Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық»сайысы»
Тақырыбы:«Ойнайық та, ойлайық»сайысы
Мақсаты:1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
2. Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық. Кел, балалар ойнайық
Ойлайық та ойнайық
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық!
2.Сайыс жоспары:
1. Таныстыру, ұрандары
2. Жанды сұрақтар.
3. Санамақтар, жұмбақтар жарысы.
4. Мақал-мәтелдер
5. Логикалық тапсырмалар.
6. Ертегілер әлемінде.
7. Блиц-турнир (сұрақтарға жауап беру)
«Алғырлар» тобының ұраны:
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.
«Тапқырлар» тобының ұраны:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Еліміздің болашақ ұрпақтары – ертеңіміздің кемеңгері – сендерсіңдер.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік
Сөз кезегін математикаға берелік,
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрелік.
Жарысуға жалықпай
Үміт оты жалындай
Үйренуге білуге
Қош келіпсіз сайысқа.
Балалар сайыс 6 кезеңнен тұрады. Бірінші дұрыс жауап берген топқа қызыл шаршы, екінші жауап берген топқа көк шаршы беріп отырамын. Қызыл шаршы көп жинап, жеңімпаз атануға тырысыңдар.
1 – кезең: «Таныстыру»
2 кезең«Жанды сұрақтар» деп аталады.
1. Ең алғашқы білім берген оқулық? (Әліппе)
2. Сиырдың төлін қалай атайды? (бұзау)
3. Көз- адамның қандай мүшесі? (Көру)
4. «Әліппе» сөзі қандай әріптен басталған? (Ә)
5. Елбасымыздың аты кім? (Нұрсұлтан)
6. Мемлекеттік рәміздерді ата ?
7. а + 4 қандай өрнек ?
3 кезең «Көңілді жұмбақтар, санамақтар»
4 кезең «Тапқыш болсаң тауып көр» (Мақал-мәтелдер)
1-топ: Еңбек етсең ерінбей, 2-топ:Оқусыз білім жоқ,
Тояды қарның тіленбей. Білімсіз күнің жоқ.
5 кезең «Логикалық сұрақ – тапсырмалар»
Тауық бір аяғымен тұрғанда 2 кг, екі аяғымен тұрғанда неше? (2кг)
Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? (көрші)
Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр.Әрқайсына қарап 3 мысық отыр. Үйде неше мысық отыр?(4 мысық)
1 жұмыртқа 3 мин піседі.2 жұмыртқа неше мин піседі? (3)
Бір адам қалаға бара жатыр еді,жолда 3 танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?
Ержанның төрт ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындастары бар. Ержанның неше ұлы, неше қызы бар?
6- кезең: «Ертегілер әлемінде» (суреттерге қарап қандай ертегі екенін атау)
7-кезең «Блиц – турнир» Мұнда әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпай беріледі.
1-топ:1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)