Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамын ұлықтау, өз дәрежесінде қарсы алу,ұлттық дәстүрді жаңғырту, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, тойда берілетін бата-тілектердің мән мағынасын ашу, балаларды өз ұлтының патриоты болуға, ұлттық дәстурді құрмет тұту, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ұлыстың ұлы күнінде." тәрбие сағаты»
Сабақтың тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күнінде......»
Сабақтың мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамын ұлықтау, өз дәрежесінде қарсы алу,ұлттық дәстүрді жаңғырту, ұлттық ойындар , ұлттық тағамдар, тойда берілетін бата-тілектердің мән мағынасын ашу, балаларды өз ұлтының патриоты болуға, ұлттық дәстурді құрмет тұту, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Кіріспе сөз:
Құрметті ұстаздар, ата-ана, оқушылар ! Ата-бабамыздың көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі- Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді , әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен қарсы алады. Мерекемен құттықтап дендеріңізге саулық, жан ұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Жаңа жыл сіздерге бақ сыйласын!
Наурыз мерекесі- өте ерте кезден бастап, тойланып келе жатқан халықтың тұрмыс тіршілігіне байланысты мереке. Парсы тілінен аударғанда «Наурыз» сөзі «нау»-жаңа, «рыз» күн деген. Ал қазақ тілінде «наурыз» сөзі 1-шіден – жыл басында тойланатын думанды ұлттық мейрам, 2-шіден – наурыз айы, 3-шіден – ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады. Бұл күні аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп , мал төлдеп,адамдардың аузы аққа тиетін , жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні»- деп атаған.
Жаңа жыл келсе – құт келгені халайық! Есік ашып , ел боп қарсы алайық !
Құрметті , қонақтар , наурыз тойына арналған мерекеге қош келдіңіздер!
Балаларыңыздың бүгінгі өнер мерекесіне, шаттық тойына сіздер де ортақ болыңыздар !
Оқушыларымыздың дайындаған шағын көрінісін тамашалаңыздар.
«Көппен көрген ұлы той»
Әжесі мен немересі екеуі наурыз көже пісіріп, бар тәтті-дәмдісін қойып, дастархан әзірлеп жатады.Барлығы әзір болған кезде әжесі немересіне атасын шайға шақырып келуге жібереді.
Әжесі Аяжан: -Айналайын құлыным,барып атаңды шайға шақырсаңшы!Әне-міне дегенше қонақтарымыз да келіп қалар.Дастарханымыз,наурыз көжеміз де дайын болды.
Немересі Кумисай: (жүгіре басып есік алдында жүрген атасын шақырады)
--Ата, шайға келіңіз.Наурыз көже,дастарханымыз да дайын болды.
Атасы Айдос : -Рахмет балам,өркенің өссін! Келе жатырмын.
(Барлығы дастархан басына отырады.Әжесі наурыз көже құяды,атасына, немересіне береді)(ит үреді)
Әжесі: -Балам,ит үріп жатыр.Қонақтарымыз келіп қалған сияқты,алдарынан шығып қарсы алшы.
Әжесі:Қош келдіңдер айналайындар! Жоғары төрлетіп отырыңдар,наурыз көжеден ауыз тиіңдер,қымыз ішіңдер!
Қонақ Ақмаржан:
--Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жыл болар.
–дегендей сіздерді арнайы ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, әжеміздің тіл үйірер наурыз көжесінен дәм татайық деп жәнеде ата, ұлыстың ұлы күнінде сексеннің сеңгіріне келіп қалыпсыз ,«Орамал тон болмайды жол болады» дегендей мынау шапанды иығыңызға жабуға рұқсат етіңіз.(Қонақтар орындарынан тұрып ақсақалдың иығына арнайы алып келген шапандарын жабады)
Атасы: -Рахмет балам, өркендерің өссін!
Әжесі: -Осындай сый-сияпаттарыңа рахмет айналайындар.Бақытты болғайсыңдар!Дәм алып отырыңдар.
Немересі: -«Әу» демейтін қазақ жоқ .Бірақ сіз нағыз өнер иесісіз ғой, Дауысыңызды сағынып қалыппыз,бір ән шырқап жіберсеңіз болмаспа екен.
Қонақ : -Әрине,қалқам!Айтсам айтайын.
( ортаға шығып,өзінің әнін орындайды.) Ән: Төлеубек Аяжанның орындауында « Мен қазақтың қызымын » әнін қабыл алыңыздар.
Қонақтар Карина : --Ал ата,әжей рұқсат болса біз жолға шығайық.Баратын тағы басқа жерлеріміз бар.Аман сау болыңыздар!
Әжесі мен атасы: Сау бол айналайын.Жолыңдарың болсын.
Немересі: -Ата, әже сіздерді құттықтауға мектебіміздің биші(әнші) қыздары келе жатыр екен. Соларды алдарынан шығып қарсы алайын.
(Немересі келген қонақтардың алдынан шығып қарсы алады)
Қонақтар Дильназ (Дильназ,Зейнеп т.б): -Сәлеметсіздерме?Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!Дендеріңіз сау,аман-есен болып ,немере-шөберелеріңіздің қызығын көруге Алла Тағала нәсіп етсін!
Атасы:- Аумин балам,айтқандарың келсін!
Би «Қамажай»
Әжесі: -Рахмет,құлындарым! Келгендерің жақсы болды,төрлетіңдер.Наурыз көже алыңдар,дастарханнан дәм алып отырыңдар.(Әжесі қонақтарға наурыз көжесінен құйып береді.)
Қонақтар Аружан: -Ата,әжей бізде сіздерді ұлыстың ұлы күнімен және де атамыздың мерейтойымен құттықтап ,өз өнерлерімізді көрсетіп қайтуға әдейілеп келген едік.
Әжесі: -Бұларың өте дұрыс болған екен, балам.Ендеше тақпақтарыңды тамашалайық (балалардың тақпақтары)
Тентек немересі Кумисай: -Ата НАУРЫЗҒА арнап батаңызды беріп жіберіңіз.(Әмин деп қолын жаяды)
Атасы Айдос :( Батасын береді)
Бай қылсын,
Төрт түлік сай қылсын,
Кетпес дәулет берсін,
Отауыңа сәулет берсін.
Бастарыңа бақыт қонсын,
Дұшпандарың жоқ болсын.
Ризық, нәсібің тасып,
Көңілдерің тоқ болсын.
Туған балаларың ер жетіп,
Өсіп үлкен ел болсын,
Бақталасың кем болсын.
Дәулетің шалқып, сел болсын,
Дастарқаның кең болсын
Ұлыс күні құтты болсын,
Ақ кетпесін таңдайдан!
Ел іргесі мықты болсын,
Бақ кетпесін маңдайдан!
Аллаһу акпар!
Батадан кейін әжесі шашу шашады:
-Шашау,шашу шашу алыңыздар.Ескі жыл есірке,жаңа жыл жарылқа!Басымызға амандық,денімізге саулық,елімізде тыныштық болсын!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
(Көрініс аяқталған соң барлығы сахнаға шығып,бастарын иіп ізет білдіреді де сахнадан шығыды.)
1. Қазақ халқы наурызды қашан қарсы алады?(Наурыздың 22-сі күні таңғы сағат үште)
2. Халықтың түсінігі бойынша наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім аралайды?(Қызыр)
3.Не себепті осы түні қос шырақ жағылады?
«Жалғыз шала сәуле болмас» деп жаңа жыл табалдырықтан үйге енгенде жарық болсын деген ұғымынан. ( Отқа, күнге, жарыққа деген құрметтің белгісі).
4.Не себепті таза киініп, үйді таза ұстайды ? ( « Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе , ол үй ауру- сырқаудан, пәле- жаладан аман болады» ). деген сенімге байланысты.
5.Ыдыс атаулыны толтырып қою себебі не ? ( Ыдыс мол болсын деген ұғымға байланысты ).
6.«Ұйқыашар» деген не? ( Бойжеткендердің өзі ұнатқан жігіттеріне арнап соғымның етін уызға салып пісірген тағамы.)
8.Ұлыс күні қар не жаңбыр жауса , неге жарыған ? ( Нұр жауды, « туар жыл жақсы болды» ) деп қуанған.
9.Қос қолдап амандасып, тос соғыстырудың қандай мәні бар ?
« Өмір тірегім – төсім , тіршілік көзім екі қолым аман –сау болсын !» дегенді білдіреді.
10.Отпен алыстау себебі не ? ( От киелі сондықтан «алыс-алыс пәледен қалас !» деп айналысты отпен аластап, тазалайды.
11.Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады ? оларды атаңдар .7 .( соғымнан қалған сүр ет , сүт . езілген құрт, бидай, пияз, сәбіз, қойдың басы) .
12.« Жаңа туған Наурызды шомылдыру» деп аталатын салт жөнінде не білесің? ( Топ-топ адамдар билеп, от ұстап арыққа , не өзенге барады. Олар жағалай жайғасып, суға шомылаты.) бұлда тазарудың белгісі .
13.« Қасиетті көк өгізді күту» нені білдіреді.( Наурызға болжау жасатуды білдіреді. Ауыл адамдары түнде жиналып көк өгізді күтеді. Ол екі рет мөңіресе керісінше болады деген ұғым бар.)
14.Наурыз тілек – Наурыз күнгі амандасу, бата тілек айту.
15.Наурыз төл – Наурыз айында туған төл . төл басы деп аталады.
16.Наурызша — Наурызда түскен қырбақ. Қарайған жерді жасыра алмай қыраулап жауған жұқа қар .
17.Наурызшешек – Наурыз айында гүлдейтін көпжылдық өсімдік .
18.Наурыз жыры – Жаңа жыл – Наурызға арнап айтылатын тұрмыс –салт жырының бір түрі .
19.Наурыз бата – Наурызға арнап сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі жылдың дәміне берілетін арнаулы бата .
20 Наурыз күні не себепті көрісуден басталады ? (Жаңа жыл жақсылықтан басталсын .Аман-есен бір-бірімізді ендігі жылға дейін көрейік деген ырымға байланысты.
2.Қандай ырым,тыйым сөздер білесіңдер?
1.Малды теппе,ақты төкпе.
2.Отты шашпа.күлді баспа.
3.Бос бесікті тербетпе,бесікті ашық қалдырма.
4.Бүйіріңді таянба.
5.Есікті керме.
6.Тұзды шашпа.
7.Асты оң қолыңмен алып же.
8.Нанды бір қолмен үзбе.
9.Түнде құдыққа барма,құдыққа түкірме.
10.Түнде тырнақ,шаш алмайды.
3.Жеті ата дегеніміз кімдер?Жеті атаңды ата?
-Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.(өзінің жеті
атасын атап шығады)
4.Малды жаятын,бағатын адамды кім деп атайды және
төрт-түліктің пірлерін ата және оларды қалай шақырады?
-Мал бағатын адамды малшы дейді.
1) Сиырдың пірі-Зеңгібаба.Оны ахау-ахау деп шақырады.
2) Жылқының пірі-Қамбар ата.Оны құрау-құрау деп шақырады.
3) Түйенің пірі-Ойсылқара.Оны көс-көс деп шақырады.
4) Қойдың пірі-Шопан ата.Оны пұшайт-пұшайт деп шақырады.
5) Ешкінің пірі-Сексек ата.Оны шөре-шөре деп шақырады.
Осымен дайындаған шағын тәрбие сағатымыз аяқталды,,келгендеріңізге көп рахмет.
Сараптама
Сабақтың тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күнінде......»
Сабақтың мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамын ұлықтау, өз дәрежесінде қарсы алу, ұлттық дәстүрді жаңғырту, ұлттық ойындар , ұлттық тағамдар, тойда берілетін бата-тілектердің мән мағынасын ашу, балаларды өз ұлтының патриоты болуға, ұлттық дәстурді құрмет тұту, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Мұғалім наурыз туралы түсінік беріп,мерекемен құттықтау сөзінен бастады. «Көппен көрген ұлы той» көрінісімен бастады.Аяжанның орындауында «Мен қазақтың қызымын» әні тыңдалды. Қыздар «Қамажай»биін билеп,тақпақтарын айтып берді.Айдос ата наурызға арнап батасын берді. Аяжан әжей шашуын шашты.Содан соң «Ханталапай» , «Асық ату», «Арқан тартыс» ойындары ойналды. Наурыздағы салт-дәстүрлерге байланысты ата – аналар мен оқушыларға викториналық сұрақтар қойылды. Қазақтың ырым – тыйым сөздері айтылды. Құттықтау сөзді Айдостың әжесіне берілді.Тәрбие сағатымыз қызықты өтіп,мақсатына жетті.