Сабақтың міндеттері: - ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәнін түсіндіру;
- өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- ұстамдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу.
Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз, қайшы, түрлі қағаз.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
-оқушылармен сәлемдесу.
- сынып тазалығына көңіл бөлу. ( топқа бөлу)
Тыныштық сәті. «Орманға саяхат» әуен арқылы.
2. Үй тапсырмасын тексеру: «Алтын құс» атты ертегіні сұрау және талдау.
Сабақ барысын талқылау.
Қазақ ертегісі.
3. Дәйексөз:
«Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі » деген қанатты сөзіне оқушылардың зейінін аудару және мәнін түсіндіру. Жұмыс дәптерге жаздыру.
- Сендердің ашуланған кездерің болды ма?
- Не себепті ашуландыңдар?
М. Әуезовтың қанатты сөзін оқу және талдау.
4. Әңгімелесу (сұхбат) «Сурет» - атты мәтінімен таныстыру. Сол мәтін бойынша өз ойларын ортаға салу.
Қорыту:
- Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?
- Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?
Ж. Дәуренбеков
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Білім –біліктерін тиянақтау мақсатында тапсырма ұсынылады. Оқулықтағы «Сырғанақта » атты мәтінді өз ойларымен аяқтау ұсынылады.
Плакат, маркер, түрлі қағаз.
6. Топпен ән айту.
«Мектеп полькасы»
сөзі: Т. Молдағалиев әні: И. Нүсіпбаев
Біз – бейбіт ел ұланы,
Өнер-білім ұраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады.
Қайырмасы:
Біз – батыр ел жастары,
Бақыт алға бастады.
АКТ-ны пайдалану.
Әнді бірге шырқау ұсынылады.
7. Үй тапсырмасы. № 1 «Аға ақылы» атты өлеңді жаттап келу.
Келесі сабақ. № 2 «Балалардың көз қуанышы» атты мәтінді оқып келу.
С. Мәуленов
В. А. Сухомлинский
8. Соңғы тыныштық сәті.
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.