Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 1 минут
Кіріспе Білу 2 минут
Түсіну 5 минут
Пайдалану 5 минут
Сергіту сәті 2 минут
Талдау 5 минут
Жинақтау
Сабақты қорыту
| Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру Шаттық шеңбері Армысың досым, Кел, маған қосыл (қолымен шақырады). Алақанға салып алақан, Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды). Жер шарындай айналып, Әлемге жарық ұқсайық (айналады). Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады). Ортамызда күн нұры, Құшаққа оны алайық (құшақтасады). Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Оқушыларды қызықтыру үшін сабақты қалыпсыз нысанда бастаймыз. Кенеттен сабаққа аспазшыдан хат келеді.Барлығы аң-таң. Аспазшы жұмбақтары 1 жұмбақ- Күрең қызыл түсi бар, Тағамдардың асылы. Қуат берер күшi бар. ( нан-хлеб-bread) 2 жұмбақ- Тіл үйірген дәмі бар Шөлдесең іш қанып ал Ол не? (Шай-чай-теa) Бұл суретте не көріп тұрмыз ? / Адамдар тамақтанып жатыр/ Сонымен біз бүгін тағам және сусын тарауының «Біз қалай тамақтанамыз?» тақырыбын өтеміз. Бұл сабақта сіздер ежелгі және қазіргі заман адамдарының тамақтану ерекшеліктері туралы білесіңдер; тамақтану ережесін сақтаудың маңызын түсінесіңдер; Сабағымызды бастамас бұрын аспазшымызға рахметімізді білдіріп, өзенге барып балық аулап берейік. «Балық аулау» әдісі бойынша топқа бөліну. Шарты: балық аулау, балық артындағы сөзді оқып сәйкес топқа барып отыру 1 топ «Ет тағамдары»/қазы, қарта, шұжық, тауық еті, балық еті,котлет/ 2 топ «Сүт өнімдері» / айран, қаймақ, құрт, қатық, сүзбе, ірімшік/ 3 топ «Ұн өнімдері» /нан, бауырсақ, бәліш,таба нан, жайма, макарон 4 топ «Жемістер» / алма, алмұрт, шие, жүзім, өрік, анар/
Бұлар нелер ? Бұлар адам ағзасына пайдалы тағам мен сусындар Бүгін сабаққа барлық тапсырмаларды дұрыс орындап, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берсе, сабаққа да белсенді қатысса сол топқа смайлик таратылады «Мен білемін » «Ыстық микрофон» әдісін қолдану арқылы, - Біз не үшін тамақтанамыз? Сұрағына жауап алу Топтық жұмыс . Әр топ өз жауаптарын 1 минут талқылап, микрофонға сөйлейді. / деніміз сау болу үшін, күш, өсу үшін, сымбатты болу үшін т.б./
Тағамның пайдасы туралы әңгімелеу. Алғашқы адамның қалай тіршілік еткенін сұрақ-жауап арқылы пысықтау. «Есіңе түсір» Әр оқушы жеке жұмыс жасайды. Ж. д. 49 бет.
Дискрипторды тақтадан көрсету Ежелгі және қазіргі заман адамдарының тамақтану ерекшеліктері мен айырмашылықтары туралы сурет бойынша салыстыра әңгімеленеді
Оқулықпен жұмыс Суретке қара. Тағам мен сусынды анықта. Сен таңертең қандай тамақ жейсің, қандай сусын ішесің? /сұрақ-жауап/ «Тамақтану тәртібі» Видео үзінді көрсету/ Топтық жұмыс. Шарты: Пайдалы тағамдар мен сусындар суреттерін таңдап, жапсыру, ас мәзірін дайындап, дастархан жасау. Жұмыстарын талдайды, қорғайды.
«Тұлпарым» қимыл қозғалыс жасап, ән айту
Есіңе сақта! Бие сүтінен шипалы сусын қымыз алынады. Қымыздың отаны – Қазақстан . Дұрыс тамақтану ережесін құру Әр топқа тамақтануға байланысты дұрыс және бұрыс ережелер тарату. Олар ішінен дұрыс ережелерді анықтап, тақтаға барып іледі. Қорытындылайды. Не туралы өттік? Нені білдік? Қандай тағамдар пайдалы екен?Қандай сусын шипалы болып есептеледі ? Оның отаны – қай мемлекет? Рефлексия «Баспалдақ сатысы » Балалар бұл баспалдақ .Баспалдақтың қай сатысында тұрғандарыңды белгілеңдер. Ең жоғарғы саты – Мен барлығын түсіндім Ортадағы саты - Толық түсінбедім, ұсынысытарым бар Ең төменгі саты – Ештеңе түсінбедім | Шаттық шебері
Таныстырылым
Аспазшы хаты/ сары, жасыл қағазға жазылған/
Жұмбақтар
Сурет «Ас бөлмесінде»
Қармақ, ойыншық балықтар Жұмыс д Венн диаграммасы Алғашқы а. Қазіргі а.
Дискриптор : барлығы дұрыс : жасыл түс, бір-екі қате : көк түс, үш-төрт қате : қызыл түс
оқулықпен жұмыс Суретпен жұмыс
Интерактивті тақта
Интерактивті тақта
Топпен жұмыс желім, плакат
Тамақтану ережесі жазылған парақшалар «Баспалдақ» |