Просмотр содержимого документа
«Сайыс 4 сыныптар арасында »
Тақырыбы: «Жолың болсын балақай»
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгін біз «Жолың болсын балақай» атты сайыс өткізгелі отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп,абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба,ол қатер тудырады.Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп,доп қуалайтыны,жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,қалтарыстан жолға шығып келетінінің салдарынан бұзылады.Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады.Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
2-жүргізуші: Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде,жолда жүру ережесін,заңын бұзбайды.
1-жүргізуші : Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?
Өте жақсы.
Олай болса құрметті ұстаздар мен оқушылар,бүгінгі 4-сыныптар арасында өткелі тұрған «Жолың болсын балақай» атты сайысымызды бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен біледі сәлем деген,-деп
Баршаңызға сәлем бере отырып сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
2-ші жүргізуші:
1-ші 4 «А» сынып оқушылары: «Жүргіншілер» тобы
2-ші 4 «Ә» сынып оқушылары: «Қызылдар » тобы
3-ші 4 «Б» сынып оқушылары: «Бағдаршам» тобы
4-ші 4 «В» сынып оқушылары: «Жас қыран» тобы
5-ші 4 «Г» сынып оқушылары: « Жүйріктер» тобы
Жақсы,сайыскерлеріміз ортамызда ендеше
Жол тәртібін кімге керек
-бірге ойланып көрелік,
Әр қайсысының қылығына
әділ баға берелік.-деп бүгінгі сайысқа келіп отырған әділқазылармен таныстырып өтейік.
1.
2.
3.
4.
1-жүргізуші:
Жақсы сайыскерлеріміз ортада,әділқазылармен таныстық ендеше сайысымызды бастайық
1 – ші кезең «Өз орныңды тап!»
Бұл кезеңде топ басшысы өздерінің тобымен,төсбелгісімен таныстырып, ұранын айтады.
1-ші «Жүргіншілер» тобы
2-ші «Қызылдар » тобы
3-ші « Бағдаршам» тобы
4-ші «Жас қыран» тобы
5-ші «Жүйріктер» тобы
Өте жақсы сөз кезегін әділ қазыларға береміз. 2-ші кезеңнің бағасын берсе.
2-жүргізуші:
Балалар әр қадамың аттауменен,
Жол жүру ережесін сақтауменен,-деп 2-ші кезеңімізді бастаймыз.
1-ші «Сен көше ережесін білесің бе?» кезеңі.
Бұл кезеңді біз сұрақтар арқылы жол ережесіне байланысты сайыскерлеріміздің білімін тексереміз. Оның ұпай сандарын қазір білетін боламыз. (Ұпай санын сұрау.)
1-жүргізуші:
Келесі 3-ші кезең.
3-ші « Кім жылдам!» кезеңі.
Жарысып-ақ кетер ек,
Машиналар өте көп.
Жолдан өтем асықпай,
Велосипед жетелеп!-деп бұл кезеңде велосипетпен жарысады.
Бұл кезеңде жылдамдық пен шапшаңдық керек. Әр топтан 1 сайыскерден шығып, велосипедпен кедергілерден өтіп келесі бетте тұрған шарды алып, велосипедпен кейін кедергілер арқылы өтіп, тобына келіп шардың ішінде жасырынған жұмбаққа топ болып жауап беруілері керек.
Бұл кезеңде де шапшаңдық пен жылдамдықты талап етеді. Мұнда әр командадан 1 сайыскер шығып, самакатпен кедергілерден өтіп қиюлы белгілерді алып, кедергілерден өтіп тобына келіп белгіні топпен құрастырады.
Сайыскерлер дайын болсақ бастайық,алға!!
Өте жақсы балалар,енді осы кезеңнің ұпай санын білсек.
1-ші жүргізуші:
Енді соңғы кезеңге де келіп жеттік.Бұл кезең
5-ші кезең «Шығармашылық»кезеңі.
Мұнда әр командадан бір бала шығып,өздерінің шығарған газеттерімен таныстырады. Бір-бірлеп ортаға келіп таныстырамыз.
1-ші «Жүргіншілер» тобы
2-ші « Бағдаршам» тобы
3-ші «Қызылдар» тобы
4-ші «Жас қыран » тобы
5-ші « Жүйріктер» тобы
Жарайсыңдар балақайлар енді әділқазылардан осы кезеңнің ұпай санын сұрайық және жалпы ұпай санын анықтап жеңімпаз камандамызды білейік.
2-жүргізуші
Көшеде біз сақ болайық
Қаймықпасын ата-ана.
Жолда сен бол лайық,
Оқушылар атына,-деп осы отырған оқушыларға жол ережесін сақтайық дегім келеді.
МАРАПАТТАУ
1-жүргізуші:
Қай көше,қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп-
Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға,-деп біз сіздермен қоштасамыз.