Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры Сабақтың мақсаты: 1. 7 санының пайда болуын енгізу, 7 цифрын жазуды үйрету. Білім қорларын молайту. 2. Салыстыра білуге, таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. 3. Тазалыққа, ұқыптылыққа, білім сүйгіштікке тәрбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«7 саны мен цифры сабақ жоспары»
Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры Сабақтың мақсаты: 1. 7 санының пайда болуын енгізу, 7 цифрын жазуды үйрету. Білім қорларын молайту. 2. Салыстыра білуге, таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. 3. Тазалыққа, ұқыптылыққа, білім сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, т. б. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Көрнекілігі: Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар т. б.
Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі. - Сабаққа назарларын аудару; - Тренинг өткізу «Күлкі сыйлау». Отбасының гүліміз, Көңілді өтер күніміз. Қайырлы күн деп айтамыз, Бірге үйге қайтамыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру. Берілген есептерді шығарып, сандар қатарын жазып келгендерін тексеру; 0 - ден 6 - ға дейін тура және кері санап, өткен сабақтарды еске түсіру. Ойын: «Үйін тап»
III. Жаңа сабақ. Геометриялық пішіндер арқылы көпір құрастыру 1. Ауызша 6 санының пайда болуын, 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандар қатары қайталанып, 6 - ны басқа сандармен салыстыру пысықталып, 7 санының пайда болуы, кестені пайдаланып 7 санының шығару. 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 сандар қатарын құрастыру, 7 - ні 6 - мен салыстыру. Жазда шөпті шабар Қыста тыныш табар Шалғы бар әр үйде, 7 – ге ұқсас бәріде. 2. Оқулықпен жұмыс. №1 Теңдік қалай құрылғанын түсіндіру. 6+1=7 7 - 1=6 Кесіндінің ұзындығын өлшеу 7см 7см 6см, 5см, 4см, 3см, 2см, 1см т. б.
№2 7 цифрының кітапта және дәптерде жазылу үлгісін көрсету. Суретке қарап 6 мен 7 - ні салыстырып, , 6 6 6 = □ □ + □=6 6 - □=□ 3. Дәптермен жұмыс. Әрбір оқушы өз бетімен орындау. Таяқшалардың суретін пайдалану арқылы қосындылар мен айырманың мәндерін дұрыс табу, 7 - ні басқа сандармен, 7 см - ді басқа ұзындықтармен салыстыру. 7 цифрын жазып жаттығу. 6+1= 7 - 1= 4 3 21 0 5см 5см 4. Сергіту жаттығулары. Көбелекке ұқсап ап, Ұшайықшы бәріміз. Оңға қарай бір ұшып, Солға қарай бір ұшып. Шарлайықшы жер шарын 1, 2, 3 көбелекше ұш. №4. Өздік жұмыс. әйнекшелердің орнына теңдік немесе теңсіздік дұрыс болатындай етіп сандарды тауып қою. Үшбұрыштарды санау, салыстыру
IV. Қорытынды. «Балапандарды құтқару» ойыны. Жұмбақ есептер Алдында 3 балапан, Артында 3 балапан, Ақ тауықты қосқанда Айтшы санын балақан?
Бір алманы төртке бөлдім. Бір бөлігін жеп те көрдім Қалған үлкен 3 бөлігін, Қасымдағы 3 досқа бердім. Аулада 5 үйрек, Қорада 2 үйрек. 1 үйрек тығылды, Қалғаны неше үйрек?
Табақта 4 алма, Қолымда 3 алма, Қосқанда барлығын Болады неше алма? Ал, енді балалар сабағымызды қорытындылай келе, құрамында саны бар мақал - мәтел айтайық. Жеті рет піш, Бір рет кес. *** Тоқсан ауыз сөздің, Тобықтай түйіні. *** Жігітке жеті өнер де аз. *** Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді. *** Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді.
V. Бағалау. VI.. Үйге тапсырма беру. 7 санын жазып жаттығу, есептер шығару