Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан желі».
Мақсаты: Тәуелсіздіктің бастау бұлағы болған, ата – бабаларымыздың аңсап күткен еркіндігі, ғасырлар бойы күресінің нәтижесі, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы екенін түсіндіру, оның тарихи маңызын ашып, оқушыларға жеткізу. Тәуелсіздік күнінің мәнін аша отырып,”Желтоқсан” қозғалысының саяси орнын анықтау, оқушыларды өз елін, жерін, отанын сүюуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Слайд.
Жүру барысы:
Кіріспе
Сұрақ жауап
Топқа бөлу
Қорытынды
Кітапханашы:Балалар! Бүгінгі сабағымыз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналналған.
Балалар! Тәуелсіздік деген не?
1986 жылы Қазақстан Компартия Орталық Комитетінің пленумында Қазақстанды ұзақ жыл басқарған Дінмұханбет Қонаевты пленумға қатысушылар қызметінен бірауыздан босатып, орнына Г. Колбинді сайлады.Әрине адамдар өздерінің қарсылығын білдіре бастады.
Жастар алаңға шықты. “Әр ұлтқа-өзінің көсемі !”,
“Қазақстан жасасын!” деген ұрандарды көтеріп 200-300 дей жас жиналды. Алаңдағы адамдар саны көбейе бастады.
Алаңға жиналғандар Қонаевтың алаңға шығуын, ел алдында сөз сөйлеуін талап етті. Бірақ Колбин Мәскеумен сөйлескеннен кейін Қонаевты шерушілер алдына шығару ойынан бас тартады.
Шерушілердің ішінен бір жас қыз шығып сөз сөйлейді.
Сол сәтте әскерлер жаңағы кызды шетке сүйреп алып кетеді.... Төбелес осыдан басталды.
Жағдай бақылаудан шыға бастады. Алаңға келіп, шерушілереге қосылып жатқан адамда есеп жоқ. Әскерді қосқанда 10 мыңға таяды.Алаңды тазарту жоспары әзірленді.
Солдаттардың қолында сапер күрек, дубинка болды, ал шеруге шыққан адамдардың қолында ештеңе жок еді.
Желтоқсанның жазықсыз құрбандарына айналған қыз-жігіттер
ақ қар, көк мұз үстінде жайрап жатты.
“ Шеру ұыймдастыруға қатысы бар ” деген жалған айыппен қаншама азаматтарымыз жазаланды. Солардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сабира Мухамеджанова дегендер болды.
Кайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында 1966 жылдың 13 наурызында дүниеге келген.
Ләззат Асанова 1970 жылы 27 шілдеде қазіргі Алматы облысы, Панфилов ауданы Айдарлы ауылында дүниеге келген.
Ербол Сыпатаев 1965 жылы 10 наурызда дүниеге келген.
Қайрат Рысқұлбеков сол 16 желтоқсан күні шеруге қатысып, адам өлтірді деген күдікпен түрмеге қамалды. Сотталды . Өлім жазасынакесілді.
2 жылдан кейін Семей түрмесінде мерт болды.
Ербол Сыпатаев 1965 ж. 10 наурызда дүниеге келген. Сол кезде 22 жаста болатын .
Ләззат Асанова 16 жасында еді. Ресми деректер бойынша, Ляззат пен Ербол көтеріліс барысында алған жарақаттан қайтыс болған .
Г.В. Колбин Алматыдағы көтерілісті аяусыз жазалауға жол берді. Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың 99 адам сотталып , екеуі өлім жазасына кесілді, 83 адам 2 жылдан- 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылды. Көп адамдарды жұмыста және оқу орнынан шығарып тастады.
1989 жыл.
Н.Ә.Назарбаев 1989 жылы Қазақстан КП бірінші хатшысы болып ел басқару ісін бастады.
1990 жыл.
1990 жылы 24-сәуірде ҚКСР-інің Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты Президент етіп сайлады.
1991 жылы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды.
1991 жыл.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.
1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» жарлығына байланысты Қазақ КСР-нің 65 бабымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Түгелбай Тәшенұлы, Қайыргелді Күзембайұлы, Жамбыл Тайжанұлы ақталды.
Ел үшін құрбан болған жастарымызды мәңгі есімізді сақтаймыз!!!
Топқа бөлу:
1. Өткен шақ
2. Осы шақ
3. Болашақ
Әр топқа суреттер беріледі, сол суреттерді қағазға жапсырады және «өткен шақ», «осы шақ», «болашақ» деп өздері қорғап шығады.
Қорытынды:
1992 жыл.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Рәміздері бекітілді.
1993 жыл 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы -Теңге айналымға енді. 1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. 1995 жыл 30 - тамызда жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды. 1996 жыл 30 - қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы өтті. 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.Еліміздің ата Заңының 7 бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі” деп көрсетілген. 1998 жыл 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.
Тәуелсіздігімізді алғанымызға бийыл 25 жыл толады. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік!
“ Біздің балаларымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады. ”