Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты»
Ешекенева Бактыгуль Нурахметовна
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
Аққайнар ауылы
«Чернова орта мектебі» КММ, 4-сынып
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана-аса қымбатты жан»
Мақсаты: балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: тәрбие сағатының тақырыбы жазылған плакат.Суреттер, шар,гүл суреттері,слайд.
Сынып оқушылары музыка әуенімен қолдарына гүл ұстап сынып бөлмесіне кіреді.
Хормен « Құрметті аналар 8 наурыз мерекесі құтты болсын.
Айғаным:
Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық. Аналарды құрметтеп, Ән маржанын ашайық.
Еркебұлан:
Ана дейміз біріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәби де жарқылдап, Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын!
Құрметті аналар, сіздердің алған гүлдеріңізге байланысты топқа бөлініп отырамыз. Қызыл мен ақ гүл алған аналар бір топ болып отырады. Сары мен көк гүл алған аналар бір топ болып отырады. (слайд )
Гүлфия:
Ақ анашым, аппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге
Бар баланың тақпағы.
Ерзат:
Өзіңсіз өмірде, жан анан,
Жұлдызым жарқырап жана ма?
Ақ сүтің әл беріп, нәр беріп,
Әр сөзің нұр құйды санама.
Зухра:
Тербетіп тәрімді,
Желпіген жанымды.
Жарық күн, жан ана,
Арнадым әнімді.
Мәди: Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Дарья :
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен!
Иван:
Айналдық, ана, өзіңнен
Біздер үшін күлім көктем.
Көреміз күрді көзіңнен
Мейірлене нұрын төккен.
Айғаным:
Аяулы асыл анамыз,
Сәулесін сепкен санамызға.
Ақылы асқан данамыз,
Жасай бер жайнап арамызда.
Еркебұлан: Мәпелейді, әлдилейді, бағады. «Құлыным» деп құшағына алады Өзгеге де, өзіне де жауапты Барлығына қалай уақыт табады?!
Шынар :
Мәпелейсің мені, анам.
Қолыңдағы құсынай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағында қажымай.
Рамиль:
Айналайын анашым Аялайсың, бағасын Сен үшін балалармен Ән шырқайық бәріміз
Ән: «Айналайын мама, қуанышыңмен!» ( Өлеңін жазған: К. Дүйсекеев, музыкасын жазған Н. Тілендиев)
Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады.
1-топ: Аналардың суретін салу.(оқушылар)
2-топ: «Менің анам » топтастыру
Ән «Ақ мамам» орындайтын қыздар тобы
3-топ: «Менің балам»(ата-аналар)
4-топ: «Мен анамын»
-Ана болу оңай ма?
-Балаңызға не істеуге даярсыз?
Күй « жастар» орындайтын Гүлфия
Мұғалім:
Әлемде ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады.Ана – аялы да мейірімді жан. Баланың тіл шыққаннан- ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Осы бір « ана» деген үш әріптің аясында адамзат баласына қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар.
Көрініс «Үш ана» Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр. Әйгерім – қыздың киімін киген бүлдіршін Анасы – қызметкер ана көрінісімен киінген қыз
Гүлфия: Ойыннан келген Айгерім Қуыршағын іздейді. Столдың астынан тапты да, Хал сұрауды көздеді.
Шынар: Қызым, менің қалайсың Томсырайып қарайсың. Қарның ашып отырмай, Тамақ ішсең жарайсың.
Егер тамақ ішпесең Қу сүйек боп қаласың. Отыр қане қасыма, Тамақтанып аласың (Қуыршағын алдына алып отырады)
Гүлфия: Әйгерімнің осы сәт, Анасы үйге кіреді. Тағат таппай қызының Қалын сұрап біледі
Анасы: Әйгерімжан, бүгін сен, Тамақ ішіп көрдің бе? Қызықтап әлде ойынды, Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде саған ұмытпай, Тамағыңды іш деймін. Тіл алмайсың қырсығып, Осы сені не істеймін (отырады)
Гүлфия: Анасының артынан, Аптығып әже кіреді. Ол – дағы өз қызының Қалын сұрап біледі.
Әжесі: Айналайын, алтыным Шаршадың ба, жарқыным. Ішпедің – ау тамақ та, Жайын ойлап жалпының.