Ж?ргізуші: ?ымбатты ата-аналар,?она?тар, ??рметті ?ріптестер б?гін мен мектепалды даярлы? сыныбында бір жыл бойы т?рбиеленіп шы??ан б?лдіршіндеріммен ?оштас?алы отырмын.?рине, б?л ?лкен ?адам!
Т?рбиеші: А? тілекті а?ытып бір тастайы?,
?оштасатын кешімізді бастайы?,
Ж?здері?нен к?рем шатты? арайлы,
Болсын солай ?рбір к?ні?,?р айы?.
Балалар хормен:
Жа?сылы??а ??мармыз,
Жа?сы адам болып шы?амыз,
Таза с?би ж?ректен.
?абылда?ыз мы? ал?ыс!
Т?рбиеші:
Айналайын балалар,
Алда мектеп-ана бар,
Сол мектептен ?седі.
?нерпаздар даналар!
2.Алихан:
?абыр?ада карта,
Сынып толы парта,
Керек енді о?у,
О?ы?анды то?у.
1.Жайна:
?оштасып мен б?гін шалалы?пен
?оштасамын си?ырлы балалы?пен,
Танысып мектеп деген ?лемменен,
Достасам білімменен даналы?пен.
3.Мадина:
?лкендердей тап-таза,
Жазамын бормен та?та?а,
?лгілі бала боламыз.
О?ып білім аламыз.
Алина:
?олыма г?л аламын
Дайын д?птер ?аламым
Та??алдырып достарымды
Мен мектепке барамын
Алижан:
Т?рбие берген ?ямыз
Т?ртіпті бала боламыз
?оштасып мектепалдымен
Біріншіге барамыз
?н : «Біріншіге барамыз».
?ліппе келеді:
С?лем,с?лем балала?айлар!Мен ?ліппемін!Мен сендерге арнайы келдім! Мені танисы?дар ма?Мен сендерге не ?йретемін?
Балалар: И?.Алфавит.
?ліппе:
Алфавтті? «А» т?рады басында
?р?ашанда «?» т?рады ?асында.
Бай?ады? ба «Б» т?рады ?шінші
Осыларды? сыры неде т?сінші.
Балалар хормен:
«А» деген ол аналар ?ой арда?ты,
«?» деген ол ?келер ?ой салма?ты,
«Б» деген ол балалар ?ой ?демі
Бізді? елде ?шеуі де к?делі.
?ліппе: Б?рекелді тамаша айтады екенсі?дер!Сендерді ?те білімді дейді ?ой.Сол рас па екен соны тексеріп к?релік.
?ысылып еш саспа?дар,
?ызы?ты ойын баста?дар.
Аналарды? к??ілін
К?теріп бір таста?дар.
Менімен ойын ойнайсы?дар ма?Ойынны? аты: «Кім жылдам?»
Мына ?ріптерді мен жерге ?оямын.Музыка басталады,сендер билейсі?дер.Музыка то?тап ?ал?ан жа?дайда бір бала бір ?ріпті? ?стіне барып т?ра ?алады.Сол ?ріпке с?з ??рау керек.Т?сіндік пе?Ойынды ойнатады.
Сынып?а бір-бірімен с?йлесіп Білгішбек пен Жал?аубек келеді.
Білгішбек:
Анау бала ?олын ?ара,
Кір ?ожала? ?ап-?ара.
Тырна? ?скен,шашы к?птен
Алынбапты ау мас?ара.
Балалар м?ндай болма?дар.
Жал?аубек:
О?ымап ем 1-алдым,
Кейіп ?алды м??алім.
Алып едім екілік,
Анам шы?ты зекіріп,
?ш ал?анда бай?адым,
?кем басын шай?ады.
Бес деп едім б?гін кеп,
?арайды б?рі к?лімдеп!
Білгішбек! ?ане к?рсетші бес деген ба?а?ды.
Жал?аубек:Мінекей ?арашы.
Білгішбек:
Мына т?р?ан ?ш делік,
Ал мынауы? екілік,
Бес алдым деп сен б?гін
Неге айтты? ?тірік?
Жал?аубек:
Ой,Білгішбек,есепті,
Білмеуі?ді ?арашы,
?шті ?осса екіге
Бес болмай ма,санашы?
Білгішбек: Балалар,Жал?аубекке ?андай ба?а алу керектігін айтып берелік.
Балалар хормен:
1-дегенім жаман ба?а,
Алады оны жаман бала,
2-дегенім-нашар ба?а,
Інішегім-нашарлама,
3-дегені? –орта ба?а,
Сапасы оны? орта ?ана.
4-дегені?-жа?сы ба?а,
Алады оны жа?сы бала.
5-дегені?-?-?здік ба?а,
О?итын бол ?здік ?ана.
Жал?аубек: Енді ма?ан есеп ?йреті?дерші.Мен санау білмеймін.
Математика бойынша с?ра?тар. «логикалы? есептер».
1.Айманда болды 8 алма,
?селге берді екі алма.
Айманны? ?алды ?олында,
Неше алма,тез ойла?(6алма)
2.Шашыл?ан жемге жиналды,
Алты тауы? ?йдегі.
?шеуі кетті су іздеп,
Сонда ?алды нешеуі?(3тауы?)
3.Далада ж?р екі ешкі,
?орада т?р бес ешкі.
Екі ешкі мен бес ешкі,
Болды б?рі неше ешкі?(7 ешкі)
4.К?лден ?шты он ?аз,
?айта ?онды бес ?аз.
?онбады сонда неше ?аз?(5?аз)
Жал?аубек: Балалар сендер ма?ан есеп санау?а к?п к?мек берді?дер.Сендерге к?п рахмет.
Т?рбиеші: Ал балалар т?рмайы?.
Мына берген ж?мба?тарды? шешімін,
Шеше алмай ?алмайы?.
Тіл дамыту.Ж?мба?тар.
1.?ыс бойына жатады.
Т?тті ?й?ы?а батады.(Аю-медведь).
2.Орманда т?рады,?зі бір ?у.
Ж?рген жері ай?ай да-шу. (Т?лкі-лиса).
3.?абат-?абат ?аттама,
А?ылы? болса аттама.(Кітап-книга)
4.Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты ?адап инесін. (Кірпі-ежик)
Ал енді ойын?а кезек берелік: Енді біз «И?,и?,жо?,жо?» деген ойын ойнаймыз.
Шарты: Мен с?ра? ?оямын,сендер тездетіп,и? немесе жо? деп жауап бересі?дер.
Мектепке біз барамыз ба?
Кіле? бестік аламыз ба?
Айт?ан тілді аламыз ба?
А?ылды бала боламыз ба?
Нан жейміз деп жылаймыз ба?
Ерте ?й?ыдан т?рамыз ба?
Саба?та отырып ?йы?таймыз ба?
Ойыншы?тармен ойнаймыз ба?
2 ал?анда жылаймыз ба?
Біз о?ушы боламыз ба?
Керемет балалар.
Ата-аналармен осыойынды ойнап к?релік.:
Бала?ыз? ?р?ашан тірексіз бе?
Саба? о?ып,есепке ж?йріксіз бе?
Тама?ын уа?ытылы бересіз бе?
?иынды??а ?р?ашан т?зесіз бе?
Сериал к?ріп жатасыз ба?
?рып,н??ып ?йретуге барасыз ба?
«О?ыту м??алімні? ж?мысы» деген с?зді айтасыз ба?
«Сен о?ыт,мен о?ытып шаршадым» деп ?рысу?а дайынсыз ба?
Бала?ыз ?шін балаларды со?асыз ба?
Бала ?шін асулардан асасыз ба?
Тамаша,ата-аналар к?п-к?п рахмет сіздерге.
К?рініс: «Патшалы?»
Мен б?рібір мектепке барамын!
К?тушілерімен патша шы?ады.
Патша: Ой,ой,ой не істесем екен?
1-к?туші: Отыры?ыз патшам дем алы?ыз.
2-к?туші: Патшам,Ханшайым мектепке барып о?ы?ысы келеді.
Патша: Жо? дедім,жо?!О?у б?л патшалы?ты? ісі емес.Ешкім еш н?рсе істей алмайды.Б?лкім сіздер айтасыздар не істеуге болатынын.А? сауса?ынан ?стап а??уымды ?келі?дер.
Патша ?ызына: ?ызым мектепке жібермеймін,осыны біл!Мектепке не істейсі? барып,керек емес!
Просмотр содержимого документа
«Біріншіге барамыз 1 »
Біріншіге барамыз.
Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар,қонақтар, құрметті әріптестер бүгін мен мектепалды даярлық сыныбында бір жыл бойы тәрбиеленіп шыққан бүлдіршіндеріммен қоштасқалы отырмын.Әрине, бұл үлкен қадам!
Тәрбиеші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық,
Жүздеріңнен көрем шаттық арайлы,
Болсын солай әрбір күнің,әр айың.
Балалар хормен:
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығамыз,
Таза сәби жүректен.
Қабылдаңыз мың алғыс!
Тәрбиеші:
Айналайын балалар,
Алда мектеп-ана бар,
Сол мектептен өседі.
Өнерпаздар даналар!
2.Алихан:
Қабырғада карта,
Сынып толы парта,
Керек енді оқу,
Оқығанды тоқу.
1.Жайна:
Қоштасып мен бүгін шалалықпен
Қоштасамын сиқырлы балалықпен,
Танысып мектеп деген әлемменен,
Достасам білімменен даналықпен.
3.Мадина:
Үлкендердей тап-таза,
Жазамын бормен тақтаға,
Үлгілі бала боламыз.
Оқып білім аламыз.
Алина:
Қолыма гүл аламын Дайын дәптер қаламым Таңқалдырып достарымды Мен мектепке барамын
Алижан:
Тәрбие берген ұямыз Тәртіпті бала боламыз Қоштасып мектепалдымен Біріншіге барамыз
Ән : «Біріншіге барамыз».
Әліппе келеді:
Сәлем,сәлем балалақайлар!Мен әліппемін!Мен сендерге арнайы келдім! Мені танисыңдар ма?Мен сендерге не үйретемін?
Балалар: Иә.Алфавит.
Әліппе:
Алфавттің «А» тұрады басында
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші
Осылардың сыры неде түсінші.
Балалар хормен:
«А» деген ол аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты,
«Б» деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Әліппе: Бәрекелді тамаша айтады екенсіңдер!Сендерді өте білімді дейді ғой.Сол рас па екен соны тексеріп көрелік.
Қысылып еш саспаңдар, Қызықты ойын бастаңдар.
Аналардың көңілін
Көтеріп бір тастаңдар.
Менімен ойын ойнайсыңдар ма?Ойынның аты: «Кім жылдам?»
Мына әріптерді мен жерге қоямын.Музыка басталады,сендер билейсіңдер.Музыка тоқтап қалған жағдайда бір бала бір әріптің үстіне барып тұра қалады.Сол әріпке сөз құрау керек.Түсіндік пе?Ойынды ойнатады.
Сыныпқа бір-бірімен сөйлесіп Білгішбек пен Жалқаубек келеді.
Білгішбек:
Анау бала қолын қара,
Кір қожалақ қап-қара.
Тырнақ өскен,шашы көптен
Алынбапты ау масқара.
Балалар мұндай болмаңдар.
Жалқаубек:
Оқымап ем 1-алдым,
Кейіп қалды мұғалім.
Алып едім екілік,
Анам шықты зекіріп,
Үш алғанда байқадым,
Әкем басын шайқады.
Бес деп едім бүгін кеп,
Қарайды бәрі күлімдеп!
Білгішбек! Қане көрсетші бес деген бағаңды.
Жалқаубек:Мінекей қарашы.
Білгішбек:
Мына тұрған үш делік,
Ал мынауың екілік,
Бес алдым деп сен бүгін
Неге айттың өтірік?
Жалқаубек:
Ой,Білгішбек,есепті,
Білмеуіңді қарашы,
Үшті қосса екіге
Бес болмай ма,санашы?
Білгішбек: Балалар,Жалқаубекке қандай баға алу керектігін айтып берелік.
Балалар хормен:
1-дегенім жаман баға,
Алады оны жаман бала,
2-дегенім-нашар баға,
Інішегім-нашарлама,
3-дегенің –орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
4-дегенің-жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
5-дегенің-қ-үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
Жалқаубек: Енді маған есеп үйретіңдерші.Мен санау білмеймін.
Математика бойынша сұрақтар. «логикалық есептер».
1.Айманда болды 8 алма,
Әселге берді екі алма.
Айманның қалды қолында,
Неше алма,тез ойла?(6алма)
2.Шашылған жемге жиналды,
Алты тауық үйдегі.
Үшеуі кетті су іздеп,
Сонда қалды нешеуі?(3тауық)
3.Далада жүр екі ешкі,
Қорада тұр бес ешкі.
Екі ешкі мен бес ешкі,
Болды бәрі неше ешкі?(7 ешкі)
4.Көлден ұшты он қаз,
Қайта қонды бес қаз.
Қонбады сонда неше қаз?(5қаз)
Жалқаубек: Балалар сендер маған есеп санауға көп көмек бердіңдер.Сендерге көп рахмет.
Тәрбиеші: Ал балалар тұрмайық.
Мына берген жұмбақтардың шешімін,
Шеше алмай қалмайық.
Тіл дамыту.Жұмбақтар.
1.Қыс бойына жатады.
Тәтті ұйқыға батады.(Аю-медведь).
2.Орманда тұрады,өзі бір қу.
Жүрген жері айғай да-шу. (Түлкі-лиса).
3.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.(Кітап-книга)
4.Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап инесін. (Кірпі-ежик)
Ал енді ойынға кезек берелік: Енді біз «Иә,иә,жоқ,жоқ» деген ойын ойнаймыз.
Шарты: Мен сұрақ қоямын,сендер тездетіп,иә немесе жоқ деп жауап бересіңдер.
Мектепке біз барамыз ба?
Кілең бестік аламыз ба?
Айтқан тілді аламыз ба?
Ақылды бала боламыз ба?
Нан жейміз деп жылаймыз ба?
Ерте ұйқыдан тұрамыз ба?
Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
2 алғанда жылаймыз ба?
Біз оқушы боламыз ба?
Керемет балалар.
Ата-аналармен осыойынды ойнап көрелік.:
Балаңызғ әрқашан тірексіз бе?
Сабақ оқып,есепке жүйріксіз бе?
Тамағын уақытылы бересіз бе?
Қиындыққа әрқашан төзесіз бе?
Сериал көріп жатасыз ба?
Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?
«Оқыту мұғалімнің жұмысы» деген сөзді айтасыз ба?
«Сен оқыт,мен оқытып шаршадым» деп ұрысуға дайынсыз ба?
Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
Бала үшін асулардан асасыз ба?
Тамаша,ата-аналар көп-көп рахмет сіздерге.
Көрініс: «Патшалық»
Мен бәрібір мектепке барамын!
Күтушілерімен патша шығады.
Патша: Ой,ой,ой не істесем екен?
1-күтуші: Отырыңыз патшам дем алыңыз.
2-күтуші: Патшам,Ханшайым мектепке барып оқығысы келеді.
Патша: Жоқ дедім,жоқ!Оқу бұл патшалықтың ісі емес.Ешкім еш нәрсе істей алмайды.Бәлкім сіздер айтасыздар не істеуге болатынын.Ақ саусағынан ұстап аққуымды әкеліңдер.
Патша қызына: Қызым мектепке жібермеймін,осыны біл!Мектепке не істейсің барып,керек емес!
Ханшайым: Мен ештеңе істеуді білмеймін,онда маған өлең,би үйретеді және сабақ үйретеді.
Тәрбиеші: Оңға бассын жолымыз,
Құтты болсын тойымыз!
Би билесін шаттана,
Өнерлерін көріңіз.
Балалардың орындауында «Шөжелерім» биін қабыл алыңыздар.
Патша:Айналайын сен осыны да білмейсің бе?Сен мұнан да күшті билейсің,қане билей ғой.
Ханшайым: Мен өздігімнен билей алмаймын.Оны арнайы биші апай үйретеді.Ол үшін мен мектепке баруым керек,мектепке барғым келеді.
1-күтуші: Балмұздақ жегің келе ме?
Ханшайым: Жоқ.
2-күтуші: Көп ойыншықтар әкелейін ойнайсың ба?
Ханшайым: Жоқ,мен жалғыз ойнамаймын.Балалармен ойнағым келеді.
Жандос: Көңілді шат баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Тойымызға сән беретін,
Әншілерімізді қарсы аламыз.
Ән. «Айгөлек.»
Патша: Ой,қандай тамаша!Жаныңды елжіретіп әндетеді екен.
Ханшайым: Мектепте мені осылай ән айтуға үйретер еді.Сендер білмейсіңдер.
Патша:Не деген жылау?Тыныштық жоқ үйде.Шақырыңдар балаларды өнерлерін көрсетсін.
Жансұлтан.
Біз де қарап тұрмайық,
Ән салайық жырлайық,
Ханшайымды қуантып,
Биден сыйлық сыйлайық.
Би: «Морячка».
Ханшайым: Мен бұлай да билей алмаймын,бәрін үйрену тіпті де қиын маған.
Патша: Айттым ғой мектепте бәрі қиын.Оқу,білім алу-қиын жұмыс.Сен соны істей алмайсың.
Білгішбек: Ханшайымды қорқытпаңдар,мектепте бәрін үйретеді.Тапсырмаларды орындау тіпті қиы емес.Аздап ойлансаң болғаны.
Білгішбек: Қақпаның ар жағында 8-құлақ көрініп тұр.Неше мысық тығылған?
Ханшайым: 16 мысық. Алақай ,мен шешімін таптым,мен мектепке барамын!
Патша: Сенің көңіліңді қалай тапсам екен?
Әліппе: Сенің мектепке барғың келе ме?
Ханшайым: Иә,мен бәрін білгім келеді,оқығым келеді.
Патша:Ал менің қызыма оқу не үшін керек?Бізде сандық тола алтын,күміс,гаухар тастар бар.
Әліппе: Оларды,ақшаны,санай алмайды ғой.Жазу жаза да білмейді.
Патша: Қалайша сенікі де шындық.Иә,бұл да дұрыс.Оқымысты болған жақсы.Әйтпесе барлығы алдап кетеді.Қалайша біз оны түсінбедік.Әліппе мектеп алыс па?
Барлығы:Міне қандай керемет.
Оқимыз білім аламыз.
Болашақ жолын саламыз.
Мектепалдымен қоштасып,
Біріншіге барамыз.
Тәрбиеші:
Толқимыз,толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып балаларды шақырайық,
Қоштасу вальсін билейді ортамызда.
Би: «Вальс»
Тәрбиеші: Бір ата,бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
Бірлік барда,тірлік бар деген бабам,
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз.-деп «Біріншіге барамыз» атты тәрбие сағатын аяқтаймыз.Бүлдіршіндерге ақ жол тілеймін. Құттықтау сөзін тәрбие ісінің меңгерушісі: Байгенжина Динара Егеубайқызына беремін.Ата-аналарға беремін.