Просмотр содержимого документа
«8-наурыз мерекелік сынып са?аты Та?ырыбы: «Аяулы ана»»
8-наурыз мерекелік сынып сағаты
Тақырыбы: «Аяулы ана»
1-жүргізуші: Құрметті ардақты аналар, қадірлі апалар, қымбатты ұстаздар, аяулы қыздар! 8 – наурыз халықаралық әйелдер күні ҚҰТТЫ БОЛСЫН! (хормен)
1,2- жүргізуші: Сіздерге ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш ТІЛЕЙМІЗ (хормен)
1-жүргізуші: Бүгінгі кешімізді тек қана сіздерге арнаймыз.
2- жүргізуші:
Шықты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де гүлі-аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
1-жүргізуші:
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан балалар.
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген-тіршіліктің тірегі
Армысыздар, ұстаз аналар!
1-жүргізуші:
Енді сөз кезегін «Айгөлек» бүлдіршіндері мен бастауыш сынып оқушыларына береміз.
2-жүргізуші:
Сіздерден өскен балалар,
Батырларменен даналар
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар
Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Қыздарды да құттықтап,
Мерекексін тойлаймыз.
Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана, сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз,-
деп ортаға Аяулымның орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Саусағыңнан бал тамған,
Сан түрлі бүгін күйші бар
Бурала басып билейтін,
Буынсыз сұлу биші бар – деп
ортағы биші қыздарымызды шақырамыз. (Қазақ би)
2-жүргізуші: Тамаша «Қазақшаға аудару»
1-жүргізуші:
Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде.
Ендігі сөз кезегін өлеңдерге берейік деп,- ортаға Арайлым, Сабина, Руфияны шақырамыз.
1-оқушы:
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
Ана десем, шешек атып жанары
Ана деген тіршілік пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
2-оқушы:
Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Жақсы оқыған сабағын
Балаға мен ағамын
Біздер үшін
Ананың
Бұлт баспасын қабағын!
3-оқушы:
Ана сүтіннен барлық адам нәр алған
Ол азығын өзімен бір жаралған
Туа салып тұңғыш тапқан дәмін ол
Күш қуат боп ән бойына таралған
Сендерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті абзал аналар!
2-жүгізуші: Ән: «Ана туралы жыр» орындайтын Болат.
Би: «Көктем аруы»
1-жүргізуші: Расул Ғамзатовтың мынадай сөзі бар: «Ана дегеніміз-әлемнің Жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы.Ол тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шаттықтың нәрі «Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылықпен шуақты сездірмей қоймайды»деп ортаға Назира, Ажар, Аягөз, Мадинаны шақырамыз.
2-жүргізуші: Би «Көктем аруы»
1-оқушы:
Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен,
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін
Мекеге апарсада өтелмеген
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін
Ана мерекесі құтты болсын.
2-оқушы:
Ана деген – аяулы жан әркімге!
Ана деген – ақсүт берген сәбиге
Ана деген – асыл жан ғой, ақкөңіл
Ана деген – жылытады жүректі.
3-оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
4-оқушы:
Үн қатасын бал тілімен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
8-наурызбен
2-жүргізуші: Тамаша: «Туған күн»
1-жүргізуші: Ән: «Анашым» орындайтын Аяулым.
Ал, кәнекей аналар ойын, ойнап бірсерпіліп қалайық.Ойын: «Аялы алақан» Ойының шарты: Ананың көзін байлап, бес баланың ішінен өз баласын табу.
Тамаша: «Апайлар»
2-жүргізуші: Хор: «Анашым»
1-жүргізуші:
Бүгінгі мектеп оқушыларының мерекелік концертін көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.