Қазақ мәдениеті мен өнері ауыр қазаға ұшырады. 2015 жылғы 2 мамырда КСРО және Қазақ КСР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиев 88 жасында дүниеден озды. Шамғон Қажығалиев абыройлы еңбек етіп, ғибратты өмір сүрді. Ол Алматы консерваториясының халық аспаптар бөлімінде домбыраны – Қазақ КСР халық әртісі Қ.Жантілеуовтен, скрипканы – профессор И.Лесманнан және дирижер мамандығы бойынша А.Жұбанов пен доцент Л.Шаргородскийден жоғары білім алды. Кейін Ленинград консерваториясында профессор Э.Грикуровтың класын опера-симфония дирижері мамандығы бойынша бітірді. Ш.Қажығалиев 1951 жылдан бастап Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің бас дирижері болды. 1953 жылы Румынияның Бухарест қаласында жастар мен студенттердің IV дүниежүзілік фестивалінде оркестр алтын медаль жеңіп алды. Ш. Қажығалиевтың кәсіби дирижерлік және жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында оркестрдің репертуары жақсарып, оған алтын қордағы ұлттық музыкалық классиканың терең қойнауындағы халықтың атақты композиторлары Құрманғазыдан бастап Дина Нұрпейісованың, Дәулеткерейдің, Сүгірдің күйлері кірді. 1967 жылы оркестрге республиканың еңбек сіңірген ұжымы, 1978 жылы академиялық атақтары берілді. Ал 1984 жылы «Халықтар достығы» орденімен марапатталды. Тәжірибелі ұстаз оншақты әдістемелік бағдарлама мен оқу құралының репертуарын жасады. Шамғон Қажығалиев халық аспаптар оркестрі үшін 200-ден астам қазақ, орыс, шетел сазгерлерінің туындысын өңдеп, Ахмет Жұбановтың шығармашылық мұрасынан 20 күйдің партитураларын жазды. Оның дирижерлік өнері өз уақытымен үнемі астасып, шығармашылығы таңғалдырмай қойған емес. Оркестр көптеген халықаралық және республикалық фестивальдер мен конкурстарға қатысты. Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Германия, Франция, Швеция, Финляндия, Дания, Португалия, Үндістан, Ауғанстан, Қытай және тағы басқа елдерде өнер көрсетіп, халықты тәнті етті. Ш.Қажығалиев 1968 жылдан 1971 жылға дейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1971 жылдан Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, ал 1980 жылдан Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының профессоры міндеттерін атқарды. Ол 1992 жылы Қарағанды облысы әкімдігінің шақыртуымен Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі болды. Өзінің жарты ғұмырлық көркем тәжірибесін ұжымның орындаушылық өнерін өрлету үшін барынша пайдаланды. Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиевтің ерен еңбегі мемлекеттік жоғары наградалармен марапатталды. Ол «Парасат», «Отан» ордендерінің иегері, Орал қаласының құрметті азаматы атанды. Абзал азамат, көрнекті өнер қайраткері Шамғон Қажығалиевтің жарқын бейнесі ел жадында әрдайым сақталады. Қазақстан РеспубликасыныңМәдениет және спорт министрлігі.
Шың
Ұлы дала мәдениетінің жауһар туындыларын әлемдік деңгейдегі сахналарға алып шығуда орасан зор еңбек сіңірген сирек тұлғалар жайында сөз қозғалған тұста, жадымызға бүкіл шығармашылық қуатын ұлттық мүддеге, рухани тамыры халықтық қайнардан бастау алатын дүниелердің өркендеуіне жұмсаған Шамғон аға сияқты бітімі кесек жайсаң жандардың алдымен оралуында үлкен сыр бар. Ол кісінің асқаралы өнер жолындағы ұлан-ғайыр қызметінің қыр-сырын жан-жақты толымды түрде сипаттаудың өзі едәуір күрделі шаруа және Шамғонтану іліміне ат ізін салатын келешек маман-зерттеушілерге музыкант мұрасының тереңінен теңдессіз маржан терудің өзі де жеңіл іс бола қоймасын түсінемін. Сөз саптап, сөйлем құрауы, жүріс-тұрысы, білім өресі – бәрі де өзіне жарасып тұратын Шамғон ағамыздан өз басым оркестрде көп нәрсе үйрендім. Бас дирижердің тұлғалық болмысына тән ерекше қасиеттерін айтпағанда, Шамғон ағаның өз кәсібіне тиянақтылығы соншалық ол партитураны өн бойынан өткізіп, ажырата алатын қасиетке ие еді. Сондықтан да оркестр мүшелері тарапынан орынсыз сұрақ қойылып немесе қасақана артық дыбыстар алып, теріс ойнау сияқты қисынсыз қылыққа жол берілмейтін. Оның: «Мен 24 жол партитураны түгел естіп тұрамын, ал сендердің бір жол партияны ойнап отырып, жаңылысуларыңа не жорық?» деген сын-ескертпесі біздерге үлкен сабақ болатын. Дирижер ағамыз репетицияға арналған уақытты тиімді пайдаланып, оркестрмен жұмыс істеу әдістемесін дұрыс ұйымдастыруға зор маңыз беретін. Осал орындаушы топтарды кейінге қалдырып, қайта ойнатып, қате тұстары түзелгеннен кейін ғана негізгі топқа қосуға рұқсат етілетін. Асыл ағамыз туралы суық хабарды құлағым шалғанда нағыз зиялыға тән әсем болмысы, Құрманғазы атындағы оркестрде онымен бірге халыққа өнер сыйлаған шат-шадыман сәттерім еріксіз есіме түсті. Шәкірті ретінде 80 жылдық мерейтойына арнап «Шамғон шыңы» естелігін жазғаным күні кеше сияқты еді. Енді оның бәрі кейінгі ұрпаққа өнеге, шәкірттеріне үлкен мектеп болып қалатын ұлттық құндылығымызға айналды. Ойлап отырсам, осы бір ерекше жанмен мен сонау студенттік шағымнан бастап таныс екенмін. Анадай жерден ағамыздың сұлбасын көрген сәттен шыбықтай иіліп тұра қалатынбыз. Нағыз ұстазға деген құрмет осылай әр жүректен лайықты орын таба алған адамға ғана көрсетілсе керек. Жағалай жамырап амандасамыз. Шамғон аға басын ақырын ғана жаймен изеп, қасымыздан қалқып өте шығатын сол бір сәттің өз қуанышы, жас жүректі елжіретер өз махаббаты болушы еді. Сол келісті келбет қазір де жанымыздан жанай өтіп, көз қиығы жетпес қияндағы құзға сіңіп кетіп бара жатыр. Жанның бір бөлшегін суырып әкеткендей әлсіздікке байланған оркестр аспаптарының пернесінен арагідік күй аңырайды. Басқа салаларды қайдам, музыка әлемінде дәл мұндай қаралы күндердегі халық жоқтауы, көп мұңы әуен арқылы тарқатылады. Бәріміздің ол кісіге деген сүйіспеншілігіміз соның ішінде. Әуеннің, музыканың құдіреті сонда. Сол құдіретті игере алған жанның жан-дүниесін қалай асқақтатсақ та мұндай құрметке ол әбден лайықты. Орынбай ДҮЙСЕН,Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.АСТАНА.
Құдіретті Қажығалиев еді
Бәрімізге ұлы ұстаз, аяулы жан Шамғон ағаның ортамыздан озуы жүрегімізге қатты батуын айтып жеткізе алмаспыз. Бізге қазақ өнерінің қайталанбас тұлғасы тәлімін көріп, шеберлігін көкірекке қондырған ізбасарлары тұрғысында жарқын бейнесі көкірегімізден ешқашан кетпек емес. 1992 жылы айтулы қайраткердің Қарағанды облыстық Тәттімбет атындағы халық аспаптары оркестріне көркемдік жетекші – бас дирижерлік қызметке шақыруды қабыл алып, ол уақытта оншалықты танымал емес шығармашылық ұжымымызбен табысуын керемет қуанышпен қарсы алғанымыз қалайша ұмытылар. Ол өзінің өнердің өріндегі жарты ғасырлық бай тәжірибесін оркестрдің кәсіби деңгейі мен орындаушылық шеберлігін көтеруге аянбай жұмсады. Оның басшылығымен еліміздің музыкалық үрдісінде тұңғыш рет оркестрімізбен «Абай» және «Қыз Жібек» операларының концерттік варианттары орындалды. Осындай үлкен ізденіс пен ерен еңбектің арқасында оркестрді академиялық атағына жеткізді. Шынайы өнер – мәңгілік. Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Дәулеткерей, Сейтек, Дина күйлері және қазақ композиторларының шығармалары күні бүгінге дейін Шамғон ағамыз жасаған үлгіде орындалып келсе, бұдан былай да солай жалғаса береді. Өмірдің өзіндей шыншылдығы, ақиқаттың өзіндей айқындығы, табиғаттың өзіндей табиғилылығы сонша, оларды басқаша орындау мүмкін еместігін білеміз. Шамғон Қажығалиевтің құдіреттілігі де осында. Ұлтымен мәңгілік жасай берер ғажайып қазына қалдырудан артық қандай бақыт болар. Ол сондай мәңгілік бақыт құшағында тербетілер жан. Бүгінде оркестріміздің атақ-даңқы алысқа аян. Оны жаңғыртушы Шамғондай ұлы ұстазымыз жасаған репертуар байлығының жылдан-жылға құндылығы арта түсіп, ұлттық өнеріміз мәртебесін өсіріп келеді. Осыны аманат еткен Шамғондай алып өнер иесінің сеніміне адал болу, селкеу түсірмеу бізге зор мерей болмақ.
Шәкірттерін баласындай көретін
Жалған өмір-ай. Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дирижер, КСРО халық әртісі Шамғон аға Қажығалиев дүниеден озды. Осынау қаралы хабар қабырғамызды қайыстырып жіберді. Шамғон аға дара дарын еді. Шынайы талант иесі өзінің мағыналы өмірін тек өнер саласына арнады. Бала күнінен қолына домбырасын ұстап, ұлттық өнердің өркен жаюына өлшеусіз еңбек сіңірді. Әсіресе, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестріне жетекшілік еткен тұста таланты ерекше танылды. Бұл оркестр Шамғон ағаның жетекшілігімен М.Глинка, Л.Бетховен, В.Моцарт, Г.Берлиоз, П.Чайковский, С.Рахманинов, С.Прокофьев, А.Хачатурян, Д.Шостакович, А.Жұбанов, М.Төлебаев, Ғ.Жұбанова, С.Мұхамеджанов сынды атақты композиторлардың шығармаларын орындады. Ұстаздығы тіптен ерекше еді. Өнерге ықыласы ауған шәкірттерінің ешқайсысын алаламайтын. Өзінің баласындай жанына жақын тартып, биіктен көрінуге талпындыратын. Оны дәріс алған шәкірттерінің барлығы құрметтейтін. Мен де асыл ағаны ұстаз тұтушы едім. Кездескен сайын өнердегі жетістігімді сұрап, балаша қуанып отыратын. Бақұл болыңыз, ұлттық өнердің корифейі, жанашыры, қамқоры, аяулы ұстаз!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Өнердің биік өлшемі»
Баяндамашы: Тілекжанов Ақан Тілекжанұлы
Тақырыбы: Өнердің биік өлшемі
Қазақ мәдениеті мен өнері ауыр қазаға ұшырады. 2015 жылғы 2 мамырда КСРО және Қазақ КСР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиев 88 жасында дүниеден озды. Шамғон Қажығалиев абыройлы еңбек етіп, ғибратты өмір сүрді. Ол Алматы консерваториясының халық аспаптар бөлімінде домбыраны – Қазақ КСР халық әртісі Қ.Жантілеуовтен, скрипканы – профессор И.Лесманнан және дирижер мамандығы бойынша А.Жұбанов пен доцент Л.Шаргородскийден жоғары білім алды. Кейін Ленинград консерваториясында профессор Э.Грикуровтың класын опера-симфония дирижері мамандығы бойынша бітірді. Ш.Қажығалиев 1951 жылдан бастап Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің бас дирижері болды. 1953 жылы Румынияның Бухарест қаласында жастар мен студенттердің IV дүниежүзілік фестивалінде оркестр алтын медаль жеңіп алды. Ш. Қажығалиевтың кәсіби дирижерлік және жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында оркестрдің репертуары жақсарып, оған алтын қордағы ұлттық музыкалық классиканың терең қойнауындағы халықтың атақты композиторлары Құрманғазыдан бастап Дина Нұрпейісованың, Дәулеткерейдің, Сүгірдің күйлері кірді. 1967 жылы оркестрге республиканың еңбек сіңірген ұжымы, 1978 жылы академиялық атақтары берілді. Ал 1984 жылы «Халықтар достығы» орденімен марапатталды. Тәжірибелі ұстаз оншақты әдістемелік бағдарлама мен оқу құралының репертуарын жасады. Шамғон Қажығалиев халық аспаптар оркестрі үшін 200-ден астам қазақ, орыс, шетел сазгерлерінің туындысын өңдеп, Ахмет Жұбановтың шығармашылық мұрасынан 20 күйдің партитураларын жазды. Оның дирижерлік өнері өз уақытымен үнемі астасып, шығармашылығы таңғалдырмай қойған емес. Оркестр көптеген халықаралық және республикалық фестивальдер мен конкурстарға қатысты. Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Германия, Франция, Швеция, Финляндия, Дания, Португалия, Үндістан, Ауғанстан, Қытай және тағы басқа елдерде өнер көрсетіп, халықты тәнті етті. Ш.Қажығалиев 1968 жылдан 1971 жылға дейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1971 жылдан Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, ал 1980 жылдан Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының профессоры міндеттерін атқарды. Ол 1992 жылы Қарағанды облысы әкімдігінің шақыртуымен Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі болды. Өзінің жарты ғұмырлық көркем тәжірибесін ұжымның орындаушылық өнерін өрлету үшін барынша пайдаланды. Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиевтің ерен еңбегі мемлекеттік жоғары наградалармен марапатталды. Ол «Парасат», «Отан» ордендерінің иегері, Орал қаласының құрметті азаматы атанды. Абзал азамат, көрнекті өнер қайраткері Шамғон Қажығалиевтің жарқын бейнесі ел жадында әрдайым сақталады. Қазақстан РеспубликасыныңМәдениет және спорт министрлігі.
Шың
Ұлы дала мәдениетінің жауһар туындыларын әлемдік деңгейдегі сахналарға алып шығуда орасан зор еңбек сіңірген сирек тұлғалар жайында сөз қозғалған тұста, жадымызға бүкіл шығармашылық қуатын ұлттық мүддеге, рухани тамыры халықтық қайнардан бастау алатын дүниелердің өркендеуіне жұмсаған Шамғон аға сияқты бітімі кесек жайсаң жандардың алдымен оралуында үлкен сыр бар. Ол кісінің асқаралы өнер жолындағы ұлан-ғайыр қызметінің қыр-сырын жан-жақты толымды түрде сипаттаудың өзі едәуір күрделі шаруа және Шамғонтану іліміне ат ізін салатын келешек маман-зерттеушілерге музыкант мұрасының тереңінен теңдессіз маржан терудің өзі де жеңіл іс бола қоймасын түсінемін. Сөз саптап, сөйлем құрауы, жүріс-тұрысы, білім өресі – бәрі де өзіне жарасып тұратын Шамғон ағамыздан өз басым оркестрде көп нәрсе үйрендім. Бас дирижердің тұлғалық болмысына тән ерекше қасиеттерін айтпағанда, Шамғон ағаның өз кәсібіне тиянақтылығы соншалық ол партитураны өн бойынан өткізіп, ажырата алатын қасиетке ие еді. Сондықтан да оркестр мүшелері тарапынан орынсыз сұрақ қойылып немесе қасақана артық дыбыстар алып, теріс ойнау сияқты қисынсыз қылыққа жол берілмейтін. Оның: «Мен 24 жол партитураны түгел естіп тұрамын, ал сендердің бір жол партияны ойнап отырып, жаңылысуларыңа не жорық?» деген сын-ескертпесі біздерге үлкен сабақ болатын. Дирижер ағамыз репетицияға арналған уақытты тиімді пайдаланып, оркестрмен жұмыс істеу әдістемесін дұрыс ұйымдастыруға зор маңыз беретін. Осал орындаушы топтарды кейінге қалдырып, қайта ойнатып, қате тұстары түзелгеннен кейін ғана негізгі топқа қосуға рұқсат етілетін. Асыл ағамыз туралы суық хабарды құлағым шалғанда нағыз зиялыға тән әсем болмысы, Құрманғазы атындағы оркестрде онымен бірге халыққа өнер сыйлаған шат-шадыман сәттерім еріксіз есіме түсті. Шәкірті ретінде 80 жылдық мерейтойына арнап «Шамғон шыңы» естелігін жазғаным күні кеше сияқты еді. Енді оның бәрі кейінгі ұрпаққа өнеге, шәкірттеріне үлкен мектеп болып қалатын ұлттық құндылығымызға айналды. Ойлап отырсам, осы бір ерекше жанмен мен сонау студенттік шағымнан бастап таныс екенмін. Анадай жерден ағамыздың сұлбасын көрген сәттен шыбықтай иіліп тұра қалатынбыз. Нағыз ұстазға деген құрмет осылай әр жүректен лайықты орын таба алған адамға ғана көрсетілсе керек. Жағалай жамырап амандасамыз. Шамғон аға басын ақырын ғана жаймен изеп, қасымыздан қалқып өте шығатын сол бір сәттің өз қуанышы, жас жүректі елжіретер өз махаббаты болушы еді. Сол келісті келбет қазір де жанымыздан жанай өтіп, көз қиығы жетпес қияндағы құзға сіңіп кетіп бара жатыр. Жанның бір бөлшегін суырып әкеткендей әлсіздікке байланған оркестр аспаптарының пернесінен арагідік күй аңырайды... Басқа салаларды қайдам, музыка әлемінде дәл мұндай қаралы күндердегі халық жоқтауы, көп мұңы әуен арқылы тарқатылады. Бәріміздің ол кісіге деген сүйіспеншілігіміз соның ішінде. Әуеннің, музыканың құдіреті сонда. Сол құдіретті игере алған жанның жан-дүниесін қалай асқақтатсақ та мұндай құрметке ол әбден лайықты. Орынбай ДҮЙСЕН,Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.АСТАНА.
Құдіретті Қажығалиев еді
Бәрімізге ұлы ұстаз, аяулы жан Шамғон ағаның ортамыздан озуы жүрегімізге қатты батуын айтып жеткізе алмаспыз. Бізге қазақ өнерінің қайталанбас тұлғасы тәлімін көріп, шеберлігін көкірекке қондырған ізбасарлары тұрғысында жарқын бейнесі көкірегімізден ешқашан кетпек емес. 1992 жылы айтулы қайраткердің Қарағанды облыстық Тәттімбет атындағы халық аспаптары оркестріне көркемдік жетекші – бас дирижерлік қызметке шақыруды қабыл алып, ол уақытта оншалықты танымал емес шығармашылық ұжымымызбен табысуын керемет қуанышпен қарсы алғанымыз қалайша ұмытылар. Ол өзінің өнердің өріндегі жарты ғасырлық бай тәжірибесін оркестрдің кәсіби деңгейі мен орындаушылық шеберлігін көтеруге аянбай жұмсады. Оның басшылығымен еліміздің музыкалық үрдісінде тұңғыш рет оркестрімізбен «Абай» және «Қыз Жібек» операларының концерттік варианттары орындалды. Осындай үлкен ізденіс пен ерен еңбектің арқасында оркестрді академиялық атағына жеткізді. Шынайы өнер – мәңгілік. Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Дәулеткерей, Сейтек, Дина күйлері және қазақ композиторларының шығармалары күні бүгінге дейін Шамғон ағамыз жасаған үлгіде орындалып келсе, бұдан былай да солай жалғаса береді. Өмірдің өзіндей шыншылдығы, ақиқаттың өзіндей айқындығы, табиғаттың өзіндей табиғилылығы сонша, оларды басқаша орындау мүмкін еместігін білеміз. Шамғон Қажығалиевтің құдіреттілігі де осында. Ұлтымен мәңгілік жасай берер ғажайып қазына қалдырудан артық қандай бақыт болар. Ол сондай мәңгілік бақыт құшағында тербетілер жан. Бүгінде оркестріміздің атақ-даңқы алысқа аян. Оны жаңғыртушы Шамғондай ұлы ұстазымыз жасаған репертуар байлығының жылдан-жылға құндылығы арта түсіп, ұлттық өнеріміз мәртебесін өсіріп келеді. Осыны аманат еткен Шамғондай алып өнер иесінің сеніміне адал болу, селкеу түсірмеу бізге зор мерей болмақ.
Шәкірттерін баласындай көретін
Жалған өмір-ай... Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дирижер, КСРО халық әртісі Шамғон аға Қажығалиев дүниеден озды. Осынау қаралы хабар қабырғамызды қайыстырып жіберді. Шамғон аға дара дарын еді. Шынайы талант иесі өзінің мағыналы өмірін тек өнер саласына арнады. Бала күнінен қолына домбырасын ұстап, ұлттық өнердің өркен жаюына өлшеусіз еңбек сіңірді. Әсіресе, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестріне жетекшілік еткен тұста таланты ерекше танылды. Бұл оркестр Шамғон ағаның жетекшілігімен М.Глинка, Л.Бетховен, В.Моцарт, Г.Берлиоз, П.Чайковский, С.Рахманинов, С.Прокофьев, А.Хачатурян, Д.Шостакович, А.Жұбанов, М.Төлебаев, Ғ.Жұбанова, С.Мұхамеджанов сынды атақты композиторлардың шығармаларын орындады. Ұстаздығы тіптен ерекше еді. Өнерге ықыласы ауған шәкірттерінің ешқайсысын алаламайтын. Өзінің баласындай жанына жақын тартып, биіктен көрінуге талпындыратын. Оны дәріс алған шәкірттерінің барлығы құрметтейтін. Мен де асыл ағаны ұстаз тұтушы едім. Кездескен сайын өнердегі жетістігімді сұрап, балаша қуанып отыратын. Бақұл болыңыз, ұлттық өнердің корифейі, жанашыры, қамқоры, аяулы ұстаз!
Батыс Қазақстан облысы Бөкей орда ауданы білім беру бөлімі Балалар