О,Табиғат,сырың да терең екен, Тұнып тұрған қойнауың өлең екен. Қанымдағы қасиет сенен екен, Не деген керемет ең,керемет ең!
Ей,замандас ең алдымен досыңды ұқ, Досың жер, мөлдір су, ауа,өсімдік. Ала жүріп осылардың сыйлығын, Осыларды қорлау деген не сұмдық? Жер ешлімге жазбайды деп арызды, Барын сарқып ала беру парыз ба? Жоқ,замандас әр ұрпаққа туған жер. Не берсе де,беретіне қарызға.
Табиғатың құпиясы тұңғиық, Көз жетпейтін мұнарасы тым биік, Білген сайын сырын оның жүреміз Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін Әділдікке әрқашан бас иетін Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп Халқың айтқан орынды өсиетін
О,табиғат,не деген керемет ең Сенің әсем бейнеңнен әсер алам Бар керемет қасиет сенен екен Әрқашан да боламын саған қорған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Жас математиктер" жарысы»
«Жас математиктер»
Математикалық турнир
(4-сыныптар арасында өткізілген сайыс)
Тақырыбы: «Жас математиктер» математикалық турнир
Мақсаты:
4-сынып оқушыларының математика пәні бойынша білімдерін сарапқа салу
Оқушыларды жылдам есептеуге үйрету,логикалық ойлау қабілетін дамыту
Оқушыларды топпен бірлесе отырып жұмыс жасату арқылы ұйымшылдыққа, шығармашлықпен еңбек ете білуге баулу.
Барысы:
-Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздер 4-сыныптар арасындағы "Жас математиктер" сайысына қош келдіңіздер!Сайысымыздың негізгі мақсаты әр түрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін одан әрі тереңдету.
Уа, халайық, халайық
Баріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Ал сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық,-деп сайысқа түскен топтарға ат қояйық.
Әр сыныптан бір оқушы келіп, геометриялық фигураларды таңдай отырып,топтарға бөлу.
1.Ұшбұрыштар тобы
2.Шаршылар тобы
3.Шеңберлер тобы
4.Тіктөрбұрыштар тобы
Математика сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді-дей отырып сайыскеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырайық
Әділ қазылар алқасын сайлау
1.Мектеп директоры Қасымбек Жамал Базарқұлқызы
2.Оқу ісінің орынбасары Газиева Жанна Касенханқызы
3.Математика пәнінің мұғалімі
Сайыс 5 кезеңнен тұрады
Бірінші кезең: «Тапқыр болсаң, шешіп көр » 15мин
(берілген есептерді шапшаң шығару,әр есепке 5 мин)
Екініші кезең: «Есепке кім жүйрік?» 10 мин
(берілген логикалық жұмбақтарға тез жауап беру)
Үшінші кезең: «Ғажайып үштік » 5 мин
(берілген суреттер бойынша есеп құрастыру,шығару,қорғау)
Төртінші кезең: «Ұшқыр ой» 5 мин
(берілген фигуралардан бейне құрастыру)
Бесінші кезең: «Қисынды ойлар» 5 мин
(фигураларды әр түрлі тәсілмен бөліктерге бөлу және бірнеше нұсқасын көрсету)
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озоды сайыста – дей отыра алғашқы айналымды бастаймыз.
Бірінші кезең: «Тапқыр болсаң, шешіп көр »
(берілген есептерді шапшаң шығару)
№1(3ұпай,5мин) 2012 жылғы Лондон олимпиада ойындарында алған медальдар саны бойыншакесте арқылы есеп шығару. Кестеде көрсетілген қатысушылардыңалған медальдар саны қанша?
Алтын
Күміс
Қола
Медаль саны
Қазақстан
7
1
?
13
Жапония
?
14
17
38
Корея
13
8
7
?
Қытай
38
?
23
88
Германия
?
19
14
44
Россия
24
?
32
82
Шешуі: 1) 13-(7+1)=5 (қола) Қазақстан 2) 38-(14+17)=7 (алтын) Жапония 3) 13+8+7=28(барлығы) Корея 4) 88-(38+23)=27 (күміс) Қытай 5) 44-(19+14)=11(алтын) Германия 6) 82-(24+32)=26(қола) Россия
Енді барлық медальдарды қосамыз 13+38+28+88+44+82 = 293
№2(5ұпай,7мин)
Тәуелсіздік сарайының іргетасы 2007 жылы қаланды. Ғимарат 3 қабаттан тұрады.Сарайдың І-қабатында 700 орындық мейманхана ІІ- қабатында ұлттық көрме, сурет галереясы ІІІ- қабатында қаланың тарихы мен мұражайы, елорданың бас жоспарының макеті орналасқан. Сарайдың ішінде 4326 орындық. Егерде көрермен залы мен баспасөз залының қосындысы мейманхана залының орындығынан 2700 орындық артық болатын болса, онда хаттама залы олардан 17 есе кем. Мейманхана залының орындығынан хаттама залының орындығын шегерсе, баспасөз залы мен хаттама залының барлық орындық саны шығады. Сонда мәртебелі меймандарды қабылдау залының орындығы нешеу?
Шешуі: 1) 700+2700=3400 –көрермен және баспасөз залының орындығы 2)3400:17=200-хаттама залының орындығы 3) 700-200=500- баспасөз және хаттама залының орындығы 4)500-200=300- баспасөз залының орындығы 5)3400-300=3100- көрермен залының орындығы 6)3100+200+300+700=4300 – барлық орындық саны 7)4326-4300=26-мәртебелі меймандарды қабылдау залының орындығы Жауабы: 26-мәртебелі меймандарды қабылдау залының орындығы
№3 (2 ұпай, 3 мин)
Астана қаласында №82 мамандандырылған мектеп лицейінің жалпы ауданы 16 464 м2 Осы ауданның 1/8 бөлігінде бастауыш сыныптар оқиды.Әр қабатының ауданы бірдей ,3 қабатта оқитын болса,бастауыш сыныптар оқитын 1 –қабаттың ауданы қанша?
Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Тәрбие - тәлім табар мән. Бұл бәйге ойдың бәйгесі, Кім жүйрік ойға сол – алда – дей отыра келесі айналымға кезек берейік
Бесінші кезең: «Қисынды ойлар» 5 мин
(фигураларды әр түрлі тәсілмен бөліктерге бөлу және бірнеше нұсқасын көрсету)