kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік" атты  бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаты.

Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыра отыра жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік»

Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!

Мақсаты:  Оқушыларға жолда жүру ережесі  туралы  жан-жақты  білім  беру, жол  белгілерімен  таныстыру.

Оқушыларды жол қауіпсіздік  ережесін сақтауға,оны  бұлжытпай орындай  білуге  үйрету. Оқушыларды   ұқыптылыққа, ба­тылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

Музыка №0 (15 сек.) шымылдық ашылады

Музыка№1 (18 сек.) Жас инспекторлар формасын киген қыздар шығады.


1 – оқушы:

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!


2-оқушы:

Қай  көше,  қай  қалаға  барсаңыз  да,

Қай  ақыл  өлшеміне  салсаңыз  да.

Жол  жүру  ережесі – заңды,  тәртіп.

Ол  ортақ – үлкен-кіші  баршамызға.

3– оқушы: 

Жалғайтын достары бар ел менен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Басталсын жолда жүру ертегімен.

Музыка№2 Фон

Сахна ортасында үйдің іргесінде қызыл крест белгісі және «Шипагер атаның үйі» деген жазу бар. Сахнаның қалған жерлері көшелердің көріністері түрінде жол белгілерімен, бағдаршаммен безендірілген. Есік алдындағы жұмыс үстелінде Шипагер ата рентген суреттерін қарап отырады. Оның үстінде ақ  желең, мойнында тыңдағыш. Жеңіл музыка ойнап тұр.

Жас инспекторлар формасын киген екі қыз шығады.



1- Жас инспектор:

Шипагер атамыз бәрімізді емдейді ,

Ауырса адамды, аңды да  емдейді .

Отырған мынау Шипагер атаға

Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?


2- Жас инспектор:

Сәлеметсіз бе, Шипагер ата!

Кішіге, үлкенге, жасыңа, кәріңе,
Ауырып қиналған жандардың бәріне.
Шипагер атаны біз жақсы көреміз.
Өйткені ол үлкен дәрігер.

Музыка№3 (12 сек.) Осы кезде басын ұстап аю кіреді.


1-Жас инспектор: – Ата, қараңыз мына бір сұмдықты, Аюға не болған? Кім оны қынжылтты?


 Шипагер: — Маймағым, не болды, жасырмай айтшы өзің, неліктен көкпеңбек ісінген бас-көзің?

Аюдың басын таңып, дәрі жаққан болады.


Аю: (уілдеп жыламсырап)

— Айтайын жасырмай шынымды

Сақтаңыз шыбындай жанымды.

Жармасып бал тасыр машина-қадаққа,

Домалап түстім де, тап болдым азапқа.


Шипагер:

— Бір сәтте қарның тоятын күн үшін,

Жол жүру ереже-тәртібін бұзыпсың.


Аю (еркелеген  дауыспен): — Шипагер ата, енді қайтіп ұрлық та жасамаспын, жолда  жүру  ережесін де  бұзбаспын.


Музыка№4 (20 сек.)

Сахнаның сыртынан  өзара  керілдескен  да­уыстар  естіледі  де,  көп  кешікпей бір-бі­рімен  дауласқан  күйі  Түлкі  мен  Қоян  шы­ғады. Қоян  құлағын  ұстап,  Түлкі ақсап  келе  жа­тады,  Шипагер  мен  инспекторлар шошына  қарсы  алады


Түлкі: — Жүгіріп  екеуміз  ойнадық  қуыспақ.


Қоян: — Ауладан  шап  беріп  алмақшы  қу  ұстап

.

Түлкі: — Ал  қоян  көшеге  зып беріп  жөнелді.


Қоян: — Аула  тар  болған  соң,  қайтейін  мен  енді?


Түлкі: —  Қоянды  қуам  деп   тапқаным,  құй­рықты  әрең  деп  сақтадым.


Қоян: — Машина  астына  жүгіріп  өткенде,  құ­лақты  бір  темір  зақымдап  кеткен!


Шипагер: — Құлақ пен  құйрыққа  жағатын  бір  дәрі   бар,

Ереже  бұзғанға    қоятын  екілік  тағы  бар.


Шипагер  ем  көрсетуге  кіріседі. 


Музыка№5 (8 сек.) Шы­мылдық  артынан  Мысық  көрінеді.  Бір ат­тайды  да,  кейін  шегінеді



2-Жас инспектор: (оны  байқап)

— Келе  ғой,  Мысығым,  атаңнан қорықпа,

Жараңды  жазады,  жылама,  зарықпа.

Құйрығың   үзілген,  әттеген,

Жасайық  сәтті  ем

Мысық  бүгежектеп  келіп,  үзілген  құйрығын  Шипагерге   ұсынады.  Шипагер басын  шайқап, Мысықтың  құйрығын  жалғап,  бинтпен  таңып  береді.


Мысық:( мияулап)

Доп қудық көшеде  итпенен

Көп өткен машина бірақ та.

Кеп қалған машина басты да ,

 Добымыз жарылды доңғалақ астында.

Ит досым анда тұр , кіруге қаймығып.


Музыка№6 (15 сек.)

Ит қолын асып аулаға келеді.Шипагер ата көмек көрсетіп , ескерту жасайды .


Шипагер:

Айналайын абайла

Жан- жағыңа қарайла

Жолда жүру ережесін

Есте сақта қалайда

Музыка№7 (10 сек.) Сахнаға ұлып қасқыр кіреді

1-Жас инспектор:

Мына қасқырға не болған,бұл неге жылап келе жатыр?

 Ау,қасеке,саған не болған,бетің көгеріп,аяқ-қолын жара болыпты .Біреу ренжітті ме?


Қасқыр:

- Ештеңе болған жоқ.

2-Жас инспектор:
- Онда неге аяғың ақсаңдап қалған?

Қасқыр:
- Ой, көлікке жабысамын деп...

1-Жас инспектор:
- Сен не көлікке жабысып жүрсің бе?

Қасқыр:
- Иә


2-Жас инспектор:
- Жүріп бара жатқан көлікке жабысуға болмайтынын білмейсің бе?

Қасқыр:
- Баратын жеріме тез жетейін деп...

1-Жас инспектор:
- Тез жетейін  деп өзіңе не болғанын көрдің бе?

Қасқыр:
- Көрдім

2-Жас инспектор:
- Көшеде қалай болса солай жүруге, көліктерге жабысуға болмайды ғой.

Қасқыр:
- Ал егер асығып тұрсам ше?

1-Жас инспектор:
- Қаншалықты асығып тұрсаң да,  жол ережесін сақтау керек.

Шипагер ата көмек көрсетеді.

Музыка№8 (10 сек.) Жылап тышқан келеді

Шипагер:

Кішкентай ғана тышқаным, Саған не болды?

Тышқан:

Жасырмай айтсам сырымды

Жол апатына тап болдым

Бағдаршамға қарамай

Жолда футбол ойнадым

Шипагер атабасын шайқап, көмек көрсетеді.

Музыка№9 (9 сек.) Сахнаға секіріп, балдақпен тиін кіреді

Тиін:

Көшенің тәртібін сақтамай,
Сақшының айтқанын ақтамай.
Автобустың алдынан өттім,
Абайсызда қағып кетті.
Ой, аяғым, аяғым!

Шипагер: (басын  шайқап) 

Аю, тышқан, түлкі, қоян
Шуақты өміріміз кундей куліп,
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт,
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып 

Көрдіңдер  ме,сендер  жол  жүру,  көшеде  сақ  болу  ережелерін   бұзғандықтан,  осындай  халге  душар  болдыңдар.


Музыка№10 ( 4 сек.) Үстел үстіндегі телефон шырылдайды.


Шипагер:

  • Алло


Қолтырауын ( жылап):

  • Алло, бұл Шипагер ата ма? Мен – қолтырауынбын.



Шипагер:

  • Ия, бүл мен. Тындап тұрмын. Неге жылап тұрсын?Жылама


Қолтырауын: (жылауын қоймай)

  • Ой,тісім қақсап барады!

Жанымды қоятын жер жоқ...

Көөөп кәмпит жегем...

Енді не істейімін?

Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.


Шипагер:

Бір сәтке тойынар тәп-тәтті кәмпит үшін,

Тәртіпті бұзыпсың,қарыңнын қамы үшін.

Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят-ақ,

Тәртіп те керек қой, білсеңші жан үшін!

Ой-ей ей! Күте тұр, қазір жетемін. 

( Инспекторларға қарап) Қарақтарым,мына аңдарға жол  жүру  ере­желерін   естеріне  салу керек деп ойлаймын.


2-Жас инспектор:

Ия,мен де солай ойлаймын.

Шипагер:

Ал, мен тісі ауырып жатқан қолтырауынға асығып тұрмын. Сау болыңдар!


Музыка№11 ( 8 сек.) Жедел жәрдем сиренасы естіледі.

Сабақ басталады.

2-Жас инспектор:

Жайғасып отырыңдар.


1-Жас инспектор:

Көше  ортасын  айналдырып  футбол  тебер  алаңға,

Көрдіңдер  ғой  ұмытқанды  ережені, далаңдап.

Ал,  кәнекей,  үйренейік  біз  де  жүру  тәртібін,

Ережені  жақсы  білер,  жатқа  білер  бар  кімің?


Аю  :    

Көшеден өтерде әуелі сол жаққа,содан соң оң жағына қарау керек.Әйтпесе,машина басып кетеді.


Тышқан:

Жоқ ,мен оңға да ,солға қарамаймын. Апам маған көшеден өткенде тура бағдаршамға қара деген.


Аю :       

Ақымағым-ау,ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы мүмкін?Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.


2-Жас инспектор:

Ал,егер орманға бағдаршам құрсақ не болар екен?


Түлкі:

Бұл дегенің түк те емес!

Бағдаршам тоқсыз, сымсыз істемес.

Егер ол жөнімен жанбаса,

Онда бұған қарап тұру далбаса.


Қасқыр:

Мен түлкімен келісем!

Ол жұмыс істеп тұрғанмен қандай пайда?

Қоянды қуып келе жатқанда қызыл жанса,

Кім тоқтап тұрсын, қоян ба?

Сондықтан маған бәрібір, жанса да қызыл, жасыл да,

Жүгіре берем, жүгіре берем, жасылға.


Қоян:

Мен де жүгіріп келе жатқанда,

Кешіріңіз! Қарау мүмкін емес бағдаршамға.


2-Жас инспектор:

Оларыңда дұрыс екен. Ал,бағдаршам жоқ  жерден  қалай  өтеміз ?

Қоян:

Көшеде ортаға жеткенше,
Әуелі көзің сал сол жаққа.
Ал,енді, ортадан өткен соң,
Мойның сал сол жақтан оң жаққа.

Аю:

Жолақ  жолмен  көшеден

Өтеді  тек  жаяулар.

Көліктердің  ақырын

Жылдамдығы  баяулар.

«Қалмасын  жұрт  жолынан!» -

Деп  жол  берер  көліктер.

Зебраның  жонынан

Аумайды  өзі,  міне, көр!


Ит:

Аф-аф

Қауіпті ғой көше тым.

Қумай жолдың төтесін.

Мен де енді

Жолақтарды іздеймін,

Жаяулар өтетін.


1-Жас инспектор:

Бір абайсыз жүрістен
Бүкіл ғұмыр қиылар.
Тәлім алса бұл істен,
Тәртіпсіздік жойылар.


2-Жас инспектор:

Мен білемін, бәрін деме,
Отырған жоқсың бөлмеде.
Машина өтіп кеткесін,
Жолаушы алға беттесін.


Түлкі бағдаршамға жақындап

Түлкі:

Бағдаршам үш көзді,
Үш көзден ұқ үш сөзді:

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!


Мысық:

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.

Тиін:

Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.

Тышқан:

Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.


1-Жас инспектор:

Енді бәрін түсінген шығарсыңдар?


2-Жас инспектор:

Ата – ананың сенімін,

Еске ұстап ақтай біл.

Жолдан өтер жаяудың,

Ережесін сақтай біл!

Айнала қауіп бар ойла,

Жан-жағына қарайла!

Доп ойнама көшеде,

Машина жолын абайла! -


Барлығы:: -Ия, біз бәрін де түсіндік. Енді жол тәртібін сақтап жүреміз.


1-Жас инспектор: 2-Жас инспектор:

-Енді жол тәртібін бұзбаңдар!


Музыка№12 ( 2 мин.49 сек.) Ән «Жас жол сақшылары» -Бақберген. Қыздар билейди. Аңдар кітапшалар таратады

Барлығы:

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік!













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік

Автор: Уразкенова Сахыпжамал Кабдрашевна

Дата: 09.07.2019

Номер свидетельства: 516568


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства