kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шеберлер еліне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ту?ан хал?ыны? м?дени м?расымен, с?ндік ?олданбалы ?неріні? т?рлерімен таныстыру, ?семдікті сезіну, ою - ?рнекті ?йлесімді ??рылым жасай орналастыру ар?ылы ке?істікті ба?дарлау да?дыларын ?алыптастыру. Балаларды? ой - ?иялыны?, шы?армашылы? белсенділігіні? ж?не эстетикалы? тал?амыны? артуына м?мкіндік жасау, ?лтты? ?лгідегі киімдер жайында т?сінік беру, киімдерді? ерекшеліктеріне назар аударту, ?лтты? ою - ?рнек элементтеріні? (ботаг?з, ?ыз?алда?, ?ош?арм?йіз т.б.) ?олданылуы туралы ??ымдарын жетілдіру, б?ліктерді жина?тауда ?йлестіре білуге ?йрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шеберлер еліне саяхат»

Тақырыбы: «Шеберлер еліне саяхат»


Мақсаты: 1. Балалардың ой — қиялының, шығармашылық белсенділігінің және эстетикалық талғамының артуына мүмкіндік жасау, ұлттық үлгідегі тұрмыстықт заттар жайында түсінік беру, ұлттық ою — өрнек элементтерінің (ботагөз, қызғалдақ, қошқармүйіз т.б.) қолданылуы туралы ұғымдарын жетілдіру, бөліктерді жинақтауда үйлестіре білуге үйрету.

2.Туған халқының мәдени мұрасымен, сәндік қолданбалы түрлерімен таныстыру, әсемдікті сезіну, ою — өрнекті үйлесімді құрылым жасай орналастыру арқылы кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.

3. Оқушылардың еңбекке дегенқызығушылығын оятып, батылдыққа, өзіне деген сенімділікке, жұмысты өз бетінше орындауға,ептілікке деңгейін көтеруге баулу.

Түрі: Теория және практикалық жұмыс.

Әдісі: Баяндау, түсіндіру, практикалық жұмыс.

Көрнекілік:  Әзір ою — өрнектер, шаблондар (ою — өрнектің, гүлдің), слайд.

Құрал-жабдық: Желім, қайшы, түрлі-түсті қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Тарих, сурет,сызу,әдебиет.

Кейіпкерлер:  Қызыл телпек , қасқыр, (үлкен топ оқушыларының қатысуымен).

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Өткенді қайталау.

3.Кіріспе бөлім.

4.Жаңа сабақты түсіндіру.

5.Практикалық жұмыс.

6.Қорытынды.


  1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатысуын, құрал-жабдықтарын түгендеу, тексеру.

  2. Өткенді қайталау:

Балалар өткен сабақта не жасадық?

Ол не үшін керек?

Оны жасау үшін не пайдаландыңдар?

  1. Кіріспе бөлім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Шеберлер еліне саяхат» Балалар, біз  бүгін  қызықты  шеберлер  еліне  саяхатқа  шығамыз,  онда  бізді  әртүрлі  қызықтар  күтіп  тұр. Жолымызда  біз  ертегі  кейіпкерлерін  кездестіреміз. Олардың  бізге  беретін  тапсырмалары  болады. Сол тапсырмаларды сендер орындауларың керек. Сапарға  шыққыларың, қызықты  нәрселер  көргілерің  келе  ме?  (иә)  Онда  бастайық.

  2. Жаңа сабақты түсіндіру:

Ертегілер халық ауыз әдебиетінің ең көне мұрасы.

- Ертегілер дегеніміз не?

- Қане балалар өз ойларыңды айтыңдаршы?

- Қандай ертегілерді білесіңдер?

- Ертегі кейіпкерлері қандай болып екіге бөлінеді?

- Ертегілер қалай басталады? Немен аяқталады?

Толықтыру. (Ертегіде ғасырлар ізі жатыр.Ертегіде халықтың тыныс-тіршілігі, тарихы, салт-санасы, әдет ғұрпы, мұң-шері, арман-мұраты жатыр.

(Осы кезде қызыл телпек келеді).

Қызыл телпек: - Балалар сендер мені таныдыңдарма?

  • Иә, дұрыс айтасыңдар мен Қызыл телпекпін, Мен сендердің шебер екендеріңді біліп, сендерден көмек сұрап келдім. Маған көмектесесіңдер ме?  Балалар менің анамның туған күні еді, анама гүл сыйлағым келеді, бірақ  мен жалғыз өзім көп гүл жасай алмаймын, сендер маған көмектесіңдерші, әрі маған гүл жасап үйретесіңдер.

Балалар: – Жақсы, көмектесеміз.

5.Практикалық жұмыс: — Балалар, біз  жаңа  ғана Қызыл телпекке  уәде  бердік,  енді  сол  уәдемізді  орындауымыз  қажет.

(Балалар Қызыл телпекпен бірге гүл жасайды, тексеріп, көмек қажет оқушыларға көмектесу).

  • Міне балалар біз гүлдерімізді жасап болдық иә, енді бұл гүлдерді қызыл телпекке береміз.

  • Қызыл телпек: -Рахмет балалар, гүлдерің сондай тамаша, анам риза болатын болды, келесі кездескенше сау болыңдар.

-Міне балалар сендер үлкен жақсылық жасадыңдар, әрқашан көмек керек адамдарға көмектесу керек.


Жақсы - елдің мақтаны,
Жұпар гүл - жердің мақтаны.

Жақсы Ай мен Күндей,
Жақсылығы баршаға бірдей.


Жақсы жатырқамайды,
Аңқау аңдамайды,
Әңгүдік тыңдамайды.


(Ортаға Қызыл телпекті ұстаған қасқыр кіреді.)

  • Балалар мынау кім? (қасқыр)

  • Қане жібер Қызыл телпекті.

  • Жібермеймін. Менің шартым бар орындай алсаңдар жіберемін.

  • Жақсы келістік, шартыңды айт.

  • Мен ертегілерден үзінді айтам ал балалар сол ертегінің кейіпкерлерін атап береді немесе ертегінің атын атайды.

  • Бұл тапсырмаң қыйын екен біз тырысып көреміз.

  • Қасқыр:

  1. Жыл басына таласып түйе күнді көрмей қалыпты. (Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз). 

2) Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде 
-«Шырақтарым - лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», - деп әндетемін. "Қасқыр мен жеті лақ" ертегісі 

3) Мен атамнан қаштым, әжемнен қаштым, енді сенненде қашамын...(Бауырсақ, ата,әже,аю,қасқыр,қоян,түлкі)

- Қасқыр:- қап, қандай ақылды балалар едіңдер. Менің тағы бір шартым бар.

- Жақсы осы шартыңды орындаймыз, содан кейін Қызыл телпекті босатасың.

- Уәдем, уәде босатамын. Шартым, қазір қыс мезгілі, мен жерде жатып тоңып жүрмін. Сендер шебер деп Қызыл телпектен естідім, маған әдемі көрпе тігіп беріңдер.

Тапсырма:  «Бөліктерден  көрпе  құрастыру»

Барысы:    Әртүрлі  ою-өрнек, гүлдер, геометриялық фигуралардан көрпе  құрастырып  жинау.

(Көрпесін алған қасқыр  риза  болып, алғысын  жаудырып қоштасып  кетеді).

 6.Қорытынды

— Балалар,  сендерге  бүгінгі  саяхатымыз  ұнады  ма?

— Ертегілер  елінде  кімдерді  кездестірдік?

Қандай көмек  бердік?

(сұрақтар   қойылады)

Балалар, мен  сендерге  ризамын.   Сендердің  қолдарыңнан  шыққан  бұйымдар,  барлығы  да  өте  әдемі  болды.  Сендерге  көп  рахмет.Сау болыңдар.






























Тақырыбы: «Тілден қымбат қазына жоқ». (тәрбие сағаты)

Мақсаты:1. Ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, ана тілі ақыл-ой дамуының және барлық білімдердің негізі екенін дәлелдеу, түсіндіру.

2. Оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу. Туған тілімізді сүюге, басқа тілдерді қадір тұтуға, туған елін, жерін құрметтеуге, жан-жақты білімділікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл,қанатты сөздер, суреттер т.б.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

1.Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

Кіріспе сөз: «Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанда мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір- қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек.

3.Негізігі бөлім: (Тіл туралы мақал-мәтел, нақылдардың мәнін ашу).

Аузы- мұрны қисаймай – ұялмай.

Тайға таңба басқандай –анық белгісі.

Үріп ауызға салғандай – әдемі, сүйкмді.

Ала жіпті аттамау – ұрламау қиянат жасамау

Тайға таңба басқандай- анық, белгісі.

Үріп ауызға салғандай- әдемі, сүйкімді.

Ала жіпті алдамау –ұрламау, қиянат жасамау


Жаңа тақырып: Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Тілден қымбат қазына жоқ»


Тілден қымбат қазына жоқ.

Ертеде бір қария дүниеден өтерінде ұлына қымбат қазына қалдырғанын айтып кетеді. О дүнүиелік болған әкесін арулап жерлегеннен кейін, ұлы қазынаны іздеуге шығады. Ауланы, үйді түгел қопарып, әкесі аманаттаған байлықты таппақшы болады. Қарамаған жері қалмай, ауылдың үлкен адамына барып, бар жағадайды айтады.

  • Балам, босқа әуре болыпсың. Әкең өз ана тілін ерекше қастерлеген, сөзге шешен, дуалы азамат еді. Оның артқыға, ұрпақтарына қалдырғаны құдыретті қызыл тіл болатын. Ел ішіндегі, халық аузындағы сол қазынаны құрметтеуді аманаттаған екен. Өйткені, тілден қымбат қазына жоқ,- депті ақсақал.

Осы әңгіме бойынша оқушылардың ой-пікірін сұрау. Балалармен сценарий бойынша ролге бөлініп, көріністі қою.

  • Қария: - Балам бері кел, менің уақытымда таяп қалған сияқты,ұлым мен саған қымбат қазына қалдырдым...

Ұлы «Әке,әке,өлмеші,әке.

Қария: қымбат қазына деп көзін жұмады.

Ұлы: Әке,әкешім,енді қайттым...деп жылайды.

Автор:одүниелік болған әкесін арулап жерлегеннен кеиін,ұлы қазынаны іздеуге шығады.

Ұлы:Әкем маған қымбат қазына қалдырдым деп еді.Қай жерге тықты екен.?

Автор;-Ауланы,үйді түгел қопарып,әкесі аманаттаған байлықты таба алмайды

Ұлы:-Қой таста, мен оданда ауылдың үлкен адамына барып сұрайын, Ассалаумағалейкүм.

Ауылдың үлкені:Уағалейкүмассалам,Е не шаруамен жүрсің?

Ұлы:-Әкем қайтыс болған,әкем соңғы сөзінде қымбат қазына қалдырдым деп еді,сол қазынаны іздемеген жерім қалмады,ақыры таба алмадым.

Ауылдың үлкені:-Балам,босқа әуре болыпсың.Әкең өз ана тілін ерекше қастерлеген,сөзге шешен,дуалы азамат еді.Оның артқыға,ұрпақтарына қалдырғаны құдіретті қызыл тіл болатын.Ел ішіндегі,халық аузындағы,сол қазынаны құрметтеуді аманаттаған екен. Өйткені «Тілден қымбат қазына жоқ» - депті ақсақал.


Балалар осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?

Байлық, қазына дегеніміз – ол тек қана зат немесе алтын бұйымдар, ақша ғана емес,ол біздің тіл байлығымыз.Салт – дәстүр, еліміз, тіліміз – бұл біздің баға жетпес байлығымыз.

Қорытынды:-балалар бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Қандай өнеге алдыңдар?

Қазақ тілі арың бұл ,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте. – дей отырып өз тілімізді мақтан тұтып, құрметтеп, өзге тілмен тілімізді шұбарлатпай, таза қазақша сөйлеп жүрейік – деп бүгінгі сабағымды аяқтаймын. Сау болыңыздар.























































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Шеберлер еліне саяхат

Автор: ?уанышева Жанар Жауке?ызы

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 311203

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "?лы  жібек  жолыны?  ?алыптасуы  ж?не тарихи  ма?ызы "
    ["seo_title"] => string(58) "u-ly-zhibiek-zholynyn-k-alyptasuy-zh-nie-tarikhi-man-yzy-1"
    ["file_id"] => string(6) "175231"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424252701"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Т?рбиені? алтын бесігі – балаба?ша"
    ["seo_title"] => string(32) "trbiieninaltynbiesighibalabaksha"
    ["file_id"] => string(6) "280547"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453388704"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Таби?атта?ы музыка бейнесі"
    ["seo_title"] => string(26) "tabigattagymuzykabieiniesi"
    ["file_id"] => string(6) "305642"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457970316"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Тарих ?асырлар ку?сі "
    ["seo_title"] => string(22) "tarikh-g-asyrlar-ku-si"
    ["file_id"] => string(6) "171470"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423673456"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Жер жанаты - Жетісу"
    ["seo_title"] => string(20) "zhierzhanatyzhietisu"
    ["file_id"] => string(6) "323698"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1462088467"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства