Ма?саты: Бала т?рбиесіндегі ата ананы? алатын орныны? ерекше екенін т?сіндіру. Баламен д?рыс тіл табысу?а, с?йлеу м?дениетін ?немі ?олдау?а ой салу. Ата ана,?стаз, о?ушы арасында?ы ынтыма?тасты?ты ны?айту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Аяулы ана-ба?ытты бала»
Тақырыбы: «Аяулы ана-бақытты бала!»
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата ана,ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Көрнекілігі: Отбасы туралы мақалдар, нақыл сөздер Түрі: Тренинг Барысы: 1. Кіріспе сөз 2. Танысу жаттығуы
8. Қорытынды а)(тренингтен естелік тапсырылады), ә)Ән 1 Кіріспе сөз Құрметті аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде отбасы апталығы аясында тренинг өткелі отыр. «Аяулы ана-бақытты бала» атты тренингке қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары. Баланы баптап бақпасаң. Жамандықтан қақпасаң Қадірден жұрдай қасқа боп. Кешкенің өмір босқа тек- дегендей баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші ата-ана. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана болып саналады. 2. Танысу жаттығуы Ата-аналар мен оқушылар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады. Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
3. «Мен қалаған түсім». Қазір сіздер қобдишадан қалаған түстеріңізді таңдап, әр түске сәйкес топқа бөлінесіздер. Қызыл түс - энергия түсі, ол адамды іс – әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп отырады. Жоғары сенімді, жігерлі, мінез - құлқы батыл тұлға. Сары түс - көңілді түс, адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдағандар – іскер, мінез - құлқы мықты, жаратылыстану пәніне жақын. Ақ түс - өз мақсатына жетеді, дарынды әрі мәдениет саласында өнерлі.
4. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша! Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап - таза, жап - жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі - түсті жапырақтары құлпырып тұр.. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің отбасыңыз. Бұл жәй гүл емес, бұл сүйіспеншілік гүлі. 5.Ой қозғау
*Ата-аналарға арналған сұрақ а)Балаңыздың білім алуына көп көңіл бөлесіз бе? *Оқушыларға арналған сұрақ а)Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың? 6. Сөйлемді жалғастыру Бүгінгі сіздерді «Аяулы ана-бақытты бала» деп аталатын тақырып төңірегінде ойымызды топтастырып, әрі қарай жалғастырайық /оқушыларға да ата аналарға да мына ойларды жалғастыру беріледі/ Ата-аналарға Отбасы бақыты ол... Келешектегі отбасымның бақыты үшін мен.... Оқушыларға Бақыт дегеніміз не....? Борыш дегеніміз не...?
7. «Жанұя» ойыны
Ата-аналар да балалар да сұраққа жауап жазады. 1 Балаңыздың туған күні? 2 Сынып жетекшінің толық аты жөні? 3 Балаңыздың парталас көршісі кім? 4 Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді? 5Балаңыздың сүйікті асы қандай? 6 Балаңыз кеше қандай баға алды? 7 Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 8 Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды? 9 Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді? 10 Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз? 11 Балаңызға ашуланғанда ең алдымен аузыңызға қанда й сөз түседі? 12 Балаңыздың ең жақын досы кім?
8. Жүректен жүрекке-«Тілек шамы». Құрметті аналар мына тілек шамын қолымызға ала отырып, бүгінгі күнге, балаларымызға арнап,тренингіімізді қорытындылап жақсы тілектер айтып бір-бірімізге ұсынайық.( психолог өзі бастап тілек шамын тапсырады.) Тілек шамынан кейін педагог-психолог аналарға бүгінгі сабаққа қатысып, ат салысқандары үшін алғысын білдіреді.
Ата - аналар қосылып Қ. Ыдырысовтың «Келші, келші балашым» әнін шырқайды. Айым болып тудың ба? Күнім болып тудың ба? Ата жолын қудың ба? Әке жолын қудың ба? Бұл дүниеге келген соң, Сұрауы бар судың да. Айдарыңнан айналдым, Маңдайыңнан айналдым. Торсық шеке, тоқ шеке, Бақ болар деп ойладым. Ашық жанар көңілің, Ақ болар деп ойладым. Қуанышым - арай жүз, Сөйлесерміз талай біз. Бар ағайын жиналып, Мәз боп саған қараймыз. Сендей бала ешкімде, Болмаған деп санаймыз. Жалғыз дара - өзіңсің, Атасының көзісің, Әжесінің сөзісің, Мен барымды аяман, Ботқаным, сен үшін.
Ата - анаға көз қуаныш, Алдына алған еркесі. Көңіліне көп жұбаныш, Гүлденіп ой - өлкесі. – деп Абай атамыз айтқандай балаларыңыз сіздерге тек қуаныш, шаттық әкелсін! Тренингке қатысқандарыңызға көп рахмет! Отбасыларыңызда тек әрқашан бақыт болсын! Осымен тренинг сабағымыз аяқталды.
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
«Жаңашаруа орта мектебі» КММ
Тренинг тақырыбы:
«Аяулы ана-бақытты бала!»
Педагог-психолог:Дуйсембекова М.Д
*Ата-аналарға арналған сұрақ а)Балаңыздың білім алуына көп көңіл бөлесіз бе?
*Оқушыларға арналған сұрақ а)Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың?
Ата-аналарға 1. Отбасы бақыты ол... 2. Келешектегі отбасымның бақыты үшін мен....
Оқушыларға 1. Бақыт дегеніміз не....? 2. Борыш дегеніміз не...?