kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жылдың басында жаңартылған білім беру  аясында оқитын кластарда  ата-аналар  жиналысы өтті.Жиналыстың мақсаты  ата-аналарға  критериалды бағалау  жүйесінің  тиімділігін  түсіндіру,бағыт бағдар беру.1 сыныптың  мұғалімдері  ата-аналарға  критериалды бағалау,модерация,рубрика,қалыптастырушы бағалау деген ұғымдарын түсіндіріп,жиналыс өткізді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі»

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ



Бүгінгі күні мұғалімнің тәжірибесіне  оқушының білімін бағалауында  «бағалау» деген ұғымға  байланысты  әр қилы өзіндік жаналықтыр енгізілуде. Соның бірі – критериалды бағалау. Критериалды бағалау жүйесі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, білім сапасын арттыру, тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.

Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.

Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзі – өзі бағалау, қабілеттік және күш – жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. ( Александр 2001) [56 б] (мұғалімге арналған нұсқаулық).

«Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы. Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар — қалыптастырушы және жиынтық бағалау.

Қалыптастырушы бағалау – оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау – оқытуды бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау – бұл білім алушылардың оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдердің қолданатын мәліметтерді іздеу мен түсіндіру үрдісі. Жалпы қалыптастырушы бағалау  сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын  жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы  бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі  тапсырма деңгейіне сәйкес  5-10 минут  болуы мүмкін.

Осы тұрғыда айтатын болсақ, қалыптастырушы бағалау оқушыларды оқытуда  тұлғалық бағдарлық оқыту тәсілінің негізгі бөлігі. Сондықтан мұғалімнің орны да өзгереді. Тұлғалық бағдарлық технологиялар оқу үдерісін ұйымдастыруда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас негізінде іске асуына мүмкіндікашады. Бағалау үздіксіз жүріп отырады да, сапалы нәтижеге жылжу үдерісі бағаланады.  Тұлғалық бағдарлық оқыту:оқушыларды оқыту мақсаттары мен бағалау критериялары туралы ақпарат береді; критерияларға негізделген оқушылардың өзін-өзі бағалауы; оқушылардың әрі қарай жасайтын қадамдары мен оның іске асыруын анықтайтын кері байланыс қамтамасыз етеді.Бұл жерде бағалау үздіксіз жүріп жатады да, сапалы нәтижеге жететін процестің өзі бағаланады. Оқушылар өздерінің кемшіліктерін өздері түсініп, анықтай алады да,  мұғаліммен бірге  шешу жолдарын табады. Ең маңыздысы өз оқуын бақылауы мен бағалауы өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауына ауысады.

Сабақ өткізу барысында тапсырманың мақсаттары мен бағалау критерийлері жөнінде ескеріп отырамын, өзін-өзі бағалауына  уақыт қалдырамын. Оқушылар мақсаттарды және критерийлерді анық көру үшін тақтаның бұрышына немесе плакатқа жазып қоямын.  Жұмыстарды тексеру алдында оқушыларға бағалау критерийлерін қайта ескертемін және соның негізінде өз жұмысын тексеріп,  аяқтап тапсырады.

Мысалы төмендегі кестеде топтық жұмыстан кейін әр оқушы өзінің жұмысын анық көреді.  «Менін күн тәртібім» тақырыбы бойынша постерге сурет салып, күн тәртібін жазған.

Кестеде келтірілген бағалау түрін қолдану кезінде оқушы мен мұғалінің қойған балдарының айырмашылы үлкен болмайды. Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз жұмысын бағалауы емес, сонымен бірге туындаған проблемаларды өздігінен анықтау мен шешу жолдары.

Оқушылардың өзара бағалауы

Өзара бағалау барысында оқушы  басқа оқушының  жұмысын тексереді.  Оның  жақсы немесе жаман жақтарын көріп, өзінің жұмысын да талдау  жүргізе алады. Бірақ мұғалім оқушыларға тексеретін оқушының өзін емес, оның жұмысын тексеру керектігін еске түсіріп отыру тиіс. Мысалы:

«Тазалықты сақта» тақырыбын өту барысында, оқушыларға «Екі жұлдыз және бір тілек»тәсілі арқылы әр оқушыға өз сыныптасының жұмысын тексеруге берілді.  Оқушылар жұмыстарын бағаламай жай ғана екі сәтті жағдайды жұлдызбен белгіледі (екі жұлдыз) және, оның ойынша, қайта қарастыратын жағдайға түсініктеме беріп, тілек білдірді. Оқушылардың кері байланысы ауызша  да  жазбаша берілді. Әр оқушы өзінің жұмысына түсініктеме алды және  мұғалім «тілекті» дұрыс  орындауына уақыт беріледі.

Критериалды бағалауды енгізуде рубрикакритерийлер, дескрипторлар деген ұғымдармен танысамыз.

Рубрика немесе рубрикаторлар (бағалау кезінде қолданатын нұсқаулықтар) бағалау үдерісін анық, түсінікті және кез келген критериялар бойынша  балдары не үшін қойылғанын түсіндіреді. Осы рубрикаларда оқушыңын өзі емес, оның жүмысының сипаттамасы бағалануы тиіс.

Критерий – оқушының әртүрлі қызметінің тізімі.

Дескрипторлароқушының кез келген критерийлер бойынша ең жақсы нәтижеге жеткізетін барлық қадамдарын ретімен көрсетеді және оларды белгілі балдар санымен бағалайды.

Рубрика  — критерий- дескрипторлар. Рубрикалар балалар не үшін оқитынын, критерийлер нені үйрену керектігін , ал дескрипторлар оны қалай істеу керектігін көрсетеді.

Мысалы, өзтәжірибемде қолданып жүрген диалог құрастыруда бағалайтын дескрипторларүлгісі.

Оқушылар оларға ұсынған критерийілер арқылы жұмыс орындаса, мұғалім осыдан алған мәліметтерді бағалауда қолданады.

Егерде бұдан да қиын тапсырмалар берілсе, онда талдау жасау дұрыс болады.  Талдау үшін орындалатын жұмыстың кез келген аспектісін жеке сипаттайды және «жіңішке» кері байланысты  іске асырылуына мүмкіндік туғызатын рубрикалар әзірлеуді ұсынылады. Рубрикалар оқушылармен бірге оқу мақсаттары мен оның критерияларын дайындауын қамтамасыз етеді.

Сабақ барысында бағалау критерийілерін дайындау  кезінде оқушылармен бірге  дайындалып жатса, онда олардың нәтижеге жету  үшін жауапкершіліктері артып, бағалау үдерісіне қызығушылықтары өседі. Критерийлер  дайындау кезінде сабақтың мақсаттары мен мазмұны жөнінде ұмытпағаны жөн.

Аралық жұмыстар бағалау үшін дайындаған критерийлер (қалыптастырушы бағалау), мақсатта белгіленгені ғана сипатталып, бағалануы тиіс.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі

Автор: Мусирова Эльмира Жаугаштыевна

Дата: 19.01.2019

Номер свидетельства: 496133

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі"
    ["seo_title"] => string(43) "kriterialdy_bagalau_zhuiesinin_tiimdiligi_1"
    ["file_id"] => string(6) "521419"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1569859514"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Коучинг тақырыбы:"Критерийлер арқылы бағалаудың тиімділігі""
    ["seo_title"] => string(65) "kouchingh_tak_yryby_kritieriilier_ark_yly_bag_alaudyn_tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "365892"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480915530"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "?аза? ?дебиеті саба?ында критериалды ба?алауды? тиімділігі"
    ["seo_title"] => string(64) "k-azak-diebiieti-sabag-ynda-kritierialdy-bag-alaudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "264037"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449649274"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Коучинг "Критериалды ба?алауды? тиімділігі""
    ["seo_title"] => string(46) "kouchingh-kritierialdy-bag-alaudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "315446"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459877814"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БА?АЛАУДЫ ТИІМДІ ?ОЛДАНУ "
    ["seo_title"] => string(62) "k-azak-tili-sabag-ynda-kritierialdy-bag-alaudy-tiimdi-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "240243"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444980252"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства