Б?рімізді? асы?а к?ткен Наурыз тойымыз ??тты болсын! ?лысты? ?лы к?ні -деп атал?ан Наурызда денсаулы?тары?ыз мы?ты, тілектері?із ?абыл болсын.
1-ж?ргізуші: Армысыздыр!
2-ж?ргізуші: Есен- саумысыздар!
1-ж?ргізуші: К?ктемдей к??ілі бар аналарымыз бен асыл ?желеріміз!
2-ж?ргізуші: Ойы к?сем, с?зі шешен аталарымыз бен ?ам?ор ?келеріміз!
1-ж?ргізуші ??рметті бізді? ?стаздарымыз!
2-ж?ргізуші.?адірлі ?она?тар!
Екеуі бірге. Жыл басы Наурыз мерекелері?із ??тты болсын!
М??алім: Наурыз айы – Шы?ыс к?н есебі бойынша жылды? ал?аш?ы айы. Б?л айда жылды? ал?аш?ы айы есебінде к?н мен т?н те?еледі. Сол себептен Наурыз-жыл басы болып саналады.
1-ж?ргізуші. К??іл-к?йлері?із сергек болсын!
2-ж?ргізуші. Шын достары?ыз – е?бек болсын.
Екеуі бірге. Сіздерді « Наурыз – береке бастауы» атты мерекелік кешімізді тамашалау?а ша?ырамыз!
Осы кезде К?ктемді (шашын талдап ?ріп, алуан т?рлі г?лдермен к?мкерген, ?стіне жасыл к?йлек киіп, к?йлегін де сан алуан г?лдермен с?ндеген, ?олына г?л шо?тарын ?ста?ан ?ызды) г?л болып киінген бишілер тобы ертіп шы?ады. Сахнада Г?лдер биі жал?асады. «Мектеп вальсі» ?уенімен т?менде м?тіні беріліп отыр?ан Е. Байто?овты? «К?ктем» ?ле?і ?н болып шыр?алып т?рады.
К?ктем келді. К?н келіп арайланды,
Шын досы?ны? к?ктемдей арай жаны.
К?ліп аспан, ал дала шаттан?анда
Жылуындай к?ктемні? тарайды ?ні.
К?ктем! К?н н?рын к?ктен т?ккен,
К?ктем! Ба?ыт д?нін сепкен.
?лемні? к?ктем-шал?ар мерекесі,
Танытар ырыс-??тын берекесі.
Наурызда думаннан ?ластырып,
М?пелеп, аяла?ан ел еркесі.
(Би ая?тал?ан со? екі ж?ргізуші К?ктем ?ызды? жанына барады.Г?л – ?ыздар ?оршап т?рады.)
1-ж?ргізуші. Армысы?, мейірім мен шуа?ты? бастауы!
Музыка ойнап т?рады. Сахнада ?аза? хал?ыны? Наурыз мерекесін ?арсы алу р?сімдері сахналастырыл?ан ?ойылым т?рінде к?рсетіледі. Жас балалар мен жігіттер а?аш отыр?ызу р?сімін к?рсетеді. Ересектер ?олдарына кетпен, к?рек алып бастауларды? к?зін ашады, ?ыз-келіншектер ??рт, ірімшік, а?ар?ан алып келеді. А? кимешек киген ?желер ашыл?ан б?ла? к?зіне май ??йып, жа?а егілген а?аштар?а а? шашады. ?арт а?са?алдар ?ла?атты с?здер айтып, бата жасайды.
Осы к?ріністер к?рсетіліп жат?анда ж?ргізушілер т?мендегі ?ле? шума?тарын о?ып т?рады.
1-ж?ргізуші. Та? да атты, т?нді ерте т?ріп ма?нан,
?лкен-кіші тыста ж?р т?рып та?нан.
Ота?асы б?ла?ты? к?зін ашып,
?о?ысты алды ары??а т?рып ?ал?ан.
2-ж?ргізуші. ?йге бейне шы??андай сыймай б?р,
?же кетті ?ора?а ?и жи?алы.
Балалары текемет, сырма? ?а?ып,
Есік майлап, б?йбіше ?й сырлады.
1-ж?ргізуші. Шарба?тарды бір тыным таппай т?зеп,
Б?таларды атай ж?р аттай к?зеп.
Су тасы?ан келіндер б?се? с?йлеп,
?лкен барын ?мытпай, са?тайды ізет.
2-ж?ргізуші. К?ліп шы?ты, н?р шашы шо?ы?а к?н,
Жігіт ба?ты? ?опсытты топыра?ын.
Істен ?олы боса?ан бір-екі ?ыз
Мерекеге дайындап отыр ?нін.
1-ж?ргізуші. Бойжеткенге болысты к?ліп інім,
Бос ж?рген жо? адамны? бірі б?гін.
Таза к?ше, п?к аула, жина?ы ?йге,
К?тіп алма? ?лысты? ?лы к?нін!
К?й ойналады.(Сахна?а кешті? ж?ргізушілері шы?ады. К?пшілікті дастархан басына ша?ырады. Наурыз к?же таратылады.)
1-ж?ргізуші. Ата салтын бабамны?
Алып келді ?лыс к?н!
2-ж?ргізуші. Бір анадан ту?андай,
1-ж?ргізуші. Бір ?ядан ?ш?андай,
2-ж?ргізуші. Ашы? аспан астында,
1-ж?ргізуші. А? дастархан басында
2-ж?ргізуші. Береке, бірлік болсын деп,
1-ж?ргізуші. А? к?жеден д?м татып,
Екеуі бірге. К?шейтейік бірлікті,
Е?бекпенен тірлікті!
(Мереке ары ?арай концерттік ба?дарламамен жал?асады.)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні -деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын.
1-жүргізуші: Армысыздыр!
2-жүргізуші: Есен- саумысыздар!
1-жүргізуші: Көктемдей көңілі бар аналарымыз бен асыл әжелеріміз!
2-жүргізуші: Ойы көсем, сөзі шешен аталарымыз бен қамқор әкелеріміз!
1-жүргізуші Құрметті біздің ұстаздарымыз!
2-жүргізуші .Қадірлі қонақтар!
Екеуі бірге. Жыл басы Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!
Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі. Сол себептен Наурыз-жыл басы болып саналады.
1-жүргізуші. Көңіл-күйлеріңіз сергек болсын!
2-жүргізуші. Шын достарыңыз – еңбек болсын.
Екеуі бірге. Сіздерді « Наурыз – береке бастауы» атты мерекелік кешімізді тамашалауға шақырамыз!
Осы кезде Көктемді (шашын талдап өріп, алуан түрлі гүлдермен көмкерген, үстіне жасыл көйлек киіп, көйлегін де сан алуан гүлдермен сәндеген, қолына гүл шоқтарын ұстаған қызды) гүл болып киінген бишілер тобы ертіп шығады. Сахнада Гүлдер биі жалғасады. «Мектеп вальсі» әуенімен төменде мәтіні беріліп отырған Е. Байтоқовтың «Көктем» өлеңі ән болып шырқалып тұрады.
Көктем келді. Күн келіп арайланды,
Шын досыңның көктемдей арай жаны.
Күліп аспан, ал дала шаттанғанда
Жылуындай көктемнің тарайды әні.
Көктем! Күн нұрын көктен төккен,
Көктем! Бақыт дәнін сепкен.
Әлемнің көктем-шалқар мерекесі,
Танытар ырыс-құтын берекесі.
Наурызда думаннан ұластырып,
Мәпелеп, аялаған ел еркесі.
(Би аяқталған соң екі жүргізуші Көктем қыздың жанына барады.Гүл – қыздар қоршап тұрады.)
1-жүргізуші. Армысың, мейірім мен шуақтың бастауы!
Көктем. Армысың, адамзат!
2-жүргізуші. Қош келдің, көрікті Көктем! Біз өзіңді, думаныңды,шаттығыңды, жұмақтай жұпар иісіңді, нөсірлі ақ жауыныңды сағындық.
1-жүргізуші. Жылды бастап көзайым болып келдің.Өзіңе деген елдің ықыласы, пейілін байқаған боларсың. Ендеше, өзіңнің лебізіңді байқат бізге, көрікті Көктем!
Көктем. Мен де бәйшешек теріп, асыр салған балалармен еңбекқор диқан қолын сағындым. Адамзаттың шат-шадыман жүздерін көруге асықтым.
Иә, жылды бастап келіп қалдым. Мен адамзатқа әрқашан құт-береке әкелуге дайынмын.
Қиын- қыстау заманда, осы күнде,
Адамзаттың түспейді ісі кімге?!
Жалбарынам Аллаға Жаңа жылда,
Қадір түнгі тілеу бер мүсілімдей.
Шын жақсылық тілеймін барша адамға:
Адаспағай көк тұман қоршағанда,
Төзім, шыдам тілеймін түңілгенге,
Қуат-жігер тілеймін шаршағанға!
Қазақия! Көнекөз қуатты ел ең,
Қайта оралсын ту болып Ұят деген...
Орны толсын мүйізбен мүйіздердің,
Орны толсын тұяқтың тұяқпенен.
Қымбат нәрсе болмасын өз арыңнан,
Табылуға тиісті Сөз орнынан.
Жаңа жылда тілеймін,
Бар қазақ та
Тыс қалмағай жаратқан назарынан!
(Қадыр Мырза Әли).
1-жүргізуші.
Бәрекелді, ақ тілегіңмен Алланың нұрын жаудырдың-ау, көріктім!
2-жүргізуші. Осы ниетіңе қалай ғана Самарқанның көк тасы жібімесін, идіре көр кеудесі түкті Жер-Ананы!
1-жүргізуші. Төрге шық, көркем Көктемім!(Музыка сазымен Көктем қыз гүл болып билеген биші қыздардың алдында жүріп, өзіне арналған орынға жайғасады.)
2-жүргізуші. Уа, әлеумет, айналайын, халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай қарсы алайық!
1-жүргізуші. Досқа құшақ ашайық,
Ән мен жырға басайық!
Екеуі бірге. Қазақтың бір салты деп,
Тойға шашу шашайық!
«Сарыарқа» күйі орындалып тұрады. Әжелер шашу шашады.
1-жүргізуші. Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат! Теріп ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір!
2-жүргізуші. Қашанда құт-береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Музыка ойнап тұрады. Сахнада қазақ халқының Наурыз мерекесін қарсы алу рәсімдері сахналастырылған қойылым түрінде көрсетіледі. Жас балалар мен жігіттер ағаш отырғызу рәсімін көрсетеді. Ересектер қолдарына кетпен, күрек алып бастаулардың көзін ашады, Қыз-келіншектер құрт, ірімшік, ағарған алып келеді. Ақ кимешек киген әжелер ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ шашады. Қарт ақсақалдар ұлағатты сөздер айтып, бата жасайды.
Осы көріністер көрсетіліп жатқанда жүргізушілер төмендегі өлең шумақтарын оқып тұрады.
1-жүргізуші. Таң да атты, түнді ерте түріп маңнан,
Үлкен-кіші тыста жүр тұрып таңнан.
Отағасы бұлақтың көзін ашып,
Қоқысты алды арыққа тұрып қалған.
2-жүргізуші. Үйге бейне шыққандай сыймай бәр,
Әже кетті қораға қи жиғалы.
Балалары текемет, сырмақ қағып,
Есік майлап, бәйбіше үй сырлады.
1-жүргізуші. Шарбақтарды бір тыным таппай түзеп,
Бұталарды атай жүр аттай күзеп.
Су тасыған келіндер бәсең сөйлеп,
Үлкен барын ұмытпай, сақтайды ізет.
2-жүргізуші. Күліп шықты, нұр шашы шоқыға күн,
Жігіт бақтың қопсытты топырағын.
Істен қолы босаған бір-екі қыз
Мерекеге дайындап отыр әнін.
1-жүргізуші. Бойжеткенге болысты күліп інім,
Бос жүрген жоқ адамның бірі бүгін.
Таза көше, пәк аула, жинақы үйге,
Күтіп алмақ Ұлыстың ұлы күнін!
Күй ойналады.(Сахнаға кештің жүргізушілері шығады. Көпшілікті дастархан басына шақырады. Наурыз көже таратылады.)
1-жүргізуші. Ата салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн!
2-жүргізуші. Бір анадан туғандай,
1-жүргізуші. Бір ұядан ұшқандай,
2-жүргізуші. Ашық аспан астында,
1-жүргізуші. Ақ дастархан басында
2-жүргізуші. Береке, бірлік болсын деп,
1-жүргізуші. Ақ көжеден дәм татып,
Екеуі бірге. Күшейтейік бірлікті,
Еңбекпенен тірлікті!
(Мереке ары қарай концерттік бағдарламамен жалғасады.)