: Оқушыылардың өз денсаулығына жаңаша көзқараспен қарап, оны сақтауға үйрету, балалардың өз денсаулықтарын сақтауға, тазалыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Денсаулық құпиялары»
Күні: 05.12.16
Тақырыбы: Денсаулық құпиялары
Мақсаты: Оқушыылардың өзденсаулығына жаңаша көзқараспен қарап, оны сақтауға үйрету, балалардың өз денсаулықтарын сақтауға, тазалыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сыныптан бір оқушыға оқыту. «Денсаулық – зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәрі де болады. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған құнды сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға ұмтылады.
Сонымен балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
-Дендерің сау болса, өздеріңді қалай сезінесіңдер?
-Егер ауырсаңдар ше?
-Қалай ойлайсыдар, адамдар неге ауырады?
Қазір денсаулықты сақтау үшін не істеу керек және оған не зиян екенін анықтаймыз. Ол үшін ойын ойнаймыз.
Ойынның аты: «Денсаулықтың достары мен дұшпандары» деп аталады. Оны сендер берілген тапсырманы орындау арқылы өздерің анықтайсыңдар.
Екі топқа ассоцияция беру.
Дайын болған жұмысты қорғау.
Сонымен денсаулықтың достары мен дұшпандары не екен?
Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар? ( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.) Адам денсаулығына қас. ( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.) денені шынықтыру Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жұмбақ шешу.
1.Оны күткен адамдар
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар
Байлық осы деседі. (Денсаулық)
2. Бір-бірімен дос туыс,
Тау түбінде қос қуыс. (Мұрын)
3. Жарасы жоқ сыздайды,
Өртенеді, мұздайды. (Жүрек)
4. Ертемен күнде сен
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір, ласың
Тап-таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
5. Шомылған баланы
Аймалап алады:
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да.
Бұл не? (Сүлгі)
6. Одан кір қорқады Судан бұл қорқады. (сабын) 7. Дәміде жоқ, түсіде жоқ Пайдаланбас кісі жоқ. (су) 8. Жуынып болғанда Жүреді қолында. (орамал) 9. Түйістіреді көзіңді көзіңе Жолықтырады өзіңді өзіңе. (айна) 10. Қалтамда жатыр Тістері бар батыр. (тарақ) 11.Бәтеңкесін, пальтосын Өзі кие білмейді Бұл баланы кім дейді? (жалқау) 12.Көзінен жас кетпейді Балалардан шетпейді Бұл баланы кім дейді? (жылауық) 13.Шықпай жатып көшеге Үсті басы кірлейді Бұл баланы кім дейді? (салақ)
1-оқушы. Шығу үшін шымыр боп Шынығамыз шаршамай Бұлшық еттер шымыр боп Аламыз сосын тыныс жай 2-оқушы.
Жалқаулықты тастаймыз Жаттығуды бастаймыз Қиынсынып қашпаймыз Шынығамыз жастай біз 3-оқушы. Спортпен айналыс Сұлулық сыйлаған Сол саған пайдалы іс Сауық пен кинодан
4-оқушы. Тойып ішсен қаншама Ауырасын соншама Асқазанды бүлдірсең Жазылмас қанша күн жүресің. Сонымен бірге денсаулықтың бір дауасы таза ауа. 5-оқушы.
Денсаулықтың дауасы Даланың ауасы. Көк өзен, күмбез тау. Ну орман ағашы.
Мақал-мәтелдерді жалғастыр:
1.Дені саудың – жаны сау.
2.Денсаулық зор байлық.
3.Ас - адамның арқауы.
4.Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жолын ізде.
5.Тазалық денсаулық кепілі 6.Шынықсаң - шымыр боласың.
7. Ас иесімен тәтті
Табағымен жақсы.
8. Бал ұстаған бармағын жалатады.
9. Өзі тоймастың көзі тоймас.
10. Көзің ауырса қолыңды тый,
Ішің ауырса аузыңды тый.
11. Тазалық - саулық кепілі,
Саулық - байлық кепілі.
12. Демі бардың – емі бар .
Жағдаят.
1-жағдаят. Кеше Асанға әжесі алма берген болатын. Ол оны бірден жеп қойды. Кешке Асанның іші ауырды. Қалай ойлайсыңдар неге?
2-жағдаят. Талғат жазылмас дертке шалдыққан. Оның үлкен зәулім үйі, көлігі, бау-бақшасы, ақшасы бар. Талғатты бай деп айта аламыз ба?
Қорытынды сұрақтар:
-Тіс емдейтн адамды кім дейді?
-Көз көрмегенде киетін зат қалай аталады?
-Тіс тазалайтын құрал?
-Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ.
-Жалқаудың досы не?
-Таза жүретін баланың достары нелер?
Бекіту: Екі топқа «Денсаулық» сөзін беру. Бір топ денсаулық сөзін құрастырады, келесі топ денсаулық сөзін бұзады.
Не байқадыңдар, құрған жеңіл ме, әлде бұзған ба?
-Дұрыс, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаған. Денсаулықты күткен дұрыс. Оны сақтау керек. Себебі ол біздің басты байлығымыз. Сабақ аяқталды. Рахмет.