?аза?стан Республикасыны? ?нерк?сібі мен ауыл шаруашылы?ы ?ркендеген, м?дени оша?тары дамы?ан, халы?ты? ?л-ау?аты жа?сар?ан облыстарыны? бірі – Алматы облысы ж?не оны? орталы?ы – Талды?ор?ан ?аласы. Экономикалы? ж?не м?дени оша?тар карталарына с?йене отырып Алматы облысы ж?не Талды?ор?ан ?аласы туралы балалар?а толы? ма?лумат беру. Осы экономикасы дамы?ан, хал?ыны? ?л-ау?аты жа?сар?ан айма?ты? неліктен «Жетісу» аталатынына т?сінік беру.
«Жеті ?зен» ?ле?ін о?и отырып, «Жетісу» с?з-ж?мба?ын шешу.
Ж?мысты ?йымдастыру. Алматы облысы 1932 жылы 10 наурызда ??рыл?ан. Аума?ы 224 мы? шаршы км. Облыс Республикамызды? о?т?стік шы?ысында орналас?ан. Шы?ысында ?ытаймен шектеседі. ?кімшілік орталы?ы Талды?ор?ан ?аласы. ?ала елімізді? о?т?стік шы?ысында те?із де?гейінен 570-630 м. биіктікте, Жо??ар Алатауыны? солт?стік баурайында, ?аратал ?зеніні? жа?алауында орналас?ан. Б?гінгі та?да ?алада 70 ?лт пен ?лысты? ?кілдерінен ??рал?ан 116 мы? адам т?рады. Талды?ор?ан Республикамызда?ы е? жасыл-желекті ?ала. Парктер мен ба?тар жасыл желекпен т??керіліп т?р. ?алада тарихи ж?не м?дени м?раны? к?зі ретінде са?тал?ан ескерткіштер бар. Жетісу жері – Алматы облысыны? аума?ы, ол к?п ?асырлы? тарихы бар, ?те ?сем ж?не ?ажайып ?лке. Орта ?асырда Жетісу егін шаруашылы?ы мен ?айна?ан сауда орталы?ына айналды. Туристік саяхат жолдары бар, Шарын ?зені, К?лсай к?лдері, ?н салатын «Ай?ай??м», ата?ты «А?ыра?ай» шай?асы ?ткен жерлер, Жамбыл м?ражайы, Жаркент мешіті сия?ты тарихи орындарды? ма?ызы ?те зор. Облыс аума?ында а?шылы? пен балы? шаруашылы?ы ке?інен дамып отыр.
Жауабы: Ол кісі ?айраткер а?ын. Талды?ор?ан облысы, А?су ауданы, ?ызылта? ауылында ту?ан. Оны? «??лагер» поэмасында хал?ымызды? салты, байлы?ы, жырлан?ан. Орыс ж?не ?аза? халы?тарыны? досты?ы та?ырыбына арнал?ан «Москва – ?аза?стан» атты ?ле?і жары? к?рді. Ол кісіні? атымен облысымызда?ы жал?ыз мемлекеттік университет – Жетісу мемлекеттік университеті, мектеп, кітапхана атал?ан.
4-ші с?ра?.
Е?бек Ері дегенді ?алай т?сінесі?дер?
Е?бек туралы ?андай ма?ал білесі?дер?
Е?бек ?ылса?, емерсі?.
Е?бегі аздан, ?нбек аз.
Ексе? егін, ішерсі? тегін.
Бейнетсіз ра?ат жо?.
Жан ?иналмай ж?мыс бітпес,
Талап ?ылмай м?рат?а жетпес.
Жері семізді? малы семіз.
5-ші с?ра?.
Облысымызда Е?бегімен Ер атанып ж?рген ?андай адамдарды білесі?дер?
Жауабы: Ата?ы к?п елдерде белгілі, колхоз ісіні? дарында басшысы, екі м?рте Е?бек Ері Н?рмолда Алдабергенов.
Бізді? облысымызда ?андай ауыл Ке?ес Ода?ыны? Батыры атымен аталады?
Жауабы: К?ксу ауданында М?сабек Сенгірбаев атында?ы ауыл, мектеп бар. Ол кісі 28 Гвардияшы-Панфиловшыларды? ?атарында М?скеу ?аласын неміс бас?ыншыларынан ?ор?ау?а ?атыс?ан.
7-ші с?ра?.
Ерлік туралы ?андай ма?ал-м?тел білесі?дер?
Жауабы:
Ел ?мітін ер а?тар,
Ер ата?ын ел са?тар.
Ерді намыс ?лтіреді.
Батыр туса ел ырысы,
Жа?быр жауса жер ырысы.
8-ші с?ра?.
Біржан салмен айтыс?а т?скен жерлес а?ы апайымызды? аты кім?
Жауабы: Сара Тастанбек?ызы. Ол кісі ?апал ??ірінде д?ниеге келген.
9-шы с?ра?.
Талды?ор?ан ?аласында?ы «?ркен» спорт кешенінде ?андай спортты? жарыстар ?ткізіледі? Облысымызды? ата?ты спорт шеберлерін ата?дар.
Просмотр содержимого документа
«Жер жанаты - Жетісу»
Жер жанаты Жетісу
Мақсаты: Неліктен туған өлкеміздің «Жетісу» деп аталатынына, жауап іздеу.
Көрнектілігі: Алматы облысының, Талдықорған қаласының экономикалық және мәдени ошақтарының карталары, буклеттері, Еңбек Ерлерінің суреттері. Мәдениет қайраткерлері: Илияс Жансүгіров, Ақын Сараның, Дәнеш Рақышевтың суреттері. М.Тынышбаев атындағы мұражай открыткалары.
Өтілу түрі: тәрбие сағаты
Өтілу күні: қаңтар айы 2015 жыл
Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Кіріспе
3.Негізгі бөлім
4.Қорытынды
Кіріспе:
Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өркендеген, мәдени ошақтары дамыған, халықтың әл-ауқаты жақсарған облыстарының бірі – Алматы облысы және оның орталығы – Талдықорған қаласы. Экономикалық және мәдени ошақтар карталарына сүйене отырып Алматы облысы және Талдықорған қаласы туралы балаларға толық мағлумат беру. Осы экономикасы дамыған, халқының әл-ауқаты жақсарған аймақтың неліктен «Жетісу» аталатынына түсінік беру.
«Жеті өзен» өлеңін оқи отырып, «Жетісу» сөз-жұмбағын шешу.
Тәрбиелік мәні:
Қаламыздың шығу тарихын түсіндіру, табиғатымыздың байлығын қорғауға, Еңбек Ерлерін қадірлеп, құрметтеуге, салт-дәстүрімізді сақтауға, мәдениетімізді дамытуға, қаламыздың тазалығын сақтауға тәрбиелеу. Туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақтың барысы:
Жұмысты ұйымдастыру. Алматы облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Аумағы 224 мың шаршы км. Облыс Республикамыздың оңтүстік шығысында орналасқан. Шығысында Қытаймен шектеседі. Әкімшілік орталығы Талдықорған қаласы. Қала еліміздің оңтүстік шығысында теңіз деңгейінен 570-630 м. биіктікте, Жоңғар Алатауының солтүстік баурайында, Қаратал өзенінің жағалауында орналасқан. Бүгінгі таңда қалада 70 ұлт пен ұлыстың өкілдерінен құралған 116 мың адам тұрады. Талдықорған Республикамыздағы ең жасыл-желекті қала. Парктер мен бақтар жасыл желекпен төңкеріліп тұр. Қалада тарихи және мәдени мұраның көзі ретінде сақталған ескерткіштер бар. Жетісу жері – Алматы облысының аумағы, ол көп ғасырлық тарихы бар, өте әсем және ғажайып өлке. Орта ғасырда Жетісу егін шаруашылығы мен қайнаған сауда орталығына айналды. Туристік саяхат жолдары бар, Шарын өзені, Көлсай көлдері, ән салатын «Айқайқұм», атақты «Аңырақай» шайқасы өткен жерлер, Жамбыл мұражайы, Жаркент мешіті сияқты тарихи орындардың маңызы өте зор. Облыс аумағында аңшылық пен балық шаруашылығы кеңінен дамып отыр.
«Жетісу» сөзі осы өлкемен ағып барып Балқаш көліне құятын жеті өзенді бейнелейді.
2-ші сұрақ.
Алматы облысының картасынан қазба байлықтардың қай жерден шығатынын көрсету керек?
Жауабы: Алакөл мен Балқашта балық ауланады, Көксу, Ақсу қант қызылшасы, Үштөбеде күріш егіледі, Текеліде қорғасын, мырыш, Сарқанда бал омартасы, Алматыда темекі өндіріледі.
3-ші сұрақ.
Ілияс Жансүгіров кім?
Жауабы: Ол кісі қайраткер ақын. Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қызылтаң ауылында туған. Оның «Құлагер» поэмасында халқымыздың салты, байлығы, жырланған. Орыс және қазақ халықтарының достығы тақырыбына арналған «Москва – Қазақстан» атты өлеңі жарық көрді. Ол кісінің атымен облысымыздағы жалғыз мемлекеттік университет – Жетісу мемлекеттік университеті, мектеп, кітапхана аталған.
4-ші сұрақ.
Еңбек Ері дегенді қалай түсінесіңдер?
Еңбек туралы қандай мақал білесіңдер?
Еңбек қылсаң, емерсің.
Еңбегі аздан, өнбек аз.
Ексең егін, ішерсің тегін.
Бейнетсіз рақат жоқ.
Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
Жері семіздің малы семіз.
5-ші сұрақ.
Облысымызда Еңбегімен Ер атанып жүрген қандай адамдарды білесіңдер?
Жауабы: Атағы көп елдерде белгілі, колхоз ісінің дарында басшысы, екі мәрте Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов.
Тәтті түбірден өте жоғары өнім алған Зылиха Тамшыбаева, Зәкәрия Сейітова, Битай Тәтенова.
6-шы сұрақ.
Біздің облысымызда қандай ауыл Кеңес Одағының Батыры атымен аталады?
Жауабы: Көксу ауданында Мұсабек Сенгірбаев атындағы ауыл, мектеп бар. Ол кісі 28 Гвардияшы-Панфиловшылардың қатарында Мәскеу қаласын неміс басқыншыларынан қорғауға қатысқан.
7-ші сұрақ.
Ерлік туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Жауабы:
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Ерді намыс өлтіреді.
Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
8-ші сұрақ.
Біржан салмен айтысқа түскен жерлес ақы апайымыздың аты кім?
Жауабы: Сара Тастанбекқызы. Ол кісі Қапал өңірінде дүниеге келген.
9-шы сұрақ.
Талдықорған қаласындағы «Өркен» спорт кешенінде қандай спорттық жарыстар өткізіледі? Облысымыздың атақты спорт шеберлерін атаңдар.