Ма?саты: Ана жайлы тамаша с?здер, ?ле?дер, ?ндер ар?ылы аналар мен ?желерді, аруларды мерекемен ??тты?тау, о?ушыларды мейірімділікке, ?стамдылы??а т?рбиелеу, ?стаз?а ата-ана?а деген ??рмет сыйын арттыру, ана е?бегін ?адірлей білуге ?йрету.
К?рнекілігі: Г?лдер, суреттер, на?ыл с?здер.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Аяулы анам" т?рбие са?аты»
Тақырыбы: «Аяулы ана!»
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді, аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: Гүлдер, суреттер, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
Кіріспе:
Мұғалім: Армысыздар қымбатты ұстаздар, арулар мен оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Сондықтан, құрметті асыл әжелер, қадірлі аналар, ұстаздар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Аяулы ана!» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз. Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер!
Хор: «Қос бәйтерегім»
1-оқушы: Дәурен
О,ана,ардақты ана,асыл ана!
Аз сөзбен қасиетің ашыла ма?
Теңіздей шалқып жатқан жан сырының
Бұл тілек бұлақ басы ғана!
2-оқушы: Жарас
Тіршіліктің мәнін білгізіп,
Өмір айдынында бір жүргізіп,
Аман-сау ұзақ жүріңдер
Өмірдің нәрін кіргізіп.
3-оқушы: Жарқын
Жерімде, мынау көгімде
Жылылық сыйлар көңілге,
Әйелден асқан сұлу жоқ
Қыздарсыз өмір-өмір ме?!
Ән: Рамазан А., Әлібекова А., Талапқали Д. орындауында «Аналардың тілегі»
4-оқушы: Ұлан
Гүл болып жайнап жүріңдер,
Бақытты өмір сүріңдер
Осы бір шағын шумақты
Сыйым деп біздің біліңдер.
5-оқушы: Асылбек
Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті әже,аналар.
6-оқушы: Мансұр
Өмірде ана-бақыт,ана-пана
Өмірді өркендетер ана ғана
Өсірген талай көсем,талай шешен.
Талай ер,талай ақын,талай дана.
7-оқушы: Мейрамбек
Әжемді мейрамымен құттықтаймын
Айтатын ән, беретін гүлім дайын
Әжетай,сені жақсы көремін деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Ән: «Аналарға тілек» Байжумиева А. Кабдрахманова А. Құралбек М.
Көрініс: «Анасы мен қызы»
Хор:
Мейірім мен реніштерің үшін,
Дәмді тағамың үшін,
Ойыншықтар сыйлағаның үшін,
Шыдам мен қиналғаның үшін,
«Балам» деп жыр арнағаның үшін
Рахмет сізге анашым!
Мұғалім: Жарайсыңдар оқушылар! Енді Қыздарымызғы арналған жылы лебізімізді айтып, өз қолымызбен дайындаған сыйлықтарды табыс етейік.
(Әр оқушы өлең жолдарын оқығаннан кейін аталған қыздарға өз сыйлықтарын береді.)
Дәурен:
Себепсіз қалмас сабақтан,
Көреміз сені тек алдан
Өсе бер,жайна,Жанару
Ақылың бойға жарасқан.
Мансұр:
Бәйгеде озған жүйріктей,
Аласың бестік іркілмей.
Алтын біздің әдепті,
Даланың әсем гүліндей.
Жарас:
Сыныптасым Алина,
Алғыр,зерек,білімді.
Көмектесіп ұстазға,
Үнемі алда жүреді.
Нұралы:
Ай секілді Дамира
Жарқырап тусын ай, күнің
Озып шығар бәйгеден
Көп болсыншы бестігің.
Мейрамбек:
Тазалықты сүйетін
Сабағын да білетін-
Әдемі қыз Дильназ
Ұзақ болсын өмірің.
Би: сынып ұлдарының қатысуымен «Ұлдар биі».
Диас:
Жайнап жаймен жүретін,
Жымиып ақырын күлетін,
Аяулым біздің ибалы,
Әдеппен бәрін сыйлайтын..
Болатжан:
Жамандыққа бармайтын,
Жақсылықты қолдайтын.
Жаны сұлу Балауса
Мінезі бізге ұнайтын.
Сұңғат:
Қыздарымыз ұқыпты
Сүйкімді әрі қылықты
Мақпал біздің әрқашан
Таза ұстайды сыныпты.
Асылбек:
Білімді, алғыр,жан-жақты,
Қыздарымыз сымбатты
Аруна біздің әрқашан
Досымыз болар қымбатты.
Аділжан:
Сыйлап сәлем береді
Үлкендерді көргенде
Аяулым біздің сыныпта
Ізетті деп біледі.
Ойын: «Тауып көрші достым!»
Ойынның шарты: Әр ер бала сыныбындағы қыздардың бірін жасырын түрде сипаттап береді, қалған оқушылар сол сипатталған қызды табуы тиіс.
Хор: «Ақ мама»
Мұғалім: Қымбатты қыздар! Сіздер өмір гүлісіздер. Күн шуағындай мейірімдеріңіздің арқасында біз әлі талай шыңдарды бағындырып биіктерге көтерілеміз. Қандай шыңда жүрсек те сіздер бізге көктемнің гүліндей әдемі, көктемнің ерке желіндей жылы боп қала бересіздер! Өздеріңізге деген тілегіміз ешқашан аяқталмақ емес. Аман жүріп еңбектеріңіздің жемісін ұзағынан көріңіздер! «Аяулы ана!» атты мерекелік кешімізді аяқтай келе сіздерге шат көңіл, мықты денсаулық тілейміз.