Просмотр содержимого документа
«Денсаулы? ше?бері »
Б.Уахатов атындағы орта мектебі
Жұмыс бағдарламасы
«Денсаулық шеңбері»
8-сыныпқа арналған арнайы курс бағдарламасы.
Құрастырған: Биология пәнінің мұғалімі
Жаминова Г.Б.
Түсінік хат.
Денсаулық – әрбір адам өміріндегі басты құндылық. Соңғы кезде мектеп практикасына бала денсаулығын қолдауға және салауатты өмір салтын жүргізуге бағытталған денсаулық сақтау кеңінен жүргізілуде.
Салауатты өмір салты мына белгілермен анықталады: рухани сауықтыру, психологиялық сауықтыру, физикалық сауықтыру, қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі. Салауатты өмір салтын сақтау – бұл рухани, психологиялық, физикалық, өзін – өзі дамыту және өмірдің әлеуметтік – экономикалық өмірінің жағдайын жақсарту.
Бағдарлама анатомия, физиология және адам гигиенасы аясында биология пәні бойынша оқушылардың білімін тереңдету және толықтыруға арналған. Оқушыларды оқыту бұрын биология, валеология және экология курстарында алған білімдеріне бағытталады. Курс бағдарламасы профильдік дайындығының 8-9 сынып оқушыларына арналған 34 сағатқа есептелген. Келесі курстардың тақырыптары «Денсаулық шеңбері» курсының тақырыбы бола алады.
Курстың басты мақсаты - балаларды салауатты өмір салтына бейімдеу. Осы мақсатты шешу үшін келесі міндеттер қойылған:
Оқушыларға адам денсаулығына әсер ететін факторлар туралы, осы факторлармен денсаулықты сақтау қабілеттер әрекетіне адам ағзасының реакциясы туралы ақпараттандыру;
Оқушыларда салауатты өмір салты туралы жалпы мәліметтерді айқын білуіне қабілеттерін арттыру;
Оқушыларда салауатты өмір салтын мотивациялауын және қазіргі қоғамда профилактикалық жұмысын жүргізуді ұйымдастыру;
Салауатты өмір салтына тәрбиелеуге дағдыландыру және өзінің денсаулығының байлығын құру;
Биология, медицина, психо-физиология, психология, әлеуметтану сияқты ғылыми білімдер аясында теориялық тұрғыда кеңінен игеруге көмек көрсету;
Әрбір курстың бөлімдерін игеру кезінде практикалық жұмыстар қарастырылған. Олар адам өміріне қандай да бір фактордың әсер етуін болжамдау, түсіндіру, бейнелеу, анықтауын бағалай білуге ойын жинақтайды.
Практикалық жұмыс жүйесі оқушыда тұрмыстық көрінісі мен оған мәселелердің ғылыми ұстамын жетілдіруіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар бағдарламаның практикалық жұмысы оқыту нәтижесінің жетістіктеріне әкеп соғады және денсаулық сақтауға, нығайтуға дағдыланады. Бағдарлама және онда көрсетілген анықтама материалдарын емтиханға дайындық кезінде және биологиялық мен медициналық профильдерінің оқу мекемелерінде оқыту кезінде қажетті және жоғары білім деңгейін құру үшін ұсынуға болады.
Пәндік комиссия ретінде бөлек тақырыптарда баяндалған көлемін өзгерту бойынша ұсыныстар енгізуге құқы бар. Бағдарламаны іске асыру балалар өзінің денсаулығына жауапты қарауға, нығайтуға, салауатты өмір салты заңдарын сақтау дайындығына, әлеуметтік баға нормаларын игеруге, нәтижелі әлеуметтік бейімділікті қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдыларын дамытуға, өзінің тәртібін реттеу білуіне, өзінің ісін болжамдауға сондай – ақ адамның психикалық және жеке өміріне және әлеуметтік жағдайына ықпал ететін теріс фактор әсерлері туралы көрініс беруіне байланысты.
Оқу бағдарламасын іске асыру кезінде оқу материалдарын берудің түрлі әдістері, оқушылардың оқу қызметінің әр түрлі формалары қарастырылған.
Курстың құрылымы
Кіріспе - 1 сағ.
І. Органикалық әлемде адамның орны.
ІІ. Адам өміріне ықпал ететін факторлар – 8 сағ.
ІІ. Түріне қарап қарсы алады ...-2 сағ.
ІІІ. Дұрыс тамақтану – денсаулық құны! – 2 сағ.
ІV . Өз үйім – өлең төсегім!- 2 сағ.
V. Зиянды әдеттерден аулақ бол!- 2 сағ.
VI. Өзін-өзі тану – 2 сағ.
VII. Табиғат және адам - 2 сағ.
VIII. Жақсы жұмыс жасағын келсе – жақсы дем ал!-2 сағ.
Қорытынды-3 сағ.
Резерв – 8 сағ.
Оқушылар білім алу мен оқуына негізгі талаптары.
Курс бойынша оқушыларды дайындау талаптары оқушылар мен олардың ата – аналары үшін ашық болуы керек. Олар мұғалімдермен айтылып «білім алу мен оқудың негізгі талаптары» бұрышында ілініп тұрады. Оқушылардың және олардың ата – аналары үй жұмысын дайындау үдерісінде біле алады.
Оқушылар:
денсаулық деңгейін анықтау бойынша негізгі қабылдауын;
денсаулық жағдайына әсер ететін негізгі факторларын;
денсаулықты сақтау және нығайтудың негізгі тәсілдерін;
психологиялық дискранфорттың алдын –алу әдістерін білу қажет.
Оқушылар:
күнделікті өмір жағдайында бұрын алған білімдерін игеруді қолдануды;
адамға орта факторы әрекетінің түсіндіруді;
шылым шегу, алкоголь және нашақорлық заттардың зияндылығына негіздеуді;
өзінің валеологиялық көзқарасын қоршаған ортаға талдау білуді;
әр түрлі өмірлік жағдаяттардан шыға білуі тиіс.
Оқыту курсының мазмұны:
Кіріспе
Осы курстың актуалдылығы. Курстың өткізу мерзімі. Жұмыс формасы. Жоба қызметінің негіздері. Жоба жұмыстары тақырыбына мақсат қою. Жоба жұмыстары тақырыптарын таңдау.
Практикалық жұмыс:
Органикалық өмірде адамның орны
Тірі табиғат жүйесінде адамның орны. Адамдардың жануарлардан жаратылу мәселелері, адамның маймылдан жаратылу дәлелдері.
Адам өміріне әсер ететін факторлар
Адам денсаулығы қорғанысының биологиялық және әлеуметтік негіздері. Түсіндірме аппаратымен танысу, СӨС анықтамасы, факторлардың бөлінуі мен олдардың адам ағзасына ықпалы.
Практикалық жұмыс: Өзінің өмір салтын анықтау.
«Салауатты өмір салты» түсіндірмесі туралы мектеп оқушыларының зерттеу пікірлері.
Өзінің бейімдеу типін анықтау.
Киіміне қарап қарсы алу...
Не кию керек? – киім стилі, жағдайға байланысты киім стилін таңдау;
Қандай материалдан киім таңдау керек? – мата түрлерінің ерекшеліктері мен киім гигиенасы;
Киімді қалай таңдау керек? – демалыс, оқуға, спортпен айналысуға, арнайы жұмыс, үйге арналған киімдер.
Практикалық жұмыс: мата талшықтары құрылымын оқыту;
Күнделікті өмірде өзінің киетін киіміне зерттеу және талдау;
Дұрыс тамақтану – денсаулық құны!
Не үшін тамақтанамыз? – тамақ және оның құрамы, энергетикалық құндылық, тамақтану заттар рөлі;
Қалай тамақтанамыз? – вегетарлық тамақ, бөлек тамақтану, аралас тамақтану, шикі тамақтың пайдасы мен зияны;
Қанша тамақтанамыз? – тамақтану нормасы;
Қай уақытта тамақтанамыз? – тамақтану тәртібі;
Практикалық жұмыс: тәртіпті құру және тамақтануды бағалау;
Өз үйім – өлең төсегім!
Қайда құру керек? – табиғи және әлеуметтік факторлар есебінен құру үшін орын таңдап алу;
Неден құру керек? – құрылыс материалдары және олардың экологиялық сипаттары;
Қалай құру керек? – интерьер сұрағы: ішкі және сыртқы.
Практикалық жұмыс: Берілген параметрлері бойынша өз үйін кешенді бағалау.
Мектеп ғимаратын кешенді бағалау.
Зиянды әдеттерден аулақ болу – іскери ойын.
Нашақорлық заттар алкоголь, никотин және басқалардың зияндылықтары;
СӨС пропагандасы. Зиянды әдеттерден тәуелді сатысын анықтау.
Өзін – өзі тану...
Менің ішкі жан дүнием – жүйке қызметінің типі темперамент типіне тәуелді организмдердің түрлі ауруларға қарсылығы;
Менің достарыммен қарым – қатынасым комуникативті сатысы; әр типтегі темпераменттермен әр түрлі темперамент адамдармен өзара әрекеті, ұғым – адал достар, социометрия .
Менің қабілеттірім – еске сақтау, назар аудару, ойлау және т.б.
Практикалық жұмыс: темперамент типтерін, еске сақтау түрлерін, назар аудару және ойлау түрлерін анықтау.
Адам және табиғат
Экологиялық факторлар және оның адам организмінің денсаулығына әсер етуі – абиотикалық, биотикалық және антропогенді.
Кейбір экологиялық проблемаларды шешу жолдары:
Практикалық жұмыс: өзінің жергілікті орында экологиялық проблемалаларды анықтау,олардың туындау себептері мен оларды шешу жолдары.
Жақсы жұмыс жасағын келсе – жақсы демал!
Еңбек және демалыс гигиенасы... Күнделікті және демалыс кундеріндегі күн тәртібі. Абиотикалық орта факторына оң және теріс әсер етуі. Сыну және қан кету кезінде алғаш жәрдем көрсету. Күю және үсу кезіндегі алғашқы көмек.
Практикалық жұмыс: Күн тәртібін құру – демалыс және күнделікті.
Алғашқы дәрігер алды көмегін көрсету.
Сабақ қорытындысы.
«Өз денсаулығының жағдайын бағалау» зерттеу жұмысы
Жоба жұмысын қорғау.
Б.Уахатов атындағы орта мектебінің 8-сыныпқа арналған
«Денсаулық шеңбері» арнайы курс күнтізбелік жоспары.
№
Мазмұны
Сағ саны
Уақыты
І
Кіріспе
1сағ
1
Курстың актуалдылығы. Жұмыс формасы.
1
02.09
1
Практикалық жұмыс «Органикалық әлемде адамның орны»
1
09.09
ІІ.
Адам өміріне әсер ететін факторлар
8сағ.
1
Адам денсаулығы қорғанысының биологиялық және әлеуметтік негіздері.
1
16.09
2
Адам денсаулығы қорғанысының биологиялық және әлеуметтік негіздері.
1
23.09
3
Түсіндірме аппаратымен танысу. СӨС анықтамасы.
1
30.09
4
Факторлардың бөлінуі мен олардың адам ағзасына ықпалы.
1
07.10
5
Адам денсаулығы және қоршаған орта
1
14.10
6
Адам ағзасына қауіпті әсер ететін факторлар
1
21.10
7
Экология және денсаулық.
1
28.10
8
Балалар денсаулығын қалыптастырушы факторлар.
1
18.11
1
Практикалық жұмыс «Өзінің өмір салтын анықтау.»
1
25.11
ІІІ
Түріне қарап қарсы алу
2сағ.
1
Мата түрлері мен киім гигиенасы
1
02.12
2
Киімді қалай таңдау керек?
1
09.12
1
Практикалық жұмыс «Күнделікті өмірде өзінің киетін киіміне зерттеу және талдау.»
1
16.12
ІҮ
Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі.
2сағ
1
Не үшін тамақтанамыз? Тамақ және оның құрамы, энергетикалық құндылық, тамақтану эаттар рөлі.
1
23.12
2
Қалай тамақтанамыз?-тамақтану нормасы.
1
13.01
1
Практикалық жұмыс «Тәртіпті құру және тамақтануды бағалау.»
1
20.01
Ү
Өз үйім-өлең төсегім
2сағ.
1
Қайда құру керек? Табиғи және әлеуметтік факторлар есебінен құру үшін орын таңдап алу.
1
27.01
2
Неден құру керек?-құрылыс матеиалдары және олардың экологиялық сипаттары.
1
03.02
1
Практикалық жұмыс «Берілген параметрлері бойынша өз үйін кешенді бағалау.»
1
10.02
ҮІ
Зиянды әдеттерден аулақ бол
2сағ
1
Нашақорлық заттар алкоголь, никотин және басқалардың зияндылықтары.
1
17.02
2
СӨС пропагандасы. Зиянды әдеттерден тәуелді сатысын анықтау.
1
17.02
Сағ.15.30
ҮІІ
Өзін-өзі тану.
2сағ
1
Менің ішкі жан дүнием
1
24.02
2
Менің дастарым мен қарым-қатынасым.
1
03.03
1
Практикалық жұмыс. «Темперамент типтерін, еске сақтау түрлерін, назар аудару және ойлау түрлерін анықтау.
1
03.03
Сағ. 15.30.
ҮІІІ
Адам және табиғат
2сағ.
1
Эколгиялық факторлар және оның адам ағзасының денсаулығына әсер етуі.
1
10.03
2
Экологиялық проблемаларды шешу жолдары
1
17.03
1
Практикалық жұмыс «Өзінің жергілікті орында экологиялық проблемаларды анықту.»
1
07.04
2
Практикалық жұмыс «Күн тәртібін құру»
1
14.04
ІХ
Жақсы жұмыс жасағың келсе-жақсы дем ал
2сағ.
1
Еңбек және демалыс гигиенасы
1
21.04
2
Сыну және қан кету кезінде алғашқы жәрдем
1
28.04
Х
Қорытынды
3сағ.
1
«Өз денсаулығының жағдайын бағалау» зерттеу жұмысы
1
05.05
2
«Өз денсаулығының жағдайын бағалау» зерттеу жұмысы