Білімді мыңды жығар(интеллектуалды ойын)
Есова Фарида Кусаиновна
Ақешкі бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Алматы облысы Ескелді ауданы Ақешкі ауылы
Максаты:
Жан –жақты ой – өрісі кең , өз елінің, халқының қалын ойлайтын азамат болуға баулу. Оқушылардың ынтасын, зейінің ,қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту
Тапқырлыққа, белсенділікке , алғырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: логикалық тапасырмалар, суреттер, шарлар, альбом, үлестірмелер.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
Кіріспе:
-Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар. « Білімді мыңды жығар.» атты сайысымызды бастамай тұрып әділқазылар алқаларың сайлап алайық.
Қарағым оқу, оқы, босқа жүрме,
Ойынға құр қаларсың көңіл бөлме.
Жолама шақырса да қасына ерме,
Кідірме, аялдама, ұмтыл алға. деп ұлы Абай атамыз айтқандай бүгінгі сайыста әр топқа сәттілік тілемін.
1 топ
Бір сыныпта оқимыз бәріміз де,
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге.
Жарысуға бүгін біз келіп тұрмыз
Жеңсін біздің достығымыз.
2 топ
Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазылар
Еңбегін тапқарлардың әділ сына.
І айналым «Тездет, бірақ кателеспе»
Әр топқа 12 сұрақтан қойылады әр дұрыс жауап 5 ұпай.
1 топ.
1. Қай сыныпта оқисың?
2.Қ.Р. шекаралас 5 мемлекет (Ресей, Қытай;Қырғызыстан, Өзбекістан, Түркменстан.)
3.Абайдың анасы кім? Ұлжан.
4 Қ.Р мемлекеттік туының авторы кім? Ш. Ниязбеков.
5.Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? 1940-1945 ж.
7 Ұзындық өлшем бірліктерін ата. Мм,см,дм,м,км.
8.Қасиетті тілімнен түңілмедім. М.Мақатаев. «Үш бақытым»
9. Абайдың бес асыл ісін ата. Ақыл, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
10. Өмір сүру үшін адамға ең қажет заттар (телефон, көлік, теледидар.) тамақ, ауа, жылу,жарық.
11 «Егізқара» оқиғасы қай ғасырда болған. Негізгі кейіпкерлерін ата. Бәйке, Бике.
12. Етістіктердің шақтарын ата. Осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
13. Мектеп меңгерушісі АБМ. Садвакасова Ғ.Р.
2 топ.
1. Адам денесінің тірегі. Қаңқа.
2.Біздің аулдың әкімі кім. Оразов Ораз Құрмангалиевич.
3. Судың үш түрі бар. қатты,сұйық, газ.
4.Әлемдегі ең кішкентай құс. Коллибри.
5.Абайдың бес дұшпанын ата. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ.
6. Қай құс жұмыртқа баспайды. Көкек.
7. Бұрышты өлшейтін құрал. Транспортир.
8. Пайдалы қазбаларды ата.
9.Абылайханға Төле бидің қойған аты. Сабалақ.
10.Масса өлшем біліктерін ата. Гр.кг, ц, т.
11.Көкжиектің тұстарын ата.
12. Хат сөйлеудің қай түріне жатады? Жазбаша.
12.120 минутта 3 сағат бар. 2 сағат.
13.Террикондар дегеніміз не?
Тауды биік деме сен
Талаптаңсаң шығарсың.
Жауды мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың дей келе
2 айналып «Ұшқыр ой» бірінші болып орындаған топқа 10 ұпай.
Берілген бір сөзден бірнеше сөз ойлап құрастыр.
Ынтымақтастық
Ынтымақ, тас, сақ, ақ, тақ, тамақ, , ат, тақта, сақта, сақтық, ақтық,қытық, қатық,,маса, ана, ата,масса,мақта, қыс,тық,ық,тақым,қас,атта,қатыс, қатынас,саты,там,мамық,нақ,қант,нан.
«Айықты сөздер » берілген сөздердің мағынасын түсіндір. 10ұпай.
1.Бес қайнатсаң сорпасы қосылмайды. Еш бір туыстығы жоқ.
2. Түн ұйқысын көз ілмедім. Ұйықтамадым.
3. Төбесі көкке жетті. Қатты қуанды.
4. Ине шаншар жер жоқ. Бос орын жоқ.
5. Қой аузынан шөп алмас. Өте жуас.
6.Көзді ашып жұмғанша. Тез, лезде.
7. Қабағына қар жауып. Ашуланды.
1.Таяқ тастам жер. Жақын.
2.Жүрегі тас төбесіне шықты. Қатты қорықты.
3. Қас пен көзін арысында Тез, лезде.
4.Бетінен оты шықты. Ұялды.
5. Ит өлген жер. Алыс.
6.Қабағына қар жауып, кірпігіне мұз қатып. Ашуланды.
7.Итше ырылдасып. Ерегесу.
Сәби, оқушы сөздерін септе. 5 ұпай.
Сөздерге дыбыстық талдау жаса. 5 ұпай
Зейнеткер, инелік.
Сөзжұмбақ шешу. 5 ұпай.
Берілген сөздерді ағылшын тіліне аудару. 1 топ
сынып - қалам - мұғалім - мысық -жаңбыр - дәптер - жапырақ - жел -
2 топ
оқушы - тақта - күшік - көктем -
кітап - жолбарыс - дала - қар -
3 айналым. « Тіл өнері" Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
Бұл кезеңде мен сендерге жұмбақ жасырам , жұмбақтың жауабын екі тілде айтасыңдар, яғни қазақша-орысша.
Қоймасың қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. Қар –снег.
Қағазсыз ақ, қаламсыз ақ
Сурет салар адамға ұқсап. Аяз –мороз.
Суда қалқиды,
Жылыда балқиды. Мұз – лед.
Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. Қоян –заяц.
Ауаға шықса ауырады,
Су ішінде сауығады. Балық-рыба.
Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. Пияз-лук.
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. Дерево – ағаш.
Жолбарыстан ауымайды,
Пеш түбінде аунайды Мысық –кошка
Желден желігеді,
Судан шегінеді. От-огонь
Өзі қалып орнында,
Бізді алға көшірді . Сынып –класс.
Математика
1 айнылым «Кім жылдам?»
А)Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді, Дастан 1 стақан сүтті ішіп, үстелдің үстіне қойды.
Үстелде неше стақан қалды?
Ә)Үш түйе құс ұшып келе жатты.Аңшылар бірін атып алды, қаншасы қалды?
Б)Қара ағашта 5 шабдалы өсіп тұр. 1 жерге түсті қанша шабдалы ағашта қалды?
В)Қосарланып жегілген үш ат 1 сағаттың ішінде 27 км сағ. жол жүрді. Осы уақытта бір ат қанша жол жүрді?
2 айналым «Ойлан тап»
0,1,2,3 сандарын пайаланып қосындысы 3- ке тең болатын қанша үш таңбалы сан жазуға болады?
111, 120, 102, 210, 300 201.
3 айналым «Сиқырлы 5 –тер» Арифметикалық амалдарды пайдаланып өрнектердің мәнін тап.
5 *( 5 – 5) = 0
(5+ 5) / 5 = 1
(5 + 5 )/ 5 = 2
(5 + 5 + 5 )/ 5 = 3
(5 * 5 - 5)/ 5 = 4
(5 - 5 )* 5 + 5 = 5
(5 * 5+ 5 ) / 5 = 6
(5 + 5) / 5 + 5 = 7
(5 + 5 ) - 5 / 5 = 9
5 * 5+ 5 * 5 = 50
5 * 5 + 5 + 5 = 35
5 + 5 * 5 - 5 = 45
3 айналым « Математикалық ребустар»
4 айналым суретпен жұмыс «Айырмашылығын тап»
5 Суретте қанша тіктөртбұрыш бар анықта
6 айланым «Сиқыршының сандығы.» Судың қасиеті.
Қыздардың орындауында «Флешмоб»
Қорытынды:
Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі
Жеңімпаздарды анықтау.
Марапаттау.