Просмотр содержимого документа
«?нші бол?ым келеді »
«Әнші болғым келеді»
Құрметті ата-аналар және қонақтар бүгін балабақшамызда топ арасында «Әнші болғым келеді» сайысына хош келдіңіздер. Ендеше осы сайысқа қатысушыларымызды қошеметтеп қарсы аламыз. «Балалар ән ырғағымен залға кіреді»
Самғат шықты сұлтандай,
Копшіліктен бұлтармай.
Білсеңдерғой бұл жігіт,
Күміс көмей жыр таңдай. Бірінші номердегі бүлдіршініміз Дәрментай Самғат.
Сана күндейсің сен шуақ шашқан,
Ата – анаңа сенің атың жыр мен дастан.
Қуантшы баршамызды бұл байқауда,
Бүгінде әнші барма сеннен асқан. Екінші номердегі бүлдіршініміз Раушан Сана.
Біздің Бекзат тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал сайысқа,
Өнер көрсет құрбылармен жарыста. Үшінші номердегі бүлдіршініміз Смайл Бекзат.
Әжесінің аумайтуғын еркесі,
Сенсің оның таусылмайтын теңгесі.
Сенің әнің алғырлығың арқылы,
Мақтанатын болар әжең ел іші. Төртінші номердегі бүлдіршініміз Хамидова Жанар.
Ендігі кезекті әділ қазыларымыздың әділ бағасымен таныстыруға ортаға балабақша әдіскері Бегжанова Бағдагүл ханымда ортаға шақырамыз.
Алтын ұя балабақшасында өткізіліп отырған «Әнші болғым келеді» сайысына қатысқан бүлдіршіндерімізді жүлделі орындарымен құттықтап бүлдіршіндерімізге сәт – сапар тек қана көз қуанышымызға айналып журе берулеріне тілектеспіз деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.