Просмотр содержимого документа
««Бағдаршам» тақырыбындағы тәрбие сағатының жоспары»
Сабақтың тақырыбы: «Бағдаршам» Сабақтың мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын сұрақ - жауап. Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару. Психологиялық сәт. Қуан шаттан, Қуан шаттан, Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң, Қайырлы күн, Күліп шықты, күн бүгін. ІІ. Жаңа сабақ. 1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. Ақылға салып ойланып, Тапшы мұны пысығым. (Жол)
Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?
(Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр)
2-жұмбақ: Жалғаған ел ортасын, Жатыр тосып арқасын. (көпір)
Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге
рұқсат етеді? (жедел-жәрдем, полиция, өрт машиналарына)
Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?
(Жүргізуші көлікті тоқтата алмауы себепті адам өміріне қауіп төнеді)
3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам) Мұғалім - дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгін айналамен таныстыру сабағында «Бағдаршам» әмірі атты тақырыпты өтеміз, яғни жолда жаяу жүру ережесімен танысамыз.(балалардың назарын суретке аудару) Мұғалім:- суретте не көріп тұрсыңдар? Оқушылар - үш түсті дөңгелек бар. Мұғалім - үш түсті кім атап береді? Оқушының жауабы -- Қызыл түс. - Сары түс. - Жасыл түс. Мұғалім - өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар.(жол қиылысында тұрған бағдаршам бейнеленген суреттерді ілу ) Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды. Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді.- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды. -Бағдаршам жайлы мультфильм көрсетіледі
-Бағдаршам жасау, жапсыру.
-Көрнекіліктермен жұмыс: Жол белгілерін көрсетіп, мультфильм бойынша белгілердің анықтамасын сұрау. ІV. Сергіту сәті. Қызыл көзі жанғанда, Сынық сүйем бас па алға, Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға, Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін жасқан ба? V. Жаңа сабақты бекіту. - Олай болса балалар «бағдаршам» ойынын ойнаймыз. - Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту. - Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді. - Оқулықтағы сурет пен жұмыс. - Суретте қай балалар ойын орнын дұрыс таңдаған?
Сауалнама:
1.Жүргіншілер деген кім?
А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар
С) белгілер
2. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?
А) болады В) болмайды С) білмеймін
3.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?
А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С) дүкен алдарынан
4. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс
А) кез-келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен
5. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?
А) 10 В) 12 С) 14
6. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?
А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері
7. Мына жол неше қозғалысты?
А) 4 В) 2 С)1
8. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?
А) сары В) жасыл С) қызыл
«Бұзба көше тәртібін, Ұрынасың апатқа. Қызықты өтсін әр күнің, Жақын болма шатаққа»
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау. - Балалар бүгінгі сабағымызда не туралы өттік? - Бағдаршам туралы. - Бағдаршамның неше көзі бар? - Үш көзі бар. - Қандай? - Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай белгілер? - Ақ жолақтар.
Жол тәртібін білейік. Аман - есен жүрейік. VІІ. МАДАҚТАУ: - Балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін. Сабағымыз аяқталды.