Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Өзі туралы әңгімелеп бере алады. Пән лексикасы мен терминологиясы: Әуен, музыкалық дыбыс, ырғақ ...секілді сезіледі ...секілді естіледі Диалог\жазу үшін қажетті сөз тіркестері: Талқылауға арналған сұрақтар: - Сен музыкалық дыбысты қалай сипаттар едің? - Музыка тыңдағанда қандай сезімде боласың? - Музыкалық дыбысты неден,қайдан естиміз? - Музыкалық дыбыстың биіктігін салыстыр. |
Сабақтың басталуы 0-5 минут | Сабақ басталар алдында «Мектебім» (Б.Бейсенова) әні орындалып тұрады. Сыныпта ілулі тұрған Ы.Алтынсарин өлеңінің мазмұнымен таныстыру. Кел, балалар оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық ! Оқушылармен үш тілде әуенді сәлемдесу: Сәлеметсіңдер ме, балалар! –Здраствуйте, дети! – Hello children! Оқушыларды оқулық мұқабасымен , алғашқы беттегі арнау сөзбен , шартты белгілерімен сурет мазмұнымен таныстыру. Оқулық арқылы не үйренетіндіктерін айту. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнің композиторымен және сөзін жазған авторлармен таныстыру,аудиожазбадан тыңдау. | Алғашқы қоңырауға арналған суреттер
Үш тілді сөздік
Аудиожазба |
Сабақтың ортасы 7-11 12-14 15-20 21-35 | Ой қозғау. көңіл күйі саған қандай әсер қалдырды? (Ұ,Ж) Ән әуенінен алған әсерін, сезімін сипаттап беруін сұраңыз ( көңілді, жайдары, шаттана т.б) Әдемі әуені бар сазды дыбыстардың Музыкалық дыбыстар деп аталатын түсіндіру. (Ұ) Үштілдік : «әуен – мелодия –melodi » сөздерін үш тілде бірге қайталау. Ағылшын ұстазы, музыка маманы Дж.Кервеннің дыбыстарды қол қимылымен көрсету тәсілімен таныстыру.Қолдың әр қимылдың қандай дыбысты білдіретін сурет арқылы көрсету. (Ұ,Қ) Музыка тыңдау: «Сәлемдесу» әнінің әуенін соль, ми дыбыстарымен айтып көрсетіп , биік , төмен дыбыстар туралы түсінік беру.Оқушылар биік,төмен дыбыстар туралы түсінік беру.Оқушылар биік, төмен дыбысты қол қимылымен көрсетеді,айырмашыылығын сезеді.Бірге қосылып қайталау. (МК,Ұ) Соль, ми (G және E) ноталарында қарапайым әндерді қол қимылымен көрсету.Мұғалім Curwen жүйесі бойынша қол белгілерін қолданады.Кітапта берілген суретке қарай отырып әр дыбыстың көрсету ерекшелігін түсіндіру. (Ұ,Қ) Оқушылар «біркелкі соққы » түсінігімен танысады,тізелерін және нықтарын ұрғылай отырып біркелкі соққы үлгілерін көрсетеді. Жүрек соғысының біркелкілігін көрсету үшін , оның аудиожазбаға жазылған дыбысын тыңдатыңыз,тақтаға сызып көрсетіңіз.Олар жүрек қағысын тыңдай ала ма?Байқап көріңіз! (Ұ,Қ) Әрбір оқушыға ұрмалы музыкалық аспап беру.Оларға осы аспаппен «Сәлемдесу» әнінің ырғағын ұрып ойнауды көрсетеді.Оқушының ырғақты дұрыс көрсетуін қадағалаңыз.Дыбыстарды және олардың қалай жасалғандығын талқылаңыздар.Әннің ырғағы қандай екенін анықтау.Барлық сынып оқушылары шеңберге тұрып, музыка ырғағын марш екпінінде көрсетеді.Музыканы тоқтатып, әртүрлі қозғалысты көрсету (иықпен,қолмен,аяқпен). | Мектеп туралы түрлі суреттер
Curwen қолдың жүйелік белгілерінің кестесі http:// choirly7com\ curwen-hand-signs-kodali-hand-signs Audacity дыбыс жазуға арналған бағдарлама http://audacity.sourceforge.net/ Асатаяқ Марш екпініндегі музыка |
Сабақтың соңы 35-45 | (Ұ,Ө,Қ) Әнді екі нотада әндете отырып ұрмалы аспапты (асатаяқ) бір оқушыға беріңіз, ол келесі оқушыға береді,осылай жалғаса береді.Ән аяқталған кезде қолында аспап қалған оқушы мұғалім орындаған қарапайым ырғақты қайталап салады. Қорыту: «Менің музыкадан алғашқы сабағым» деген тақырыпта ойларын айтқызу. -Музыка сабағында мен... -Менің көңіл күйім.... -Тыңдаған ән маған.... -Ән айтқанда мен.... | Ырғақтар жазылған карталар Асатаяқ |
Шығармашылық міндеттегі нәтижелерді дифференциялау.Оқушы жүргізуші бола алады.Қорытынды міндеттегі неғұрлым күрделі ырғақтар | Бақылау,тыңдау,ойлануға берілген сұрақтар: -Биік, төмен дыбыстың бір-бірінен айырмашылығы қандай? -Музыкалық дыбыстан не шығады? Curwen қолдың жүйелік белгілерін қалай түсініп қабылдадыңдар? | «Дүниетанумен» байланыс.Басқалармен бірге жұмыс істеу,түрлі пікірлерді құрметтеу. |