kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Желтоқсан желі тоңдырды мені

Нажмите, чтобы узнать подробности

"желтоқсан желі тоңдырды мені"  ересек топтың сахналық қойылым

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Желтоқсан желі тоңдырды мені»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған

«Желтоқсан желі тоңдырды мені» тақырыбындағы сахналық қойылым

Мақсаты:

Білімдік: Желтоқсан оқиғасы туралы, Тәуелсіздік туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Тәрбиеленушілерді сахналық қойылымдар қоя білуге баулып,

сахна өнеріне деген қызығушылықтарын ояту.

Тәрбиелік: Балаларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ерлікке тәрбиелеу.

Қойылымға қажетті жабдықтар: сахналық безендіру, ұлттық бұрыш, үнтаспа,

бейнетаспа көріністері, кейіпкерлер киімдері, ұрандар.

Қатысушылар:

  1. Жүргізуші

  2. Қайраттың әжесі

  3. Бала Қайрат

  4. Азамат Қайрат

  5. Милиционерлер

  6. Көпшілік жастар

Қойылымның барысы:

І кезең:

(Баяу домбыра әуені естіліп тұрады. Киіз үйдің безендірілген ішкі көрінісі. Ортада бала Қайрат ойнап отырады. Сахнаның сыртынан әжесі дауыстап, сахнаға көтеріледі.)

Әже: Қайрат, ау, Қайратжан! Сен қайдасың, құлыным?

Бала Қайрат: Ау, Әже! Мен мұндамын.

(Орнынан көтеріліп, әжесіне қарай жүреді)

Әже: Айналайын, сен осында екенсің-ау. Келші менің жаныма. (Құшақтайды)

Қане, маған қарашы, Қайратжан!

Бала Қайрат: Ал, қарадым, әже!

Әже: Осы сенің көзіңде от бар. Сен өскенде кім болғың келеді?

Бала Қайрат: Батыр болғым келеді, әже! Елімді, жерімді қорғайтын батыр болғым келеді.

Әже: Айтқаның келсің, балам. Сен батыр боласың әлі. Жүре ғой, өріске барайық. (Бала Қайрат әжесін құшақтап, сахнадан түсіп кетеді.)

ІІ кезең

(Сахнада безендіру ауысып, слайд арқылы Алматыдағы Брежнев атындағы орталық алаңның 1986 жылғы 16 желтоқсан күнгі көрінісі бейнеледі. Қатты соққан желдің дауысы естіліп, «Желтоқсан желі» әні үнтаспадан беріледі.)

Жүргізуші: 1986 жыл 16 желтоқсан. Алматы қаласындағы Брежнев атындағы орталық алаңға Қазақстанның түкпір-түкпірінен қазақ жастары жинала бастады. Жиналған жастар қазақ елінің ұзақ жылдар бойы Москвадағы орталық комитетке тәуелді болғанын, бодандықта өмір сүргенін, бодан елдің ана тілінің де өз мәртебесін ала алмай келе жатқанын ашына жеткізді. Бәрі де қазақ елінің тәуелсіздігін аңсаған өрімдей жастар еді. Осы қалың топтың ішінде кешегі бала Қайрат та бірге жүрді.

(Ортаға залдың әр жағынан балалар шығады. Қолдарында «Қазақ еліне теңдік керек!», «Бізге Тәуелсіздік керек!», «Ана тілімізге мәртебе керек!», «Қазақстан жасасын!» деген ұрандары болады. Ұрандарды әр топ дауыстап айтып шығады.)

Милиционерлер: Бұл не жиын? Қайтыңдар, үйлеріңе тараңдар! (Жастарды қуалайды)

Көпшілік жастар: Бізге Тәуелсіздік керек! Иә, Тәуелсіздік керек! (Айқайлайды)

(Топтың ішінен Қайрат суырылып ортаға шығады)

Қайрат: Иә, біз тәуелсіз ел болуымыз керек.

Милиционер: Бұл кім? Аты-жөніңді айт!

Қайрат: Мен – Қайрат Рысқұлбековпын!

Милиционер: Алаңға не үшін шықтың?

Қайрат: Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін шықтым!

Милиционер: Мұның ұлтшылдық екенін білесің бе?

Қайрат: Жоқ! Жоқ! Мен ұлтшыл емеспін. Бірақ, ұлтымды жанымдай жақсы көретін ұлтжандымын.

(Ортаға ұмтылады)

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

«Еркек тоқты – құрбандық»

Атам десең, атыңдар!

Милиционер: Ұлтшылдықты мен саған көрсетемін! Әкетіңдер мына ұлтшылды!

(Қайратты милиционерлер қолынан ұстап алып кетеді.Қатты соққан желдің ызғарлы үні естіліп, «Желтоқсан желі» әні үнтаспадан беріледі)

Жүргізуші: Иә, 1986 жылы желтоқсанның қақаған аязында қазақтың қайсар ұл-қыздары осылайша өздерінің ерлігін, елдігін таныта білді. Желтоқсанның ызғарлы желіне тоңып, мезгілсіз солған ұл-қыздардың теңдесіз ерлігінің, қайратының нәтижесінде қазақ халқы бүгінгі күні азаттық нұрына шомылды. Бұл жеңіс, бүгінгі тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Желтоқсан оқиғасына қатысқан 2336 адам қамауға алынды, 103 адам сотталды, 266 студент оқудан шығарылды. Мінеки, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін, өздерің сияқты балалардың бақытты өмірі үшін күреске шығып, алғаш наразылық танытқан Желтоқсан оқиғасына биыл 30 жыл толып отыр. Желтоқсан құрбандарының ерлігі де, есімі де мәңгі ұмытылмайды. Желтоқсан құрбандарының рухына арнап 1 минуттық үнсіздік жариялайық.

(Слайдтан тәуелсіздік бейнекөріністері көрсетіледі)

1-ші бала:

Желтоқсан – ұлт мерейін тасытқан күн

Желтоқсан – жас пиғылын жасытқан күн

Желтоқсан – жас жүрекке қайрат беріп,

Желтоқсан – ел болуға асыққан күн

2-ші бала:

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан







3-ші бала:

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өреңдер ақталады

Ер намысын қорғаған сабаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады

4-ші бала:

Саналы жұртым

Бағалы бұл күн

Жігерлен, сілкін, егілме

Азат күн туды

Қазақтың туы

Қанатын жайды көгінде

5-ші бала:

Желтоқсан желі

Дәуірдің демі

Арайын шашқан таңғы үміт

Халықтың мұңы

Тарихтың үні

Желтоқсан желі жаңғырық

(Тәуелсіздік туралы ән беріледі)

Жүргізуші: Сіздердің тамашалағандарыңыз, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған онкүндікке орай өткізілген «Желтоқсан желі тоңдырды мені» тақырыбындағы сахналық қойылым









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Желтоқсан желі тоңдырды мені

Автор: Тилебалдинова Динара Женисхановна

Дата: 20.12.2020

Номер свидетельства: 567900

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Желто?сан желі ? то?дырды мені" "
    ["seo_title"] => string(37) "zhieltok-san-zhieli-a-ton-dyrdy-mieni"
    ["file_id"] => string(6) "192048"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427393492"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Желто?санда ?зілген жау?азындар "
    ["seo_title"] => string(38) "zhieltok-sanda-uzilghien-zhauk-azyndar"
    ["file_id"] => string(6) "176742"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424461080"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Т?уелсіздік –туым,  ?астерлім-тілім мен дінім,  ?аруым-білімім"
    ["seo_title"] => string(52) "tuielsizdiktuymkastierlimtilimmiendinimkaruymbilimim"
    ["file_id"] => string(6) "270369"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451096046"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(16) "учителей"
    ["seo_title"] => string(11) "uchitieliei"
    ["file_id"] => string(6) "369217"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481636743"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) "Сертификат"
    ["seo_title"] => string(11) "siertifikat"
    ["file_id"] => string(6) "369220"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481637553"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства