kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сыныптар апталық есебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

бастауыш сыныптар апталық есебі сабақтарға талдау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныптар апталық есебі»

Аңдатпа, Бастауыш сыныптар апталығының қорытынды есебі



Ақмола облысыЗеренді ауданы

КММ «Викторовка орта мектебінің»



Бастауыш сыныптар арасында өткен

«МЕН МАТЕМАТИКПіН» атты

апталықтың қорытынды есебі

 



    Бастауыш сынып математика пәні апталығы 13-ші қарашадан 20-сыншы қараша аралығында болып өтті. Апталық басталмас бұрын апталықтың жоспары құрылып, әдістеме бірлестігінің екінші отырысында талқыланды және бекітілді.


Тақырыбы:  «Мен жас математикпын»

Апталықтың мақсаты: математика сабағында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру; шығармашылық қабілетін арттыру.


Апталықтың міндеттері:-оқушылардың білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу;
- әр баланың өз қабілетін таныта біліп, одан әрі дамуына жағдай туғызу;
-пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату.

 

Өткізу принциптері: әрбір бала апталықтың барлық шараларына белсене қатысушы болып табылуы керек.

 

Апталық мынадай жоспарда құрылды:

  1. Апталықтың ашылуы

  2. «Қызықты математика алаңы»

3. Ашық сабақтар

4. Математикалық олимпиада

5. Апталықтың жабылуы.


Апталықтың бірінші күні 2 - сабақ үзілісінде аппталықтың ашылу салтанатына орай саптүзеу болды. Бұл  саптүзеу барысында апта бойында өткізілетін іс- шаралардың жоспары, апталықтың тақырыбы, мақсаты таныстырылып, соңынан математика туралы 4 «б», 3 «А», 4 «А» сынып оқушылары өлеңдер оқыды. Апталықтың тақырыбы (Мен математикпін) және мақсаты мен міндеттері де таныстырылып өтті.



Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:

Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.

Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.

Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларын практика жүзінде танытты.

Бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. «Математика алаңында» апта бойы қызықты шаршылар, математикалық сөзжұмбақтар, логикалық және қызықты есептер ілінді. Оқушылардың қызығушылықтары жоғары, белсенділікте қатысты.



Апталықтың екінші күні 14-қараша күні алғашқы ашық сабақты 2- сабақта 4 «Б» сыныбында математика пәнінен Молдахметова З. Б. «Умножение и деление на 10,100,1000» тақырыбында өткізді. Сабағына мектеп мұғалімдері және оқу ісінің меңгерушісі қатысты. Сабақ әдістемелік талапқа сай құрылған. Сабақ сәлемдесумен, психалогиялық дайындықпен басталып, оқушылардың өткен білімдерін тексере отырып, жаңа сабақпен байланыстыра сабақтың тақырыбын ашты. Сабақта оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалім өзінің шеберлігін көрсете отырып, қолдана білді. Оқушылар берілген тапсырмаларды рет-ретімен орындай отырып, тапсырмаларды толығымен қамтып, өз білімдерін көрсете білді. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізілді. Мұғалім оқушыларды сабаққа қызықтыра білді және бағалауды оқушылар құрылған критериялар арқылы өздері бағалады және стикерлер арқылы кері байланыс жасады. Өткізген сабағын талдай отырып, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, бақылаушылығы, эмоциялық деңгейі «Өте жақсы» деген қорытынды жасадым. Сабақтан көрініс.


14- күні 3- сабақта Данилова С.А. 3 «Б» сыныбында «Числовые и буквенные выражения» тақырыбында ашық сабақ берді. Мұғалім сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді қазақтың ұлттық салт дәстүрімен байланыстыра отырып, жоғарғы талғамман қолдана білді. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері:шашу, байге, айтыс, қызқуу, құрылтай, қазақша күрес, көкпар туралы қысқаша мәлімет бере отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырды.


Аптаның үшінші күні таңертеңгі кезеңде мектепалды даярлық сыныбында Темирбаева Н.Т. «Заттардың қасиеті» тақырыбында ашық сабағын берді.


Сондай – ақ, бастауыш сыныптар арасында математика олимпиадасы болып өтті. Олимпиадаға әр сыныптан 4-5 оқушыдан қатысты. Әр сынып деңгейіне қарай логикалық, қызықты есептер берілді. Олимпиада тапсырмалары балмен есптелінді. Мұнда ең жоғары көрсеткіш көрсеткен 4 «Б» сынып оқушылары болды. Мұғалімі: Молдахметова З.Б.

Екінші кезеңде 3 «А» сыныбында «Екі әріптен тұратын өрнектің мәні» атты ашық сабақ бердім. (мұғалімі:Мейрхан А.) Сабақты психалогиялық дайындықпен бастап, бұл күн 15-қараша Ұлттық теңгеміздің айналымға енген күнімен қатар келгендіктен сабақ арасынада алдыңғы және соңғы теңгелер туралы мағлұмат беріп, теңге туралы бейнежазба көрсеттім. «Жұбыңды тексер» ойыны арқылы үй тапсырмасы тексерілсе, «Кенеттен» ойыны арқылы көбейту, бөлу кестесі тексерілді. Жаңа сабақты оқушылар топпен жұмыс жасай отырып, меңгерді, есептер шығарды. «Дүкен» ойыны арқылы балалардың қаншалықты өз ақшаларын жұмсай алатындығын есеп арқылы тексере, «Кім жылдам?» ойыны арқылы сабақты қорытындыладым. Оқушылар жеке, жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасай отырып, өз білімдерін көрсетті. Басбармақпен бағалау, кәмпит арқылы бағалау шкаласын, кері байланыс қолдандым.




Апталықтың төртінші күні 16-қарашада таңертеңгі кезеңде Айсина А.Н. 1 «Б» сыныбында «Связ сложения и вычитания» тақырыбы бойынша, Хамзина С.С. 1 «А» сыныбында «Қайталау» тақырыбы бойынша ашық сабақтар өткізді. Айсина А.Н. сабағын өте тартымды өткізді. Оқушылар өте тәртіпті, ынталы қатысты және топпен жұмыс жасай білді. Мұғалім оқушылармен тығыз байланыста екенін, сонымен бірге мұғалімнің шеберлігі жоғары екенін көрсете білді. Әр тапсырма сайын бағалау парағы толтырылып отырды. Сабақ соңынды оқушылар бағалау парақшаларын өздері санап, жазды. Бұл оқушыларды өз өзін бағалай білуге үйренсе екінші жағынан санауға үйренді.




Хамзина С.С. сабағы да ерекше өтті. Кесте толтыру, әр оқушы қима қағаздармен жеке жұмыс, жұптық, топтық жұмыс түрлерін жасады. Топ пишка жинау арқылы бағаланды. «Шіріген алма» ойыны арқылы суретпен берілген тапсырмасы өте ұнады. Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін көрсете білді.


16- қараша күні 4 «А» сыныбы Касенова Ж.Ж. ашық сабақ берді. Сабақтың құрылымы бір сарынды емес, әр түрлі тапсырмалар, әрқилы әдіс-тәсілдер қолдану арқылы оқушылармен жеке жұмыс, топпен жұмыс жасады. «Миға шабул» стратегиясы кезінде деңгейлік тапсырмалар қолданды. «Баспалдаққа көтеріле отырып, мәреге жету» ойны арқылы оқу деңгейі төмен балалардың ынтасын сабаққа тарта білді. Мұғалім оқушылармен тығыз қарым –қатынаста жұмыс жасай отырып, оқушыларды ынталандыра, өзінің педагогикалық шеберлігі жоғары деңгейде екендігін көрсете білді. Оқушылар сабақ соңында рефлекция жасады.



Келесі күндері 2 «А» сыныбы Абжанова М.С, 2 «Б» сыныбы мұғалімі Коваленко П.В., орысша мектепалды даярлық сыныптарында ашық сабақтар өткізілді. Бұл сыныптарда да сабақтар жақсы өтті. «Екі жұлдыз, бір тілекте» ұсыныстар айтылды.


2 «А» сыныбы


2 «Б» сыныбы


Апталықтың соңғы күні оқытылуы орыс тіліндегі мектепалды даярлық сыныбы мұғалімі Касенова Асель Каирбековна ашық сабақ өткізді.

20.11 күні апталықтың жабылу жиыны болды. Апталықтағы математика олимпиадасының қорытындысы бойынша бірінші орын иеленген оқушылар: 4 «Б» сынып Тарапатий Данийл, Майер Данил, Хамет Санжар, 2 «Б» сынып Уфимцев Роман, 2 орын иеленгендер: 4 «Б» сынып Уфимцев Павел, Гончаров Владислав, 2 «А» сынып Хавдалғалам Ажар, 1 «А» сынып Азамат Роза, 3 «А» сынып Казакстанова Агила. 3-орынды 2 «А» сынып Қанатбек Ақмарал, Аманкелсін Баян, 3 «Б» сынып Кудряце Виталий, 3 «А» сынып Аденбай Айсұлу, Мукажанова Мерей, 4 «А» сынып Армия Лаззат, Өмирбек Аяндар мақтау қағазымен марапатталды. Сондай –ақ, «Математика алаңы» іс-шараға белсене қатысқан оқушылар да іріктеліп, марапатталды.


Бұл апталықта бастауыш сынып мұғалімдері жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдана білді, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырды, өз шығармашылықтарын шыңдап, педаглогикалық шеберліктерін көрсете білді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті және білімдерін шыңдады. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп ойлаймын. Осылай апталық аяқталды.


Бастауыш сынып әдістемелік

бірлестік жетекшісі: Мейрхан А.

20.11.2017ж

























































 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Бастауыш сыныптар апталық есебі

Автор: Мейрхан Алмагул

Дата: 14.02.2018

Номер свидетельства: 457495

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "№8 мектебіні? бастауыш сыныптары бойынша жылды? есебі"
    ["seo_title"] => string(53) "8miektiebininbastauyshsynyptaryboiynshazhyldykiesiebi"
    ["file_id"] => string(6) "310814"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459098061"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "баяндама "Бастауыш сынып о?ушыларына логикалы? есептерді? пайдасы.""
    ["seo_title"] => string(72) "baiandama-bastauysh-synyp-ok-ushylaryna-loghikalyk-iesieptierdin-paidasy"
    ["file_id"] => string(6) "249250"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446870882"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Жас м??алімдер мектебі "
    ["seo_title"] => string(28) "zhas-mu-g-alimdier-miektiebi"
    ["file_id"] => string(6) "204815"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1429727334"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Де?гейлік  курс ( 1 де?гей)  бойынша 2 -ші  таныстырылым. "
    ["seo_title"] => string(59) "dien-ghieilik-kurs-1-dien-ghiei-boiynsha-2-shi-tanystyrylym"
    ["file_id"] => string(6) "133644"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1416561202"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства