kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БА?АЛАУДЫ ТИІМДІ ?ОЛДАНУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

  ?азіргі ?о?амны? ?зекті м?селелеріні? бірі -  ?леуметтік, экономикалы? ?згермелі жа?дайларда ?мір с?руге дайын болып ?ана ?оймай, сонымен ?атар оны ж?зеге асыру?а, жа?сарту?а игі ы?пал ететін жеке т?л?аны ?алыптастыру. М?ндай т?л?а?а ?ойылатын бірінші кезектегі на?ты талаптар – шы?армашылы?, белсенділік, жауаптылы?, тере? білімділік, к?сіби сауаттылы?. Б?л талаптарды ж?зеге асыру ?шін о?ушы білімін ба?алауда м?лдем жа?а ба?ытта ж?мыс істеу ?ажеттілігі туындайды. Осы ?ажеттілікті шешу жолдарыны? бірден–бір жолы о?ушы білімін критериалды ба?алау  ж?йесі бойынша сараптау.Сонымен ?атар о?ушыларды? о?у?а м?мкіндіктерін арттыруда критериалды ба?алау да тиімді.Критериалды ба?алау ж?йесінде е? ма?ызды н?рсе – о?у процесіні? ?зі, сол ар?ылы о?ушы ?зін-?зі ба?алауды ?йреніп, ?з біліміні? арты?шылы?тары мен кемшіліктерін к?ріп, ?рі ?арай ?алай даму керектігін т?сінеді, я?ни б?л ж?йеде о?ушыны? ?алай ж?мыс жаса?аны, ?алай ойлан?аны ба?аланады. Ба?алауды ?ткізу ?шін, о?ушыларды? нені білетіндігін ж?не не істей алатынды?ын аны?тау ?ажет.

            О?ыту - м??алімдерді? о?ушылар?а жаса?ан сыйы емес, б?л ??зіреттіліктер білім алу ?шін о?ушыларды? ?здері де о?у ?дерісіне белсенді ?атысуын талап етеді. М??алімдер, ?з кезегінде, ?зіні? саба? беруіне емес, о?ушыларды? о?у ептілігін дамыту?а назар аударуы тиіс. Осы ма?сатта м??алім о?ыту ортасын ??ру керек. [ МАН,  70 бет] Осы орайда о?ушылар арасында ?зара  т?сіністік ж?не ?жымды? ?арым-?атынасты орнатып, о?ушыларды? сенімсіздіктерін жойып,  м?мкіндіктерін арттыру?а жол ашатын бірден бір т?сіл критериалды ба?алау болып табылады.

            Критерийлер - о?ытуды? міндеттерін ж?зеге асыратын ?лшемдер, атап айт?анда, о?ушылар ж?мыс барысында орындайтын іс-?рекеттер тізбесі.

            Критериалды? ба?алау - б?л білімні? ма?саты мен мазм?нына с?йкес келетін, о?ушыларды? о?у-танымды? біліктілігін ?алыптастыру?а себепші болатын, ай?ын аны?тал?ан, ?жыммен шы?арыл?ан, білім процесіні? барлы? ?атысушыларына алдын ала белгілі критериялармен о?ушыларды? о?у жетістіктерін салыстыру?а негізделген процесс болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БА?АЛАУДЫ ТИІМДІ ?ОЛДАНУ »

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ


Б. С. Нұрмағамбетова

«Павлодар қаласының № 28 жалпы орта білім беру мектебі» ММ

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

e-mail: baglan.nur2014,тел: 87778646544, үй тел:607831

  Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі -  әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау  жүйесі бойынша сараптау.Сонымен қатар оқушылардың оқуға мүмкіндіктерін арттыруда критериалды бағалау да тиімді.Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.

            Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН,  70 бет] Осы орайда оқушылар арасында өзара  түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып,  мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл критериалды бағалау болып табылады.

            Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

            Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

            Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН,  107 бет]

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

  • Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;

  • Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалаудың міндеттері:

  • Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

  • Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

  • Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

  • Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

  • Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;

  • Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

  • Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

Критериалды бағалаудың маңызы:

Мұғалімдер үшін:

  • Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;

  • Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;

  • Сабақ берудің сапасын арттыруға;

  • Оқушының жеке  ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;

  • Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

  • Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге

Оқушылар үшін:

  • Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

  • Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;

  • Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;

  • Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

Ата-аналар үшін:

  • Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;

  • Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;

  • Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі: 

  •  Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;

  •  Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;

  • Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі; 

            Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары. 
Критерийдің мазмұны:

Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).
Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы. 

 



Критерийлер

 

Дескрипторлар( түйінді сөз) 

А

Білу және түсіну

 

Жекелеген  сыныптар  мен пәндер  көлемінде  оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және  сипаттамаларды  білу және  жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу

В

Қолдану

 

Бұрын алған ақпараттар  мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда қолдану, пайдалануБілгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету.Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: Стратегияның арнайы белгілер арқылы мәтінмен жұмыс істейді. Жұптық жұмыс жүргізіледі. Топта талқылап бір келісім шығарады.мәселені шешу  және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады

С

Сыни ойлау жәнезерттеу

 

Білім  көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау  арқылы  пікірлер  қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар  мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы  зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.

D

 

Коммуникация және рефлексия

 

 

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактілер  мен     ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын  қабылдай отырып, өз көзқарасын   түсіндіру арқылы ортақ ойға  келу. Айтылған  ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.

 

            Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік  қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған  болса, жиынтық бағалау мақсатты баға  қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет. [МАН,  55 бет]

            Жалпы қалыптастырушы бағалау  сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау)  маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты–оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу,болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын  жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы  бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі  тапсырма деңгейіне сәйкес  5-10 минут  болуы мүмкін. Сабақ барысында  қалыптастырушы бағалаудың  формальді, формальді емес  әдістерін тиімді әрі жүйелі  қолдану қажет. Қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі формативті (ағымдық) бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.  Мәселен,4-сынып бойынша қазақ тілі сабағында «Думан» ойын – сауық орталығында» тақырыбын өту кезеңінде оқушылардың білім деңгейін бақылау мақсатында алынған қалыптастырушы бағалау критерийін қолдандым:

  Тапсырма: Мәтін бойынша өз көзқарастарын тұжырымдау

Оқу мақсаты

Критерийлер

Дескрипторлар

Жетті

Талпынады

Қорытынды

 

 

ОМ1

 

 

В

«Сұрақ бізден, жауап сізден»

Интербелсенді тақта арқылы қосымша мәлімет

 

 

 

 

 

 

ОМ2

 

 

 

С

Инсерт» стратегиясының арнайы белгілері арқылы мәтінмен жұмыс істейді,негізгі ойды анықтайды

 

 

 

Жасырын, ашық тест орындау

 

 

 

 

ОМ3

 

 

D

«Думан» ойын – сауық орталығы жайлы тың ақпарат бере білу

 

 

 

4 - сыныптарда қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тоқсандық баға түрінде және төрт тоқсандағы жылдық баға түрінде көрсетуге болады. Бағалаудың критериалды жүйесі мұғалім мен оқушыға кері байланысты ұстануға жол береді, өйткені оқушы оның әрі қарай нені жетілдіру керектігін жақсырақ түсінеді. Оқу жылының басында оқушылар әрбір пәннің бағалау критерийлерімен танысып, хабардар болады. 
Білім беру жүйесі мақсаттарының бірі – оқушылардың жеке қабілетін дамыту болып табылады.Сондықтан білім берудің сапасын арттыру мақсатында бағалаудың дәстүрлі тәсілдерінен басқа критериалды бағалауды енгізу және дамыту қажет. 

Әдебиет:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ,2012.12-б.

2.«Педагогикалық диалог» ақпараттық - әдістемелік журнал №2 (8) 2014 ж.

3.Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау,11-бет.

4.Красноборова А.А.  Критериальное оценивание в школе. Учебное пособие

5.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» , 55-бет, 107-бет

6.Б.Жалмағамбетова, З.Н.Оразаева, Р.М.Жабағина Ойлау туралы ойлау.-Павлодар: «Өрлеу»БАҰОационерлік қоғамының филиалы,Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,2013.-22б.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БА?АЛАУДЫ ТИІМДІ ?ОЛДАНУ

Автор: Нурмагамбетова Баглан Сагатовна

Дата: 16.10.2015

Номер свидетельства: 240243


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства