Просмотр содержимого документа
«Дарынды бала: Ол кім?»
Сабақтың тақырыбы: «Дарынды бала: ол кім?»
Сабақтың мақсаты: Қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру; балалардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту
Сабақтың түрі: дебат
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі:
-амандасу;
-балалардың сабаққа қызығушылығын арттыру;
2. Тақырыпты ашу;
Мұғалім сөзі:
Қай халық үшін де ұлы мұрат – ана тілі мен төл мәдениетін сақтай отырып, оны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу. Ал болашаққа аманаттау міндеті,ең алдымен білім беру саласымен байланысты. Өйткені білім ғана қоғамды көркейте алады. Тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып,таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды қабілеттер аса жоғары бағаланған. Оларға дұрыс тәрбие берудің біздің міндетіміз. Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса ,олар ұлтымыз үшін мақтаныш .Сондықтан талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және оның бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орынын табуға көмектесу қажет. Жалпы,дарынды баланы таңдап алу ұзақ уақыттың жемісі десек қателеспейміз. Мұнда, «5»- ке оқитын баланың бәрі дарынды емес.
«Дарынды бал ол кім?» тақырыбында ортаға тақырып тасталып балалар арасында пікірталас жүргізу;
1-топ: Дарынды баланың ақыл – ойы, дербестігі,шығармашылық ой - әрекеті жоғары болады. Ол болып жатқан іске қанағаттанбайды, өздігінен ізденіп,жаңа іс- әрекет жасайды. Сондықтан мұндай баланы дер кезінде танып,бағыт- бағдар беріп , көмек көрсету- әр ұстаздың міндеті. Дарындылық негізі- ізденіс пен белсенділік. Жалпы олимпиадалар, көрмелер, лабораториялық жұмыстар, техника апталықтары, басқада шығармашылық істерге қатысу, түрлі байқауларды қою мен өткізу дарынды балаларды анықтауға көмектеседі. 2- топ: «Дарынды бала» ерекшелігі Дарынды балалардың ерекшелігін бірнеше тұрғыдан байқауға болады: Біріншіден, педогогикалық тұрғыдан: өзгеше ойлайды,көп көлемде білім меңгереді де оны ұмытпайды. Екінші, психологиялық тұрғыдан: Ішкі сезімі ерекше өте сезімтал, толыққанды, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қояды. Үшіншіден, физиологиялық тұрғыдан: Дамудағы шапшаңдылық, жиі–жиі ойға берілу, қиял күшінің басымдылығы. Төртіншіден, әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: Адамгершілік сезімдері ерте дамыған, моральдық қасиеттері жоғары болуы. 1-топ: Дарынды балаларды анықтау үшін зерттеу жұмысының бөліктері: І. Баланың бағыты: өмірлік позициясы,сенімі, талғамы, қызығуы. ІІ. Танымдық психикалық қасиеттері: зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял. ІІІ. Оның сезімі және ерігі: ІV. Темпераменті: мінез – құлқының табиғи ерекшелігі. V. Мінезі: психикалық сипаты. VІ. Қабілеті: іс әрекет мүмкіншілігі. Мұғалім оқушыны дамыту үшін, бұл бөлімдердің барлығын толық білуі қажет. Сонда ғана ол оқушының дамуын педогогикалық психологиялық тұрғыдан дұрыс басқара алады. 2-топ: Жалпы қабілетті дамыту үшін қойылатын талаптар: 1. Туа біткен қасиетті тану 2. Отбасының жағдайы 3. Ата – анасының қолдауы. 4. Ұстаз біліктілігі. 5. Мектептегі оқыту мен тәрбиенің мәні Міне, осындай талаптар ұштасқан кезде ғана қабілетті, талапты, талантты оқушылардың ерекше қасиеттерін жетілдіру, одан әрі дамыту жұмысы ұйымдастырылады. 3. Қорытынды:
Мұғалім сөзі:
Мұнда әр мұғалім табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыру үшін аянбай еңбек етіп өз міндетін атқару қажет. Мұғалімнің бірлескен жұмысының нәтижесінде ғана дарынды оқушылар жемісті еңбек етіп, күткендей жетістіетерге қол жеткізуге болады. Мұғалімге қойылатын талаптар: 1. Дарынды баланы анықтау. 2. Ата – анасымен мәдениетті сөйлесе білу 3. Дарынды балаларға арнап бағдарламалар түзе білу 4. Сабақта жаңа технологияның тиімді пайдалы жақтарын орынды пайдалана білу. 5. Балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін қосымша жаңа, тың тапсырмалар беру. 6. Оқушы жұмысын дұрыс бағалай білу. Бала бойындағы дарынды ашуда әрбір ұстаз өз жұмысын нақтылы жүргізсе, онда баланың өмірге деген көзқарысын қалыптастыра алады.
А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Дарынды бала: ол кім?»
(дебат)
Өткізген : Бастауыш сынып мұғалімі Сапарова.Н.С
2016-2017 оқу жылы
2016-2017 оқу жылында 3 «А» сыныбында «Дарынды бала: ол кім?» тақырыбында дебат түрінде өткен ашық тәрбие сағатының жүргізілуі туралы анықтама
Мақсаты: Қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру; балалардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту .
Тәрбие сағатына сыныптағы 16 оқушы түгел қатысты. Балалардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында сергіту сәті орындалды. Балалар екі топқа бөлінді. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың дебат түрінде өтетіні түсіндірілді. Мұғалім дарынды бала туралы алғы сөзден кейін ортаға «Дарынды бала: ол кім?» тақырыбын тастады. Оқушыларға 3минут уақыт берілді. 1-топ: Дарынды бала болып жатқан іске қанағаттанбайды, өздігінен ізденіп, жаңа іс-әрекет жасайды,- деген пікір айтты. Ал 2-топ болса: дарынды бала өзгеше ойлайды, көп біледі, әрі ұмытпайды. Адамгершілік қасиеттері ерте дамыған, моральдық қасиеті жоғары дамыған болады, -деген пікірді алға тартты. 1-топ балалары: мұғалім дарынды оқушыны психологиялық - педагогикалық және бағыты жағынан нақты анықтап, дамуын ары қарай басқара алады, -десе, 2-топ : туа біткен қасиетті тану, отбасының жағдайы, ата-анасының қолдауы, мектептегі оқыту мен тәрбиенің маңызы сияқты талаптар ұштасқан кезде ғана қабілетті, талапты, талантты оқушылардың ерекше қасиеттерін жетілдіру ұйымдастырылады деген пікірде қалды.
Мұғалім баланың бойында дарынды ашуда әрбір ұстаз өз жұмысын нақтылы жүргізсе, онда баланың өмірге деген көзқарасын қалыптастыра алады деген тұжырымға келді. Оқушылар дебатқа белсене қатысып өз ойларын ашық, еркін ортаға сала білді. Әсіресе, Абылай, Алия, Айгерим, Бейбарыс топтағы оқушылардың алды болды. Топта белсенділік таныта алмай, өз пікіріне сенімсіз оқушылар да болды.
Ұсыныс:
1.Өз ойларын анық, нақты жеткізе алмайтын оқушылармен (Аманат, Мирас) жеке жұмыстану ;
2.Оқушылардың шығармашылық және белсенділік қабілеттерін шыңдау мақсатында пікірталастарды жиі ұйымдастыру.