Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Жол тәртібін білейік,
аман – есен жүрейік!»
Степняк қаласы:
Шакирова Бейбитгуль Сайрановна.
Сабақтың тақырыбы: Жол тәртібін білейік.
Аман – есен жүрейік!
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жолда жүру ережелерімен, жол
белгілерімен таныстыру.
Бағдаршам туралы түсінік беру.
Жол ережесін, белгілерін есте ұстай білуге
үйрету.
Жолда жүргенде жол ережесін сақтап жүруге
тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, үйрету.
Көрнекілік: Бағдаршам, жол белгілері,суреттер. Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз. Құрметті оқушылар жолда жүру ережелеріне арналған етреңгілігімізді бастаймыз.
Өлең.
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жолда жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Басталсын жолда жүру ертеңгілігі.
Жүргізуші: Жас инспектор.
Бүгінгі ертеңгілікке дәрігер апай қатысып отыр.
/ ортаға дәрігер шығады. /
Жүргізуші:
Кішіге, үлкенге, жасыңа, кәріңе.
Жан сая қиналған жандардың бәріне
Шипагер апаны біз жақсы білеміз
Өйткені ол үлкен дәрігер.
/ осыдан кейін ортаға қолын байлаған қасқыр шығады. /
Жүргізуші:
Апай қараңыз мына сұмдықты.
Қасқырға не болған,
Кім оны жаралаған?
Дәрігер:
Қасқырым не болды?
Жасырмай айтшы өзің,
Қолыңа не болғанын? / осы кезде қасқырдың қолын ұстайды. /
Қасқыр:
Айтайын жасырмай шынымды,
Сақтаңыз шыбындай жанымды,
Жолда жүру ережесін білмеген соң,
Машина астына түстім домалап.
Дәрігер:
/ басын шайқап. /
Қасқырды ауруханаға жеткізейік.
Балалар көрдіңдер ме? Жол ережесін білмеген. Жігер жол ережелерін бұзбайтындай қылып тәрбие сағатын өткіз.
/ дәрігер мен қасқыр орындарына отырады. /
Жүргізуші: Енді ортаға Бағдаршамды шақырамыз.
Мен бәріне бағыт сілтеп тұрамын
Жанса қызыл шырағым,
Көліктерді топтаймын
Сары көзім жанғанда
Қозғалуға қамдан да
Дайын тұрғын дегені
Жасыл көз жанғанда
Еш нәрсеге алдан ба
Тура жүр дегені.
Жүргізуші:
Балалар, жол белгілері төрт топтан тұрады.
1 Сақтандыру белгісі.
Қып-қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
Қауыптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған
Аман-сау жүреді жаяуда көлікте
Мен берген белгіні сақтаған қолдаған.
2. Тыйым салу белгісі.
Қызылмен боялған шеңбермін
Тыйымшыл белгімін,қаталмын
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауып бар,бағдарла көз салып,жан-жаққа.
3. Міндеттеу белгісі.
Белгіле көрсетер жылдамдық бағытты.
Міндетті бұрылыс,әйтпесе қауіпті
Барлығын анықтап тұрамын жолында
Абай бол шартымды міндетті орында.
4. Нұсқау белгісі.
Баратын жеріңнің бағытын тұрағын
Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де, түнде де, от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Көрініс:
Жолда жүру ережесіне байланысты.
Мұғалім сөзі:
Ал енді балалар жолда жүру ережелеріне қатысты жұмбақтарды шешеміз.
1. Көліктің қаншасын жанынан өткізген
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.
/ Жол. /
2. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та
Бақырайған үш көзі бар бірақта.
/ Бағдаршам. /
Сурет бойынша тапсырма:
1.Үш оқушының қайсысы жаяулар өтетін жолмен өтіп барады. 2.Осы белгілердің қайсысы жаяулар өтетін жерде тұрады.
Қорытындылау:
1 Бағдаршам туралы не білесіңдер?
2 Машина жүретін жолда ойнауға болама?
Оқушыларды мадақтау.