kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аяулы ана, ару б?лдіршін

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Аяулы ана, ару б?лдіршін»
атты мерекелік сайыс

?атысушылар: 
1. Зере  анасы
2. Айым  анасы
3. Жанн?р анасы
4. Ж?лдыз анасы
Сайыс ма?саты: 
«Балаларды мейірімділікке, аналарды? ?лшеусіз е?бегін ба?алай білуге, с?йіспеншілікті арттыру?а, ?лкенге ізет, кішіге ?лгі бола білуге ?йрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылы?, биязылы? сия?ты ?аза? ?ызына, келініне т?н жа?сы ?асиеттерді ?алыптастыру»

Аналар бар ?нерін салары аны?,
?негелі т?лімді ал?ан ?анып.
Ал ендеше таныстырырып ?тейін мен,
Б?лімдерін сайысты? б?ліп жарып.
Сайыс 6 кезе?нен т?рады. 
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аяулы ана, ару б?лдіршін»

Қабанбай батыр ауылының №41 ОМ















ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: «Аяулы ана, ару бүлдіршін»

Дайындаған: Дюсенова Д.А























2014жыл

«Аяулы ана, ару бүлдіршін»
атты мерекелік сайыс

Қатысушылар: 
1. Зере анасы
2. Айым анасы
3. Жаннұр анасы
4. Жұлдыз анасы
Сайыс мақсаты: 
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру»

Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады. 
І кезең: «Өзін-өзі таныстыру»
ІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (ою үлгілерден ақ парақ бетіне сырмақ, кілем жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық.
ІІІ кезең: «Сәнді киім үлгісі»

IV кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз оқу, би, өлең т.б.) Өз шеберліктерін көрсету. 
V кезең: «Тапқыр, білгір, білімділер» (мақал-мәтелдердің жалғасын табу, ситауциялық сұрақтарға жауап беру)
VI кезең: «Ас қадірін білмеген аштан өлер,
Ат қадірін білмеген жаяу қалар»
«Қонақ жайлық –ата дәстүріміз» -деп аталады. Аналар мен әсем бүлдіршіндеріміздің алтын қолдарымен жасалған мерекелік дастарханға тағам даярлау. (ат қойып жасалуы туралы түсінік беру керек)

Тәрбиеші: Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Аналарға айтар лебізі
Армысыңдар әжелерім, аналарым
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді бүлдіршін балаларын.
Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналады.

Аналар, әжелер, қадірлі қонақтар, қыздар, ұстаздар сіздерді Халықаралық әйел-қыздар мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге отбасылақ бақыт, дендеріңізге саулық, жүздеріңізден шаттық пен қуаныш кетпесін. Бүгін сіздерге арналған «Аяулы ана, ару бүлдіршін» атты сайысымызды тамашалаңыз. 
Қазір осы сайыстың әділ қазылар алқасын сайлап алайық.


Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың,
Ана тойын бастайық,
Осы тойға арналған,
«Аяулы ана, ару бүлдіршін» сайысын бастайық.


Жаны-сырлы, жанары таң ару қыздар,
Сенімі – асқар, - Күндей сұлу ару қыздар,
Сәуле шашқан өмірге нұр ару,
Көрік болған көгімде жұлдыздар-ай,
Бай болсын қыздарым ізгілікке,
Аналар мен әсем ару бүлдіршіндер ортаға шақырамыз

Қол соғып, қошеметпен қарсаламыз.
Ал енді құрметті сайысқа қатысушылар мен қонақтар сіздерге сайыс ережесімен таныстырып өтейін.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады. 
І кезең: «Өзін-өзі таныстыру»
ІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (дайын қиылған ою үлгілерден ақ парақ бетіне сырмақ, кілем жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық.
ІІІ кезең: «Сәнді киім, яғни киім үлгісі

IV кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз оқу, би, өлең т.б.) Өз шеберліктерін көрсету. 
V кезең: «Тапқыр, білгір, білімділер» (мақал-мәтелдің жалғасынтабу, ситауциялық сұрақтарға жауап беру)
VI кезең: «Ас қадірін білмеген аштан өлер,
Ат қадірін білмеген жаяу қалар»
«Қонақ жайлық –ата дәстүріміз» -деп аталады. Аналар мен әсем бүлдіршіндеріміздің алтын қолдарымен жасалған мерекелік дсатарханға салат даярлау. (салатқа ат қойып жасалуы туралы түсінік беру керек)
Ал енді алдағы номерлерді алайық реттік номерді біліп алайық.
Әсем бүлдіршіндер сандықшадан номерлер алады. 
І кезең: «Өзін-өзі таныстыру» кезеңіне жол берейік. 
Әділ қазы алқасы бағалайды. 
ІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (ою үлгілерден ақ парақ бетіне сырмақ, кілем жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық.
Қазақтың қол өнерімен жасалатын түс киізді жасап көрсетеді. 
«Жетелі өнер сүйіп еңбектенер, өмір жолы өшпестей өрнектелер» деп ару қыздарымызға тапсырманы орындауға рұқсат береміз. Ал, кәне арулар, іске сәт!
Аналарға арналған жыр жолдарын балалар айтады.
«Құттықтаймын мама»

Нұрын төккен маған

Шуағымсың сен.

Айналайын мама,

Қуанышыңмен

Шаттандырған мені,

Жұбанышым сен.

Құттықтаймын сені

Туған күніңмен.


Аялаған мені

Ән қанатыңмен

Құттықтаймын сені

Салтанатыңмен.

Бақытты ғой заман

Қандай көңілді.

Мен тілеймін саған,

Ұзақ өмірді.



3 –шартымыз: «Сәнді киімдер» үлгісі. 
Ару қыздар – Ай көрік, қылығы – Күн.
Сезбейсіңдер өздерің мұны бүгін.
Сезбейсіңдер керемет, қыз тағдырдың сұлулығын,
Күн шекті ұлылығым.
Бүгін сендер құлпырған құндыз бәрің
Серпіп, алға жалғайтын тік тағдырың.
Ескеріңдер ертеңгі ел тағдыры

Тақпақтар айтылады

Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен    
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен


Көгімде күн болып
Жұлдыздай жанасың
Аман бол әрдайым
Аяулы анашым


Бал бөбегін баптаған
Анам үшін мақтанам
Аялайтын біздерді
Көп жасасын ақ мамам


Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Аналарды ардақтап
Әдеппен бас иеміз
IV кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз оқу, би, өлең т.б.) Өз шеберліктерін көрсету. 
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі мерекелік сайыста өнерін көрсетіп жан салыпты,- деп аналар мен әсем бүлдіршіндер өнерін тамашалайық.

 Сендердің қолдарыңда жер тағдыры – деп, арулар аты жөнімен ортаға шақырылады.


5-шартымыз: «Тапқырлар, білгірлер, білімділер».
Тыңдаңыздар халайық!
Босқа қарап тұрмайық
Кезегі енді сайыстың 
Сұраққа жауап табайық!
Аналар конверт таңдап, ішіндегі ситуациялық сұраққа жауап береді және бір мақалдың жалғасын табады. айтады.

1. Балаңыз мектепте біреумен ілінісіп қалыпты. Сіздің әрекетіңіз?

2. Үйде қонақтар бар. Балаңыз сіздің ең қымбат ыдысыңызды сындырып алды. Сіздің әрекетіңіз?

3. Балаңыздың достасқан баланың тәртібі нашар бала. Сіз қандай кеңес бересіз?

4. Балаңыз өте тәртіпті. Оны кластастары ынжық деп мазақ еткен соң, ол мектепке бармаймын дейді. Сіз қалай көндіресіз?
Мақал – мәтелдер:
- Үкісіз қыз болмас- Тексіз гүл болмас.
- Қызды сөкпе – Тұзды төкпе.
- Астың дәмін түз келтірер – ауыл сәнін қыз келтірер.
- Қыздың аңқаулығынан сақта –Жігіттің жалқаулығынан сақта.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!


Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.

Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым!

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.


Мен анамады сүйемін,

Қуанышына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Аналарға арналған жыр жолдарын балалар айтады.
«Ақ мамам»
Ел жатқанда жатпаған

Мен деп тыным таппаған

Бақыты үшін баланың

Аман сау жүр ақ мамам.

Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен.

Өзің маған мият күн

Сен деп күнім жиі атты

Ақ мамамның айқайы

Айналайын сияқты
6 шартымыз: Үй тапсырмасы
«Ас қадірін білмеген аштан өлер,
Ата қадірін білмеген жаяу қалар», демекші келесі сайысымыздың шарты «Қонақ жайлық – ата дәстүріміз» деп, аталады.
Аналар мен қыздардың алтын қолдарымен жасалған мерекелік дастарханға стағам даярлау. (ат қойып жасалуы туралы түсінік беру керек).

Әділ қазы шешеді
Істің ақ пен қарасын
Бүгінгі міне сайыстың 
Әділ берер бағасын – деп ал енді сөз кезегін төрешілерге береміз. 
Мадақтау. 

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа дей келіп сайысымыз да осымен өз мәресіне жетті келіп қатысып тамашалағандарыңызға рахмет. Мереке құтты болсын! Құттықтау сөз кезегі өздеріңізде. 

























Супер анам және мен

загрузка...


Мақсаты: Оқушыларды сұлулықты тани білуге, көре білуге үйрету, ата-анаға деген сүйіспеншілігін, аналарды құрметтей білу қасиеттерін дамыту, сыйластықты, ілтипатты байыту, жан-дүниелерін ізгілендіру.
Көрнекілік: шарлар, плакаттар, сандар, марапаттау қағаздары

Жүргізуші: -Міне,көгілдір көктем де келіп жетті.Қар еріп,жылғалардан су ақты.Көктем жаршысы-бәйшешектер бүр жарды.Жыл құстары да келе бастапты.Олармен бірге көктемнің алғашқы мерекесі-8наурыз-халықаралық әйелдер күні-аналар-әжелер,қыздар мерекесі де келді!Ана-өмірдің гүлі, отбасының берекесі,бүкіл адамзатқа өмір сыйлаушы.Олай болса,аналарға арнаймыз…
.Ана-біздің елде ардақты адам,
Кіші де,үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы-Отанды да,
Ана деп біздің халық текке айтпаған.
Көктемнің шуақты күндеріндей ,сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер деп «Супер  анам және мен» атты мерекелік сайысты бастауға рұқсат етіңіздер. 

Вальс
Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы алты бөлімнен тұрады
1.Сәлем- сөздің анасы (таныстыру)
2. Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)
2.Өнерлі өрге жүзер (өз өнері)
3. Мені анам қалай жақсы көреді?
4. Қыздарға әсемдік жарасады «Көктем сән үлгісі 2013»
5 Анаңа гүл сыйла
6. Балаңызды білесіз бе?

Жүргізуші: Ана сыны, Ана  өнері, Ана  әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі – дей келе алдымен біздің аналарымызға қоятын талабымыз бар.
-Сахна мәдениеті,өзін-өзі ұстау;
-Сөйлеу мәдениеті ,ой ұшқырлығы;
-Киім киісі, жүріп-тұрысы;
-Берілген тапсырма мен сұрақтарға дұрыс жауап беруі;
Мінеки осының барлығы сынға алынып,әділ-қазылар алқасымен бағаланады.

Жүргізуші:
- Бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды балаларымен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.

Арулар келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан сахнаға келеді
 Анасы  мен Толқын  танысуға

Көңілін сыныптастын таба алатын
Кеуделерге намыс отын жаға алатын
Өзіндей болса, шіркін, барлық шәкірт
Әжесі мен Нұрсаттың сөзі алтын.

Мейірімі мол аққанат анасының
Бар мейрімді өзіңнен ақ табасын 
Желкеніндей желбіреп ақ кеменің
Анасы мен Алиды қарсы аламыз

Бәйшешек гүл көктемде бүр жарады,
Көктем келіп, қыс үнсіз кетіп барады.
Бұл сайыста өз өнерін ортаға
Анасы мен  Нұрислам аямай-ақ салады.

Жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. 
2. 
3. 
Сайыс бес балдық жүйемен бағаланады

Келе жатқан мәңгілік дара салтын,
Мақтанышым, елдігім, парасатым.
Сенсің тілім, теңі жоқ тіршілігі,
Өміріме өң беріп жарасатын -
дегендей бірінші сайысымыз «Сәлем сөздің анасы» анасы мен баласы өздерін таныстырып өтсе.

Жүргізуші:
Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік-
деп сайысымыздың екінші бөлімі «Білімді мыңды жығар» .
Аналарға қойылатын сұрақтар:
1.Жегеннің тісіне, жемегеннің түсіне кіретін ас (ет)
2. Қу аң (түлкі)
3. Екі дыбыстан құралған әріп? (я)
4. Кез келген өлең жолдарын жылап, күліп айт.
Балаларға қойылатын сұрақтар:
1.    А дауысты ма дауыссызба?
2.    Бір аптада неше күн барa?
3.    2+3 қанша болады?

Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
«Өнерлі өрге жүзер» (өз өнері)-деп аталады. Бұл кезеңде аналар  өз бойындағы өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші:
Келесі сайыс  «Мені анам қалай жақсы» көреді.  Қазір аналар балаларына жеткенше тоқтамай өздерінің жақсы көргенде айтатын сөздерін айту керек
 
Жүргізуші:
Сымбатына сын киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларды қызығып қарасатын
Қыздарға әсемдік жарасатын  бөліміне де кезек келді.

Қазір аналар өз балаларына дайындаған киім үлгісін тамашалайық.

Жүргізуші:
Келесі сайыс «Анаңа гүл сыйла».  Қазір балалар аналарына гүл сыйлауға жарысады. 
Жүргізуші:
Ал қазір біз аналарымыз балаларын қалай біледі екенін соны тексереміз. Қазір біз аналарға сұрақ  қоямыз.  Бұл сұраққа балалардың жауабын алдын ала алғанбыз. Ал енді ендеше кеттік. 
Жүргізуші:

Ана деген-асқақ ән, 
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың ешқашан.
дей келе, әділқазылар өз шешіміне келгенше , аналар  балалары дайындаған шағын концертін тамашаласын.

Ән: «Құттықтаймын мама»
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен    
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен
Көгімде күн болып
Жұлдыздай жанасың
Аман бол әрдайым
Аяулы анашым
Бал бөбегін баптаған
Анам үшін мақтанам
Аялайтын біздерді
Көп жасасын ақ мамам
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Аналарды ардақтап
Әдеппен бас иеміз

Би: Гүлдер биі
Жүргізуші:
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап, 
   Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
   Ана деген бәйтерегі өмірдің,
   Ана деген алтын қазық алтын бақ! дей келе өз сыйлықтарымызды сыйлауға рұқсат етіңіздер. (Балалар өздері дайындаған сыйлықтарын береді) 
Ән: «Ақ мамам»

Жүргізуші: Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. 

Аналарды марапаттау рәсімі жүргізіледі.

Жүргізуші: Міне аналар мейрамы күлімдеп, көктем де келіп жетті. Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең қымбат жан-ол анасы. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Анаға ән арнамаған әншіде, күй арнамаған күйші де жоқ шығар бәлкім...Сондықтан да барлық аналарды мейрамдарымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт тілеймін.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Аяулы ана, ару б?лдіршін

Автор: Дюсенова Динара Агыбаевна

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279650


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства