Жүру барысын алдын ала үйлестіру Алғашқы сөз (кезең) Ортаңғы кезең Тапсырм лар легі Соңы(бекіту) | І Ұйымдастыру. Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар? Армысыздар ардақты ұстаздар мен білім сайысына қатысушы жас қырандар. Кешті ұйымдастырушылар атынан жалынды сәлем! « Біз зейінді баламыз» атты сайысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі біздің « Біз зейінді баламыз» атты кешіміз жарыс түрінде өтеді. Жарысқа 1Б сыныбынан құралған 3 топ қатысады. Осы топтардың әділ бағасын беретін « әділқазылар алқасын » сайлап алайық. Берентаева Э.К Қитаманова А.С Қуанышбай А.Х Тыныштықова Ж.А 🔢 I бөлім « Кім шапшаң ? » ойынын бастаймыз. Ойынның шарты есеп екі топтың мүшелеріне 3 есептен берілген. Есепті қатесіз, шапшаң шығаруымыз керек. Қай топтың мүшелері есепті қатесіз шығарса сол топтың мүшелері жеңіске жетеді. Әр есептің дұрыс жауабы 5 ұпайдан. Тапқырлар тобы: 15+3= 14-2= 17+3= 15-6= 14+3= 14-8= 15+2= 13-5= 8+6= 17-9= Алғырлар тобы: 14+2= 15-2= 18+1= 16-8= 16+4= 13-7= 13+5= 12-9= 9+4= 17-8= Зейінділер тобы: 12+6= 14-3= 17+3= 15-9= 16+3= 18-9= 14+4= 13-5= 8+5= 17-8= 🧩 II бөлім: « Ғажайып математика» 9 ұяшық берілген 9 ұяшықтың әрбірін таңдау арқылы өздеріңе ұпай жинайсыңдар. Әр ұяшықтарда логикалық есептер жасырылған. Егерде сұраққа жауап бере алмасаңдар, келесі топтың мүшелері жауап беруге болады, ұпай саны жауап берген қосылады. 🧠 III бөлім: «Зейінді бол!» Өткір болсаң ұтарсың, Тапқыр болсаң табарсың. Оқысаң өрге басарсың, Жауабын жылдам табарсың. – дей отырып, сайысымыздың 4 бөлімі « Амал таңбаларын қою » кезеңін бастайық. IV. Математикалық жұмбақтар « Жылдам тап » ойыны Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік, Сөз кезегін жұмбақтарға берелік. Арамызда тапқыш достар көп екен, Солардың енді жауаптарын көрелік. деп сайысымыздың 7 бөлімі Математикалық жұмбақтарға кезек берейік. Жұмбақ екі топқа бірдей беріледі. Бір – бірімен жарысқан Төрт аю, бір арыстан. Екі қой мен бір түлкі Бәрі нешеу кім білді. ( 8 ) Түйе, бота маң басқан Төртеуі аяғын тең басқан Шұнақ құлақ бес ешкі Төрт қозылы екі қой. Бәрін бірге санап қой. ( 15 ) Көлден ұшты 40 қаз, Қайтып қонды 15 қаз. Қонбады оның нешеуі, Кәне, кім тез шешеді? 40 – 15 = 25 🎨 V бөлім: «Кесте құру және заңдылықтар» 🏅 Бағалау: - Әр бөлімнен ұпай беріледі (жүлде белгілерімен). - Әділқазылар алқасы сайысты қадағалап, нәтижесін шығарады. 🎁 Қорытынды бөлім: - Барлық қатысушылар мадақтамамен марапатталады. - Жеңімпаз топқа «Зейінділер» медалі немесе мақтау қағазы беріледі. Құрметті көрермендер осымен « Біз зейінді баламыз» атты пәндік шарамызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына берейік. ( әділқазылар алқасы өз шешімдерін айтады ) Білімнің тұңғиығына бойлайтұғын, Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын. Ғылымдар патшасы боп дараланып, Математика қызықты тойлайтұғын. Сонымен біз бүгін математиканың көп тапсырмаларын орындадық. Барлық ғылымдардың патшасы математика деп бекер айтпайды. Қазіргі экономика заманында есепке жүйрік болуымыз керек. Сонда ғана өз заманымыздың алдыңғы қатарлы азаматы боламыз. Сайысымызды аяқтаймыз. Марапаттарыңыз құтты болсын . Биік шыңнан көріне беріңіздер. | 1 топ « Тапқырлар » Бір мектепте оқимыз бәріміз де, Достық сөзі әрқашан дәрі бізге. Жарысуға сендермен келіп тұрмыз, Мына жұртың таңырқасынбәрі бізге. Біздің тобымыздың аты: « Тапқырлар » Біздің тобымыздың ұраны: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» 2 топ « Алғырлар » Сендерді айта алмаймыз нашар деп, Ойламаңдар, қорқып біздер қашар деп. Біз дайынбыз жарысуға достарым. Көрсетеміз бізде қандай күш барын. Тобымыздың аты: «Алғырлар» Біздің тобымыздың ұраны : «Оқу – білім азығы, білім ырыс қазығы» 3 топ «Зейінділер» тобы Зейінді біз -зерекпіз. Тапқыр, алғыр, еріктіміз Математиканы сүйеміз Бар есепті білеміз! Біздің топтың аты- Зейінділер. Ұранымыз- Зейінді болу- жеңістің жолы! Оң жақтағы 10. Үстелдің үстінде 5 стақан сүт тұр еді, Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды столдың үстіне қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды. ( 5 ) Ортадағы 10. 4 жұмыртқа 2 минут қайнайды.1жұмыртқа неше минут қайнайды. (2) Сол жақтағы 10. Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Ағасында неше асық бар. ( 19 асығы бар ) Оң жақтағы 20. 2 дм- де неше сантиметр бар? (20 см) Ортадағы 20. Бір бөлке нан 12тг теңге тұрады, тоқаш 5 тг тұрады. Барлығына қанша ақша жұмсайды? (17тг) Сол жақтағы 20. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір кірпіштің салмағы қанша болады ? ( 4 кг ) Оң жақтағы 30. Қалың дәптер 30тг , жұқа дәптер 25 тг тұрады. Барлығына қанша тг ақша жұмсалады? (55тг) Ортадағы 30. Алма 8 кг, алмұрт 10 кг. Алмұрт алмадан неше кг-ғ артық? (2 кг-ға) Ортадағы 30. 1 сағатта неше минут бар? (60 минут) Тапқырлар тобы 4 + 3 - 2 =5 8 - 4+ 5= 9 8+3 - 4= 7 Алғырлар тобы 5+3 -1=7 9- 5 + 2=6 7+4 – 3= 8 Зейінділер тобы 3+6 - 3= 6 7-5 +7 = 9 6+5 – 2 = 9 1. Табақта он бес алма, Қолымда төрт алма, Барлығын қосқанда Болады неше алма? Екеуін бердім апама, Екеуін бердім атама, Үшеуін алды інім Нешеуі қалды өзімде? (12) 2. Алматта бір асық, Санатта бір асық, Қанатта бір асық, Ал менде екі асық, Барлығы неше асық? (5) 3. Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады? 4. Жанұяда 7 ер баланың бірбірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз) 5. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 тауық, 2 бұзау) 6. Үш ағайындының ішінде Асқар, Айдардан ұзын, ал Айдар Жарастан ұзын. Кім ұзын бойлы Жарас па әлде Асқар ма? (Жарас Асқардан аласа) Жауаптары: |