kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды кітап оқуға қызықтыру.Оны таза ұстауға үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат»

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: Балаларды кітап оқуға қызықтыру, оны таза ұстауға үйрету; кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру мектеп кітапханасымен таныстыру.


Көрнекілігі: кітап көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, слайдтар.


Жүргізуші: 1-тапсырма. 

«Миға шабуыл» сұрақтар беріледі.

1. Ертегілер туралы кім не біледі? 

2. Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?

3. Ертегінің  қандай түрлері бар,? 

4. Ертегі басталғанда қалай басталады?

    Балалар, ертегілер — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер? Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар екен?

"Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен".


1-оқушы:

Адамның досы – кітап, өмір кілті.

Тең келмес оған жиған дүние мүлік.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой қазынасы, өмір көркі.


2- оқушы:

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы Әліппеден.

Қарасаң шалқар теңіз түпсіз мұхит,

Оқысаң кітап сырын ашып терең.


3- оқушы:

Оқы талмай, түй санаңа, жас достар,

Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен құямын миыңа.


Жүргізуші:

-Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?

-Ертегілер елінде кімдер тұрады?

-Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?

- Ертегі қалай басталады, қалай аяқталады.

-Ертегілер бізді неге үйретеді? (Балалардың жауабы тыңдалады. )

Жүргізуші: Иә, кітаппен достассаң бәрін білесің. Бірде ұялтса, бірде мақтайды, бүкіл әлем сырын алдыңа жайып салады.

Жүргізуші: 2-тапсырма: "Ерте, ерте, ертеде..." деп  ертегілерден үзінді оқылады. Бұл тапсырмада ертігінің аты, кейіпкерлері, ертегіде не туралы айтылады? Осы сұрақка жауап берсек


  1. Әй,кемпір-ай!Қойманың түбін қырнап көрсең ғой (Бауырсақ )


  1. Мияуым менің, қайдасың?- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (Мақта қыз бен мысық)

  2. Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? (Түлкі мен ешкі)

  3. Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады: — Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. (Қарлығаштың құйрығы неге айы)

  4. Олай тартқылады, бұлай тартқылады, тартып алды. (Шалқан ертегісі)


  1. Мен күшті болсам, құмырсқаға ін салдырмас едім. (Кім күшті)


  1. Қарғажан, көмектес менің балапандарымды жылан шаққалы жатыр. (Дәуіт пен қарлығаш)

  2. Аурумын, жүруге әлім жоқ – деп барлық аңдарға хабар таратты. (Арыстан мен түлкі)

  3. Түйе бойына сеніп құр қалыпты. (Жыл басына таласқан хайуанаттар)


Ал енді кішкентай біздің оқырмандарымызға арнап 3 «А» сынып оқушылары ертегіден қойылым көрсетсін бірге тамашалайық.

«Түлкі мен ешкі»

Автор сөзі: Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

Ешкі: — Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың?

Түлкі: — Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен

Автор сөзі: мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», — деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.

«Қожанасыр тойға баруы»

Автор сөзі: Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», — демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:

Үй иесі: Қожеке, алыңыз, алыңыз! — деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:

Қожа:Тұрсынғазы Н: Же, шапаным, же! — деп, отыра береді.

Үй иесі:Алгужанов Д: Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? — дейді.

Сонда Қожа: Тұрсынғазы Н:

Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! — деп, жауап береді.

-Ертегі сендерге ұнадыма?

-Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?

(оқушылардан сұрақ-жауап алынды.)


Жүргізуші: «Сұрақ –жауап» бұл бөлімде жұмбақтар жасырылады сендер балалар жумбақтын шешуін табасыңдар.

  1. Өзі ширақ, өзі қу, жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

  2. Басы –тарақ, арты –орақ. (Қораз)

  3. Өзі ащы. Біріқ, дәмді етер асты. (Тұз)

  4. Шыр көбелек айналар, беліне жіп байланар. (Ұршық)

  5. Бір құтыда екі түрлі су жатады, қайнатсаң мұз болып қатады. (Жұмыртқа)

  6. Көк лағым көгенде тұрып семіреді. (Қарбыз)

  7. Асты тас, үсті тас, ортасында піскен ас. (Таба нан)

  8. Кіруге адам батпайды, затыңды аман сақтайды. (Сандық)

  9. Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр. (Қазан мен от)

  10. Кішкентай ғана бойы бар,Айналдырып киген тоны бар. (Қой )

  11. Қанаты бар ұшпайды,
    Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)

1. «Кімнің заты?» ойыны 

  1. 1. Өзі тамақ пісіретін  қазан- «Ұр тоқпақ!»

  2. 2. Алдайтын таяқ- «Алдар көсе»

  3. 3. Бағалы сақа- Алтын сақа

  4. 4 Көк есек пен, ескі шапан –«Қожанасыр»


Жүргізуші: Балалар енді кезекте «Кітап нені сүйеді?» ойыны. Мен сұрақ қоямын .

  • Келіссеңіздер шапалақ ұрасыздар.

  • Келіспесеңіздер шапалақ ұрмайсыздар?

  1. Кітап қаптағанды -ия

  2. Лас қолмен ұстағанды –жоқ

  3. Қар мен жаңбырға тастағанды- жоқ

  4. Аялап ұстағанды – ия

  5. Кітап сөрелерінде ұстағанды –ия

  6. Еденде жатқанды – жоқ

  7. Құрметтегенді – ия

  8. Кітаппен дос болғанды – ия

Жүргізуші: Балалар рахмет сендер ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер, талаптарың өрлей берсін! Міне Ертегілер еліне саяхаттап болған сияқтымыз. Енді балалар кітап оқимыз ба? Кітапханаға келіп, кітап алып тұрамызба.? Ендеше балалар осы асыл қазынамызды оқып, үй реніп, ойға тоқысақ еліміздің, өнегелі де ұл-қызы болатындарың айқын. Осы шараға қатысқандарыңыз үшін барлықтарыңызға көптен көп рахмет. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын - дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді 3 «А» сынып оқушылар орындауындағы «Ертегілер әлемі» атты әнмен аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Автор: Мусаева Гульшат Лидоевна

Дата: 08.03.2020

Номер свидетельства: 542118

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Та?ырыбы «Ертегілер еліне саяхат»"
    ["seo_title"] => string(36) "takyrybyiertieghilierieliniesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "261226"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449080363"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Білім беру саласы: Коммуникация. Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: "Ертегілер еліне саяхат""
    ["seo_title"] => string(80) "bilim_bieru_salasy_kommunikatsiia_soilieudi_damytu_tak_yryby_iertieghilier_ielin"
    ["file_id"] => string(6) "408295"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491883466"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ертегілер еліне саяхат"
    ["seo_title"] => string(26) "ertegiler_eline_saiakhat_2"
    ["file_id"] => string(6) "557387"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1599920458"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ертегілер еліне саяхат "
    ["seo_title"] => string(32) "iertieghilier-ielinie-saiakhat-1"
    ["file_id"] => string(6) "152943"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1420921516"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "К?ркем ?дебиет  "Ертегілер еліне саяхат""
    ["seo_title"] => string(47) "korkiem-diebiiet-iertieghilier-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "317274"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460309025"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства