айыстың тақырыбы: «Математиктер, алға!»
Мақсаты:
Оқушыларды ауызша есептей білуге, логикалық есептерді шешуге дағдыландыру. Баланың ақыл-ойының дамуына, математикалық танымдарын арттыруға жағдай жасау, практикалық дағды, іскерліктерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, геометриялық фигуралар, қимақағаздар.
Барысы: І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі
- Уа, халайық, халайық,бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде, математика елінде
Көңілді кешті ашайық.
«Математиктар, алға!» сайысына қош келіпсіздер. Сіздерді ойынның кезеңдерімен таныстырып өтейік. Ойын 6 кезеңнен тұрады. Әр кезең 10 ұпаймен бағаланады. Жауаптар нақты, тез болуы керек. (Әділқазылар алқасымен таныстыру)
- Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Серігің болсын ойында.
Қадамдарың оң болсын,
Сәт-сапар сайыс жолында! – дей отырып, ортаға ойынға қатысушы оқушыларды шақырамыз. Оларды геометриялық фигураларды таңдау арқылы топтарға бөлеміз. Таңдаған фигураларына байланысты топтар «Үшбұрыш», «Шаршы», «Дөңгелек» және «Көпбұрыш» деп аталады.
ІІ. Негізгі бөлім
І тур «Таныстыру»
Әр топ өздері таңдап алған фигураны таныстырады.
ІІ тур «Логикалық есеп»
- Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір ойын болсын.
Білімдірек топ озар,
Сұрақтары қиын болсын.
1-топқа сұрақтар
- Кесіндіні 4-ке бөлу үшін неше рет кесемін?
- 3 –ті 4 рет қоссаң қанша болады?
- Шаршының сол жағында үшбұрыш, оң жағында дөңгелек. Шаршы қай жерде орналасқан?
- Бір жанұяның 5 ұл баласы және әрқайсысының біреуден қарындасы бар. Жанұяда неше бала?
2-топқа сұрақтар
- Ұзындығы 20 см жіпті қақ ортасынан бөлсек әр бөлігі қанша болады?
- 15-тен 2 рет 3-ті азайтсақ қанша шығады?
- Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?
- Асан мектепке қарай бара жатты. Алдынан әкесі, анасы, қарындасы кездесті. Неше адам мектепке бара жатыр?
3-топқа сұрақтар
- Анасы қалтадағы 3 алманы 3 баласына бөліп берді. Сонда қалтада 1 алма тұрды. Ол қалай?
- Мен екі сан ойладым. Ол сандарды бір біріне қосқанда 6 шықты. Ол сандарды бір-бірінен азайтып едім тағы да 6 шықты. Ол қандай сандар?
- Түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұрды. 1 тәуліктен кейін күнді көруге бола ма?
- Ұзын жіпті 3 жерден кестім. Жіп неше бөлікке бөлінді?
4-топқа сұрақтар
- Дүкен сөресінде бірнеше қарбыз жатты. Келген 3 сатып алушының әрқайсысы 2 қарбыздан алғанда, қарбықдар бітіп қалды. Алғашында сөреде неше қарбыз жатты?
- 2-ні 6 рет қоссақ неше шығады.
- Бөренені 5 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек?
- 1 бет қағазды қақ ортасынан бүктеп, содан соң тағы бір бүктедім. Бүктелген жерлерінен кестім. Неше парақша шықты?
ІІІ тур «Конструктор»
- Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – мыналарды құрып көр!
Берілген геометриялық фигуралардан өз қиялдарына байланысты бір нәрсе құру.
ІҮ тур «Ойлан, тап!»
- Игертіп атом күшін игілікке,
Бұл күні ғылым саны тұр биікте.
Ойлап тапқан бәрін де адам миы,
Сондықтан бас иеміз жүйріктерге.
Тапсырма: Нәтиже дұрыс болатындай етіп, таңбалар мен жақшаларды қойыңдар.
50 40 20 = 70 96 40 6 = 50 75 4 30 = 49
30 3 60 = 93 20 10 80 = 90 78 50 10 = 18
Ү тур «Жеміс теру»
Әр ойыншы себеттен өзіне ұнаған жемісті таңдап алып, артындағы мысалды со бойда шығару керек.