Просмотр содержимого документа
«"Музыкалық дидактикалық ойындар"»
Музыкалық
дидактикалық ойындар
Музыкалық дидактикалық ойындардың бірнеше түрлері бар:
1.Дыбыс биіктігін естуге арналған музыкалық – дидактикалық ойындар
2.Ырғақ сезімдерін дамытуға арналған ойындар.
3.Диатоникалық естуге арналған ойындар.
4.Тембрлік естуге арналған ойындар.
5.Есте сақтау және естуге арналған ойындар.
6.Музыкалық бейнені, қиял мен шығармашылық қабілеттерін ажыратуға арналған ойындар.
Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық – ойындарды ойнағанда: байсалды, асықпай және көңілді, шаттанған көңілді жеткізуге талпындырады. Балалардың ой-өрісін, есте сақтау, қабылдау, орындаушылық қабілеттерін арттырады және де музыкаға деген қызығушылықтарын оятады.
Әр ойынды ойнағанда әр баланың шығармашылық бастамасын, ойынды өз бетінше құру және ойлаған ойын іске асыру, өзін ойын желісі мен ережесін сәйкес ұстау қасиетін қалыптастырады. Ойын құру үдерісінде жолдастарына тілектестік қарым-қатынасын, олармен санаса білуді, қиын жағдайларда көмекке келуді, ойын материалын қолдануда келісім жасауды, дауларды әділ шешуді қалыптастырады.Ән-күй сабағында музыкалық дидактикалық ойындарды қолданудың мәні өте зор. Әнді орындағанда ойнап айтуға болады. Мысалы, екінші сәби топтарында әнді тірек сызба арқылы және де әнге сәйкес қимыл-қозғалыстар жасап орындауға болады, осы сәтте балалардың ой-өрісі дамып әнді тез жаттап алуларына мүмкіндік тудырады.Осы музыкалық дидактикалық ойындарды ән-күй сабағында, топта, серуенде, үйде ойнауға болады.
Мысалы:
«Аңшы мен қояндар»
Ойын шарты: Бір - бір сәбіз ұстаған қояндар музыкамен жерге жатып аунап, аяқтарын тыпырлатып немесе би қимылдарын жасап секіреді. Сәбіз ұрлап жатқан қояндарды аңшы көріп қалып. Пух! "Пух" - деп атады. Қояндар орындарынан тұрып, жан - жаққа қашады. Музыка тоқтағанда тырп етпей отыра, не жата қалады. Қозғалған қоян айыпты болып, ән немесе би билейді.
«Сылдырмақ»
Ойын шарты: Музыка жетекшісі бөлменің ішінде сылдырмақты сылдырлатып, тығып қояды ал балалар сылдырмақтың үнін естіп тауып алулары керек.
Үш гүл
Әуеннің көңіл күйін ажыратып білу қабілетін дамытуға арналғандидактикалық ойын.
Ойын құралдары
Көрнекілік:картоннан жасалынған үш гүл (гүлдің ортасында көңілді, көңілсіз және ұйықтап жатқан «тұлғаның» суреті салынған), әуеннің үш көңіл күйін көрсетіп жатады.
1. Жәй әуен, Көңілсіз әуен, Көңілді әуен
Гүлдердің орына үш күннің көзін немесе үш бұлтты істеп алуға болады.
Таратылатыны: Әр балаға әуеннің көңіл күйін білдірітен бір гүлден беріледі.
ОЙЫН ШАРТЫ
1. Музыка жетекшісімузыкалықшығарманыойнайды. Бір бала шығыпәуенніңкөңілкүйінесайгүлдіалыпшығады. Егер де балағамузыкалықшығарматанысболса, ол бала шығарманыатынжәне де композиторынатайды.
2. Әрбаланыңалдындаүшгүлжатады. Музыка жетекшісімузыкалықшығараманыойнайды да балаларәуенніңкөңілкүйінажыратыпәуенгесайгүлдіалыпшығады.
Ойыншарты:Көңілдіқиынемесәуенойналады. Педагог және балаларшеңбергетұрады. Текшенібірбірінеқолдарынаберіп, тақпақ айтады.
– Алма кептідомалап,
– Көшебойынаралап.
– Кімалманытабады,
– Солойыннаншығады.
Қайбаланыңқолындатекшеқалыпқойса, сол бала текшеніортағалақтырады. Педагог текшедеқандайсуретекенінбалалардансұрайды. Балаларжауапбереді. Егертекшедемысықтыңсуретіболса, педагог олбалағамысықтыңқалайамандасатынкөрсетуінсұрайды.
Ойын шарты:Балалар пьесаны тыңдайды. Пьесаның мазмұны көңілді болса - күннің көзін шығарады, көңілсіз болса - бұлтты, ал жәйғана орташа болса - күннің көзімен бұлт арласқан карточканы шығарады. Балалар жауаптың дұрыстығын өздері бағалайды.
Мақсаты:Әуеннің мазмұнын ажырата білу.
МУЗЫКАЛЫҚ ҮЙШІК
Педагог үйшікті көрсетіп, онда әртүрлі аспапта ойнайтын музыканттар тұратынын айтады.
Ойын шарты:Педагог жабылғыштың артында тұрып музыкалық аспапта ойнап әндетеді. Аспан үнін таныған бала аспаптардың суреті бар карточканың сәйкесін алып, үйдің бір бос әйнегін жабады. Осылайша барлық терезелер талың жабылуы керек.
Мақсаты:Аспаптардың тембрін ажырата білу.
ЫРҒАҚТЫҚ ЛОТО
Нотаның ұзындығын ажырату.
Ойын шарты:Көрнекті құралға орнатылған ноталар бойынша, қай кезде қысқа, қай кезде ұзын нота келетінін ажыратып, сол әуенді шапалақпен орындап беру.
ҚАТТЫ ЖӘНЕ АҚЫРЫН ӘУЕН
Ойын шарты:Пьеса ойналады. Балалар оның көңілді, ойнақы мінезін анықтайды. Осы пьесада музыка қалай өзгергенін айтады. (қатайды ма?, ақырындады ма?) Пьеса қайта ойнағанда осы көрнекті құрал арңылы музыканың мінезінің өзгерісін, яғни музыка баяу болса ашық түсті төртбұрыштыны, біраз қаттырақ болса, - қоюлау боялған төртбұрыштыны қояды. Балалар тапсырманың дұрыс орындалуын бағалап, қателік болса түзетеді.
Дыбыс биіктігін естуге арналған музыкалық – дидактикалық ойын.
Менің балаларым қайда?
Ойын шарты:Музыка жетекшісі балаларға карточкада тауық, үйрек, күрке тауық, ит, мысық аналарын т.б көрсетеді, ал балалардың қолдарында кіші карточка (балалары) музыка жетекшісі әндетіп балалардан сұрайды, балалар әуенді танып не туралы айтылғанын ұғып керек карточканы көрсетеді.
Аю мен құс
Ойын шарты:Музыкалық баспалдақ, ән күй жетекшісі күйсандықта балапанның, аюдың әндерін ойнайды, ал балалар музыканы тындап, ойлап тауып музыкалық баспалдаққа, жоғары баспалдаққа- балапан, ал төменгі-аю дұрыс қоюлары керек.
Ырғақ сезімдерін дамытуға арналған ойындар
Біздің саяхат
Ойын шарты:Балалар шеңберде отырады, ән – күй жетекшісі балаларға саяхатқа баратындарын айтады.Бізге музыкалық балға көмектеседіКөз алдарыңа елестетіп, қимыл қозғалыстарды орындаймыз
Ойын шарты:Ән-күй жетекшісі күйсандықта балаларға әр-түрлі жануарлар характеріне сай, әуенді ойнайды балалар әуенді тындап, әуенге сай қимыл-қозғалысты орындаулары керек.
Диатоникалық естуге арналған ойындар
Қатты және ақырын ән
Ойын шарты:Топтан бір бал ортаға шығады.Қалған балалар ойыншықты залдың бір жеріне тығып қоюға кіріседі.Тандалған бала шығып ойыншықты іздей бастайды, балалар егерде қатты әндетсе, соғырлұм ойыншық жақын жерде, ал егерде балалар ақырын әндетсе ойыншық алыста дегенді білдіреді.
Тандалған бала омыны пайдалана отырып, ойыншықты тауып алуы керек.
Тембрлік естуге арналған ән
Музыкалық жұмбақтар
Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап отырады, жүргізуші бір бала ортаға шығып, ширманың артына барып, музыкалық аспапта немесе музыкалық ойыншықта ойнайды. Ал қалған балалар тез арада ойлап табулары керек.Қай бала тез және дұрыс шешімін табады сол бала жүргізуші болып ойынды жалғастырады.
«Музыкалық текше»
Ойын шарты:
Ән- күй жетекшісі:
Текшекеттіайнала
Береғой сен досыңа
Текшесағантоқтаса
Сал өнерді ортаға – деп әндетеді, ал балалалар шеңберде тұрып бір-біріне текшені жібереді, ән аяқталған кезде қай балаға текше келіп тоқтайды, сол бала ортаға өз өнерін салады.
«Музыкалық балға»
Ойын шарты: Ән-күй жетекшісі балаларға музыкалық балғаны таратады, балаларға карточкадағы көрсетілген ырғақты музыкалық балғамен бірге соғуға ұсынады.
«Қамшы»
Ойын шарты:Балалар шеңібер жасап тұрады, ортаға бір ойыншы шығады, қолында қамшы, музыка сүйемелдеуімен шеңбердің ішінде секіріп жүгіреді, музыка тоқтаған кезде ортадағы ойыншы тоқтап қамшыны екі баланың ортасына қояды, екі бала екі жаққа жүгіріп тез келіп қамшыны алулары керек. Кім тез және жылдам келіп қамшыны алады сол бала ойынды жалғастырады.
Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады,сылдырмақты оң қолдарында ұстайды.Қоян – шеңбердің ортасында.Музыка сүйемелдеуімен барлығы сылдырмақта ойнайды,екі аяқпен секіреді.Музыка аяқталуымен балалар сылдырмақтарын тығады,қоян сылдырмақтарды іздейді.Ойын осылай жалғасады.Келесі жолы қонаққа қуыршақ келеді, ол балаларға орамал таратып, ойнауға ұсынады.
«Көңілді жасырынбақ» В.Петрова
Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады, қолдарында орамал.Қуыршақ шеңбердің ортасында.Музыка сүйемелдеуімен барлық балалар қуыршақпен би билейді.Музыка аяқталғаннан соң балалар орамалдың артына тығылады, ал қуыршақ балаларды іздейді.Келесіде үйшіктен петрушка шығып балаларды биге үйретіп, өзі де бірге билейді.
«Қояндар» орыс халық әні
Ойын шарты:Балалар орындарында отырады,ән-күй жетекшісі ойыншық қоянмен, әндетіп, бір балаға жақындайды.Қоян ән жетекшісі атаған баланың жанына келіп жақындайды.Әннен кейін бала қоянды қорқытып қуады.Қоян тез келіп баланың орнына отырып алуы керек.Үлгермеген бала ән немесе би билейді.
2нұсқасы.
Ойын шарты:Балалар көз алдарына серуенді елестетеді, ән – күй жетекшісі мына жерде кішкене қояндар тұрады – дейді.Ал олар мында не істеп жүр екен?Оны сендер өздерің шешесіңдер.
Ән-күй жетекшісі үнтаспада (бесік жыры, полька, т.б әуендерді қояды, ал топтан бір бала шығып керек карточканы үйшікке орналастырады.
«Қуыршақтар ұйықтайды және билейді»
Ойын шарты:Ортаға ән-күй жетекшісі қуыршақты шығарады, қуыршақ балалармен би билейді, егерде қуыршақ ұйықтап қалса балалар қуыршақпен бірге ұйықтап қалады.
«Музыкалық қапшық»
Ойын шарты:Ән-күй жетекшісі балаларға музыкалық қапшықты алып келеді.Ол қапшықтың ішінде музыкалық аспаптар, ән-күй жетекшісі сол аспаптарда кезек-кезек ойнап балаларға үндерін естіртеді, ал балалар қандай аспаптың үні екенін ойлап табулары керек.
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы
Өз үйіңді тап
Ойыншылар 3-4 кішкентай аласа ұзынша орындықтарда отырады. Барлық балаларда әдемі үлкен ойыншықтар: бірінші тұрған ұзынша орындықта қуыршақ, екіншісінде -ит, үшіншісінде-мысық, төртіншісінде-аю, қоян. Тәрбиешінің «Серуенге шығамыз» деген нұсқауымен барлық балалар орындарынан тұрып тәрбиешінің соңынан жүреді.
Серуен барысында балалар түрлі қозғалыс қимылын орындайды (секіреді,жүгіреді, жүреді). Тәрбиешінің «Жаңбыр жауа бастады» деген нұсқауымен балалар өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойынды қайталау барысында, тәрбиеші балаларға білдірмей ойыншықтардың орынын ауыстырып қояды. Балалар өз үйлерін тез, адаспай табуы керек.
Жүгіріп қағып ал.
Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші үлкен әдемі доппен балаларға қарама-қарсы тұрады.(қашықтығы1,5-2м) Тәрбиеші « Бір лақтырамын, екі лақтырамын, үш лақтырамын, кім жүйрік қағып алсын!» -деп допты лақтырады да өзі қағып алып: «Қаға алмадыңдар қайта жүгіріңдер» дейді. Балалар өз орындарына қайта барып тұрады. Ойын жалғасады. Ойын кезінде балалардың қағып алуына мүмкіндік жасап, қойып жүреді. Қалған балалар соңына еріп жүреді.
Кұстың қауырсыны кімге барады.
Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші құстың қауырсынын алып, үрлейді. Барлық бала жан — жаққа қаша жүгіреді, ойын жалғасады.
Жалауға қарай жүгір
Балалар тәрбиешіге қарама-карсы тұрады. Тәрбиеші қолындағы жалауды жоғары көтереді. Балалар тәрбиешінің қасына жиналады. Жалауды қайта түсіргенде балалар жан-жаққа тарап кетеді. Ойын бірнеше рет қайталанған соң, бір бала жалауын көтеріп жүреді, басқа балалар соңынан еріп жүреді. Ойын басынан қайталана береді.
Шарды ұста
Тәрбиеші ортаға көп үрленген шарларды жайып тастайды. Ойын басталды деген кезде (тәрбиешінің көмегімен) балалар шарды ұстап тәрбиешіге береді. Кім көп шар жинаса сол бала жеңімпаз атанады, 10-15 сек. Ойын жалғасады.
Күн мен жаңбыр
Балалар ашық алаңда еркін ойнап жүреді, гүл тереді, көбелек қуады, секіреді, жүгіреді.т.б. Тәрбиеші «Жаңбыр жауды!» дегенде балалар пана іздеп, үйшіктерге тығылады. Тәрбиеші «Күн шықты!» дегенде балалар қайта алаңға шығып ойындарын жалғастыра береді.
Ұшақтар
Балаларды ойын алаңына еркін тұрғызып, тәрбиеші өзі ұшақ болып көрсетеді. Тәрбиеші «Ұшақтар ұшады!» деген кезде барлық бала ұшақ болып ұшады. «Ұшақтар қона бастады!» дегенде барлық бала өз орындарына келіп қона бастайды. Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.
Автобус
Балалар қатарға бір-бірден тұрады. Тәрбиеші автобус жүргізушісі. Қалғандары жолаушылар. Тәрбиеші дыбыс берген кезде автобус жылжи бастайды. Ең әуелі баяу кейін жылдам, жылдамырақ жүреді. Балалар жүрісті баяулатады. Жүргізуші автобусты тоқтатады. Ойын тағы жалғасады.