kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана тілім – арым б?л

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:Ана тілім – арым б
Ма?саты: Ана тіліні? ?адір - ?асиетін ??ындыру, ана тілі а?ыл - ой дамуыны? ж?не барлы? білімдерді? негізі екенін д?лелдей т?сіндіру.
К?рнекілігі: На?ыл с?здер. ?. Ж?мадилов «?аза? тілі - ?зіні? даласындай ке? пішілген жайдары да жалпа? тіл.»
Барысы:
1. ?йымдастыру.
Кіріспе с?з: «?аза? тілі - рухани байлы?ымызды? ?айнар б?ла?ы» деп бекер айтылмайды. ?аза? елінде, ?аза? жерінде ?аза? тілі ?ркендеуі тиіс. О?ан ?аза? хал?ыны? ?рпа?ы ?ана емес, ?аза?станды мекендеп жат?ан барлы? халы? ?лес ?осуы тиіс. Ол ?шін ана тілімізді? ?адір - ?асиетін ?зіміз білуіміз, д?ріптеуіміз, насихаттауымыз керек.
2. Негізгі б?лімні? 1 - кезе?і /Тіл туралы бірнеше ма?ал - м?тел, на?ылдарды? м?нін ашу/
«Тіл сыйлы етер, ??тты ?ылар, ?сірер,
Бас та жарар, ?адір - ??тты ?шірер.» /Ж?сіп Баласа??ни./
1 - о?ушы: «Тілден ?ымбат ?азына жо?»
Ертеде бір ?ария д?ниеден ?терінде ?лына ?ымбат ?азына ?алдыр?анын айтып кетеді. О д?ниелік бол?ан ?кесін арулап жерлегеннен кейін, ?лы ?азынаны іздеуге шы?ады. Ауланы, ?йді т?гел ?опарып, ?кесі аманатта?ан байлы?ты таппа?шы болады. ?арама?ан жері ?алмай, ауылды? ?лкен адамына барып, бар жайды айтады.
- Балам, бос?а ?уре болыпсы?. ?ке? ?з ана тілін ерекше ?астерлеген, с?зге шешен, дуалы азамат еді. Оны? арт?ы?а, ?рпа?тарына ?алдыр?ан ??діретті ?ызыл тіл болатын. Ел ішіндегі, халы? аузында?ы сол ?азынаны ??рметтеуді аманатта?ан екен. ?йткені, тілден ?ымбат ?азына жо?,- депті а?са?ал.
2 - о?ушы: «?алымны? хаты ?лмейді»
?з Ж?нібекті? 62 биі бол?ан екен. Бір жолы хан билеріне «Д?ниеде не ?лмейді» деп с?ра? ?ой?анда, бір н?кері былай депті:
А?ын су ?лмейді,
Ас?ар тау ?лмейді,
Аспанда ай мен к?н ?лмейді,
?лемде ?ара жер ?лмейді.
Сонда Жиренше шешен о?ан ?арсы шы?ыпты:
А?ын суды? ?лгені -
Алты ай ?ыста ?ат?аны.
Ас?ар тауды? ?лгені -
Басын б?лтты? жап?аны.
Ай мен к?нні? ?лгені -
Е?кейіп бара бат?аны.
?ара жерді? ?лгені -
?ар астында жат?аны.
Ажал деген ат?ан о?,
Бір Алланы? ?а?паны.
Д?ниеде не ?лмейді?
Жа?сыны? аты ?лмейді,
?алымны? хаты ?лмейді.
3 - о?ушы: «Шаршы топта с?з бастау ?иын».
Бір к?ні жиынны? ортасында отыр?ан Досбол шешеннен біреу:
?ол бастау ?иын ба?
Жол бастау ?иын ба?
С?з бастау ?иын ба?- деп с?райды.
Сонда Досбол:
- ?ол бастау ?иын емес,
К?к найзалы ері? болса,
Жол бастау ?иын емес,
Со?ы?а ерген елі? болса.
Б?рінен с?з бастау ?иын,
Тауып айтса? мереке ?ылады,
Таппай айтса? келеке ?ылады!- деген екен.
4 - о?ушы: «С?з тап?ан?а ?ол?а жо?».
Ертеде Шамар ж?не З?л?аш атты екі адам бір ауылда т?рыпты. Шамар с?зге шебер, пысы? жігіт болса керек. Ал З?л?аш жуас, бостау жігіт екен. Ол заманда жер дауы, ру таласы толаста?ан ба? Бір к?ні ауыл жігіт тері жоры??а аттанып бара жатады.
Сонда Шамар: Бас?амызды? аттануымыз д?рыс - ау, осы З?л?аш не бітірем деп бара жатыр екен?- депті. Соны естіген З?л?аш: Шамар - ау, сені бірн?рсе білетін жігіт пе десем, еш н?рсе білмейді екенсі?. Атысып жат?ан жау сені? Шамар, мені? З?л?аш екенімді ?айдан айырсын?- депті. «?й, с?з тап?ан?а ?ол?а жо?» деп жігіттер ду к?лісіп, ат?а ?оныпты.
5 - о?ушы: «А?дамай с?йлеген ауырмай ?леді».
Жастайынан тап?ыр с?зімен аты шы??ан Б?лтірік а?ын бірде ауыл аралап ж?ріп, бір бекті? ?йіне т?седі. Бек Б?лтірікті? киген киіміне тыжырына ?арап т?рып, оны бір м??атпа? оймен:- Е, Б?лтірік, асы?ып киіне ?йелдерше киімні? бірі ?зын, бірі ?ыс?а ?ой?- депті. Б?лтірік бекті? с?ра?ына шамданбай, сабырлы кейіпте:
- Ай, Б?ке - ай! Нені с?райсы?. ?л ?скен со? ?л киінді, ?ыз ?скен со? ?ыз киінді. Мен олармен жарысайын ба? ?зын болса ?лымдікі, ?ыс?а болса ?ызымдікі шы?ар,- деп жауап ?атыпты. Бек перзентсіз екен. «А?дамай с?йлеген ауырмай ?леді» деген ?ой. ?ял?аннан ?ып - ?ызыл бол?ан Бек:- Са?ан дауа жо? екен, Б?лтірік,- деп теріс айналып ж?ріп кетті.
6 - о?ушы: «Тіл тас жарар, тас жармаса, бас жарар»
«А?табан ш?бырынды, ал?а к?л с?лама» деген ж?ртшылы? болып, ел ш?быр?анда, малды? ішіндегі семізін сойып, ел жей берген екен. Сонда бір к?к ала бие он бес ауылда асырау?а жарапты. Биеден бір сау?анда, бір ?лкен ?нек с?т шы?ады екен. Иесі «к?з тиеді, тіл тиеді»,- деп сайдан - сай?а жасырып, байлап ж?ріп сауады екен. Бір к?ні биесін сауарда к?з ?шына т?рт кісі к?рінеді. Сол кісілер келіп жеткенше, биесін сауып ?лгере алмапты да к?некті? ішіне «тіл болса?, тас?а ти»деп бір ?ара тасты салып жіберіпті. ?лгі жолаушылар амандасып бол?аннан со?:
- Мана біз к?з ?шында к?рінгеннен бие сауып отыр еді?, манадан сау?аны? к?л болып а?арлы? болды ?ой,- деп та?данады. Иесі:- Биемні? жуырда иімейтін жаман мінезі бар еді, сіздерді? алдары?ызда ?ана зор?а иіді,- деп жауап береді.
Кісілер кетісімен с?тті сабасына ??йса, к?некті? т?біндегі ?ара ас т?ртке б?лінген екен. «Тіл тас жарар, тас жармаса, бас жарар»,- деген с?з осыдан ?алса керек. Егер тас салма?анда, биеге к?дік болары с?зсіз.
7 - о?ушы: «Аталы с?з а?ыма? то?тамайды».
?мір Темір ?ндістан?а бар?ан сапарында сол жерді? ?нерпаздарын ша?ыртып алып: «Осы ша?арда?ы ас?ан бір сазгер бар дегенді естігенмін»,- дейді. Шабармандар бір со?ырды ?мірді? алдына алып келеді. Сазгерді? ?неріне ?бден риза бол?ан патша оны? есімін с?райды. Сазгер «Атым - Мемлекет»- деп жауап береді. «Мемлекет те со?ыр бола ма екен»- дейді патша жымиып. Сонда за?ип сазгер: «Егер мемлекет со?ыр болмаса, а?са?ты ?йіне кіргізбес еді»- депті. Сазгерді? с?з тап?ырлы?ына риза бол?ан Темір о?ан к?п сый - сияпат беріп, шы?арып салады. Ата?ы жер жар?ан ?а?арлы А?са? Темір де аталы с?зді? ?адірін танып, ж?йелі с?зге то?тай білген екен.
8 - о?ушы: «Е? ащы да - тіл, е? т?тті де - тіл»
Ертеде бір бай дос - жарандарына ?она?асы бермекші болып, ?ызметшісіне «Ж?рт та??аларлы?тай ?она?асы даярла, та?амдары? ?те т?тті болсын»,- дейді. ?ызметшісі базарды біраз арала?аннан кейін, біры??ай тіл ?келеді де ?рт?рлі та?амдар даярлайды.
?она?тар асты с?йсініп жеп, ризашылы?тарын білдіреді де тама?ты? тек тілден жасалуыны? сырын с?райды.
- Мен ?з ??мырымда тілден д?мді н?рсені кездестірмедім. Тіл адамдарды табыстырады, онда ?ылымны? кілті бар, ол - шынды? пен данышпанды?ты? ??ралы, соны? к?мегімен халы? о?у о?ып, білім алады, ?мір шатты?ын мада?тайды!- деп жауап береді.
Келесі жолы иесі е? ащы та?амдарды даярлауды ?сынады. ?ызметшісі тек тіл та?амдарын даярлайды. Келген ?она?тар асты? барлы?ыны? да ?ткен жол?ыдай тілден даярлан?анын біліп, ас?а к??ілдері онша шаппай ?алады. Ал ?й иесі ашуланып, ?а?арына мініп, ?ызметшісін аясыз жазалама? болады. Осы кезде жалшысы:
- Неге ашуланасыз, мырзам. ?мірде тілден ?ткен ащы жо?: адамдарды ?а?ыстыратын да, ел мен жерді жауластыратын да, б?ле - жаланы? б?рі де осы тілден шы?пай ма? Ол - з?лымды? пен ?тірікті?, к?м?н мен к?н?ні? ??ралы. Сонды?тан да мен сізді? тапсырма?ызды осылайша орындадым,- дейді.
?она?тар да, ?й иесі де жалшы жауабына риза болып, ашуларын ?айтарады.
9 - о?ушы: «Таза мінсіз асыл с?з, Ой т?бінде жатады»
Тілді тек ?арым - ?атынас ??ралы ?ана десек ?атты ?ателесеміз. Тіл с?з жеткісіз ??діретке ие. Францияны? королі бесінші Карл: «А?ылшын тілі - дипломатияны?, неміс тілі - со?ысты?, итальян тілі - с?юді?, ал француз тілі - досты?ты? тілі» деп ба?а берген.
?лы ?алым М. В. Ломоносов болса «Орыс тілі осы тілдерді? ?асиетін т?гелдей бойына сі?ірген»- деп жаз?ан.
Ал, ?аза? тілі ше? Б?л - арман мен м??ны?, ?ай?ы мен ?уанышты?, с?ю мен к?юді?, і?к?рлік пен ??штарлы?ты?, са?ынышты? бар ?уатын ?здеріне дарыт?ан н?рлы тіл ?ой.
Академик Радловты? ?зі «?аза? тіліні? т?ркі м?дениетіне тигізген ?сері француз тіліні? Европа?а тигізген ?серімен бірдей»- деп, ана тілімізді ?спеттеген жо? па еді?
Ендеше, ?аза? тіліні? аса байлы?ы, икемділігіне, орамын тауып, ?исынын келтіріп пайдаланса?, т?п - тура бал таматынына ешкімні? к?м?ні болмас.
?аза? тілімен сурет салу?а, тас ?ашау?а, а?аш, текемет ою?а болады. Б?ріні? бастау негізі халы?ты? ?азына ?айнарында, а?ыл - парасатында жатыр.
Жа?ыны? т?рма?, жат мойында?ан осындай жор?а тілді ?алайша ?гейсітуге болады? Елбасымыз Н?рс?лтан Назарбаевты? «?аза? ?аза?пен ана тілінде с?йлессін» деген емеурініні? астарында ?андай ?лкен ой, кеме?герлік жат?анын неге пайымдамаймыз?
Айналайындар - ай, омырау с?ті тілін тек ?гейсіте к?рме?дерші.
3. Негізгі б?лімні? 2 - кезе?інде «Жа?ылтпашты? жа?ылмас шебері», «Ма?ал - с?з маржаны», «?оржында?ы с?ра?тар» та?ырыбында т?рлі танымды? сайыстар ?ткізуге болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана тілім – арым б?л»

Тақырыбы:Ана тілім – арым бұл
Мақсаты: Ана тілінің қадір - қасиетін ұғындыру, ана тілі ақыл - ой дамуының және барлық білімдердің негізі екенін дәлелдей түсіндіру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер. Қ. Жұмадилов «Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл.»
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Кіріспе сөз: «Қазақ тілі - рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір - қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек.
2. Негізгі бөлімнің 1 - кезеңі /Тіл туралы бірнеше мақал - мәтел, нақылдардың мәнін ашу/
«Тіл сыйлы етер, құтты қылар, өсірер,
Бас та жарар, қадір - құтты өшірер...» /Жүсіп Баласағұни./
1 - оқушы: «Тілден қымбат қазына жоқ»
Ертеде бір қария дүниеден өтерінде ұлына қымбат қазына қалдырғанын айтып кетеді. О дүниелік болған әкесін арулап жерлегеннен кейін, ұлы қазынаны іздеуге шығады. Ауланы, үйді түгел қопарып, әкесі аманаттаған байлықты таппақшы болады. Қарамаған жері қалмай, ауылдың үлкен адамына барып, бар жайды айтады.
- Балам, босқа әуре болыпсың. Әкең өз ана тілін ерекше қастерлеген, сөзге шешен, дуалы азамат еді. Оның артқыға, ұрпақтарына қалдырған құдіретті қызыл тіл болатын. Ел ішіндегі, халық аузындағы сол қазынаны құрметтеуді аманаттаған екен. Өйткені, тілден қымбат қазына жоқ,- депті ақсақал.
2 - оқушы: «Ғалымның хаты өлмейді»
Әз Жәнібектің 62 биі болған екен. Бір жолы хан билеріне «Дүниеде не өлмейді» деп сұрақ қойғанда, бір нөкері былай депті:
Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді,
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді.
Сонда Жиренше шешен оған қарсы шығыпты:
Ағын судың өлгені -
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені -
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені -
Еңкейіп бара батқаны.
Қара жердің өлгені -
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір Алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
3 - оқушы: «Шаршы топта сөз бастау қиын».
Бір күні жиынның ортасында отырған Досбол шешеннен біреу:
Қол бастау қиын ба?
Жол бастау қиын ба?
Сөз бастау қиын ба?- деп сұрайды.
Сонда Досбол:
- Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса,
Жол бастау қиын емес,
Соңыңа ерген елің болса.
Бәрінен сөз бастау қиын,
Тауып айтсаң мереке қылады,
Таппай айтсаң келеке қылады!- деген екен.
4 - оқушы: «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Ертеде Шамар және Зұлқаш атты екі адам бір ауылда тұрыпты. Шамар сөзге шебер, пысық жігіт болса керек. Ал Зұлқаш жуас, бостау жігіт екен. Ол заманда жер дауы, ру таласы толастаған ба? Бір күні ауыл жігіт тері жорыққа аттанып бара жатады.
Сонда Шамар: Басқамыздың аттануымыз дұрыс - ау, осы Зұлқаш не бітірем деп бара жатыр екен?- депті. Соны естіген Зұлқаш: Шамар - ау, сені бірнәрсе білетін жігіт пе десем, еш нәрсе білмейді екенсің. Атысып жатқан жау сенің Шамар, менің Зұлқаш екенімді қайдан айырсын?- депті. «Әй, сөз тапқанға қолқа жоқ» деп жігіттер ду күлісіп, атқа қоныпты.
5 - оқушы: «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі».
Жастайынан тапқыр сөзімен аты шыққан Бөлтірік ақын бірде ауыл аралап жүріп, бір бектің үйіне түседі. Бек Бөлтіріктің киген киіміне тыжырына қарап тұрып, оны бір мұқатпақ оймен:- Е, Бөлтірік, асығып киіне әйелдерше киімнің бірі ұзын, бірі қысқа ғой?- депті. Бөлтірік бектің сұрағына шамданбай, сабырлы кейіпте:
- Ай, Бәке - ай! Нені сұрайсың. Ұл өскен соң ұл киінді, қыз өскен соң қыз киінді. Мен олармен жарысайын ба? Ұзын болса ұлымдікі, қысқа болса қызымдікі шығар,- деп жауап қатыпты. Бек перзентсіз екен. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген ғой. Ұялғаннан қып - қызыл болған Бек:- Саған дауа жоқ екен, Бөлтірік,- деп теріс айналып жүріп кетті.
6 - оқушы: «Тіл тас жарар, тас жармаса, бас жарар»
«Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» деген жұртшылық болып, ел шұбырғанда, малдың ішіндегі семізін сойып, ел жей берген екен. Сонда бір көк ала бие он бес ауылда асырауға жарапты. Биеден бір сауғанда, бір үлкен өнек сүт шығады екен. Иесі «көз тиеді, тіл тиеді»,- деп сайдан - сайға жасырып, байлап жүріп сауады екен. Бір күні биесін сауарда көз ұшына төрт кісі көрінеді. Сол кісілер келіп жеткенше, биесін сауып үлгере алмапты да көнектің ішіне «тіл болсаң, тасқа ти»деп бір қара тасты салып жіберіпті. Әлгі жолаушылар амандасып болғаннан соң:
- Мана біз көз ұшында көрінгеннен бие сауып отыр едің, манадан сауғаның көл болып ағарлық болды ғой,- деп таңданады. Иесі:- Биемнің жуырда иімейтін жаман мінезі бар еді, сіздердің алдарыңызда ғана зорға иіді,- деп жауап береді.
Кісілер кетісімен сүтті сабасына құйса, көнектің түбіндегі қара ас төртке бөлінген екен. «Тіл тас жарар, тас жармаса, бас жарар»,- деген сөз осыдан қалса керек. Егер тас салмағанда, биеге кәдік болары сөзсіз.
7 - оқушы: «Аталы сөз ақымақ тоқтамайды».
Әмір Темір Үндістанға барған сапарында сол жердің өнерпаздарын шақыртып алып: «Осы шаһардағы асқан бір сазгер бар дегенді естігенмін»,- дейді. Шабармандар бір соқырды Әмірдің алдына алып келеді. Сазгердің өнеріне әбден риза болған патша оның есімін сұрайды. Сазгер «Атым - Мемлекет»- деп жауап береді. «Мемлекет те соқыр бола ма екен»- дейді патша жымиып. Сонда зағип сазгер: «Егер мемлекет соқыр болмаса, ақсақты үйіне кіргізбес еді»- депті. Сазгердің сөз тапқырлығына риза болған Темір оған көп сый - сияпат беріп, шығарып салады. Атағы жер жарған қаһарлы Ақсақ Темір де аталы сөздің қадірін танып, жүйелі сөзге тоқтай білген екен.
8 - оқушы: «Ең ащы да - тіл, ең тәтті де - тіл»
Ертеде бір бай дос - жарандарына қонақасы бермекші болып, қызметшісіне «Жұрт таңғаларлықтай қонақасы даярла, тағамдарың өте тәтті болсын»,- дейді. Қызметшісі базарды біраз аралағаннан кейін, бірыңғай тіл әкеледі де әртүрлі тағамдар даярлайды.
Қонақтар асты сүйсініп жеп, ризашылықтарын білдіреді де тамақтың тек тілден жасалуының сырын сұрайды.
- Мен өз ғұмырымда тілден дәмді нәрсені кездестірмедім. Тіл адамдарды табыстырады, онда ғылымның кілті бар, ол - шындық пен данышпандықтың құралы, соның көмегімен халық оқу оқып, білім алады, өмір шаттығын мадақтайды!- деп жауап береді.
Келесі жолы иесі ең ащы тағамдарды даярлауды ұсынады. Қызметшісі тек тіл тағамдарын даярлайды. Келген қонақтар астың барлығының да өткен жолғыдай тілден даярланғанын біліп, асқа көңілдері онша шаппай қалады. Ал ұй иесі ашуланып, қаһарына мініп, қызметшісін аясыз жазаламақ болады. Осы кезде жалшысы:
- Неге ашуланасыз, мырзам. Өмірде тілден өткен ащы жоқ: адамдарды қағыстыратын да, ел мен жерді жауластыратын да, бәле - жаланың бәрі де осы тілден шықпай ма? Ол - зұлымдық пен өтіріктің, күмән мен күнәнің құралы. Сондықтан да мен сіздің тапсырмаңызды осылайша орындадым,- дейді.
Қонақтар да, үй иесі де жалшы жауабына риза болып, ашуларын қайтарады.
9 - оқушы: «Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады»
Тілді тек қарым - қатынас құралы ғана десек қатты қателесеміз. Тіл сөз жеткісіз құдіретке ие. Францияның королі бесінші Карл: «Ағылшын тілі - дипломатияның, неміс тілі - соғыстың, итальян тілі - сүюдің, ал француз тілі - достықтың тілі» деп баға берген.
Ұлы ғалым М. В. Ломоносов болса «Орыс тілі осы тілдердің қасиетін түгелдей бойына сіңірген»- деп жазған.
Ал, қазақ тілі ше? Бұл - арман мен мұңның, қайғы мен қуаныштың, сүю мен күюдің, іңкәрлік пен құштарлықтың, сағыныштың бар қуатын өздеріне дарытқан нұрлы тіл ғой...
Академик Радловтың өзі «Қазақ тілінің түркі мәдениетіне тигізген әсері француз тілінің Европаға тигізген әсерімен бірдей»- деп, ана тілімізді әспеттеген жоқ па еді?
Ендеше, қазақ тілінің аса байлығы, икемділігіне, орамын тауып, қисынын келтіріп пайдалансаң, тұп - тура бал таматынына ешкімнің күмәні болмас.
Қазақ тілімен сурет салуға, тас қашауға, ағаш, текемет оюға болады. Бәрінің бастау негізі халықтың қазына қайнарында, ақыл - парасатында жатыр.
Жақының тұрмақ, жат мойындаған осындай жорға тілді қалайша өгейсітуге болады? Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ қазақпен ана тілінде сөйлессін» деген емеурінінің астарында қандай үлкен ой, кемеңгерлік жатқанын неге пайымдамаймыз?
Айналайындар - ай, омырау сүті тілін тек өгейсіте көрмеңдерші.
3. Негізгі бөлімнің 2 - кезеңінде «Жаңылтпаштың жаңылмас шебері», «Мақал - сөз маржаны», «Қоржындағы сұрақтар» тақырыбында түрлі танымдық сайыстар өткізуге болады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ана тілім – арым б?л

Автор: Азанова Акбала Шапанбердыевна

Дата: 21.04.2016

Номер свидетельства: 321176

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) ""Ту?ан жерім  Шал?арым" Т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(41) "tug-an-zhierim-shalk-arym-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "174620"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424162429"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(250) "Ке?ес ?скерлеріні? Ау?ан жерінен шы?арыл?анына 20 жыл толуына байланысты ?ткізілген «Ау?аныстан- ж?ректегі жара» та?ырыбында?ы кездесу кеші."
    ["seo_title"] => string(140) "kieniesskierlierininauganzhierinienshygarylganyna20zhyltoluynabailanystyotkizilghienauganystanzhuriektieghizharatakyrybyndagykiezdiesukieshi"
    ["file_id"] => string(6) "255539"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447947454"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Ту?ан жер.О.Ас?ар "
    ["seo_title"] => string(21) "tug-an-zhier-o-ask-ar"
    ["file_id"] => string(6) "161646"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422262848"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Туған елім- асқар туым"
    ["seo_title"] => string(24) "tug_an_ielim_ask_ar_tuym"
    ["file_id"] => string(6) "359592"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479319698"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Айырмалы? салыстыру?а арнал?ан ??рама есептер шы?ару "
    ["seo_title"] => string(61) "aiyrmalyk-salystyrug-a-arnalg-an-k-u-rama-iesieptier-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "216987"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433190071"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства