kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Желто?сан желі ?лемді жалт ?аратты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:      «Желто?сан желі ?лемді жалт ?аратты»

Саба?ты? ма?саты:          ?за? жылдар бойы бостанды? ?шін к?рес жолында ?ан да, жас та, тер де т?гілген т?уелсіздік бізді? хал?ымыз ?шін аса ?ымбат екенін, желто?сан к?терілісіні? ??рбандарын ?лгі - ?неге ете отырып, о?ушыларды? елін, жерін ?ор?ау?а дайын болу?а, ?з елін с?йетін патриот болу?а т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі:       Сыпатаев Ерболды?, Асанова Л?ззатты?, М?хаметжанова С?бираны?, Рыс??лбеков ?айратты? суреттері.

?анатты с?здер:                 «?рпа?ты? ?мытылмас м??гі ?раны,

                                               Желто?сан ж?ректерде жа??ырады!»

                                               Желто?санны? алауы – Т?уелсіздік жалауы

Т?рбие са?атты? барысы:

                                                          

М??алім с?зі:           Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Ала?ны? шеруі емес салтанатты.

?ытымыр ?ысты? басы, сол бір айда,

Желто?сан желі ?лемді жалт ?аратты.

                                                          

    ?аза?стан тарихында XVIII ?асырдан ?азан  т??керісіне дейін 200-ден астам

к?терілістер болды. Сан ?асыр?а созыл?ан ?лт азатты? к?ресті? е? со??ысы 1986

16 желто?санда жергілікті са?ат 10.00-де ?аза?стан Компартиясы Орталы?

комитетіні? 1-хатшысы Д.А.?онаев орнынан алынып, оны? орнына Ульянск

облысты?  партия комитетіні? басшысы Г.Б.Колбин сайланады. М?ны? б?рі

М?скеуде ?зірленген сценарий бойынша іске асып жатты. Ата – бабамызды?

?асырлар бойы ?ор?ап, аманат еткен елді, жерді ?з елінен шы??ан азамат

бас?ару?а лайы?ты деп таппа?ан ?міршіл ж?йеге наразы бол?ан ?аза? жастары

ала??а шеруге шы?ады.  

Дауыл?а желто?санны? желі айналды,

Ашу?а мінді Алатау к?рі, айбарлы.

К?тпеген іс а?ыры не болды деп,

К?ллі ?лем Алматы?а ?арай ?алды.

?н:     «Желто?сан желі»

М??алім с?зі:          

Балалар енді желто?сан о?и?асына байланысты та?па?тарымызды айтайы?шы.

Н?рбек:

?аза? ?ызын с?йреткен б?рымынан,

Тепкілеген белінен, ж?лынынан.

Т?я? серпкен т?рі еді боданды?ты?,

??лап бара жат?анда т??ырынан.

Шаршатып ?амыт киген жылдарымыз,

Намыс?а бас?ан на?ыз ?лдарымыз.

Б?йгеге басын тігіп ?лты ?шін,

Деді олар: «Т?уелсіздік ??рбанымыз!»

А?бота:

Жігіттер с?р ?ас?ырдай с?сы басым,

Ыза-кек билеп алып т?сі – басын.

К?здері-от, с?здері – сот, м?лім етті:

«Жас саясат, иегі ?ышымасын!»

?р ?ыздар ?анаттасып ??шек елік,

От?а май ??йып ж?рді ?ршеленіп.

Біз сонда ?аза?та?ы ?айсарлы?ты,

К?зін ашып бар ?алам к?рсе дедік,

Тілектес:?анымыз басымыз?а к?теріліп,

??дайдан тілемедік б?тен ?міт.

?аза?ты? тілін,ділін, дінін б?зар

Керек емес бізге енді б?тен ?гіт.

?абыл:

Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Ала?ны? шеруі емес салтанатты.

?ытымыр ?ысты? басы, сол бір айда,

Желто?сан желі ?лемді жалт ?аратты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Желто?сан желі ?лемді жалт ?аратты »

Сабақтың тақырыбы: «Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты»

Сабақтың мақсаты: Ұзақ жылдар бойы бостандық үшін күрес жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік біздің халқымыз үшін аса қымбат екенін, желтоқсан көтерілісінің құрбандарын үлгі - өнеге ете отырып, оқушылардың елін, жерін қорғауға дайын болуға, өз елін сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Сыпатаев Ерболдың, Асанова Ләззаттың, Мұхаметжанова Сәбираның, Рысқұлбеков Қайраттың суреттері.

Қанатты сөздер: «Ұрпақтың ұмытылмас мәңгі ұраны,

Желтоқсан жүректерде жаңғырады!»

Желтоқсанның алауы – Тәуелсіздік жалауы

Тәрбие сағаттың барысы:

Мұғалім сөзі: Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңның шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы, сол бір айда,

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.

Қазақстан тарихында XVIII ғасырдан Қазан төңкерісіне дейін 200-ден астам

көтерілістер болды. Сан ғасырға созылған ұлт азаттық күрестің ең соңғысы 1986

16 желтоқсанда жергілікті сағат 10.00-де Қазақстан Компартиясы Орталық

комитетінің 1-хатшысы Д.А.Қонаев орнынан алынып, оның орнына Ульянск

облыстық партия комитетінің басшысы Г.Б.Колбин сайланады. Мұның бәрі

Мәскеуде әзірленген сценарий бойынша іске асып жатты. Ата – бабамыздың

ғасырлар бойы қорғап, аманат еткен елді, жерді өз елінен шыққан азамат

басқаруға лайықты деп таппаған әміршіл жүйеге наразы болған қазақ жастары

алаңға шеруге шығады.


Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді Алатау кәрі, айбарлы.

Күтпеген іс ақыры не болды деп,

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.


Ән: «Желтоқсан желі»


Мұғалім сөзі:

Балалар енді желтоқсан оқиғасына байланысты тақпақтарымызды айтайықшы.

Нұрбек:

Қазақ қызын сүйреткен бұрымынан,

Тепкілеген белінен, жұлынынан.

Тұяқ серпкен түрі еді бодандықтың,

Құлап бара жатқанда тұғырынан.

Шаршатып қамыт киген жылдарымыз,

Намысқа басқан нағыз ұлдарымыз.

Бәйгеге басын тігіп ұлты үшін,

Деді олар: «Тәуелсіздік құрбанымыз!»






Ақбота:

Жігіттер сұр қасқырдай сұсы басым,

Ыза-кек билеп алып түсі – басын...

Көздері-от, сөздері – сот, мәлім етті:

«Жас саясат, иегі қышымасын!»

Өр қыздар қанаттасып өңшек елік,

Отқа май құйып жүрді өршеленіп.

Біз сонда қазақтағы қайсарлықты,

Көзін ашып бар ғалам көрсе дедік,


Тілектес:Қанымыз басымызға көтеріліп,

Құдайдан тілемедік бөтен үміт.

Қазақтың тілін,ділін, дінін бұзар

Керек емес бізге енді бөтен үгіт.

Қабыл:

Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңның шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы, сол бір айда,

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.




Жарылқасын:

Бодандыққа наразылық күнісің,

Әміршілдік саясаттан ірісің.

Қойдай момын қазағыма күш берген

Намысы ерен, арлы күннің бірісің.

О, желтоқсан, намыс отын тұтатқан,

Сен тарихқа кірдің ерлік атымен.

Мейлі сені аз оқиық кітаптан,

Мәңгіліксің зор даңқыңның затымен.



Ән: «Қара бауыр қасқалдақ» Орындайды: Набатова Ұлболсын



Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр – пырлап – ау?

Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап - ей

Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,

Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт


Қайырмасы:

Ұя қалса иесіз – айдын үшін сол қайғы,

Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.



Өз босағаң – бұл жердің тауы, қыры, белесі,

Босағасын басқаға тастай ма екен, о, несі,

Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,

Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт


Тақпақтарымызды жалғастырайық

Ерсұлтан:

Бодандыққа наразылық күнісің,

Бар мереке, мейрамдардан ірісің.

Алашымның арман, арын жалғаған,

Сен, Желтоқсан мәңгілікке тірісің.

Тау мен тасқа соғып сап сау бастарын,

Мәңгіліктің отын жаққан жастарым.

Ұл боп туып, құл боп өлу ұят деп,

Дүр сілкінткен момын елдің аспанын.


Жолдыбай:

Отарлыққа тісін әбден қайраған,

Ортақ тілден мезі болған сайраған.

Өзін-өзі басқармайтын бассыз ел-

Жастарымның қаны болды қайнаған.

Мың өлгенше, бір өлуге бекініп,

Тұрды олар сұр билікке секіріп.

Бет пердесі сыпырылған сұмдардың,

Сұмдығынан өлем демей өкініп.


Индира:

Желтоқсан оқиға емес бола салған,

Жастар – ер, тағдырымен таласа алған.

Желтоқсан – рухымыздың ірілігі,

Қазаққа жараса ма аласарған?!

Желтоқсан – ұлт мерейін тасытқан күн,

Желтоқсан – жат пиғылын жасытқан күн.

Желтоқсан – жас жүрекке қайрат беріп,

Желтоқсан – ел болуға асыққан күн!


Талшын:

Сол күн еді он жетінші желтоқсан,

Саналарды сағым қуып, сел тосқан.

Алаш жасы аршып берген арым бар,

Арманың жоқ, арда күнім – желтоқсан!





Би: «Қамажай»


Көрініс: « Желтоқсан құрбандары »

Қайрат: Естідіңдер ме, Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып,

орнына белгісіз біреу сайланыпты. Бұл – не деген масқара!

Жастар: Неге халықпен санаспайды? Ең болмаса өз ішімізден неге сайламайды?

Қайрат: Ата – бабамыздың ғасырлар бойы қорғап, аманат еткен елді, жерді қорғайтын бір қазақ болмағаны ма? Колбин деген кім, қайдан келген, сыртымыздан қашанғы билейді бұлар?

1 – милиционер: Жастар, жастар, тараңдар!

Қайрат: Біз пленум шешіміне қарсымыз.

2 – милиционер: Қайтыңдар жатақханаларыңа!

Жастар: Орталықтың озбырлығы жойылсын!

3 – милиционер: Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз.

Жастар: Қазақ жерін тек қазақ басқарсын.

1 – милиционер: Тарамайды екенсіңдер, жастарды апарып абақтыға қамаңдар!

Сот: Айыпкер Қайрат Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып, жазалаудың ең ауыр түрі - өлім жазасына кесілсін.

Қайраттың анасы: Балам,балам, райыңнан қайт, жассың ғой әлі, кешірім сұра. Мүмкін жазаңды жеңілдетіп, 25 жылға сотталарсың. Бірақ, тірі қаласың ғой, балам!

Қайрат: ( анасын жұбатып, жан – жағына қарап ):

Көтер, ана, көтер, ана, басыңды,

Өтті, кетті жауынды күн жасыңды.

Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,

Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды.

Тергеуші: Ал, Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді айт.

Қайрат: Күнәдан таза басым бар,

21 – де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең, алыңдар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең атыңдар!

Мұғалім сөзі: 1988 жылы 28 – сәуірдегі жарлықпен Қайрат Рысқұлбековке кешірім жасалып, ату жазасы 20 жылға бас бостандығынан айыруымен ауыстырылды.Алайда хабар Қайратты қуанта алған жоқ. 1988 – жылы 21-мамырда Семей қаласындағы түрменің 21-камерасында Қайрат 21 жасында құпия түрде қаза табады.

















Хормен: «Жастар – ай, шіркін!

Ызғарлы қыс – тоқсан күн,

Желтоқсан деп аталған.

Желтоқсанда жастарым,

Тәңірінен бата алған.


Батамен елім көгерді,

Әміршіл, билік көнерді.

Тәуелсіз атқан таң үшін,

Еске алам өрттей өренді.


Жанардан саулап намыс мың,

Көрсетіп тісін барыстың.

Желтоқсандық ерлерім,

Айдаһар жаумен алыстың.


Құрбандық еттің жаныңды,

Көк мұзға көміп қаныңды.

Тәуелсіз күнді аңсаған,

Жастар – ай, шіркін, арыңды!..



Мұғалім сөзі:

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге оны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік – Сәбира, Қайрат, Ләззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас – талқан боп өлгені.


Желтоқсан қаһармандары – Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат

Асанова, Сәбира Мұхаметжановалардың рухына тағзым етеміз. Еліміздің

еркіндігі жолында жанын қиып, тәуелсіздігімізді көре алмай кеткен аға –

әпкелерімізді 1 минут еске алайық.


Елге деген ып – ыстық сезімімді

Жетесіне жеткізген – Тәуелсіздік.

Бодандыққа бор болған төзімімді

Қыл көпірден өткізген –Тәуелсіздік.

Қасқайып қазақ атын жүз қайталап

Жүрек отын тұтатқан – Тәуелсіздік.

Мойын бұрса еліме тұз, шартарап

Арқасы ол – құты артқан Тәуелсіздік.


Тәуелсіздік сөзі 11 әріптен құралған,

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.

Талай дара, даналардың көз жасы,

Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

- 11 әріп не мағына береді? Қане, балалар, бірге талдайық.

( Ортаға қолдарында ақ қағазға әріптер жазылған 11 бала шығады ).

Т – білдіреді теңдікті,

Ә – әдептілік, елдікті,

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемен, елдікті,

Л – лашын құстай самғайық,

С – сенімділікті,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық, тілек қой,

Д – шақырады достыққа,

І – ілкімді бол, сақтыққа,

К – көтереміз көк туды,

желбірей берсін әрқашан!

Би: « Бипыл »

Мұғалім сөзі: Енді тәуелсіздікке байланысты тақпақтарға кезек берейік.

Бекзат: Көркейеміз, қазақ атын қорламай,

Тәуелсіздік естіледі зор қалай.

Желтоқсанның алауынан от алдың,

Бықсымаймыз, күресеміз сорламай.


Нұрбек: Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным,

Бір өзіңсің Мұхтар,Абай, Шоқаным.

Тәуелсіздік, сәбилердің шаттығы,

Тәуелсіздік, ақ батасы атаның.


Шынар: Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?

Тәуелсіздік, ар-ожданың кісілік.

Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп,

­­­­­­­­­­­­­Ел жұртыңның алма құнын түсіріп.


Ақбота: Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр - әнім,

Ел іргесі берік болсын – ұраным.

Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну,

Салт – дәстүрім – қолдан түспес құралым.


Дәулет: Тәуелді болмай ешкімге,

Тәуелсіз ел атандық.

Елбасым бар, елім бар,

Жұрттан аппақ бата алдық.


Жұлдыз: Тәуелсіздік – ардақты асыл ұғым,

Тәуелсіздік – қасиетті, ұқсаң сырын.

Тәуелсіздік алған ел бақытты ғой,

Тәуелсіздік жайында, осы – жырым.

Шынар:

Таңғажайып атың да дәл табылды,

Табылды да, талай жұртқа танылды.

Қазақ елі көкке жетті көк туың,

Сен – Тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.

Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны.

Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

Мен айғақпын ұқсаймын, ертегіге,

Мен – иемін бүгінгі, ертеңіме.

Конституция! Елтаңба! Қазақстан!

Елдің күйін, ел күйін шертем мен де!


Қабыл: Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр әнім,

Көк байрағым, Елтаңбам, Әнұраным.

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті Құраным!




Жұлдыз: Рәмізім – елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздер – ту, елтаңба, әнұран,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.


Әсел: Отанын сүйген әр адам,

Көтеру парыз көк туын.

Әлемдік жарыс, додадан,

Желбіреуі үшін көк туың.



Құндызай: Әнұран – жүрек тербеген,

Жалындап шығып кеудеден.

Шырқатып шырқай алмасаң,

Озамын деме өзгеден.

Ұлболсын: Елтаңбаң қандай келісті,

Бақыты сонда жер үсті.

Қос пырақ керген қанатың,

Шаңырақ құтты, жеңісті.

Хормен: Тәуелсіздіктің болмысын,

Ел рәміздері танытқан.

Құрметтей білсең сен оны,

Алғыс аласың халықтан.


Мұғалім сөзі: Ән: « Менің Отаным » Орындайды Тайтуров Қабыл.

Отан туралы тақпақтарға кезек берейік.


Мағжан: Отан дейміз кең – байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ.

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.


Елдос: Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.


Ерсұлтан: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем ...

Ән: « Елім менің »

Мұғалім сөзі:

«Алаш отын аспанға,

Шығарар ол бір таңда

Мен жастарға сенемін », - деп Мағжан Жұмабаев

болашақтың тұтқасын жас ұрпаққа тапсырған еді.Тарихи тұлғаларымыздың

аманатын арқалап осы күнге де жеттік! Жетілдік, өстік, өркендедік!

Ата – бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру

бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды

болсын!

Тәуелсіздік – қазақтың елі емес пе!

Өз байлығы өзінің жері емес пе!

Тәуелсіздік – дүрілдеп соғып өткен

Ызғарлы желтоқсанның желі емес пе!

Тәуелсіздік – анамның ары емес пе!

Арман еткен атамның зары емес пе!

Тәуелсіздік кеуіп те үлгермеген

Қайраттай қыршынының қаны емес пе!


Келе жатқан 16 – желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі баршамызға

құтты болсын. Қазақ елінің мәртебесі әрқашан биіктей берсін!- дей отырып, бәріміз бірге Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған «Қазағым менің» әнін шырқайық .















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Желто?сан желі ?лемді жалт ?аратты

Автор: Койшыбаева Баян Кипчаковна

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192220


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства