекілігі: Слайд, оқулық, интербелсенді тақта
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Болымды және болымсыз етістіктер"»
Сабақтың тақырыбы : Болымды және болымсыз етістіктер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қимыл, іс - әрекеттің болу - болмау мүмкіндігіне қарай етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуін, жасалуын өз бетінше тұжырым жасау арқылы меңгерту, оларды салыстыра отырып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу;
Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту көркем жазуын дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту. Тәрбиелік:Адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ жауап
Көрнекілігі: Слайд, оқулық, интербелсенді тақта
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу
2.Сыныпты кезекші мәлімдемесі бойынша түгендеп, журналға белгілеу
3.Күн реті мен жаңа тақырыпты тақтаға жазу
Психологиялық тренинг:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1.Үйге берілген жаттығу жұмыстарын тексеру
2.Өткен тақырыптарды еске түсіру
Етістік дегеніміз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?
Етістік жасалуына қарай қалай бөлінеді?
Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?
ІІІ. Жаңа сабқтың мақсатын хабарлау кезеңі:
Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыздың мақсаты, қимыл, іс - әрекеттің болу - болмау мүмкіндігіне қарай етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуін, жасалуын өз бетінше тұжырым жасау арқылы меңгеру, оларды салыстыра отырып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Іс - әрекеттің жүзеге асу - аспауына қарай етістікболымды және болымсыз етістікболып екіге бөлінеді. Болымды етістік- қимыл, іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. Мысалы: келді, жүрді, сөйледі т. б. Болымсыз етістік -қимыл, іс - әрекеттің жүзеге аспауын білдіреді. Болымсыз етістіктің жасалуына назар аударайық. 1.Болымсыз етістік негізгі немесе туынды түбір етістіктерге– ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.Мысалы:айт+па, қал+ма, ойна+ма, суар+ма, азсын+ба т. б. 2. Болымды етістік «жоқ», «емес» сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады.Мысалы : өшірген жоқ, өшірген емес , берген жоқ, айтқан емес, кеткен жоқ, қайтатын емес, жазар емес т. б.
Дәптермен жұмыс
Берілген тыйым сөздерді көшіріп жазып, болымсыз етістіктердің астын сыз Малды теппе Үй ішінде ысқырма Көпке топырақ шашпа Жібер – жіберме