Өту кезеңдері: 2-мин
Эмоционалды-психологиялық ахуал қалыптастыру
5-мин
Ережемен таныстыру
1-мин
Ұжымдық жұмыс 7-мин Сұхбаттасу 3-мин Ой қозғау 5-мин Постер қорғау 4-мин Кері байланыс 3-мин | Музыкамен ортаға ата-аналар шығады.. 1 - жүргізуші: Өзіңді тану – ғаламды тану, Жақсы менен жаманды тану. Өзіңді - өзің талқыға салып, Адал менен арамды тану. 2 - жүргізуші: Қателігіңді түсіне білу, Дұрыс жүріп, күтіне білу. Үлкенді сыйлап, кішіні сүю, Күлетін жерде жөнімен күлу.
Кіріспе : Қайырлы күн, ардақты ата-аналар мен ұстаздар! Құрметті ата-аналар, бүгінгі кездесуімізге келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі кездесу ерекше болады деп сенеміз. Өмір – ол адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый . Осындай сыйды саған сыйлаған кім ?... Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата – анаң .Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек , айтады – ғой, “Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да борышыңды өтей алмайсың” -деп. Себебі , біріншіден ол саған “өмір” сыйлады, саған жарық дүние көрсетті, сені өсірді, сенің ыстығыңа күйді, суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады, тәрбиелеп өсірді . Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Өз өмірің, өз әлемің өз қолыңда! Біреуге ренжіп, біреуді кінәлап, мін тағу дұрыс емес. Өмірдегі қайғыны, қиындықты, сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа , жақсы ойлар ойлау керек. Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады . Міне өмірдің өзі біле – білсең сонысымен қымбат.Жалпы адамзаттық құндылықтар- мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі. Енді осы өмір туралы,құндылықтарымыз туралы ойларымызды тренинг – жаттығу жасау арқылы жалғастырайық . «Менің қалағаным....» Ата-аналар менің алдымда 3 түрлі гүлдер бар сол бойынша қалаған топтарына бөлінеді. Бірдей түсті ата-аналар бірігіп бір топ боласыздар. «Менің қалағаным...» Айналадағы барлық құбылыс, жаратылыс адаммен тікелей байланысты. Мысалы, түстердің өзі адам психологиясына әсер етеді екен. Яғни, сізге ұнайтын түс сіз туралы хабар береді. Олай болса, тексеріп көрейік. 2. Психологпен сұхбат Қызыл түс-өте экспресивті және сезімтал жансыз. Өзгелердің қалай қабылдайтынына қарамастан, сезіміңізге ерік беруге дайынсыз. Ашуланып, ұрсызсаңыз да арам ниетіңіз жоқ. Дәл қазір, осы мезетте өмір сүргіңіз келеді. Сіз қанша жерден шаршадым, жалықтым десеңіз де, қолыңыздан көп нәрсе келеді. Сары түс-адамдармен тығыз қарым-қатынаста болғанды ұнатасыз. Жүрген ортаңызда барлығымен тең дәрежеде араласып, көзайым болғанды жақсы көресіз. Оптимист болғандықтан, кез келген ситуацияны пайдаға асырасыз. Сізбен тіл табысып, емін-еркін сөйлесу өте оңай. Жасыл түс-өзге біреудің сіздің үстіңізден билік жүргізгенін қаламайсыз. Өмірге деген құштарлығыңыз да зор. Жақындарыңыздың қолдауын сезген кезде тау-тасты қопаратындай алапат күшке ие болып, мақсатыңызға ұмтыла түсесіз. Жаныңызда сүйеу болар адам болса, еш қиындыққа мойымайсыз. Тренингтің ережесін бекітіп алайық: 1. Өз ойын ашық бүкпесіз айту; 2. Өзгенің пікірін құрметтеу; 3. Шынайылық; 4. Белсенділік; 5. Өз сезімін басқара алу; 6. Бірігіп жұмыс жасау Тренинг бағдарламасы 1.Менің қалағаным 2.Психологпен сұхбат 3.Біз бір ұжымбыз 4.Ой қозғау (5 құндылық) 5.Өмір мәні 6.Ата-ана мейірімі 7.Кері байланыс «Өрмекші» әдісі 8.Психологиялық ойын 3. «Біз бір ұжымбыз» Адам – ұжымдық жан. Ол өзі және қоғам үшін өмір сүреді. Бұл өмір сәтті болу үшін адам қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуі, басқалармен өзара әрекет жасауды және татулық пен үйлесімділік жағдайда өмір сүре білуі керек. Олай болса сіздер алдарыңыздағы қиындыларды құрастырсаңыздар. Шығармашылық тапсырма. “Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ”- деп әр топ өздерінің таңдаған суретін плакатқа салып, салған, таңдаған суреттерін талдайды. Олар нені білдіреді? Ата-аналар өз ойларын айтады. 5 құндылық Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік - рухани тәрбие беру. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында қазақстандықтардың ортақ тағдыры мен еліміздің бейбітшілік пен прогресс жолында даму перспективаларын анықтайтын басты құндылықтар көрініс тапқан. Халқымыздың осы мәңгі рухани құндылықтарды бағалай білуі және бүкіл өміріне ұстаным етіп алуы мемлекетіміздің шынайы қуатын, оның азаматтарының бақытты тағдырын анықтайды. Жалпыадамзаттық құндылықтар Ақиқат – бұл өзгермейтін, өмірдің негізгі қағидасы: рухани бастау, Ол уақытқа: өткенге, бүгінге, болашаққа тәуелді емес Дұрыс әрекет – бұл борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар – ұждан дауысына сәйкес мінез – қылық. Сүйіспеншілік – бұл таза риясыз және шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат Қиянат жасамау – ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамау Ішкі тыныштық – ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты 5. «Өмір мәні» демонстрация Сіздер үшін өмір мәні не? (ата-аналардың жауабы) Мына ыдысты адам өмірінің мәні деп ойлайық. Бала дүниеге келгенде ол бос болады. Бала есейген сайын онда алғаш армандар, тілектер, қиялдар мен болашақ картинасы пайда бола бастайды. Бұл – «Өмір мәні» атты ыдыстың алғашқы дәндері (ыдысқа кішкентай тастар салынады). Бала үлкен болғанда ұшқыш болғысы келеді, үлкен машинаны жүргізгісі келеді, әртіс болып, танымал болуды, жақсы жайлы үйде тұрып, әдемі өмір кешуді армандайды. Жылдар өтіп баланың бұл арман-тілектері өзгеріп жатады немесе басқа да қызығушылықтармен қосталып, үлкен мақсаттарға айналады (ыдысқа ірі тастар орналастырылады). Бұл бала өмірінің өзегін, мән-мағынасын құрайды, ол мақсаттар алға қарай жетелеп, болашаққа ұмтылдырады, іс-әрекетке белсендендіреді. Осы үлкен мақсаттарға жету үшін балаға кішкентай шағын көп мақсаттар көмектеседі, оларды жүзеге асыру арқылы үлкен мақсаттарға қол жеткізіледі (ыдысқа кішкентай тастар тасталынады). Мысалы: белгілі маман иесі болу үшін сабақты жақсы оқу, қоғамдық істерге белсене араласу, ата-ананы қамқорлыққа алу үшін көңілдеріне қаяу түсірмей, құрметтеу, т.б. Осы үлкен ірі, кіші мақсаттармен бірге өмірде күнделікті өмірлік жағдайлар, мәселелер болып жатады (ыдыстағы үлкен, шағын тастардың үстіне құм себеленеді). Бұл құрбымен келіспей қалушылық, жауапсыз махаббат, істің оңға баспауы, т.б. Мәселелер (құмдар) уақытылы шешіліп отырса, оның зияндылығы мәнсіз болады, ал көлемі көбейіп, ыдысты толтырып, басып кетсе, үлкен, кіші мақсаттар жабылып, көміліп, жойылып та кетуі мүмкін. — Сіздер үшін үлкен тастар не? Кішкентай тастар не? Ал құм не? Ойланып, осыларды жазып кетсеңіздер. Адам «Өмір мәні» атты ыдысқа үлкен мақсаттар (тастар) салудан бастаса, ол жақсы игілік, ал оның орнына бірінші құм себелеп, күнделікті өмір айналымымен шектеліп қалса, күнделікті мәселелерімен ғана өмір сүріп, бос, сенделіп жүрсе, кейін үлкен мақсаттарға орын болмай қалады. Өмірде басты мақсаттарды анықтап алу керек, олар болмаса, өмірдің мәні де жоғалады. Сондықтан да адамда айқын нақты мақсаттар болуы қажет, мәселелер өмірде болады, онсыз өмір қызықсыз, мақсаттар соншылықты маңызды болып көрінбейді. 6.Шығармашылық тапсырма «Ата-ана мейірімі» Ата –ана ақ параққа гүлдің, алдында тұрған қажетті заттардан өз ойларын жинақтай отырып, баласына деген сүйіспеншілігін жазады. « Өрмекші торы» жаттығуы. Біз басқа адамдардың арасында өмір сүреміз. Басқа адамдардың пікірі біздің өзіміз туралы білімімізді молайта түседі. Кейде біздің ойларымыз қоршаған адамдардың пікірімен сәйкес келмей жатады, ол қалыпты жағдай. Бұл жаттығу басқа адамның көзімен қарауға мүмкіндік береді. Қане, ортаға шығып шеңбер құрайық. Мен қолымдағы жіпті қасымдағы адамға беріп тұрып, Жалпы адамзаттық құндылық дегенді қалай түсінесіз? Бұл жайында сіздердің ойларыңыз? ( ата-аналарға сұрақ)..........талқылау......... Содан кейін ол да жіпті жібермей ұстап тұрып келесі адамға айтып лақтырады, осылайша жалғаса береді. Бүгін міне сіздермен бірге Жалпы адамзаттық құндылықтар, адам өмірі-басты құндылығымыз тақырыбындағы ойларымызды ортаға салдыңыздар. Құрметті ата –аналар! Өз балаларыңызбен қарым –қатынас жасауда шыдамды болыңыздар. Жай ғана өз балаларыңызды сүйіспеншілікке бөлеңіз, өз сөздеріңізбен, дауыс ырғағыңызбен, құшақтасуларыңызбен және өздеріңіздің іс –әрекеттеріңізбен өзіңіздің оған деген махаббатыңызды көрсете біліңіз. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева: « Өзін-өзі тану» пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді деп атап айтқан болатын. Бұл оймен мен де толықтай келісемін. Және бүгінгі таңда жас ұрпақты рухани адамгершілік білімнің нәрімен сусындатып, әр баланың, әр адамның жүрегіне ізгілік нұрын құйып, тәрбие саласында қызмет етіп жүргеніме өзімді бақытты сезінемін. Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесінде бүгінгі күнді ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін- өзі тану әлемінде» әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан -жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз тілін, өз отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз. Сонда барлығы жақсы болады! Көп рахмет! Барлықтарыңызға рахмет! Сау болыңыздар |
Ата-аналардың топтағы әрекеті
Ата-аналар гүл түстеріне байланысты топқа бөлінеді
Психологпен сұхбат Түстер жайлы түсінік беріледі.
Ата-аналар әрекеті
әңгімелеу
Бармақпен бағалау Әр ата-ана өз ойын баласына деген мейірімін жазу арқылы білдіреді Өз ойларын ортаға салу Мандаринді қайта жинау Балаларының бойындағы жақсы қасиеттерін айта отырып біріктіріп жинау |