Просмотр содержимого документа
«?арыш?а сапар шегу»
Мақсаты:
Білімділік: тарихқа шолу жасай отырып, оқушыларға «ғарыш» туралы мағұлмат беру, ғарышқа ұшу туралы ғылымның негізін қалаған ғалымдармен таныстыру және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуға дайындықтарына тоқталып, қазақ ғарышкерлерімен таныстыру;
Тәрбиелік: отансүйгіштікке, адамгершілікке, батыр ағаларымызды үлгі тұтуға және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, суреттер,нақыл сөздер, Қазақстанның физ. картасы.
Барысы.
І. Ұйымдастыру.
Кіріспе.
Балалар 12 сәуір қандай күн, қандай мереке ? (оқушылар жауабын тыңдау).
- Күн жүйесінде орналасқан неше планета бар?
- Тіршілік тараған планета?
- Ғарышқа еліміздің қай аймағынан аттанады?
- Ең алғаш ғарышқа жол қашан ашылды?
Балалар «космонавтика» - грек тілінен аударғанда «кеме басқару» деген мағынаны білдіреді екен. Ал осы космос корабілін орбитаға шығару үшін қуатты ракета двигателі және отын қажет, ал ракета жоғары температураға төзімді, жеңіл де берік материалдан болуы тиіс. Негізі осы космос және космосқа ұшу туралы ғылымның негізін қалаған К.Э. Циолковский болатын, ал оның арманын, ойын жүзеге асырған бас конструктор Сергей Павлович Королев басқарған совет ғалымдары мен инженерлер болды. Сондықтан да ғарыш кеңістігін игеру С.П. Королевтың есімімен тығыз байланысты.
Жердің тартылыс күшін жеңе отырып, жердің тұңғыш жасанды спутнигі орбитаға 1957 жылы 4 қазанда көтерілді, бұл күн балалар космос дәуірінің басталуы болып есептеледі.
- Ғарышқа ұшатын ғарышкер қандай болуы керек? (оқушылар ойын тыңдау).
Балалар адам ғарышқа көтерілер сәтте өте қолайсыз жағдайларға тап болады, қуатты мотор дауысы құлақты тұндырады, тек орбитаға шыққан сәтте тылсым тыныштық орнайды, өз салмақтарын сезбейтін халге келеді. Ал осының бәріне шыдау үшін ғарышкерлерге ең алдымен өте күшті денсаулық, мықты төзімділік қажет.
Болашақ ғарышкерлер ұшу алдында ұзақ жылдар бойы дайындықтан
өтеді. Олар спорттың әр түрімен жаттығып, парашюттерден секіріп үйренеді. Ұзақ уақыт бойы сурдокамерада (дыбыс өткізбейтін камера) тұрады, көптеген сындардан өтеді, сондықтан да «Азамат сыны -ерлік» -деп бекер айтылмаған. Ғарышкерлерге жерден көтерілу мен түсер сәтте де өте мықты төзімділік қажет, соған шыдау үшін оларды «центрифуга» -деп аталатын, тағы да басқа ондаған аппараттарда айналдырып сынақтан өткізеді. Сонымен бірге балалар, ғарышкерлердің міндеті тек ұшу емес, олар математика, физика, астрономия сияқты көптеген ғылымдарды меңгерген жан-жақты болу тиіс, себебі олар ғарышта атмосфераға, жерге, жұлдыздарға зерттеулер жүргізеді.
Міне сондықтан да «Бәрінен күшті адам – өзіне - өзі сенетін адам» -деп біз ғарышкер ағаларымызды айта аламыз, себебі олар өздеріне сенгендіктен осы ұшқыш мамандығын таңдаған.
- Ғарышқа алғашында нелерді ұшырып еді?
- Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
- 1957 жылдың 4 қазанда ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын.
- Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен берге тағы екі итті жаттықтарған болатын. Олар: Белка мен Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканың ұшырылуынан біраз жылдар алдын арнайы коммисия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.
- Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде, АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.
- Ғарышкер киімі қалай аталады? (скафандр)
- Тұңғыш ғарышкерді атаңыздаршы?
- Тұңғыш әйел-ғарышкер кім?
1961 жылдың 12 сәуірінде, бір орынды «Восток» кемесімен, тұңғыш рет Совет Одағының азаматы Юрий Алексеевич Гагарин ғарышқа көтерілді, С.П. Королевта өз арманына жеткен болатын. Кейіннен көп орынды «Восход» кемесі іске қосылды, тағыда көптеген кемелер жасалды, олармен Совет Одағының және шетелдік ғарышкерлер орбитаға барып барып, ғарыш кеңістігін зерттеуде өз үлестерін қосты, олардың ішінде әйел-ғарышкер В.Терешкова да бар еді.
Енді міне балалар қазақ халқының «Бір қазақ ұшса ғой» - деген арманы қашан орындалды?
- Ең алғашқы қазақ ғарышкерін атаңыз, ғарышқа қашан көтерілді?
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы
1946 ж маусымның 27-інде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
«Бірінші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ. Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры.
1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 13” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіді.
1991ж қазаннаың 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.
- Тоқтар Әубәкіровтен кейін ұшқан қазақ ғарышкері кім еді?
-Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы – ғарышкер
1951 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы аулында дүниеге келген. Ол – Қазақстан Республикасының әрі Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері.
Т.А. Мұсабаев Рига қаласындағы авиация инженерлік институтын, кейін Ақтөбе жоғарғы ұшқыштар училищесін бітірген. 1986 жылы азаматтық авиацияның 30 жаттығу дайындығынан өтіп, осы саланың ұшқышы мамандығын алды.
Қазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құран
кітапты, туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты ала ұшқан.
1994ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабынде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған.
Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге.
Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.
2001ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.
Самұрық құс самғады, Көктен өтіп. Айға жетіп, Жеңілдеді салмағы. (Ғарыш кемесі)
Аспанда бір алып құс, Ызғып ұшып барады. Қарап тұрсақ ғажайып, Соңында із қалады. (Зымыран)
Құстан аумайды, Көкте зулайды. ( Ұшақ )
Сөзжұмбақ шешу.
Ғ
А
Р
Ы
Ш
К
Е
Р
1.Қазақ ғарышкері.
2.Ғарышкер киімі.
3.Бас конструктор.
4.Ғарыш айлағы
5.Тұңғыш әйел-ғарышкер.
6.Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
7. Ғарышқа адамзат аттанатын
планета.
8.Алғаш рет ғарышқа ұшқан ғарышкер.
Ғарышты зерттеудің пайдасы мен зияны. (оқушылар ойын тыңдау)
Юрий Гагарин туралы 5 минуттық бейнефильм көрсету.
«Табандылық – кез-келген кедергіні жеңеді» -дейді, кез – келген адам ғарышкер бола алмайды, ол үшін мықты денсаулық болып, ерік пен мінезді өз дегеніне бағындыра білу керек, білім жинақтау жолында да табандылық көрсету қажет, сонда ғана адам алға қойған мақсатына, аңсаған арманына жетеді.