kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: Күй атасы – Қорқыт

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға қобызға арналған күйлер, күй атасы – Қорқыт жайлы түсінік беру, қобыз аспабымен таныстыру.

2. Дамытушылық: Қобыз аспабын ойнап үйрену арқылы оқушылардың есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттерін арттыру.

3.Тәрбиелік:  Оқушыларды сахнада өнерін көрсетуге, ұжымда (ансамбль, оркестр) жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, музыка тыңдау.

Сабақтың көрнекілігі: Қорқыт ата суреті, «Қорқыт ата күйлері», слайд көрсету.

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

ІІ. Қайталау сұрақтары: слайд арқылы қобыз аспабының құрылысымен танысу.

Домбыра асапабымен салыстырмалы түрде сұрақтар қою:

1. Домбырада неше ішек бар?

2. Қобыздың ішегі нешеу?

3. Домбыраны қалай ойнайды?

4. Қобызды немен ойнайды?   т.б.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Күй атасы – Қорқыт»

Алматы облысы Жамбыл ауданы

«Ұзынағаш ауылындағы өнер мектебі» МКҚК









(ашық сабақ)





Дайындаған: А.Қ.Бекбергенова

















2013 – 2014 оқу жылы





Сабақтың тақырыбы: Күй атасы – Қорқыт

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға қобызға арналған күйлер, күй атасы – Қорқыт жайлы түсінік беру, қобыз аспабымен таныстыру.

2. Дамытушылық: Қобыз аспабын ойнап үйрену арқылы оқушылардың есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттерін арттыру.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды сахнада өнерін көрсетуге, ұжымда (ансамбль, оркестр) жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, музыка тыңдау.

Сабақтың көрнекілігі: Қорқыт ата суреті, «Қорқыт ата күйлері», слайд көрсету.

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

ІІ. Қайталау сұрақтары: слайд арқылы қобыз аспабының құрылысымен танысу.

Домбыра асапабымен салыстырмалы түрде сұрақтар қою:

1. Домбырада неше ішек бар?

2. Қобыздың ішегі нешеу?

3. Домбыраны қалай ойнайды?

4. Қобызды немен ойнайды? т.б.

ІІІ. Жаңа сабақ:

«Ой қозғау» сатысы. Тақтаға жазылған өлең шумақтары

Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,

Бата алған таман бақсы асқан ата.

Таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен,

Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда.


Қорқыт десе қобыз, қобыз десе Қорқыт еске түсетіні рас. Негізінен, киелі аспапты VІІІ-ІХ ғасырларда Қорқыт жасаған деген аңыз бар. Аңызға құлақ түрсек, Қорқыт жігіт жасына жеткенде түсіне ақ киімді адам кіріп, о дүниелік болатынын айтып, аян береді. Бақиға аттанғысы келмегенҚорқыт желмаясына мініп, әлемнің әр түкпірін аралап, ажалдан қашып құтылмақ болыпты. Бірақ қайда барса да ажалмен бетпе-бет жолыға беріпті. Амалы қалмаған Қорқыт қобыз жасап, желмаяның терісін шанағына керіп, күңірене күй шертіпті. Қобыздан шыққан киелі үнге айналаның бәрі тынып, күйге еліпті. Жылан бейнесінде келген ажалдың өзі де киелі сазға елітіп, беттей алмаған деседі.

Қобызын қолға алған Қорқыт:

Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым,

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым,

Желмаяның терісін

Шанақ қылған қобызым.

Ортекенің мүйізін

Тиек қылған қобызым,

Бесті айғырдың құйрығын

Ішек қылған қобызым.

Құлағын да бұрайын

Осы айтқаным болмаса,

Қайырып жерге ұрайын, - дейді. Суда көр қазушы болмас, терең ағыс иірімдерге ажал, өлім келе қоймас деп, кілемін жайып, аспандағы құстың ұшуын, самал желдің соққанын тиятын күйлер, толғаулар шығарады, сөйтіп ғасырларға жуық өмір кешіпті.Қорқыт қобызын күні-түні тартады екен.

«Қорқыт» күйі. (үнтаспадан тыңдау)


«Ой жалғау» сатысы. Қорқыт ата туралы аңыздар өте көп: Қорқыттың дүниеге келуі, есімінің қойылуы, Қорқыттың өліммен күресуі, т.б.

Қорқыт есімінің қойлуы да бір аңыз екен. Мәселен, Қорқыт дүниеге келер алдында үш тәулік бойы жер бетін қараңғылық басып, далада дауыл соғып, жаңбыр жауған екен. Сонда елдің барлығы қорқыпты. Осы оқиғаның себебінен нәрестенің атын «Қорқыт» деп қойса керек.

Қорқыт туралы кейбір мәліметтер аңыз болса да, кейбір мәліметтер оның тарихи адам болғанын растайды. «Қобыздың атасы» атанған Қорқыт баба ҮІІІ – ІХ ғасырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыт алдағы күнді болжаған көріпкел және шебер күйші болған. Ол қобызды тек бақсы-балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтың музыка аспабы ретінде таныта білді.


Ән тыңдау: «Қорқыт – қобыз»

Қорқыт бабамыздан қалған,

Қобыз – өкініш пен арман.

Тыңдасаң, сыр айтады,

Өкініп мұң айтады.

Оғыз – ұрпақтары тірі,

Қобыз заманының үні.

Бозінген боздағаны,

Жүректі қозғағаны.


«Ой толғау» сатысы.Оқушыларға жеке-жеке Қорқыт бабаның нақыл сөздері жазылған парақтар таратылады.

Нақыл сөздер:

1. Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас,

Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.

2. Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар;

Дәулетсіз ұлың болса, ошағыңның соры болар.

3. Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі.

4. Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды.

5. Көңілі пасық ерде дәулет болмас.

6. Қар қаншама қалың жауғанмен – жазға бармас.

7. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.

Нақыл сөздерді оқып, сабақ соңында пікір-талас ұйымдастыру.

«Ой түйіндеу» сатысы. Екі мың жылдан артық тарихы бар ұлтымыздың аспабы бізге еш өзгеріссіз жеткен. Қобыз деген кезде біз Қорқыт баба, Нышан абыздардан бастап Жаппас Қаламбаевқа тірелетініміз анық. Тек ұлттық нақышта қалып қоймай, Еуропа мәдениетіне жету мақсатында еліктеушіліктің әсерінен қыл қобыздарды сым-қобыздар ысыра бастады. Осының нәтижесінде үш ішекті, кейін келе төрт ішекті қобыздар пайда болды. Бұның бәрі де қобыздың диапазонын кеңейту мен үнін жақсарту мақсатында және позициядан позицияға оңай көшуі үшін жасалды. Сексенінші жылдың орта шенінде прима –қобыздардың астыңғы бөлігінің тері қабатының орнына ағаш беттер тағыла бастады. Осы кезеңнен бастап қазақтың қобыздың скрипкадан еш айырмасы қалмады. Беті терімен тартылған прима-қобыздың дауысы қою әрі жұмсақ шығып, адамның жүрек қылын тербейді. Ал, ағашпен қапталған прима-қобыздың дауысының қандай екені баршамызға аян. Қазіргі таңда еліміздің оркестрлерінің ішінде Қали Байжанов концерттік бірлестігінің Тәттімбет атындағы Академиялық қазақ ұлттық аспаптар оркестрінде ғана терімен қапталған прима-қобыздар бар.

Слайд арқылы қобыздың түрлерін көрсету: прима-қобыз, қылқобыз, нарқобыз.

Қорқыт жолын қуған атақты қобызшылар: Жаппас Қаламбаев, Ықылас Дүкенұлы, Тәттімбет.

Қорқыттың күйлері: «Қорқыт», «Аққу», «Әуппай», «Башпай», «Желмая», «»Ұшардың ұлуы т.б.


ІҮ. Қорытындылау:Сабақ қорытындысын шығару үшін пікір-талас ұйымдастыру. Өзекті тақырыбы: «Дүниеде не өлмейді?»


Оқушының аты-жөні

«Ой қозғау» сатысы

«Ой жалғау» сатысы

«Ой толғау» сатысы

«Ой түйіндеу» сатысы

«Пікір-талас»

Қорытынды баға










Ү. Үй жұмысы: Қорқыт ата күйлерін тыңдап, алған әсерлері жайлы жазу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Сабақтың тақырыбы: Күй атасы – Қорқыт

Автор: Бекбергенова Ақмарал Қуанышбековна

Дата: 15.10.2016

Номер свидетельства: 349380

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Саба?ты? та?ырыбы:         Ыбырай Алтынсарин «?зен» "
    ["seo_title"] => string(43) "sabak-tyn-tak-yryby-ybyrai-altynsarin-ozien"
    ["file_id"] => string(6) "110781"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1406610510"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Саба?ты? та?ырыбы: Абай ??нанбаев «?ылым таппай ма?танба»"
    ["seo_title"] => string(63) "sabak-tyn-tak-yryby-abai-k-u-nanbaiev-g-ylym-tappai-mak-tanba-1"
    ["file_id"] => string(6) "265232"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1449863022"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "6- сынып         ?аза? ?дебиеті (?й?ыр сыныбында) Саба?ты? та?ырыбы: Абай ??нанбаев «?ыс» ?ле?і"
    ["seo_title"] => string(73) "6synypkazakdiebiietiuigyrsynybyndasabaktyntakyrybyabaikunanbaievkysolieni"
    ["file_id"] => string(6) "289505"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454832583"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Саба?ты? та?ырыбы: «?аза? хал?ыны? музыка ?нері»"
    ["seo_title"] => string(42) "sabaktyntakyrybykazakkhalkynynmuzykaonieri"
    ["file_id"] => string(6) "299157"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456477741"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Саба?ты? та?ырыбы: Антонимдер"
    ["seo_title"] => string(31) "sabak-tyn-tak-yryby-antonimdier"
    ["file_id"] => string(6) "304118"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457667851"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства