Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты. Тақырыбы:«Қош бол,сүйікті бастауышым»»
Тәрбие сағаты .
Тақырыбы: «Қошбол,сүйікті бастауышым»
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар,кілт,видеорольик.,слайдтар.
Кіріспесөз:
Мұғалім:Қош келіпсіздер құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер «Қош бол,сүйікті бастауышым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Көрінетін биіктен асқақ іспен Баулитұғын білімге жас кішіден. 4 жыл бойы біліммен сусындатқан Қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген «Білім көзі» деген сөз анық деген. Өйткен бастауышта балаң шыбық Ең алғаш танысады әріппенен.
- Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, сүйікті бастауышым» мерекесін вальспен ашуға бастауға рұқсат етіңіздер!
«Вальс»
Ата-анаВидеорольиктікөрсетеді.
Мұғалім:Армандасаң да , қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 «а» сыныбын ортамызға!
Музыкаәуенімен оқушылар ортаға шыға бастайды.Тұрады
Бекболат:Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
Шәкәрім : Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Арман : Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
Еламан-балалар, айтыңдаршы біздің мерекеге келген қонақтар біз жайлы білгілері келіп отырған шығар,өзіміз жайлы айтып кетейік.
Еламан : 5 қыз бен 8 ұл, 3 оқу озаты мен 3 екпінді
- 4 жыл бойы білімнің қиын баспалдағын басып,мыңдаған сабақтар оқыды.
-ондаған ережелер жатталып,жүздеген есептер мен мыңдаған мысалдар шешілді.
Саяхат: басымызға көптеген ғылыми түсініктер қалыптасып,ал кейбіреуі әлі де сыймай жатыр
- үй тапсырмасын орындауға кеткен уақытты есептемегенде мыңдаған сағатымыз партада отырумен өтіпті.
Бекболат:-қаншама дәптер жазып тастаппыз
- қосымша парақтарды айтсаңшы
Сырым:4 жылда 6600 қоңырау соғылды. 4жыл еңбектендік.
-Ал ол дегеніміз - 2 904 сабақ - 102 сынып сағаты
- 2 433 шулы, көңілді үзілістер
Эмир: тау-тау оқылған кітап беттері
- реніштер мен қуаныштар,қызықты оқиғалар.
Оқушылар хормен : Бұған тек мықтылар ғана шыдайды.
Еламан: Десек те біздің сыныпта ешкім екінші жылға оқуға қалған жоқ қой,тек басқа мектепке ауысқандары болмаса
Арман: Олар кімдер?
Шәкәрім: Мағжан , Құралай,Ерасыл,Әлібек.
Еламан:Енді әрбіреуіміз өзімізді таныстыра кетсек артық болмас еді.......
Таныстыру./әрбіреуі/
Хормен: Құрбыласпыз, Тұрғыласпыз, 13 - іміз. Күлімдейміз, Бір бақшаның гүліндейміз.
Дайана:Мектеп –білім кемесін
Басқарып бүгін келесіз
Ата –ана , ұстаз , балаға
Ақ жарқын сәлем етесіз
Шақырып едік , келдіңіз
Сөз кезегін өзіңізге береміз - дей келе білім ордамыздың басшысы Нұрсадық Сейітқазыұлына беріледі.
Назерке: алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Жасмин:Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Назерке : Олай болса Жасмин алтын ұя мектебімізге арнап
«Мектебім» әнін шырқайық!
Ән: «Мектебім» Назерке, Жасмин.
Еламан: Құрметті Шынар апай,Элвира апай, қош келдіңіз,
Өзідеріңіздізді мақтан етіп жүреміз біз.
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Сөз береміз құрметпен сіздерге біз,
Түлектерге арналсын тілегіңіз.
Екпінділерді құттықтау оқу ісінің меңгерушісі Шынар және Элвира апайларға тапсырылады./оқу екпінділерді марпаттау/
Ән : «Жарайма» Эмир
Назерке :Ажырамай мектеппен бір елі сіз, Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. Сөз берелік Сация апай өзіңізге, Түлектерге арналсын тілегіңіз,
/оқушыларды марапаттау/
Би : Өзбек
Саяхат: Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Еламан ?
Еламан: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі өнерімізді ұстаздарымызға арнаймыз.
Көріністер:
«Емтихан»
Анасы : Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?
Баласы: Жақсы тапсырған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.
Анасы : Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.
«Есеп».
Баласы:Мама , кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен.
Бастауыш сынып ұстаздары бірлесіп тәрбиелеп өсірдіңіз біздерді сіздерге бас иеміз.
Құттықтау сөз
Арман :Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан, Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Шәкәрім:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Сырым: Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.
Айзере Жылы сөзбен қарсы алып Бізді баурап алдыңыз,
Үйретем деп түрлі пәндіБіраз шаршап қалдыңыз.
Гүлнұр Әр отбасы еркесініңБабын таба білдіңіз,
Ұстаздықтың қиын жолын Көтеріп сіз жүрдіңіз.
Бекболат Біз қаншама көп болсақ та Сізге үмітпен қарадық,
Басқа ұстаздар алдында енді Оқуға да жарадық.
СаяхатТүрлі – түрлі пәндерді де Оқитын болдық ержетіп
Қателік болса жіберген Түзетелік тездетіп.
Еламан Мықты менің ұстазым Мінді өзімнен іздейін,
Қалыс қалсам, қиналсам Ұстазымнан көрмеймін.
Эмир Тәртіп бұзсақ өзіңізден Кешіруді сұраймыз,
Терең білім алуды енді Мақсат етіп шыңдаймыз.
Дайана Төрт жыл бойы тынбастан Өнер – білім үйреттіңіз
Әрбір жүрек кілтін тауып, Бүгін міне, түлеттіңіз!
Барлық оқушылар қосылып:
Сүйікті біздің ұстазымыз Ақерке апайға !
Айтамыз біз рахымет
Денсаулық тілеп, бақ тілеп,
Аброй, атақ, бәр жақсыны
Тілейді Сізге, жас түлек.
Ән: «Ұстазым»
Жасмин: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Шәкәрім:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Сырым:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Эмир: Иә, дұрыс айтасың Сырым Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек, ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
Бекболат:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
Айдос:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Ән «Анатуралыжыр»
Мұғалім: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Ата-аналардың құттықтау сөзі
Ата-аналарға 12сұрақ
-нашар оқитын оқушы сөмкесіндегі ұнамсыз зат(күнделік)
-сабақ білмейтін балаларға жаймен не беруге болады? (подсказка)
-мектептегі басты адам (оқушы)
-мұғалімдер күні тойланатын ай (қазан)
+Мектеп өмірінде директордың өзі оған бағынады,ол не?(қоңырау)
-Қалам мен карындаштың үйі (пенал)
-Әріптері жиыны (алфавит)
-Балалар білім алатын жер (мектеп)
-Дыбысы жоқ әріптер (ь,ъ)
-Бұрышсыз фигура (шеңбер)
-Түнгі жарық (ай)
-Түбір соңындағы қосымша (жалғау)
«КҮЙ» Шәкәрім
Гүлнұр.Менің әжем,бұл әжем.
Айтқан сөзді дәл әжем.
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем.
Ән «Асыләжем» Жасмин
Еламан: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
Саяхат:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.
Айзере : Бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
Гүлнұр :Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Көрініс: «5 сыныпқа бірге барам»
Назерке:Достар менің де сендерге арнар тілегім бар.5 сыныпқа бара жатырсыңдар ,сабақты 2 мен 3-ке оқымаңдар,қастарыңа тек 5 пен 4 ерсін.2 мен 3-тің керегі жоқ
1,2 мен 3 бейнесіндегіқыздар кіріп келеді: -бізді неге апармай жатырсыңдар,біз де ереміз
Назерке :-сендер кімсіңдер?
Үшеуі:- мен сұлу да сымбатты баға «1»-мін.Мынау менің аққу мойын апам «екі»,ал мынау томпақ әпкем «3»
Бәрі: -біз сендерді ертпейміз
Үшеуі:-неге, біз де барамыз.
Балаларақылдасады.
Жасмин :-жақсы бағалар ,біз сендерді ертіп апарамыз,бірақ баға ретінде емес.Сендер үнемі бізбен бірге болатындай етіп жарыстарда иемденетін орындарға айналдырамызАйналғыларың келе ме?
Үшеуі:Әрине,бірақ ол үшін біздің тапсырмамызды орындаңдар
(1-ден басталатын құс,ән аты.2-ден басталатын қала аты...3 санының көбейту кестесі)
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Мұғалім:
-Түлектер сендер енді 5 сынып оқушысыңдар.Маған алдағы уақытта орта буын оқушысы ретінде ,достарыңа ,ұстаздарыңа тік қарап тұрып ,осы антты бұлжытпай орындауға серт беруге дайынсыңдар ма?
-дайынбыз
-Тақта алдында қақпашыдай болып барлық сұрақты қиынды да , оңайды да қағып алуға,орындауға ант етесіңдер ме?